Жүсіпбек Аймауытов

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 19:31, реферат

Описание

Жазықсыз жапа шеккен, қазақ әдебиетi мен мәдениетiнiң көрнектi қайраткерлерiнiң бiрi Ж.Аймауытов қазақ топырағында тұңғыш шыққан педагог, психолог-ғалым. Ол - педагогика, психология саласында құнды ғылыми-зерттеу еңбектерімен қатар, бірнеше оқулықтар, оқу құралдарының авторы болған ірі тұлғалардың бірі.

Работа состоит из  1 файл

Жүсіпбек Аймауытов.docx

— 28.27 Кб (Скачать документ)

 

Жүсіпбек Аймауытов 

(1889-1931)

Жазықсыз жапа шеккен, қазақ әдебиетi мен мәдениетiнiң көрнектi қайраткерлерiнiң бiрi Ж.Аймауытов қазақ топырағында тұңғыш шыққан педагог, психолог-ғалым. Ол - педагогика, психология саласында құнды ғылыми-зерттеу еңбектерімен қатар, бірнеше оқулықтар, оқу құралдарының авторы болған ірі тұлғалардың бірі.

Жүсіпбек Аймауытов педагогика ғылымына байланысты  жазған "Тәрбиеге жетекші" еңбегінде (1924 ж.) педагогиканың дидактика саласын ғылыми негіздеген. Бұл  еңбекте Жүсіппек баланы оқытудың ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білім берудің шарттарын көрсететін педагогика бөлімі "дидактика" деп, дидактикаға қазақ тілінде тұңғыш ғылыми анықтама берген.

Ж. Аймауытов баланың ақылын, сезімін, ерік-жігерін, мінезін тәрбиелеу  керектігін атап көрсетті. Балаға туған  елдің салт-санасын, әдет-ғұрпын көрсетуді  ұсынды. Баланың тіл байлығын арттыруға  ерекше көңіл бөлді.  Ол жас ұрпақты  тәрбиелеуге үлкен мән беріп, баланың жан дүниесіне үңілу, оның дұрыс өсіп, дұрыс жолды таңдай білулеріне көмек көрсету мәселелеріне терең тоқталған ғалым.

Ж.Аймауытов жас өркенді оқытып-тәрбиелеуде, оның жеке тұлғасын, өзіндік «мәнін»  қалыптастыруда мұғалімнің рөлі айрықша  екендігін көп мән  бөлген.

       Жүсіппек - жеке тұлғаның қалыптасуына, әлеуметтік тәрбиесінің әсер-ықпалына  зор маңыз береді. Ол жеке тұлға  қоғам байлығы дегенді баса  көрсетіп, оның еңбегі мен тәрбиесін  баса атайды. Жас үрпақтың даралық  ерекшелігін ескеру, білім-танымын  негізгі назарда ұстау, соған  сай оқыту жүйесін бағыттап  отыру қай кезеңде болсын, білім  беру ісіндегі өзекті шара  болып табылады. Мұны Ж.Аймауытов "білім беру жүйесін жетілдіру мен білікті ұрпақ даярлау, қалыптастыру, оның ұлттық тәлім-тәрбие ісін дұрыс жолға қою - басты міндет болып қала бермек " деп атап көрсетеді.

         1918 ж. “Абай” журналының бас редакторы бола отырып, тәрбиемен байланысты бiрнеше ғылыми мақалалар жариялады. Солардың iшiнде 1922 ж. жеке кiтап болып шыққан “Тәрбие жетекшiсi” атты еңбегiн ерекше атап өтуге тура келедi. Ол еңбегiнде Ж Аймауытов “Адам мiнезiнiң, ақыл-қайратының әр түрлi болуы – тәрбиенiң түрлi-түрлi болуынан… Адам баласының ұрлық iстеуi, өтiрiк айтуы, кiсi тонауы, өлтiруi сияқты бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенiң жетiспегендiгiнен” – дейдi.

Автор бала тәрбиесiндегi отбасының  рөлiне зор мән бере келiп, “Баланы  бұзуға, яки түзетуге себеп болатын  бiр шарт – жас күнiнде көрген өнегеге, ата-анасының берген тәрбиесiне байланысты “ұяда не көрсе, ұшқанда  соны iледi” деп бала мiнезiн қалыптастырудағы отбасы мүшелерiнiң ықпалына тоқталады.

 Ж.Аймауытов өнегелi үйелменнен  де бұзақы мiнездi баланың шығуы  немесе тәрбиесi нашар отбасынан  да тәрбиелi, өнегелi баланың өсуi  мүмкiн дей келедi де, бұл айтылғандар  өскен ортаның, замандас, жолдас-жора, құрбы-құрдастың ықпалынан, соларға  елiктеуден болатынын дәлелдейдi.

 Тәлiмгер-ғалым бала тәрбиесiнде  туған елдiң әдет-ғұрпы мен  салт-дәстүрiнiң белгiлi мөлшерде  әсер ететiнiн ғылыми тұрғыда  дәлелдей түскен.

 Ол “ойын-сауық, өлең-жырды  естiп өскен елдiң баласы өнерге  бейiм болады, дiндар елдiң баласы  дiншiл келедi. Жастайынан кемдiк,  жоқшылық, қағажу көрiп өскен ауылдың  баласы жасқаншақ, бұйығы болады”  – деп қоғамдық салт-сана, әдет-ғұрыптың  тәрбиеге тигiзетiн ықпалына тоқталады. 

 Оның жазбаларынан Л.Н.Толстойдың  “Тәрбие дегенiмiз бiр адамның  екiншi бiр адамға жасайтын ықпалы”  немесе А.С.Макаренконың “Адамдарды  қоршаған орта тәрбиелейдi. Адамның  тұтыну заттары, табиғи құбылыс  т.б. бәрi тәрбиеге белгiлi әсерiн  тигiзедi. Соның iшiндегi ең әсерлiсi  – адамдардың қарым-қатынасы, әсiресе  ата-аналар мен ұстаздардың ықпалы  ерекше” деген секiлдi таныс пiкiрлер  жиi ұшырасады. 

 Ж.Аймауытовтың пiкiрiнше мұғалiмнiң  айналысатыны – үнемi қозғалып, өзгерiп,  өсетiн, өркендейтiн тiрi адам  болғандықтан, бiркелкi әдiстен табан  аумай шектелiп қалуға болмайды…  Сабақ үйреншiктi жай шеберлiк  емес, ол үнемi жаңаны табатын  өнер… Дидактика мұғалiмге жиi жөн-жоба көрсетiп жетекшiлiк етедi…  Сыннан өткен тиiмдi деген жолдарды  ғана нұсқайды”– деп, оқыту,  бiлiм берудiң әдiстердiң догма  емес, iзденуден туатын iс-әрекет  екенiн дұрыс атап өткен. 

 Ж.Аймауытов бiлiм негiзi ана  тiлi арқылы меңгерiлетiнiн айта  келiп, “Ана тiлiн жақсы меңгере  алмай тұрып, өзге пәндердi  түсiну мүмкiн емес. Ана тiлi  – халық болып жаралғаннан  бергi жан дүниесiнiң айнасы, өсiп-өнiп,  түрлене беретiн, мәңгi құламайтын  бәйтерегi” – деп, оның қоғамдық  рөлiн, оны жан-жақты және терең  меңгеру қажеттiлiгiн баса көрсетедi.

 Автор, адамның жан қуатын  тәрбиелеп жетiлдiрудегi тарих  пәнiнiң алар орнын айта келiп “Тарихты оқыту арқылы шәкiрттерге қазiргi өмiр мен өткен заманның байланыс заңдылықтарын ажырата бiлерлiк сана туғызамыз” – дейдi.

 Автор мектепте “қандай тарихтың түрiн оқытуды алғаш қолға алу керек?” дегендi де сөз етедi.

 “…Алдымен балалардың өздерiне  күнделiктi өмiрден жақсы таныс  өз жұртының тұрмыс-салты, тыныс-тiршiлiгiне  байланысты тарихты оқытудан бастағанды жөн… басқа жұрттың тарихқа керек жерлерiн ғана алу керек” – деп тұжырымдайды.

 Ж.Аймауытов осы еңбегiнде  туған өлкенiң жағрафиясын оның  тарихымен байланыстыра қарастыруды  ұсынады. Автор ерте замандағы  “половец”, “кеченет” тәрiздi көшпелi жұрттың шаруашылығын қазақ халқының  ертедегi тарихымен байланыстыра  жүргiзудi қуаттайды. 

 Көшпелi жұрттың өткендегi салт-санасы, әдет-ғұрпы, шаруашылық кәсiбi  және мәдени өмiрiнен хабардар  ету үшiн 4-сыныпта әдебиеттi, тарихты  және жағрафияны бiрiктiрiп, яғни  интеграциялап “Бiздiң Отан”  деген атпен оқытуды қажет  деген пiкiр ұсынды.

 Ж.Аймауытов адам баласының  мәдениет тарихынан өнердiң көрнектi  орын алып келгенiне, өнерсiз қоғамның  дамуы, рухани мәдениеттiң молаюы  мүмкiн еместiгiне тоқталып, ұлт  мектептерiнде әуелi кескiн (сурет)  пен әуез (ән-күй) пәнiн үйретудiң  керектiгiн, әрбiр баланың өнерге  деген ынтасын қозғап, өнерпаздық  қабiлетiн тәрбиелеуде бұл пәндердiң  маңызын баса айтты. 

Ж.Аймауытов 1929 ж. “Комплекстi оқыту жолдары” деген еңбегiнде баланың бiлiмге деген ынта-ықыласын, зейiн-зердесiн арттыру үшiн мұғалiмдерден төмендегi шарттарды орындауды талап еттi. Олар: жаңа берiлетiн бiлiмдi баланың бұрын меңгерген бiлiмiне негiздеу, оқушылардың жаңа бiлiмдi меңгеруiне бағыттайтын проблемалық сұрақтар қоя отырып, олардың назарын меңгерiлетiн жаңа бiлiмге бағыттау, басы артық, қажетсiз мағлұматтарды айтудан сақтану, салыстыру, теңеу, ұқсату, сияқты тәсiлдердi қолдану арқылы балалардың бiлiмге деген қызығушылығын артыру. Тәсiлдердi үнемi жаңартып жандандырып отыру, көрнекiлiктi пайдалану т.б. дидактикалық әдiс-тәсiлдердi сөз етедi.

 Ж.Аймауытов 1929 ж. “Комплекстi оқыту жолдары” еңбегі мектепке  және оқытуға байланысты қазақ  тілінде жазылған алғашқы құралдардың  бірі болғаны жайында еңбекте  толық көрсетілді. Бұл еңбегінде  ол баланың бiлiмге деген ынта-ықыласын, зейiн-зердесiн арттыру үшiн мұғалiмдерден  төмендегi шарттарды орындауды талап  еттi. Олар: жаңа берiлетiн бiлiмдi баланың  бұрын меңгерген бiлiмiне негiздеу, оқушылардың жаңа бiлiмдi меңгеруiне  бағыттайтын проблемалық сұрақтар  қоя отырып, олардың назарын меңгерiлетiн  жаңа бiлiмге бағыттау, басы артық,  қажетсiз мағлұматтарды айтудан  сақтану, салыстыру, теңеу, ұқсату, сияқты тәсiлдердi қолдану арқылы  балалардың бiлiмге деген қызығушылығын  артыру. Тәсiлдердi үнемi жаңартып  жандандырып отыру, көрнекiлiктi пайдалану  т.б. дидактикалық әдiс-тәсiлдердi  сөз етедi.

        Сондай-ақ ол “Психология” (1926), - деп аталатын еңбектерінен мысалдар алынып, қазақ мектептері тарихындағы психология –педагогика мәселесіне арналған тұңғыш зерттеулер екені айтылып өтілді. Автор: «Психология» кітабының алғы сөзінде: «Өзге білімдер затшылдыққа табан тіресе, аяғын нық басқан жоқ.... Қарапайым адамға жұмбақ сықылды көрінетін талай нәрселер психологияда қаралады...»-, дейді. Ж.Аймауытов «Тәрбие мен амал» атты тарауында: «Өмірге пайдасыз білімнің білім сәндігі жоқ. Олай болса психология білімі де тәрбиеге пайда келтіретін болуы керек. Тәрбиенің түпкі мақсұты: адам маңайындағы табиғат төңірегіне, әлеумет төңірегіне ыңғайласуға ықпал беретін құрал-күш жасап беру. «Тәрбиесіз» адам өмірде әрбір жаңа күйге ұшыраса берекесі кетіп, рәсуа болады. Ал , «Тәрбиелі кісі» жадына сіңірген өнегелер, дерексіз ұғымдар арқасында бұрын ұшырамаған халге түссе де, шаруа табуға оңтайлы келеді. Бір сөзбен тәрбиені былай тағайындауға болады: қылық пен икемдік жүзінде бойына сіңірген әдетті іс істеуге жанастырып, ұйымдастыру»,-деп тәрбиенің психологиямен байланысты болып келуіне назар аудартады.

       Сонымен қатар «Жан жүйесi және өнер таңдау»  (1926) деген оқулықтарын жазып, психология, педагогика, әдістеме ғылымдарын ұщтастыра оқытуға терең мән бередi. Бұл ғылыми зерттеулер өз уақытында жоғары бағаланғандығы және еңбектің құндылығы бүгінгі тәрбие мәселесіне де қажет екендігі айтылды.

         Ж.Аймауытов білім беруде оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға оқу үрдісінде балаларға түсінікті ұғымдарды үйретуден бастауды олардың жеке қабілет - дарыны мен ерекшеліктерін ескеруге баса назар аударады. Жазушының бұл принциптері қазіргі кезде әдістеме саласында қолданып жүрген жеңілден күрделіге қарай оқыту және олардың жас ерекшелігін ескеру қағидаларымен сай келеді.

          Ал бүгінгі білім беру парадигмасы тұрғысынан қарастырып жүрген ғалымда Ж.Аймауытовтың педагогикалық идеяларының маңызы, өзектілігін:  оны біліктілікті арттыру жүйесін модернизациялаумен тығыз байланыста қарастыруға  болатынын Б.Әлмұханбетов, К.Қожахметова, М.Көпжасарова, А.Жайтапова, Ж.Қараев, Ж.Кобдикова, К.Құдайбергеновалар күмән келтірмейді. Сондықтан да Ж.Аймауытовтың педагогикалық идеяларын мазмұндық негіз ете отырып және бірқатар ғалымдардың қазіргі біліктілікті арттыру жүйесін модернизациялау шарттарына (т.б.) сүйене отырып және тындаушылардың біліктілігін арттыруға қолайлы дамытушы орта жасау мақсатында біліктілікті арттыру курсының құрылымына өзгеріс енгізу уақыт қажеттілігін айтады. Қазіргі таңда білім беру саласындағы түбегейлі өзгерістерге сай өз біліктілігін жетілдіру, әсіресе, ұлттық педагогикалық ой-пікір аясында білім көтеру мүмкіңдігіне зәру болып отырған уақытта бұл - заман талабынан туындаған қажеттілік деп түсіндірді. Сонымен,

- Ж.Аймауытовтың педагогика саласындағы еңбектерінің бүгінгі білім беру мақсаттарымен үндестігі туралы түсінік беру;

- Ж.Аймауытовтың педагогикалық  ой-пікірлері қазақ тілі мен  әдебиетін оқыту құралы ретінде қолдану.

- ЖАймауытовтың педагогикалық  идеяларын пәнді оқыту құралы  ретінде пайдаланудың маңызын  түсіндіру;

- Ж.Аймауытовтың педагогикалық  идеяларының пәнді оқытуда пайдалану  жолдарын жасап, тәжірибеге енгізу.

 Секілді аталған міндеттерді жүзеге асыра отырып, нәтижесінде оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру формаларын Ж.Аймауытовтың педагогикалық ой-пікірлеріне сәйкес жоспарлап, сабақ барысында мақсатты пайдалану біліктілігін көтеруге қол жеткізуге болады.

 Себебі, сабақ - оқушылардың белсенді әрі жоспарлы оқу-танымдық іс-әрекетін қамтамасыз ететін оқытуды ұйымдастыру формасы. Сабақ жүргізу өнері мұғалімнің сабаққа қойылатын әлеуметтік және педагогикалық талаптарды түсінуі мен орындауына тығыз байланысты.

   Қорыта айтқанда,  Аймауытовтың  педагогика ғылымында жазылған  еңбектерінде -  оқушының психологиялық даму кезеңдері және олардың көркем мәтінді қабылдау деңгейі, кейіпкерге мінездеме беру, баяндау, мәнерлеп оқу, шығарманы жанрлық ерекшелігіне қарай талдау, т.б.мәселелер қарастырылды.

      Ж.Аймауытовтың кез-келген шығармасы кейіпкерлердің психологиялық ішкі иірімдеріне құрылған.

  Мысалы келтіретін болсақ, Ж.Аймауытовтың шығармалары оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай топталып талданады. «Торғай мен қарлығаш» атты әңгімеде жан-жануарлардың тіршілігін, олардың мінез ерекшеліктері түсіндірілді. «Әнші» әңгімесін оқыту кезінде оқушының шығарманың көркемдік-эстетикалық қуатын айқындау, елестету, өкіну, жаны ашу, қайғыру т.б.таным-түсініктері қалыптасты. Шығарма кейіпкері Шәкет қыздың ыдыс- аяқты ұқыпты, таза ұстауын суреттеу арқылы жазушы біріншіден, тазалыққа тәрбиелесе, екіншіден, қазақтың ұлттық таным - түсінігіне, тұрмыстық психологиясына байланысты этнопедагогикалық ұғымдарды игертуге назар аудартады. Әсіресе, сәтті шыққан психологиялық сипаттаулар «Ақбілек» романында көптеп кездесетіндігі айтылып, шығармадағы кейіпкер жан дүниесіндегі тебіреністер, қайғы мен жан күйзелістерінен мысалдар келтіріле талданып берілді. Жоғары буын әдеби білім берудегі шешуші кезең болғандықтан романдағы күрделі психологиялық жағдайлар тереңірек талданады. «Жоғарғы буын-мектеп оқушыларына әдеби білім берудегі-шешуші кезең. Жоғарғы сынып оқушыларының жас ерекшеліктері, өмірлік, оқырмандық тәжірибелері, қабылдау дәрежелері мүмкіндік беретіндіктен, бұл сыныптарда берілетін білім көлемі күрделене түседі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

 

1.Қазақстан МЕКТЕБІ – 2009,  №8

 

2.Бес арыс. -Алматы: Жалын, 1992. 391 бет

 

3.Қирабаев С. Жүсіпбек  Аймауытов  . Кітапта // Қайта оралған қаламгер: (Халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, ғалым, жазушы Жүсіпбек Аймауытұлына  арналады) Құраст. В.Қ.Күзембаева; Орталық  ғылыми кітапхана.- Алматы: 2003.279.

 

4.Аймауытов  Ж. Шығармалары.  –Алматы: Жазушы, 1989. 588 б.

 

5. Тілебалдина Нұргүл Қазанбаевна «Жүсіпбек   Аймауытов  шығармаларын орта мектепте оқыту мәселелері» Афтореферат. Алматы, 2010

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Жүсіпбек Аймауытов