Умбетей жырау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 18:36, реферат

Описание

Қазіргі Ақмола төңірегінде дүниеге келген. Ақтамберді мен Бұхар, Тәтіқара мен Қожаберген бастан өткерген XVIII ғасырдың аласапыран уақиғаларының ішінде Үмбетей да болды. Жырау мұрасынан біз Абылайхан дәуірін, ел ісін атқарған үлкен тұлғалардың сұлбасын көреміз. Үмбетей Абылай хан және XVIII ғасыр батырлары жайында жырларды туғызушылардың бірі. Қазақ әдебиетінде Қанжығалы Бөгембай батыр туралы жыр дастандар аз емес. Соның ішінде Үмбетейдің батыр тұлғасын сомдауы алабөтен. Оның есімі қазақ әдебиеті тарихының, әсіресе, Қанжығалы Бөгембайға арнаған жоқтау, естірту толғаулары үшін айрықша орын алады.

Работа состоит из  1 файл

ҮМБЕТЕЙ ЖЫРАУ.docx

— 32.58 Кб (Скачать документ)

ҮМБЕТЕЙ ЖЫРАУ

Қазіргі Ақмола төңірегінде  дүниеге келген. Ақтамберді мен Бұхар, Тәтіқара мен Қожаберген бастан өткерген XVIII ғасырдың аласапыран уақиғаларының  ішінде Үмбетей да болды. Жырау мұрасынан  біз Абылайхан дәуірін, ел ісін атқарған үлкен тұлғалардың сұлбасын көреміз. Үмбетей Абылай хан және XVIII ғасыр  батырлары жайында жырларды туғызушылардың бірі. Қазақ әдебиетінде Қанжығалы  Бөгембай батыр туралы жыр дастандар  аз емес. Соның ішінде Үмбетейдің батыр  тұлғасын сомдауы алабөтен. Оның есімі  қазақ әдебиеті тарихының, әсіресе, Қанжығалы Бөгембайға арнаған жоқтау, естірту толғаулары үшін айрықша  орын алады.

Өмірдің ұзын ырғасынан тәлім  алып, мәнді ғұмыр кешуге шақырар  үгіт - өнеге. Әділетсіздік, білімсіздік, қараулық пен аяулыққа мін. Бас бұзар  оспасыздыққа тоқтам. Опасыздыққа үкім , кесім. “Бәкеге”, “Жауқашарға”, “Бұқарға”, “Ей, Ақтамберді Қабанбай”, “Бекболат  биге” арнауларынан біз осы сарынды  табамыз.

Тілеуұлы Үмбетейдің жырау  ретінде артына қалдырған мұрасы аса көп емес. Небары жеті-сегіз  толғау. Бар қазынасына байыппен қарағанда  батырдың жыраулығы ерекше көзге  түсіп тұрады. XV – XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы, жалпы қарағанда, күрделі құбылыс санатына жатады. Қазақстан Ғылым академиясының  Орталық ғылыми кітапханасының қолжазбалар  қоры осы ойымызды растайды. Әсіресе, XV – XVIII ғасырлардың арасында тірлік кешкен көшпенділер поэзиясы шын  мәнінде қазақтың азаматтық поэзиясының  төлбасы болса керек. Сол уақыттың поэзиясы сол қым – қиғаш дәуірдің, қоғамдық қарым – қатынастардың  хал күйінің көрінісі секілді.

Қайсыбір тарихи құжат  болмасын, ол сол құбылыстың бір  жағын ғана көрсетеді. Ал, поэзия мезгілдің  барометріндей халық мұңын, күйзелісін, нені армандағанын аңғартатыны аян. Поэзияның сол бір қадірін  қастерлеп, халық ұрпақтан ұрпаққа  жалықпай жеткізіп келеді. Өйткені, нағыз  көркемөнердің қызметін атқарған поэзияда қоштасуы да, жоқтауы да, толғау, тойбастары да, шешендігі де, батасы да, нақылы да біте қайнасып келген.

Сайып келгенде, халқымыздың  поэтикалық шежіренамасы өлең сөзбен жасалғанына ешкім дау келтіре  алмайды. Аңыз-дастандары соны айтады, соны растайды. Көп жанрлы қазақ  фольклоры ескі түркі ескерткіштері: Махмұт Қашқаридың “Диуанынан” (XІ  ғ.), “Кітаби дәдем Қорқыттан”(XIV ғ.), “Махаббат-намеден” (XIII ғ.) аз тағылым, өнеге алған жоқ. Атышулы Аталық (XIII ғ.), Сыпыра жырау (XIV ғ.), Асан қайғы (XV ғ.) толғауларынан да қадым замандағы  әдеби ескерткіштердің әсерін байқауға болады. Дәстүр жалғастығы деген мәселе осыдан келіп туады. XVIII ғасырдың материалдарына қарағанда, әрбір қазақ жырауларының суырып салма қасиетінен ауыз әдебиетінің  әсер-ықпалы аңғарылады.

XVIII ғасыр перзенті Тәтіқара, Үмбетей, Бұхар жыраулар да  фольклордың кең қолтығынан шыққан. Хан мен қараны ауыздарына  қаратқан жортуыл жыршыларында  ерекше қасиет бар еді. Ол  сергелдеңге түсемін-ау деп сескенбей,  шындықтың жүзіне тура қарау  еді. Сен хансың, сен қарасың  деген жоқ, қара қылды қақ  жарғандай әділетін айтты. Қалың  бұқара намысын қорғай отырып  айтты. Сол кезеңнің жыршыларында  даралық сезімнен жалпылық сезім  басымдау еді. Уақыты солай  болатын. Әсте елдің тілі болу  оңай қызмет емес-ті.

Ол ғасырдың жыраулары  хандық институтты уағыздау арқылы халықты  елдікке, бірлікке, ерлікке үндеді. Хан берік болса, халықтың іргесінен  суық соқпайды деп ойлайды. Бұның  өзі сол дәуірдегі қоғамдық ойдың  дәрежесін көрсетеді. Жорық жыры мен дидактикаға сондай ойдың  сәулесі түскені анық. Бұл қалам  мен қарудың қызметі анықталып, әлі ажырай қоймаған түс еді. Халықтың тарихи тағдырына әлі қоян-қолтық араласа алмаған алмағайып кезеңнің поэзиясы көбіне мазмұн, түр, стиль  жағынан өзара ұқсап, үндесіп  келеді. Содан барып тақырып қайталанады, поэтикалық қайталануға түседі, ауыз әдебиеті әсерінің басымдылығы байқалады. Жыраулық шығармалардың ден ауызша тарап, біраз өзгерістерге, қосымшаларға, жаңғыртуларға ұшырап жеткен. Бұл Үмбетейге де ортақ.

Ақын-жыраулардың бәрі –  бәрі өз айтқандарын жатқа біле бермесе  керек. Тыңдаушылары ғана іліп әкетіп басқаларға жеткізеді. Мысалы, Асан қайғы, Үмбетей, Ақтамберді, т. б. Ақын-жыраулардың  айтқандарын жеткізушілердің жонып, алып тастап, қосып, кейінгі ғасырларға өзгерістермен қалдыруында шек  жоқ.

Рас, “Ақын”, “Жақсы үгіт”, “Шайыр”, “Көксілдер”, “Ноғай және құмық  жырлары”, “Тауарих хамса” секілді  жинақтардан көптеген қолжазбалардан жинақталған ауызша поэзияны кейде  сол күйінде қабылдауға тырысамыз. Алайда, оларды да айтушылардың ауызынан жазылып, жинақтады емес пе?

Осы XV – XVIII ғасырлар поэзиясының  қазіргі қолда барының бәрі де қағазға түсіп, әр түрлі жинақтарға ене бастады. Көбінесе біз сол  жинақтарға сүйенеміз.

Далалықтардың поэзиясы қашанда  дәлдігімен, тереңдігімен, жарқын бояулармен, ұшқырлығымен талай шетелдіктердің таңдайын қақтырғанын білеміз. Өткір  айтылған орынды, ұтымды сөз үшін астындағы  атын түсіп берген мінез қазақтан басқа халықта некен-саяқ. Халқымыздың  бойына сіңген бұл бай мінез туралы Еуропа һәм Шығыс елдерінің саяхатшылары, тарихшылары жазбаша түрде пікірлер қалдырған.

Жырау – арнау жанрының шебері. XV – XVIII ғасырларда туған

жүйелі, жігерлі жырлардың халық  көкірегінде сақталып қалуы тектен-текке  емес. Ошақ қасында қалғаны да, орасан айқастарға араласқандары да жауынан  да, жарқынынан да, ханнан да жасқанбай, өз ойларын тура айтып кеткен.

XV ғасырдан басталатын  жыраулық дәстүрі бүгінгі заманға  дейін жалғасып келеді. Жыраулар  поэзиясында үш нәрсе: уақиға, заттылық жән әсершілік бар  еді. Ақын, жыраулардың өзін қоршаған  тіршілікті, табиғатты, өздері куә болған жорықтарды, тартыстарды тап сол күйінде суреттеді.

Жорықшы жыраулардың қылыштан өткір қаруы әлеуетті сөз болатын. Қасарысқан ханның бетін қайтарып, халықты апаттан аман сақтауға тырысқан да жыраулар өнері еді. Олар жалаңаш  ақылға, қарапайым сөздердің тіркесімен тыңдарды аударып тастады. Көзбен көргенін, көңілге тоқығанын ғана жырлады. Асырып айтқан жоқ, аллегорияға барған жоқ. Жанын, жүрегін толқытқан тақырыпты  назардан тыс қалдырмады. Олардың  мұрасында поэтикалық “мен” сирек  ұшырасады, кересінше, көптің атынан сөйлейді. Қадірлі, қасиетті сөзге зор мән  бере біледі.

“Бөгембай өлімін Абылай ханға  естірту”. Қазақта қазаны естірту  – үлкен өнер. Жырау бұл естіртуінде  арғы-бергіден ой толғап, опасыз жалған дүниенің тиянақ – тілек тұлғаларын көлденең тартып, Абылай ханды тәубаға, тоқтамға шақырды. Әуелі жастайынан көрменгені жоқ еді ғой деп  бекітіп алады. Өмір тарихының елеулі сәттерін еске түсіреді. Айтып-айтып  келіп, “Ұмыттың ба соны, Абылай!” деп, бір қайырып тастап отырады.

Керей мен Жәнібек батыр, қаз дауысты Қазыбек, Қу дауысты  Құттыбай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы  Бөгембай сынды батыр мен би жанында  болды. Ол – құдайдың берген сыйы.

Ел аңсаған Сарыарқаны жайладың. Елің жайпақ бай болды, қыс  қыстауы тау болды, жаз жайлауы  көл болды. Жанында жанын берер  жақының жүрді дегендерді айтып-айтып  келіп, дүние кезек, енді орныңды  басар балаң бар, оның айналасында  басқа би, өзге батыр келер деген  пәлсапаның шетін шығарады. “Орта  жүзде қатын көп, туатын кейін  батыр көп” деп келіп Бөгембай батыр қазасын естіртеді:

Жасыңнан сырлас болған,

Үлкен де болса құрдас болған.

Батырың өлді – Бөгембай!

Үмбетей жырау поэзиясы небір  айшықты теңеуге, нақыл сөзге, жанды  суретке толы. “Бәкеге” дейтін өлеңде тоқымы кеппей топтанып жатқан барымташы  ұрылар кейпін керемет жеткізеді. “Бұхарға”, “Бекболат биге” арнауларындағы мына бір тіркестер әлдеқашан  халық тілінің сөз мәйегіне айналып  кеткен қанатты оралымдар:

Кетеген болса, түйең жау,

Тебеген болса, биең жау

Ұрысқақ болса, ұлың жау...

Үйдегі ұлың жаман болса,

Есіктегі құлмен тең,

Қойыныңдағы қатының жаман  болса,

Қаңтардағы мұзбен тең...

...Жылға – сай батпақ  болса, өте алмассың,

Жастан шыққан жүйрікке жете алмассың.

...Бай болмаған бай  болса – 

Жайламаған сай қоймас,

Би болмаған би болса, -

Айтылмаған сөз қоймас.

Қинамаған ел қоймас.

Жыраудың Бөгембай бейнесін сомдау үлгісіндегі көпшілік қолданыстырының  батырлар жырының үдете, асыра сөйлеу сарынымен үндестік аса айқын. Жырда  Қазтуған, Доспамбет сынды жеке жыраулардың  да батыр бейнесін ашқан көркемдік  құйтылары жарасым тапқаны сөзсіз.

Бөгембай – Алатаудай  Ақшадан асып туған, Болмашыдай анадан болат туған, құбыла көшкен байтақтың  ордасындай, темір жұмсап оқ атқан  қорғасындай батыр.

Жырау толғауларынан ел тарихын, жер тарихын аша түсер көп  дерек, көп құбылыс табамыз. Жалпы  жыраулар – жазылмай кеткен тарихымыздың Бас бейнесі, сақтаушысы. Бұл ерекшелік  жыраудың әлеуметтік тұлғасын тұғырландыра түсер басты сипатының бірі.

XVIII ғасырларда өмір сүрген  дуалы ауыздың бірі – Үмбетей  Тілеуұлы әскери жорықтарға қатысқан, батырлығы да, ақындығы да қатар  жүрген кісі. Шығармасының дені  арнаудан тұрады. Әдебиет зерттеушісі  М. Мағауиннің айтуынша: “...өз  тұсындағы дабырлы ерлер жайлы  тарихи поэмалар жасау ісіне  белсене араласқан”. Әзір қолда  бар шығармалары шағын. Академик  Қажым Жұмалиев Үмбетейді Бұқардан  кейін атапты. Бұнда бір мәніс  жатыр.

“Шығармалары өз аттарымен  біздің дәуірімізге дейін сақталып келген әдебиет өкілдері: Бұқар, Үмбетей (XVIII ғ.), Дулат, Жанкісі, Байтоқ, Жанұзақ, Шернияз, Алмашты, т. б. (XIX ғ.) алсақ, бәрі бір дәуір, бір кезеңде өмір сүрсе  де, олардың дүние тану, өмірге көзқарастары әр басқа. Өйткені, бұлардың бәрі бір  таптың адамдары емес. Әркім өмір құбылысын  өз ортасы арқылы, өз табының көзқарастарынан  танымақ”.

Үмбетей – беріде өмір сүрген ақын. Оған белгілі дәстүрді жалғастырушы ретінде қараймыз. Үмбетей есімі  Бөгембай батырмен қатар аталады. Арнау  жырларымен аты шыққан. Жалпы, XV – XVIII ғасырлар арасындағы қазақ поэзиясының  дені арнау, толғау десек қателеспейміз.

Қазақ әдебиеті жанрларының  тарихын еске алғанда, алдымен ауызға түсетін жанр толғау екендігін, оның жеке – дара ақындар, жыраулар мұрасында  көріне бастағанын айта кету керек. Үмбетей  жырларының қолда барының дені толғау. Жырау мақалдап, мәтелдеп сөйлейді, халық даналығына сүйенеді. Айтқандарына қарағанда әділетті, ақылды кісі болып  елестейді. Оны “Бәкеге” арнаған  жырларынан байқаймыз. Бұл өлең 1968 жылы қарт журналист Ғалымжан Мұқатовтан жазып алынған. Ал, Ғалымжанның кімнен, қайдан, қашан алғаны белгісіз.

“Алдаспан” жинағында  айтылғандай, Үмбетеймен аталас Жауқашар деген адамның бірінен-бірі өткен  бұзық, сойқанды тоғыз ұлы болады. Бір жолы олар өздерімен ағайын көрші  ауылға барымтаға шығып, үйірге салып  жүрген бураларын әкеп сойып алады. Екі атаның арасында дау туады. Бәке деген кісі Жауқашардың тоғызына ара түседі. Сонда Үмбетей әлгі әділетсіздікті әшкерелеп, “Бәкеге” атты өлеңін айтыпты. Әрине, бұл шындықтан туған шымыр жолдар болса керек. Сол дәуірдегі жыраулардың бір қасиеті – ойларынан ешнәрсе шығармаған, өзі өмір сүрген ортаның ған жағдайын жырға тиек еткен.

Үмбетейдің шығармаларында толық мәтіні кездесуі некен-саяқ. Арасынан бірдеңелер қалып отырғанға ұқсайды.

“Ауызша дәстүр XVIII ғасырда  өмір сүрген үш жыраудың – Бұқардың, Үмбетейдің, Тәтіқараның есімдерін  сақтаған. Аңыздарға және кейбір архив  құжаттарына қарағанда, бұлар феодалдық  ақсүйектерден шыққан”, - деп жазады ғалым Н. С. Смирнова “XVIII ғасырдағы  қазақ жыраулары” деген мақаласында. Белгілі фольклорист Үмбетейді  Бұқардан кейін бекерге атап отырған  жоқ сияқты, Үмбетей жыраулық поэзияның  толысқан тұсына тап келген кісі. Марқасқа, Үмбетей, Жиембет, Тәтіқара, Ақтамберді, Бұқар жыраулардың толғаулары толғаудың  әлеуметтік келбетінің кемелденген  кезеңіне келетіндігін өз еңбегінде  академик Әлкей Марғұлан көрсеткен.

Тәтіқара мен Бұқардың арасындағы орынды толтырып, тарихта  болған батырлардың ерлігін паш  еткен Үмбетей толғаулары санаулы-ақ, онда басқалардан ауысып жүрген дүние  көрінбейді, бәрі өзінікіндей оқылады. Үмбетей шығармалары халық поэзиясының  қасиетін бойына жақсы сіңірген. Өлеңдері шешендік шешендік сөздерге жақын тұрады.

Үмбетейдің поэзиясында  жеке – даралық творчествоның  белгілері айқындау көріне бастаған. Бұған “Бәкеге”, “Бұқарға” дейтін Үмбетей айтқан бірқатар толғаулар  куә. Бөгембай өлімін Абылай ханға естірткен  жыраудың үлкен эпикалық сарынға  икемі барлығын байқаймыз.

Жырау “тоқымы кеппей топтанып, ел тонауға аттанып” жүрген тоғыз  тентекті сынға алады, оларға араша  түскен Бәкеге “не бетіңмен қорғайсың  Жауқашардың тоғызын” деп, озбырларды әділеттілікке, адамдыққа шақырады. Жақсы ұл мен жаман ұлдың айырмашылығын  айқындайды.

Ұл он беске келгенше,

Қолға Ұстаған қобызың,

Ұл он бестен асқан соң,

Тіл алмаса доңызың.

Осы шумақтан Үмбетейдің отбасылық  институтқа қандай талаптармен қарағандығын сеземіз. Ол баладан көрген базарын  да , азарын да жасырмайтын сияқты. Балалық, жастық, кәрілік жыраулардың тұрақты  тақырыптарының бірінен саналады. Жараудың “Дін пұсырман баласы адамдықтан жерімес” дәуіне қарағанда, мұсылмандықтан адамды жақсартатын біраз нәрселер іздеген  болу керек.

Информация о работе Умбетей жырау