Тұманбай Молдағалиев

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 19:42, реферат

Описание

Тұманбай Молдағалиев
Тұманбай Молдағалиев (1935 жылы туған)-қазақ поэзиясындағы сыршыл лиризмді дамытқан ақын. Тұманбай Молдағалиев1935 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында дүниеге келді. Әкесі Ұлы Отан соғысында қаза тауып, ол анасының тәрбиесінде өседі. Тұманбай 1951 жылы Есік қаласындағы мектепті, одан соң қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіреді. Оның алғашқы өлеңдер жинағы «Студент дәптері» (1957) аталған.
Өзінің шығармашылық еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналынан бастайды.

Работа состоит из  1 файл

Тұманбай Молдағалиев.doc

— 33.00 Кб (Скачать документ)

Тұманбай Молдағалиев

Тұманбай Молдағалиев (1935 жылы туған)-қазақ поэзиясындағы сыршыл лиризмді дамытқан ақын. Тұманбай Молдағалиев1935 жылы  Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында дүниеге келді.  Әкесі Ұлы Отан соғысында қаза тауып, ол анасының тәрбиесінде өседі.  Тұманбай 1951 жылы Есік қаласындағы мектепті, одан соң қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіреді.  Оның алғашқы өлеңдер жинағы «Студент дәптері» (1957) аталған.

Өзінің шығармашылық еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналынан бастайды. Тұманбай Молдағалиев 1959-1970 жылдары «Жазушы» баспасында аға редактор, 1970-1973 жылдары «Балдырған»  журналында жауарты хатшы, 1973-1984 жылдары «Жалын» альманағының бас редакторы, 1984-1986 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметтерін атқарды.  Ол 1986 жылдан «Балдырған» журналының бас редакторы. Тұманбай Молдағалиевтың өлең, поэмалары 40-тан астам жинақ болып басылып шықты.  Ақынның 1990 жылы 13 томдық шығармалар жинағы, 2004 жылы 14 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Тұманбай Молдағалиев- Қазақстан комсомолы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, 1992 жылы Физули атындағы Халықаралық түркі дүниесі ақындары сыйлығы тапсырылды. Тұманбай Молдағалиев шығармашылығының ең басты ерекшелігі-оның өлеңдері сезімге толы.  Ақынның «Қош көктем», «Жаңа дәптер», «Жүрек ояу қашанда», «Махаббат оты сөнбейді», «Жүрегім менің сапарда», «Мен де жиырма жаста едім», «Жүректегі жазулар» т.б. жыр-жинақтарын жазды.

Қазан айының 10-ы  күні 76 жасында ақын Тұманбай Молдағалиев өмірден өтті. Қазақ әдебиетіне соғыстан кейін келген Тұманбай Молдағалив Хрущевтің кезіндегі саяси «жылымықты» да, онан кейінгі «кемелденген социализм» мен тоқырау, «қайта құру» жылдарын да, Қазақстан тәуелсіздігін де көріп кетті.

 «Соғыстан  соңғы өртеңге шыққан» жастар  арасынан әдеби ортада «лирик  ақын» ретінде мойындалған оның  шығармашылығында «портреттер галереясы»  ерекше орын алды. Бұл галерея  соңғы жылдары Қазақстан президенті  Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған  өлеңдермен толықты.

ЛИРИК АҚЫН

 Басқа ақындар  секілді уақыт талабына сай  «Ұлы октябрьді» («Қазақ әдебиеті», 7.11.1979) жырлады, «Ұлы Отаным СССР-ді»  («Социалистік Қазақстан», 31.12.1982), комсомолды («Жас өмір туралы жыр». «Социалистік  Қазақстан, 20.3.1958) өлеңге қосты

 Алайда ол қазақ әдебиетінде ең бірінші лирик ақын ретінде есте қалды. Қазақ ақындары да, әдебиеттанушы ғалымдары оны ең әуелі лирик ақын ретінде мойындайды.

 «Тұманбай  Молдағалиев қазақ жырындағы  лирикалық поэманың хас шеберлерінің  бірі немесе бірегейі. ...Саясаттың салқын қабағы жібіп, темір тізгін сәл босаған сәтте жас Тұманбай көптің көптің көкейіндегі көптен күткен арманның нәзік сырын дәл баса білді. Оның тонды жарып шыққан бәйшешектей қарымды да қызулы жырлары шынында да өлең өлкесіне көктем шуағын алып келген құбылыс болды» деп жазады ақын Несіпбек Айтұлы.

 Тұманбай  Молдағалиев композиторлар Шәмші  Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев,  Сейдолла Бәйтереков, Әсет Бейсеуовтердің  халық арасында кең тараған  бірқатар әндерінің сөзін жазды.  «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің», «Шақырады көктем» атты әндердің;

 

 «Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып,

 Бара жатыр,  бара жатыр құс қайтып,

 Зымырайды  менің бала кезімдей,

 Бір жалт  етіп өте шыққан сезімдей»  деген сөзі әлі күнге ел  аузынан түспейтін «Құстар әнінің»  де өлеңін жазған Тұманбай Молдағалиев еді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Реферат

Тұманбай Молдағалиев 
 
 

Оралбеков Нұрсат 3 «б»

Информация о работе Тұманбай Молдағалиев