Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2013 в 13:19, реферат
Ерте дәуірден бастап халқымыз біртұтас ұлттық мәдениетке,тілге және жерге ие болған. Ұлы дала халқы физикалық тұрғыда берік, көнбіс және өмірге тез бейімделетінболған. Үлкендер өз балаларын ұлы даладатәрбиелеу арқылы көз көру, құлақ есту қабілеттерін дамытқан. Көшпенділікке әрқашан дайын болған, жауынгерлікке тәрбиеленген, мал асыраған, аңшылыққа бейімделген. Ерлер – жауынгер, отбасы басшысы. Осы жерде мына мақалды келтіруге болады: «Жігітке жеті өнер де аз».
Қазақ – Ұлы даланы мекен еткен халық. Ерте дәуірден бастап халқымыз біртұтас ұлттық мәдениетке,тілге және жерге ие болған. Ұлы дала халқы физикалық тұрғыда берік, көнбіс және өмірге тез бейімделетінболған. Үлкендер өз балаларын ұлы даладатәрбиелеу арқылы көз көру, құлақ есту қабілеттерін дамытқан. Көшпенділікке әрқашан дайын болған, жауынгерлікке тәрбиеленген, мал асыраған, аңшылыққа бейімделген. Ерлер – жауынгер, отбасы басшысы. Осы жерде мына мақалды келтіруге болады: «Жігітке жеті өнер де аз». Қазақ тарихына үңіліп қарайтын болсақ, біздің халық тек малшы, аңшы, жауынгер ғана болмаған, олар – суретші, ақын, батыр, жырау болған. Бұрынғы уақыттағы қазақ тарихы туралы әдебиеттер із-түссіз жоғалып кеткен. Дала халқының рухани өмірі әрқашан ерекшеленіп тұрған. Солардың бірі – ақындар шығармаларын суырып салма айтыспен жеткізуі.
Қазақ халқын және қазақ хандығын қалыптастыру кезеңінде халық арасында тез таралған шығармашылық өнер – жырау, сол заманды сөзбен суреттеген жыраулық өнер.
Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі. Әдебиетте де тарихта да маңызды орын алар тұлға. «Жырау - өз жанынан шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі жырау атауы-«жыр» сөзінен туындайды» деген түсінік жырауға «Қазақ әдебиетінің энциклопедиясында» берілген. Өз жанынан суырып шығарып жырлайтын жыраулар XV ғасырда ғана туа салған жоқ. Жырау тұлғасының тарихы тереңде. «Сәугейлік, батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, табиғат құбылыстарына т.б. жайларға қарай болжам жасау, абыздың бір міндеттерін атқару – көне дәуір жырауларына тән қасиет» - делінген жоғарыда аталған еңбекте. Жыраулық поэзияның негізгі өкілдері – Асан Қайғы, Қазтуған жырау, Шалкиіз жырау, Ақтамберді жырау, Бұқар жырау. Жыраулық мектептің түп негізі абыздардан басталады. Ел ертеңі жайлы болжам жасап, данышпандығымен дараланып жүрген жыраулар хан сарайында отырып, алдағы болар қауіп-қатерді болжап отырды. Хандардың түсін жорып, халық арасындағы қарым-қатынастардың қалай бағыт алатынын болжап, оны жыр жолдарымен жеткізіп, абыздық дәстүрді әдебиетпен байланыстыра дамытты.
Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы (14
ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) –мемлекет
қайраткері, ақын, жырау, би, философ. ӘзЖәнібекханныңақылшысыболған.
ӘкесіСәбитАралөңірініңСырдария
Асан Қайғы Сәбитұлы
XIV ғасырда ғұмыр кешкен, Алтын Орда, қазақтың
данышпан ақылгөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас биі, Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша,
қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған
"дала философы", осындай ойшыл, ел
қамын жеп, қайғы-қасірет кешкен Асан атына
кейін "қайғы" сөзі қосылып аңыздалып
кеткен. Шежіре-аңыздардыңайтуыншаАсанн
Шалкиіз жырау (1465 – 1560)
Хандық дәуірдегі қазақ поэзиясының ірі өкілі Шалкиіз ХҮ-ХҮІ ғасырлар аралығына сарай маңында жасаған тұлға әрі батыр, әрі би, әрі жырау ретінде ноғайлы дәуірінде өмір сүрген. Сондықтан да құмық ноғайлары оның бірқатар шығармаларын өздеріне теліп, төл жырлары санап жүр. Шалкиіздің әкесі қазақтың ірі феодалдарының бірі болса, шешесі – орыс деректерінде Сыртқы Орда аталатын ұлыстың әмірі Мұса бидің қызы. Ел аузындағы әңгімелерде Шалкиіздің батыр, әскербасы болғандығы айтылады. Шалкиіздің өз шығармаларынан да оның жауынгер, жорықшы жырау болғандығы көрінеді. Осы тұрғыдан келгенде жыраудың өлең, толғаулары – белгілі дәрежеде, жаугершілік поэзиясы. Шалкиіз жырау – әдебиетіміздің тарихында өшпес із қалдырған, қазақ әдебиетінің дербес әдебиеті ретінде қалыптасу дәуірінің көш басында тұрған тұлғалардың бірі. Ол көп уақыт Би Темірдің ордасында болған. Билікке араласумен бірге жорықтарға қатысқан. Соған орай Би Темірдің қадірлі, сыйлы ақылшыларының бірінен саналған. Алайда әділетсіз уәзірлерді өткір мінеп-сынаған жырауды көре алмаған Орда төңірегіндегілер Би Темірмен арақатынасының бұзылуына итермелеген. Шалкиіздің бізге жеткен шығармалары жырлар, толғаулар. Бұл жөнінде Қазақстан тарихында дерек те бар. Ақын хандар мен билер, сол дәуірдегі ел өміріне жырлар ғана емес, адамгершілік тәлім-тәрбие үлгісіндегі толғаулар да шығарып отырған. Шалкиіз мұралары А.Харузин, П.Распопов, С.Сейфуллин кітаптарында кездеседі. Е.Ысмайылов жырауды сол замандағы ірі әдеби тұлға деп бағаласа, М.Мағауин «Алдаспан», «Бес ғасыр жырлайды» жинақтарында бір топ шығармаларымен бірге, әдеби өмір жолы жайлы танымдық зерттеу мақала жазды. Сондай-ақ «Қобыз сарыны» монографиясында Шалкиіз шығармашылығы жөнінде жан-жақты талдаған. Жырау ел ынтымағын, татулығын өнегелей келе, халықтың болашағына алаңдайды. Оның ойының тереңдігі, ұшқырлығы, шешендігі, тілінің өткірлігі мен байлығы сөз өнерінің шебері екенін анықтайды. Ол адамгершілік пен ерлікті жырлап, дәріптеп, өз дәуіріндегі халық рухын көтереді. Оның толғауларының дыбыстық жүйесі, шумақ, тармақтарының үйлесімділігі, ырғақтарының өзгешелігі, салыстыру, теңеулерінің нақтылығы жыраулық талантының биіктігін дәлелдейді. Ол – адам келбетін, бейнесін жасаудың да шебері. Хан маңындағы батырлардың ерлігі мен асыл қасиеттерін жырлап, елге өнеге етеді. Әрқайсысына лайықты бейнелеулер, айшықты сөз үлгісін таба білген. Ол өз дәуіріндегі күрескер, патриот, ел мүддесін тереңнен ойлаған атақты жыраулардың бірінен саналады. Жырау мұралары орыс тіліне де аударылып басылған.