Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 22:39, реферат
Бала- тең құқылы тұлға. Ол өмір сүруге, толық дамуға, кері әсерлерден, қатал қарым - қатынас және эксплуатациядан қорғануға, сондай ақ толық отбасылық мәдени және қоғамдық жұмыстарға қатысу құқылы. Дегенмен ата - аналарды балаларының білі алуы мен материалдық қажеттіліктерімен қамтамасыз етуге құқылы. Барлық жас балалар білім алуға,өмір сүруге, медициналық көмек алуға құқығы бар.
Қазақстандағы балалар үйі мен интернаттардағы қайырымдылық шаралары
Бала- тең құқылы тұлға.
Ол өмір сүруге, толық дамуға, кері әсерлерден,
қатал қарым - қатынас және эксплуатациядан
қорғануға, сондай ақ толық отбасылық
мәдени және қоғамдық жұмыстарға қатысу
құқылы. Дегенмен ата - аналарды балаларының
білі алуы мен материалдық қажеттіліктерімен
қамтамасыз етуге құқылы. Барлық жас балалар
білім алуға,өмір сүруге, медициналық
көмек алуға құқығы бар.
Кедейшілік жағдайында өскен және
жетім баланың психологиялық және физикалық
денсаулығы нашар, үлгерімі төмен басқа
балалармен қарым - қатынас жасауға мүмкіншілік
жоқ болады.
Осы ретте Республикамыздағы Халықаралық
« Бөбек» қайырымдылық қорының тындырып
жатқан ісін айрықша айтуға болатыны ақиқат.
Республикалық «Бөбек» қайырымдылық қоры
алғаш рет 1992 жылы 27 наурызда Республикалық
«Бөбек» қайырымдылық қоғамдық балалар
қоры Қазақстан Республикасының Әділет
Министрлігінде тіркелді. «Қазақстандықтардың
болашағы, ұлттық генофондты сақтау жолында
аналық жүрекпен, ұлтжанды сезіммен жұмыс
ісету парасаттылық пен ақниеттілікті
қажет етеді»- дейді республикалық «Бөбек»
қайырымдылық қорының президенті. Содан
бері бұл қор Республика жеткіншектерінің
дұрыс қалыптасуы, дамуы жолында өз жұмысын
жемісті жалғастырып келеді.
Оның негізгі мақсаты- әлеуметтік
тұрмыс жағдайы нашар отбасынадғы балаларға,
олардың ұлтына және дініне қарамастан
көмекке мұқтаж ұл- қыздардың жағдайын
жақсартуға қайсыбір мәселелерді шешуге
қоғам мен үкіметке жәрдемдесу. Әсіресе,
ата- ананың аялы алақанына зәру жетімдерге,
экологиялық апат аймақтарында тұрып
жатқан ауру- сырқау және жалпы мүгедек
балалрға қамқорлық жасауды өз жұмыстарына
басты бағдар еткен.
Қордың құрылтайшылары мемлекеттік
және қоғамдық ірі ұйымдар, қорлар, әлемдегі
іскер адамдар, банктер мен коммерциялық
құрылымдар. Олардың әрқайсысы Қазақстан
балалары және олрадың болашағы үшін қаржылай,
заттай көмектесіп, елдің болашақ азаматтарының
аяғынан тұрып кетуіне жәрдем беруде.
«Бөбек» халықаралық балалар қоры осы
он жыл ішінде ауыз толтырып айтуға тұрарлық
жұмыстарды жүзеге асырып, аталмыш қор
халықаралық деңгейге көтерілді, тағдыр
балалардың бәріне бірдей қуаныш сыйлап
отырған жоқ. Еліміздегі он мыңнан аса
жетім, төрт мыңнан аса дене бітімі және
ақыл есі кем балалар бар. Семей, Қызылорда
облыстарындағы әрбір үшінші сәби өлі
немесе кемтар болып өмірге келеді. Арал
маңындағы бүлдіршіндердің 87 пайызы дымкес.
Әрине мұндай фактілер баршамызды алаңдатып
отырғаны аян. Бұл таңда «Бөбек» республикалық
қайырымдылық балалар қорының ең басты
қызметі мынадай:
-балаларлы тәрбиелеу мен дамытудағы жанұя
принципінің озық идеяларын тарату, отбасыларын
сақтауға балалар үйіне көмек көрсету;
-Қазақстанда халықаралық беделді ұйымдардан
көмек алу мақсатында қызмет көрсетіп,
шет елдегі балалар құқы жайлы халықаралық
конвенция тәжірибесін зерттеу;
-салауатты өмір салты бағдарламасын енгізу
медициналық мекемелерге көмектесу Республикалық
орталы балалар сауықтыру орталығы құрылысының
аяқталуына атсалысу:
-экологиялық апат аймағынан келгендерге
гуманитарлық көмек көрсету;
- дарынды балаларды қолдау, «Айналайын»
деп аталатын алғашқы халықаралық фестивалін
өткізе отырып, қордың талантты балаларды
қолдайтынын әйгілеу.
Осы күндері Қазақстанның барлық аймағында
«Бөбектің» бастамасымен құрылған балалар
қорлары жұмыс істеп жатыр. Алматыда осы
қордың ұйымдастыруымен өмірге келген
«Рухани және мәдени даму» салоны жұмыс
істейді. Бұл жерде халыққа танымал белгелі
адамдармен кездесулер, балалар өнерінің
көрмелері мен қайырымдылық шараларын
өткізу сияқты бірқатар игі істер жүзеге
асырылуда. Қор Алматыда тұнғыш рет жетім
балаларға арналған жанұя тектес балалар
қалашығын қолдауды өзінің басты міндеті
деп санап, « SOS Қазақстан» балалар қалашығы
ашылды.
Ол Австралиядағы Халықаралық «SOS-киндердорф
Интернационал» қорының қайрымдылық көмегі
арқасында іске асты. « Бөбектің» қолға
алған тағы бір - мәселесі ол тастанды
сәбилер тағдыры. Бұлардың көпшілігі әдетте
некеден тыс туылған балалар. Қор осындай
тастанды балалар тәрбие алатын «Үміт
үйі» атты балалар мекемесін ашты. Олар
әзірге Алматыда, Шығыс Қазақстанда ғана
бар. Бұл үйдің ерекшелігі де сол - анасының
сәбиді мүлдем тастап кетуіне жол берілмейді.
Онымен келісім шартқа келеді, және сол
келісімнің құпиялығы сақталады.
Анасының баласын асырап - бағуға мүмкіндігі
келмесе сәбиін уақытша осы «Үміт үйінде»
қалдыра тұрады. Ал жағдайы оңалғаннан
кейін баласын кез келген уақытта өз қолына
алуына мүмкіндік жасайды. Бұл бала тұл
жетім боп өспеуіне себепкер болумен бірге
ананың да сәбиінен айрылмауына көмектеседі.
«Бөбек» қайрымдылық қоры балалар
үйінен шыққан жеткіншектерге мүмкіндігінше
қол ұшын беруге, көмектесуге тырысады.
Сондықтан ол жастардың оқуға түсуіне,
жұмысқа орналасуына қолайлы жағдай біршама
жеңілдіктер жасауға жәрдемдесуде. Жергілікті
балалар қорлары да қол қусырып қарап
отырған жоқ. Тағы да бір үлкен мәселе,
ол - өнерлі балалардың талабын ұштау мақсатында
«Айналайын» фестивалін өткізу де осы.
« Бөбек» қайрымдылық қорының бастамасымен
дүниеге келген еді. Одан кейін «Шығыс
маусымы» фестивалі де қордың қолдауымен
өтті.
Қор әсіресе, Семей, Арал сияқты экологиялық
зардап шеккен аймақтардағы жеткіншектердің
жағдайын оңдауға көп көңіл бөліп отыр.
Айта берсе мұндай игілікті істер мол.
«Бөбек» қайрымдылық қоры еліміздегі
балалар ауруханаларына дәрі -дәрмек пен
қажетті дәрігерлік құралдар, «Жедел жәрдем»
машиналары, Арал өңірінде тұратын балалардың
денсаулығын түзеу мақсатында жылжымалы
диогностикалық орталықты сыйға тартқан.
Ал американдық таңдаулы дәрігерлер қордың
қаржыландыруымен 60 баланың жүрегіне
өте күрделі операция жасаса, Алматыдағы
хирургиялық орталыққа құны 1 миллион
АҚШ доллары медициналық құралдар бөлген.
Балалар денсаулығының қалыпқа келуі,
алаңсыз өмір сүруі үшін «Бөбек» қайырымдылық
қоры Алматы Қаласының маңындағы 140 орындық
балалардың республикалық емдеу - сауықтыру
орталығының құрылысы үшін де 22,5 миллион
АҚШ доллары көлемінде қаржы бөліп, жобаның
іске асуына айрықша қамқорлық көрсетті.
Қор назарынан Қазақстандағы балалар
үйлері мен мектеп- интернаттары да сырт
қалған емес. Балалар мекемелері мен табысы
аз отбасылары үшін киім- кешектер, аяқ-
киімдер, қажетті оқу құралдары мен компьютерлер,
ойыншықтар берілді.
Республикалық «Бөбек» қайрымдылық қоры
халықаралық деңгейде жұмыс істейді. Қазақстан
«балалар құқығын қорғау Конфенциясына»
қол қойып, енді біздің балаларымыз өз
жерінде кез -келген өркениетті елдердің
ұландары секілді халықаралық нормада
өзін өзі қорғай алатын болады. Соның негізінде,
қор Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы
қоғамдық ақпараттар департаментіне мүше
болып, дүние жүзілік балалар қорының
қайырымдылық шараларына қатысуға мүмкіндік
алған. Бұл оның қайырымдылық акцияларын
халықаралық деңгейде ұйымдастыруына
мүмкіндік береді. Сондай- ақ «Бөбектің»
қатысуымен Біріккен Ұлттар Ұйымының
Балалар қоры мен Республика Үкіметі ынтымақтастық
жағдайға жұмыс істеу үшін келісім шартқа
қол қойған. Соның бір нысаны қор Президентінің
Париждегі ЮНЕСКО мен ЮНИСЕФ-тің балалар
құқығын қорғау жөніндегі халықаралық
форумына қатысып, Швейцариядағы ЮНИСЕФ-
тің Еуропалық конференциясына қатысып,
сондай ақ тұнғыш рет «Бөбек» пен ЮНИСЕФ
арасындағы бірлескен мемлекеттік деңгейде
Арал балалары мен олардың аналарына көмек
беру жөніндегі АСПЕРА бағдарламасының
қабылдануы болды.
Бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін ЮНИСЕФ
жағы 20 миллион доллар мөлшерінде қаржылай
көмек көрсетті. Осындай жемісті еңбегінің
нәтижесінде С.А. Назарбаева 1996 жылы бүкіл
дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының
Ихсан Дограмачи атындағы Халықаралық
сыйлығының лауреаты атанды, ал 1998 жылы
Қырғыз Республикасының «Боорукер» (қайрымдылық)
қоры мен ЮНЕСКО кеңесі оған «Мээрман
Әне- 98» (Мейірбан Ана) атағын беру туралы
шешім шығарды. 1998 жылдың ақпанында Қырғыз
елінен Алматыға арнайы келген делегация
«Бөбек» қорының президентіне « Мээрман
Әне - 98» атағын табыс етті.
Біздің елімізде балалар үшін тек қана
белгілі бір атаулы күндерге орай емес,
күнделікті, сағат сайын да қамқорлық
жасалып келеді. Тіпті көптеген қайырымдылық
қорлары мен ұйымдарының бейнеті мол жомарттық
қызметінің өзі де жағдайды өзгерте алар
емес. Осыған байланысты халықаралық «Бөбек»
балалар қайрымдылық қоры қазақстандықтарға
өзіміздің жас отандастарымыздың балалық
бал дәуренінің қызығын көріп білуіне
көмектесейік деген үндеу тастады.
Бүгінде жетім балалар үйіне
ата - анасынан қапылыста айырылып қалған
балаларға қарағанда, әлеуметтік себептерге
байланысты тұл жетім атанғандардың саны
басым. Бұл табаны тайғақ әкелер мен без
бүйрек аналардың көбеюінің салдары. Мұны
қоғамның дертіне айналды деуіміз сондықтан.
Өзі туған баласын өзекке тепкендер мен
дүниеге әкелген ұрпағына жауапсыз қарағандарды
біздің заң көбіне ата аналық құқығынан
айыруымен ғана шектеп жатады. Осындай
жетім балаларды қамқорлыққа алу мақсатында
Алматыда «SOS-Қазақстан», балалар қалашығы
ашылды.
Шет елдегі балалар қоры
жұмыстарының Қазақстанда жүзеге асуы.
2001 жылы 23 маусымда Астанада «SOS-киндердорф
Интернационал» халықаралық қорының қамқорлығымен
еліміздегі екінші балалар қалашығы ашылды.
«Балаларға, әсіресе жетім, панасыз қалған
сәбилерге мемлекет тарапынан үлкен қамқорлық
көрсетілуде, бұл біздің басты парызымыз.
Өйткені өз болашағын ойлаған қандай қоғам
болмасын ең алдымен жас ұрпақтың жағдайын
жасауы қажет. Бүгінгі күні Республикамызда
екінші рет Халықаралық «SOS-Киндердорф
Интернационал» қорының қолдауымен ашылып
отырған жетім балалар қалашығы сондай
ізгіліктің белгісі- деді Нұрсұлтан Назарбаев.
«SOS-Киндердорф Интернационал» халықаралық
қорынын президенті Гельмут Кутин мырза
Астана қаласының жетім балаларының жаңа
қалашығы ашылған 23 маусым-бүкіл әлемде
SOS-Кндердорфтың туған күні ретінде тойланатындығымен
өз кезегінде көпшілікті хабардар етті.
Ол сонымен бірге- Астанадағы балалар
мекенінің дүниеге келуіне SOS- Қазақстанның
көмегінін ауқымды болғандықтан, Қазақстан
басшысы мен мемлекеттің бірінші ханымы
қалашық құрылысына жәке қаржылай үлес
қосқандығын атап өтті. Мұндағы он екі
үйде бір жарым жастан он төрт жасқа дейінгі
жетімдер тәрбиеленуде.
Қазақстан үкіметі мен «SOS- Киндердорф
Интернационал» қоры арасында 1994 жылы
қол қойылған бірлескен қайырымдылық
қызметі туралы келісім шеңберінде Алматыда
балалар қалашағы дүниеге келді. Бұл балалар
қалашағын қаржыландыру мақсатында қор
құрылды. Қазақстанда іргесі қалана бастаған
айтулы қор Австралиядағы халықаралық
« SOS-Киндердорф Интернационал» қорының
бір тармағы. Олай дейтініміз, еліміз әлем
халықтарының ішінде 125- ші мемлекет болып
тұнғыш рет жетім балаларға арналған осындай
қор ашқан.
Ал « SOS- Киндердорф Интернационал» қорының
тарихы тіпті сонау 1949 жылдан басталады.
Оның негізін қалаған Герман Гмайнер еді.
Дәрігерлер даярлайтын университеттің
студенті болып жүрген Г.Гмайнер соғыс
кезінде әке шешесінен айырылып, үйсіз
күйсіз қараусыз қалған балалардың аянышты
тағдырларын көріп, өзі оқып жүрген оқуын
аяқсыз қалдырды. Сөйтіп, жетімдіктің
ащы да кермен дәмін татқан балалардың
басын біріктіріп, олар үшін қалай да оңтайлы
жағдай туғызудың жолдарын қарастыруға
кіріседі. Ол ең алдымен, өзіне дейін жетім
балалар үшін не жасалды, өзге мемлекеттерде
қандай қайырымдылық шаралары қолданылуда
деген сауалдарға тиянақты жауап іздейді.
Бұл жөніндегі түрлі теориялар мен тұжырымдарға
жүгінді. Бұдан соң Г.Гмайнер австралиядағы
Тироль ауданының басшыларына жолығып,
тұрғындарды түгелдей жиып, мәселенің
жай жапсарын түсіндіреді.
Бұл жетім балалар үшін жасаған еңбегінің
ең таза, адами, әр алғашқы қадамы болды.Зұлмат
соғыс халықтың әлеуметтік тұрмысын, жағдайын
ауырлатып кеткенімен, әркім өзінің шама
шарқынша қолдарынан келген көмектерін
көрсете бастады. Осындай там - тұмдаған
қолдаулардың нәтижесінде Инсбургке жақын
жерде алғашқы үйдің қабырғасы қаланды.
Өздерінің көрсеткен жәрдемінін нәтиже
бергеніне көздері жеткен халық енді бар
жинаған ақшаларын үйіп төгуге дейін барды.
Міне, қыруар еңбек пен төгілген тердің
арқасында дүниеге келген балалардың
әлгі қалашығына ширек ғасырға жуық уақыт
өтіпті. Кейіннен Еуропа мемлекеттерінде,
содан соң бірте- бірте Азия елдерінде,
соның ішінде алғаш рет Корея осындай
балалар қалашығы ашылды. Бұдан соң балалар
қорлары Африка, Латын Америкасы мен АҚШ-
та құрылды. Жетім балалар қорлары қай
жерде құрылса да олардың көздеген мақсаттары
біріктіріп, қамқорлық көрсету.
Халықаралық қорлардың ауқымды
жұмыстары арқасында елімізді «SOS-Қазақстан»
балалар қалашықтары бой көтерді. Қор
Қазақстанға сай ұлттық бояу белгілерімен
ерекшеленуі тиіс деген пікірлер басшылыққа
алынды. Жалпы халықаралық қор өзін- өзі
қаржыландырады. Бұл халықаралық « SOS-Киндердорф
Интернационал» қорының ұстанған басты
қағидасы. Біздегі жетім балалар қалашағын
да осы халықаралық қор қаржыландырды.
«SOS-Қазақстан» балалар қалашығында қызмет
ететін тәрбиешілердің өз ережелері бар:
тәрбиеші аналар зейнеткерлікке шығатын
кезде оларға екі түрлі құқық беріледі.
Бірінші, олардың қалашықта қалуы екіншісі
мұнда жұмысқа келгенге дейінгі тұрған
үйіне, туған туыстарына оралуы, сонымен
қатар жұмысқа қабылдану кезінде де қойылатын
шарттар бар: алдағы өмірінде тұрмысқа
шықпауы, жалғыз басты болуы, баласының
болмауы, яғни өзін жетім балалардың тәрбиелеуге
арнауы.
Балалар қалашығында барлық жағдай тіпті
мектеп бітіргендерге де арнайы жағдайлар
жасалған. Мұнда балалардың өзге балалар
үйіндегідей ортақ тәрбиешісі болмайды,
әр баланың өз еркінде оларды бөлек үйде
кәдімгі ата - анасы бар балалардай тәрбилейді.
Аналардың басты міндеті тек бала тәрбиесімен
айналысу ғана. Асырап алған балаларын
өсіріп, кәмелетік жасқа жеткізу олардың
міндеттері. Ал олардың бүкіл жағдайын
жасау балалар қалашығы міндетім деп санайды.
Алматы қаласының Ақсай - 4 ықшам ауданында
4 -аудиториялар мешіт- медресе салынды.
Осы мешіт құылыстарымен қатар Алматы
қаласындағы 167- ші орта мектеп қазақ араб
мәдени ағарту орталығына айналды. Онда
компьютер мен араб тілін оқыты үйрететін
тұрақты жұмыс істейтін 4 айлық курс ұйымдастырылған.
Қапшағай қаласында 100 жетім ұл баланы,
ал Қаскелеңде 70 қыздар бағып қағатын
осы қайырымдылық қоғамының интераты
жұмыс істейді. Бұл балаларды тамақтандыру,
киіндіру және білім беру шығындарын,
оқытушылары мен күтіп қараушы 53 қызметкердің
жалақысын осы « Абу - Даби» қайырымдылық
қоғамы өз мойнын алған.Интернатта оқып
-тәрбиеленушілердің жасы 7- 14 жас аралығындағы
балалар. Осы істеліп жатқан игілікті
істеріне қоса, бұл қоғам жыл сайын ораза
кезінде ауыз бекіткен мұсылмандарды
әр кеште ауыз аштырады, жетім балаларға
киім кешек, азық - түлік үлестіреді. Ал
құрбан- айт кезінде жетім жесірлерге
ірі қара мен қой сойып, етін үлестіріп,
18 мың доллардың азық - түлігі мен киім-
кешек қоса таратылды. Әл - Фараби атындағы
Қазақстан мемлекеттік Ұлттық университетінің
шығыстану факультетінің студенттеріне
компьютер сыйға тартты.
Ол Біріккен Ұлттар Ұйымы қоғамдық хабар
департаментінін
Мүшесі, ЮНИСЕФ тің балаларға көмек қорының
кеңесшісі мәртебесіне ие. Біріккен Ұлттар
Ұйымының бірқатар бағдарламаларын үйлестіруге
тікелей қатысқан. «Бейбітшілік жаршысы»
деп танылып, көптеген сыйлықты иемденген.
Бұл оқу орнының тағы бір ерекшелігі, оқу
тегін, әрі ешкімнің де бетін қайтармайды,
оқығысы келген адамдардың ұлтына,дініне
де қарамай қабылдайды. Ал Алматыда ашылған
оқу орны өз қызметін тындаушылардың жағдайына
қарай ыңғайлап құрған. Жұмыс күндері
дәріс кешкі сағат алтыдан басталады,
ал сенбі, жексенбі күндері таңертеңгі
сағат 8.30 - дан небары бір сағатқа созылады.
Бұл жаңа оқу орны жүйелі түрде оқытып,
адамның бүкіл міңез- құлқын өзгертеді,
жағымсыз әдет - дағдылардан арылтады.
Аталмыш оқу ордасының тағы бір ерекшелігі
онда ешқандай жалақы алмай бір ғана оқытушы
дәріс оқиды. Біздің елімізде Мұсылман
Орта Азия комиеті қайырымдылық қоры өзінің
қайырымдылық істерімен танымал. Оңтүстік
Қазақстан облысынын орталығы Шымкент
қаласында 40 мешіттің іргетасы қаланып,
халық үшін қызмет етуде, және бұл өңірде
атқарылған игі істің бірі 60 -қа жуық құдық
қазып, жер асты су құбырларының тартылуы.Сондай
- ақ жалғыз басты қамқорлықсыз жандар
да осы аталмыш қорды паналауда. Қор әрбір
мұсылман мерекелеріне демеушілік жасап
балалар үйіндегі жетімдерді желеп жебеп,
ораза- айт мерекесінде ауыл бекіткендердің
ауыз ашарын жасайды.
Қордың тағы бір игі ісі - Қазақстанда
Құранды жатқа оқудан халықаралық жарыстың
өтуіне себепкер болған. Бұл жарысқа Орта
Азия, Кавказ, Қырғыз Республикаларының
діни қызметкерлер қатысқан, ондағы бас
бәйгеге үш мың, бірінші, екінші орынға
екі мың, үшінші орынға бір мың, төртінші
орынға бес жүз.
Олай болса Джордж Сорос қорының қайырымдылық
қорынан грант, тегін оқулықтар алған
оқушылар мен ұстаздар оның игілікті ісіне
дән риза. Қайсы бір қайырымдылық қорлардың
жұмысы туралы Алматы қаласының екінші
мүгедектер үйінде болып, олармен сұхбат
жүргіздік. Бірінші дәрежелі мүгедек Нина
Васильевна «Мен қатты ауырып, жатып қалғанымда
дәрігер келіп, халықаралық қайырымдылық
қорынан көптеген дәрі дәрмектер әкелгенін
айтты да 10 ине салды, ішетін дәрілер берді.
Оны мен ешқашан ұмытпаймын, өте ризамын!»
деді. Басқа да мүгедектер өз ризашылықтарын
білдірді. Біз « SOS-Қазақстан» балалар
қалашығында болып онда тұратын балалармен
тәрбиешілермен сұхбаттастық. Олар « SOS-Киндердорф
Интернационал» халықаралық қайырымдылық
қорының қызметі, оның мақсаты туралы
айта келіп, қор жұмысынан өздерінің шексіз
қанағат алып отырғандықтарын мәлімдеді.
Қоғамдық қайырымдылық қорлар әлеуметтік
институттың бір саласы тұрғысында, өзара
қарым- қатынастары арқылы әлеуметтендіру
проблемаларын да шешті. Әлеуметтік институттар
қоғам өмірін реттеудің негізгі элементті
болып табылады.Олар қоғамдық маңызды
қызметтер атқаратын тарихи тұрақты, қалыпты
ұйымдасқан бірлескен адамдардың істері
мен қатынастары. Олар түрлі мағынада
қолданылады мысалы, біз зерттеп отырған
қайырымдылық институты және тағы басқалары.
Әлеуметтік институттың негізгі қызметі
маңызды өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыруға
арналған. Сөйтіп қоғамға пайда келтіреді,
мәселен, отбасы институты өмірге ұрпақ
әкеліп, оны тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің
қарым қатынасын реттеу, ал қайрымдылық
институты қоғамдағы әлеуметтік жағынан
аз қорғалған адамдарға, мүгедектерге,
жетімдерге материалдық көмек көрсетеді.
Осы пайдасы арқасында қоғамды нығайтады
тұрақтандырады, дамытады. Ал әлеуметтік
институттар адамдардың әлеуметтік топтардың,
басқа да қауымдардың нақты қатынастары
мен өзара іс қимылдарының әлеуметтік
байланыстары негізінде құрылады. Біз
атаған қорлардың балалар үшін ашқан үйлері
оларды әлеуметтендірумен айналысты.
Әлеуметтендіру мектепте іске асырылатын
болғандықтан да өтпелі кезеңдерде қиындықтар
да кездесуі мүмкін. Оқушылар үлкен болды,
бұл әлеуметтендірудің бір саласы, қоғамдық
өмірге дайындық болып есептеледі. Біз,
Алматы қаласындағы 62 - орта мектеп қазақ
араб мәдени - ағарту орталығындағы жетім
балалармен жұмыс істейтін тәрбиесінің
орнын жоққа шығармау керек,дегенмен бізден
балалар өз болашағына қажетті білімді
де тәрбиені де алып жатыр» - дейді.
Сонымен халықаралық сипаттағы қайырымдылық
қорларды пайда болуы Қазақстанның халықаралық
әлемдік жүйеге енуіне және нарықтық қатынастардың
қиыншылықтарымен тікелей байланысты.
Халықаралық қорлар ел алдындағы қиындықтарды
саналы түрде ұғынды, соған сәйкес әлеуметтік
жағынан тұрмысы нашарланға халыққа қайрымдылық
көмек көрсете бастады. Бұл сөз - жеткізу
мүмкін емес. Екінші жағынан, қайырымдылық
жасаған қорлардың, кәсіпкерлердің игілікті
істері мемлекет тарапынан дәрежесінде
қолдау тапты, әлеуметтік қолдау турлы
заңдар қабылдағанда да ескерілді. Олай
болса қоғамның демократилық принциптерді
іске асыру барысында халықтың осы стратегия
сенімін арттыруда. Халықаралық қайрымдылық
ұйымдары үлкен үлес қосты.
Қазақстан Республикасының Конституциясында
белгіленгенде Қазақстан Республикасы
- әлеуметтік мемлекет. Яғни, мемлекет
өзінің бар мүмкіндігін, қамқорлығын өз
қоғамының дамуына, ондаған азаматтардың
өмір сүру деңгейін көтеруге арнауға міндетті.
Бүгін дейінгі қол жеткізген табыстарымызды
таразылар болсақ, егеменді тәуелсіздік
бізге тек қана ілгерілеуге және өркениетке
қарай ашты. Енді еңкейген қарттарымздан
бастап, еліміздің болашақ жастар осы
бағытта тоқтаусыз жұмыс істеуде.
Нарықтық қатынастарға көшу жағдайы және
оған сәйкес республикамыздың экономикасының
тұралап қалуына байланысты жетім балаларды,
көп балалы аналарды, жалғыз басты қарттарды
сонымен бірге тұрмыс жағдайы нашар азаматтарды
әлеуметтік құқықтық және материалдық
жағынан қамқорлыққа алу мәселе қоғам
үшін маңызды сипат алып, оларды үкімет
тарапынан табанды түрде талап етілуде.
2030 жылға дейін «Қазақстан 2030» тұжырымдамасын
Қазақстан халықының денсаулық сақтау,
рухани толысу, өсіп өркендеу мәселесіне
белгілі бір орын берілді. Осынау бір қоғамдық
және ұлттық мәселелерді шешу мақсатында
оған қол ұшын беру үшін Республикамыз
міндетті.
Енді осы қайырымдылық ұйымдарына және
республика көлемінде атқарып жатқан
жалпы жұмыстарына жалпы сипаттама берейік.
Жаңа ғасыр мен мыңжылдық табалдырығында
тұрған біздерді болашағымыз балалар
қазір қандай күй кешуде деген сұрақ жиі
мазалайды. Соңғы он жылда әлемнің әр түкпіріндегі
қиян кескі соғыстың нәтижесінде 2,5 миллион
баланың өмірі қиылып,бес миллион бала
кемтар мүгедек болған, 12 миллиондай жеткіншектер
мен балалар баспанасыз қалған. Соғыстың
кесірінен он миллионға жуық жас балалар
ақыл - есінен адасып, ой - өрісі нашар дамыған
немесе жүйке ауруына ұшыраған.
Бейбіт күннің қиындығы да аз емес. Дәлелдей
айтсақ, дүниенің түкпір түкпірінде 16
жасқа толмаған 2000мың бала өз салмағынан
да ауыр мылтық қаруларын асынып, әскери
міндетін атқаруда. 150 миллионнан астам
бала зауыт фабрикада, кен орындарында
(жастары 14- 18 жас) өз тәндерін сатып, азапты
өмір кешуде. Осы жағдай Тайланд мемлекетінде
ерекше орын алады. Аталмыш елде(14- 18 жас)
2 миллионнан астам қыздар жезөкшелікпен
айналысып, өз болашақтарында «балта шабуда».
Сондай - ақ Парсы шығанағында Ирак Кувейт
жанжалына араласқан АҚШ және Батыс елдері
әскерлерінің көбі жарық дүниеге кемтар
ұрпақ әкелген.Осы соғысқа қатысқан әскерлерден
туған балалардың 65 пайызы кемтар, жарымжан
болып туған. Дегенмен де балалар үшін
әлемнің талай елінде әр түрлі қамқорлықтар
жасалуда. Түркияда әйгілі «балалар мемлекеті»
атты ұлттық ойын - сауық орталығы жұмыс
істейді. Ал, Иорданияның королі Хусейн
мен ханзада Нұр екеуі ақылдаса отырып,
құны миллиондаған доллармен бағаланатын
«Бақшалы сарай»атты мекен жайды жетім
балалар орталығына сыйға тартқан. Америка
Құрама Штаттарының Экс президентті Билл
Клинтон өзінің жариялаған үкіметтік
жобаларының бірін «балалар үшін» деп
атағаны тегіннен тегін емес болар.
Дүние жүзінің көптеген елдерін халықтың
өсуінен гөрі өлімінің көбеюі қатты алаңдатады.
Қазақстанда бұл проблема Франциямен
салыстырғанда аса қауіп тудырмағанымен,
бізде керісінше жетім балалар көбеюде.
Халқымыз балажаңды және шаңырағында
көп бала болғандығын ұнататын ұлттар
санатында. Соңғы жылдары «тастанды балалар»
жайында әңгімелер көп көтеріліп жүр.
Дәл қазіргі уақытта қиыншылыққа төзе
алмай өз балаларын тастап кетіп жатқан,
аналар да аз емес.
Қазіргі балалар үйлеріндегі жәудіркөз
жетімдердің 85 - 90 пайызы «тірі» жетімдер.
Мұндай сәбилердің 90 пайызы сырқат немесе
мүгедек болып шығатындығы шындыққа саяды.
Кез келегн пенде тіршіліктің тұтқасы
шаңырақ деп білсе, осы шаңырақтың қазығы
да бала!
Лұқпан хакім айтқандай «Адам ұрпағымен
мың жасайды». Ендеше, бүгінгі өміріміздің
ертеңін жалғастырушы, болашағы балғын
балаларға қаншама қамқорлық жасасақ
та көп емес. Ал, тағдардың жазуымен ата
- анасыз қалған, не болмаса жастайынан
ауыр сырқаттың зардабын тартқан балалардың
жөні бір бөлек. Оларға мемлекет тарапынан
да жекелеген адамдар тарапынан да ерекше
қамқорлық, жанашырлық керек.
Республикадағы 44 балалар үйі мен мектеп-
интернаттарында тәрбиеленіп жатқан 1,5
мың тұлдыр жетімді, қараусыз қалғандарды
(олардың 85 пайызының ата- анасының біреуі
не екеуі де тірі)3,5 мың мүгедектерді, демек,он
мыңнан асатын қамкөңіл балалардың үсті
басын бүтіндеу, тамағын беріп, басынан
сипау оңай шаруа емес. Міне, осындай игі
ниетті істерді тәуелсіз елімізде алғашқылардың
бірі болып қайрымдылық қорларының тындырып
жатқан істерін айрықша айтуға болады.
Алматы облыстық « Балбөбек» балалар қайырымдылық
қоры мектеп жасына дейінгі жетім, панасыз
қалған балалардың тәрбесі, олрады әлеуметтік
жағынан қолдаумен айнылысады. Бұл қорды
жазушы Зейнеп Әскербекқызы Ахметова
басқарған. Бұл облыс әкімінің бастауымен
жетім балаларды көзден таса, көңілден
тыс қалдырмайық деген ұранмен табанды
жүргізіліп келе жатқан жұмыстың жалғасы,
жаңа бір белесі деуге болады. «Балбөбек»
қорының негізгі мақсаты- денсаулығы нашар
мүгедек балаларға көмек беру.
Сонымен бірге, талантты балалардың қанатын
қомдап, келешекте ғылым мен өнер биігіне
қалықтауға ықпал ету. «Балбөбек» балалар
қоры өзінің жарғылық міндеттеріне сәйкес
сауықтыру, қоғамды рухани жағынан жаңғырту
үшін озық салт дәстүр негізінде жас ұрпақты
адамгершілік әдептілікке тәрбиелеу;
панасыз қалған балаларға көмек көрсету
бағытында жұмыс істеуде.Жыл басынан(1998)
бері қарай бұ бағдарламаға 1 млн. 126 мың
теңгеге астам қаржы жұмсалған.
Сауықтыру бағдарламасы бойынша Панфилов
ауданы және Жаркент қаласында көп балалы
отбасыларындағы ауру балалар үшін 131
мың теңгеге жуық қаржы жұмсалып, 21 жолдама
алынған. Балалар Жаркент Арасан, Көктал
Арасан демалыс үйлерінде емделген. Талдықорған
қаласындағы ата анасы мүгедек алты бала
«Айналайын» сауықтыру лагеріне жіберілген.
Сондай - ақ аз қамтамасыз етілген 30 отбасына
151266 теңгенің нақты көмегі берілген. Азаматтардың
өтініштері бойынша 280 балаға 130 мың теңгенің
жәрдемі көрсетілген. Облыстағы балалар
және сәбилер үйлеріне қайырымдылық көмегі
ұйымдастырылған. « Балбөбек» қорының
бастамасымен Еңбекшіқазақ ауданында
Қазақстанның тұнғы рет «Тұсау кесер»
тойы өткізіліп, онда Есік қаласындағы
сәбилер үйінде 16 баланың тұсауы ұлттық
дәстүрге сай кесілді.
Сонымен қатар, халқымыздың тағы бір өнегесі
өкіл әке белгілеу жаңғыртылды. 16 адам
өкіл әке атанып, оларға «Балбөбек» қорының
грамотасы тапсырылды. Осы той барысында
Есік қаласындағы сәбилер үйіне ақшалай
және заттай 1млн. Теңгеге жуық сыйлық
жиналды.
«Балбөбек» салт - дәстүлер туралы кітапшалар,
плакаттар шығаруды жоспарлауда. Соның
ішінде Паршек ата ілімінің әдістерін
жақсы түсіну үшін «Семь встреч мудрецов»
атты кітапшалары жарық көрді. Онда әлем
данышпандары денсаулық және рухани байлық
мәселелері төңірегінде ой бөліседі, өйткені
рухани тазалықсыз денсаулық жоқ екені
бәрімізге аян. «Балбөбек» қоры Алматы
облысының аудандарында тұратын балаларға
мысалы, Райымбек, Күрті, Балқаш сияқты
елді мекендерін аралап, азық - түлік, киім
- кешек таратып берді. Сөйтіп 1997 жылы 8
сәуірде Алматы қаласында қоғамдық «Балбөбек»
балалар қайрымдылық қоры дүниеге келді.
Бұл Республикамыздағы құрылған 19 - балалар
қоры.
Нарық заңдылықтары тұрмыс - тіршілігімізге
енгелі бері халық күнкөріс қамымен қалаларға,
оның ішінде оңтүстік астана мәртебесіне
ие Алматыға көп шоғырлануда. Бұл қаламыздағы
тұрғындардың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне
әсер етуші қосымша фактор болып отыр.
Осы халық көп шоғырланған қаламызда кездесетін
жәудір көздер саны күн сайын көбеюде.
Алматы қаласында балалардың қоғамдық
қорының ашылуы уақыттың өзі тудырып отырған
елеулі оқиға. Өйткені қалада ата - аналары
тастап кетіп, қараусыз қалған балалар
жеткілікті. Мәліметтерге жүгінсек, мұндай
балалардың 70 пайызының ақыл есі кеміс.
Тоғыс арнайы мектеп - интернатта жетілуі
кем балалар оқып тәрбиеленуде. Ал, бөджет
олардың толық қажеттілігін өтеуге жетпей
жатады. Бұл қор өз жұмысын құрылтайшылармен
басқа да қаржы көздерінен түскен қаражаттар
арқылы жүргізіліп, денсаулықтарын түзеуге
көмектесіп отыр.
Алматы қаласындағы тағы бір қор- «Эльдани»
балалар қайырымдылық қоры. Бұл қор 1996
жылы мамыр айында Алматыда дүниеге келген.
Негізгі мақсаты - орталық нерв жүйесі
зақымдалған сол аурулармен ауыратын
балаларға көмектесу мақсатында емдеу
орталығын ұйымдастыру. Осындай орталық
Бішкек қаласында жұмыс істейді. Ондай
емдеу орталықтарында ауру балаларға
қоғамның толыққанды азаматы сияқты оларға
барлық мүмкіншіліктер жасалады: білім
алуына, компьютерден сабақ алуына мәдени
орындарға баруға, спортпен шұғылданып,
оның өсу жолы да ойластырылған. Осы жоспарларды
іске асыруда әр ай сайын 10 бала емделсе,
қор құрылғалы екі жыл ішінде 200 адам көмек
алды.
Онда қаладағы ірі компаниялардың, серіктестіктердің
көмегінің арқасында балалар үшін мерекелік
іс шаралар өткізіліп, сыйлықтар дайындалды.
Информация о работе Қазақстандағы балалар үйі мен интернаттардағы қайырымдылық шаралары