Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 17:11, творческая работа
Мектеп қабырғасында оқушылар ғылымның әр саласы бойынша білім алады. Кез-келген пәнді оқыту барысында мұғалім оқушыға пән бойынша нақты білім берумен қатар оқушының тұлға ретінде қалыптасуына күш жұмсау қажет. Мектеп қабырғасынан шыққан тұлға жан – жақты білімді, саналы, өмірдің түрлі жағдайына бейім болуы тиіс. Жастардың білім деңгейі, ата-анадан алған тәлім-тәрбиесі еліміздің келешегін анықтайтын факторлар болып табылады. Сондықтан әр ел, мемлекет жастарға білім беру барысында олардың бойында елге, отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу қажет. Міне, ұлттық білім беру моделінің маңыздылығы осыдан туындайды. Яғни білім беруден бөліп қарауға келмейтін ұғым – тәрбие
Ұлттық білім беру моделін менің көруім
Жастардың бойында құндылықтардың дұрыс жүйесін
қалыптастыру керек, оның негізінде еңбексүйгіштік,
ар-намыс, парасаттылық, өзін-өзі тұрақты жетілдіруге
ұмтылыс
және оқу, тәртіп сияқты
Н.Ә.Назарбаев
Мектеп қабырғасында оқушылар ғылымның әр саласы бойынша білім алады. Кез-келген пәнді оқыту барысында мұғалім оқушыға пән бойынша нақты білім берумен қатар оқушының тұлға ретінде қалыптасуына күш жұмсау қажет. Мектеп қабырғасынан шыққан тұлға жан – жақты білімді, саналы, өмірдің түрлі жағдайына бейім болуы тиіс. Жастардың білім деңгейі, ата-анадан алған тәлім-тәрбиесі еліміздің келешегін анықтайтын факторлар болып табылады. Сондықтан әр ел, мемлекет жастарға білім беру барысында олардың бойында елге, отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу қажет. Міне, ұлттық білім беру моделінің маңыздылығы осыдан туындайды. Яғни білім беруден бөліп қарауға келмейтін ұғым – тәрбие. Бұл екі егіз ұғым елімізді қазіргі деңгейге жеткізіп отыр. Білім, тәрбие туралы Мұхтар Әуезов «Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі, өнеге білдіретіндігінен… Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін жас буынды жақсылап оқыта отырып, тәрбиелеу қажет» деген болатын. Міне, жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру жауапты сала, ал тәрбие міндетті түрде ұлттық бағытта жүруі тиіс. Бүгінгі мұғалімнің міндеті – әдет – ғұрпымызды, салт – дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана – сезімі жоғары тәрбиелі ұрпақты өсіру. Ұлтжанды, жанашыр, өмірге бейім азаматты тәрбиелеу.
Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың бойында сауатты жазу, сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайтумен бірге нақты әрі терең білім бере отырып, тіліміздің терең тарихынан хабар беріп отыруымыз тиіс, түркі тілдер тобына енетін тілдердің ішіндегі ең шұрайлы, бай тілдердің бірі ретінде таныта отырып, тілдің тарих сахнасындағы рөлін түсіндіруге тиіспіз. Сонау хандар, жыраулар, батырлар, билер заманында өшпес қайрат жинап, Махамбет, Абай, Шоқан, Ыбырай, Ахмет, Мағжан, Сәкен, Дулат, Жүсіпбек, Ілияс, Сұлтанмахмұт сынды ұлдарын тәрбиелеген құдіретті тіл ретінде таныту - біздің басты міндеттеріміздің бірі болып табылады. Сабақ барысында еліміздің тарихы, салт-дәстүрі, ұлттық құндылықтары, діні, әдебиеті, мәдениеті, өнері туралы үнемі мағлұмат бере отырып, оқушы бойында ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін дамытуымыз керек.
Жалпы қазіргі таңда ұлттық педагогикамызды қалыптастырып, нақты жүйеге келтіруіміз қажет. Сәйкес оқулықтар, әдістемелік құралдар осы бағытта болуы тиіс.
Білім берудің ұлттық моделінің мақсаты мен міндеттері нені көздеу қажет?
«Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен өзінің ана тілін, әдебиетін сүюі шарт.Сол сүюді орта мектеп табалдырығын аттаған соң да, мамандық, білім беретін жоғары мектепке ауысқанда да асыл қасиетіндей сақтауы керек»- деп Мұхтар Әуезов ұлттық тәрбиедегі ана тіл мен әдебиеттің рөлін ашып жазған. Шын мәнінде тіл мен әдебиет бізді ұлт, ел ретінде сақтаудың, танытатудың, өркендетудің бірден –бір құралы болып табылады. Сондықтан да қашанда тілге құрмет биік болуы тиіс. Мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде әр сабағымда тілімнің мәртебесін көтеруге күш жұмсап келемін. Себебі болашақта бүкіл қазақ баласының елі үшін жұмылып еңбек етуіне жетелейтін құрал – менің қазақ тілім, пәк тілім, ақ тілім.