Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2011 в 14:10, реферат
Түркістан — Қазақстандағы қала. Түркістан – V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. ХІV ғасырда Ақсақ Теміріргетасын қалаған Қожа Ахмет Иасауи кесенесі бар. Бұл қалада Қожа Ахмет Иасауи өзінің уағызшылық қызметін жүргізген. Кесене аумағында Қаз дауысты Қазыбек би, Абылай хан, Есім хан, Хақназар хан, Тәуке хан, Қанжығалы қартБөгенбай батыр тағы басқалар жерленген Қаланың іргетасы біздің заманымыздың 1-мыңжылдыктың бас кезінде каланған. Археологтар Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістанның ежелгі аты — Ясы.
Түркістан — Қазақстандағы қала
Түркістан
– Орта Азия мен Қазақстандағы
ең көне қалалардың бірі. Ол
туралы алғашқы деректер араб
жазбаларында ІҮ-ІХ ғғ. бастап
Шавғар деген атпен кездесе
бастайды. Араб тарихшы-географы
Әл-Истахри ибн Кордаубех ат-
ХІҮ ғасырда,
яғни А.Иассауи кесенесі
Түркістан қаласы сонымен қатар орта ғасырдың өзінде ірі білім орталығы болғандығы белгілі. Оның мәдени өмірінде дәруіш ақындардың, ислам дінін уағыздаушылардың да шығармалары үлкен орын алады.
Мың жарым
жылдан аса өмірбаяны бар
ХҮІІ
ғасырдың басынан Түркістан
Өткен дәуірлерде құрылыс саласында қол жеткен табыстардың көпшілігін өз бойына жинақтаған ғимараттардың бірі, Түркістан қаласындағы күні бүгінге дейін жақсы сақталып келген кесене. Бізге жеткен жазба мәліметтерге қарағанда, көне Ясыда, қазіргі мавзолей тұрған орнында мұсылманның атақты әулиелерінің бірі, дәруіштер шайқасы – Ахмет қабіріне ХІІ ғасырдың өзінде-ақ шағын мавзолей орнатылғаны белгілі. Кейін бұл мавзолей мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды.
Шілдехана, белгісіз мавзолей, Гауһар ана, Алқожа ата мавзолейлері, т.б. ескерткіштер. Сәулет-ғимарат – аса үлкен күмбезді құрылыс. Оның ені 46,5м, ұзындығы 65м. Орталық бөлмесінің төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған.Темірдің кезінде барлық құрылымы бітпеген, тек нұсқасы ғана барды. Оның құрылысын Бұқарды билеген Абдолла хан аяқтайды. (1583-1598). Қоқан билігі тұсында мұнаралар мен порталдар қам кесекпен қоршалып, мавзолей қамалға айналдырылған. Мұнан кейінгі ғасырларда Түркістан билеушілері өз кезеңіне сәйкес кесене құрылысын толық аяқтауға тырысқанмен, ешқайсысы да белгілі бір нәтижеге жете алмаған. Қазіргі кезде бұл алып құрылыс бізден 700-800 жыл бұрын өмір сүріп, кейіннен қазақ халқының негізін құраған көне түркі тайпаларының тілі, діні, мәдениеті мен тарихын зерттеуде өте құнды дерек болып табылады.
Түркістан қаласы Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласынан 170 км. қашықтықта орналасқан. Қаланың шығысы тарихи Отырармен, солтүстігі Кентау қаласы және Созақ ауданымен, батысы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданымен шектеседі. Әкімшілік аумағы 9,4 мың шаршы шақырымға жетеді.
2008 жылдың 1 қаңтарына қала халқының саны 198813 адамды құрады, құрамына 12 ауылдық әкімшілік және 5 мөлтек аудан кіреді. Қалада 46 ұлттың өкілі тұрады.