Махамбет патриот ақын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 12:16, биография

Описание

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693-1787) – әйгілі жырау, Абылай ханның ақылшы-биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін болған.

Работа состоит из  1 файл

Бұқар жырау Қалқаманұлы.docx

— 62.29 Кб (Скачать документ)

“Айналасын жер  тұтқан, 
Айды батпас демеңіз. 
Айнала ішсе таусылмас, 
Көл суалмас демеңіз”.

Я болмаса:

“Құландар ойнар  қу тақыр, 
Қурай бітпес демеңіз. 
Қурай бітпес құба жон, 
Құлан жортпас демеңіз”.

Бұқар Жырау шығармаларында замандар бойы мысқалдап жиналып, ақыл-ой таразысынан өткізілген өмір тәжірибесінің, ұлттық тарихи санасының даналық  қорытындысы, адамгершіліктің ереже-қағидасы іспетті нақыл-ғибрат сөздер мол. Әсіресе, белгілі бір құбылыстарды, заттар мен нәрселерді тізбелеп, салыстырып айтатын “Қара құлаш жүйрік деп”, “Ежелгі дос жау болмас”, “Бағаналы орда, басты орда”, “Жар басына қонбаңыз”, “Көкте бұлт сөгілсе”, “Алыстан қызыл көрінсе”, “Биік тауға жарасар”, “Қорғанды шаїар қаласын”, “Жал, құйрығы қаба деп”, “Асқар таудың өлгені”, “Ақсаңнан биік тау болмас” секілді термелерінде неше алуан мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді келтіруге болады. Мыс.,

“Тар пейілді кеңімес, 
Кең пейілді кемімес”,

“Ер жігітке жарасар, 
Қолына алған найзасы. 
Би жігітке жарасар, 
Халқына тиген пайдасы”.

Бұқар Жырау шығармаларының тақырыптық аясы, шеңбері — Жақсылық пен Жамандық, Елдік пен Ерлік, Ізгілік пен Зұлымдық, Әділдік  пен Әдептілік, Жастық пен Кәрілік, Татулық пен Араздық, Достық пен  Дұшпандық, Адалдық пен Арамдық, Тектілік пен Азғындық, Тұтастық пен  Бірлік. “Бұхарекең сөйлеген уақытында  сөзі мұндай жүз есе, мың есе шығар. Бізге келіп жеткен тамыры ғана, — деп жазады жыраудың тұңғыш библиографы Мәшїүр Жүсіп Көпеев — бұл кісінің сөзін түгел жазамын деушіге Нұқтың өмірі, Айыптың сабыры, Аплатонның ақылы керек”. Бұқар Жырау шығармаларының текстологиясы әлі күнге ретке келтірілмеген. Ең қажетті таңдамалы сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер іріктеліп, сұрыпталып алынбаған, дұрыс, түзу, мұқият салыстырулар жүргізілмеген. Бұл — болашақтың ісі. Бұқар Жырау мұрасын жинауда, жариялауда және зерттеуде Мәшїүр Жүсіп Көпеев, Қ. Халид, Г.Н. Потанин, Ш.Уәлиханов, Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Қ.Мұқаметқанов, М.Мағауин, Р.Сыздықова секілді ұлт зиялылары еңбек сіңірді. Әдебиеттанушылар Бұқар Жырау толғауларының жазба әдебиетке тән сипат белгілерін атап айтқанда, әлеуметшілдік сарынын, азаматтық нысанасын, сондай-ақ, жыраудың даралық өзгешеліктерін талдаса (Әуезов), екіншілері өмірі мен шығарм-на үңіледі (Мұқанов, Жұмағалиев, Мұқаметқанов, Мағауин), соңғылары жыраудың тілі мен стилін қарастырады (Сыздықова). Сөз жоқ, Бұқартану ілімінің қалыптасуы мен дамуы тарихы бар. Болашақта ұлы жырау мұралары жаңаша көзқарас, дүниетаным тұрғысынан (ислам құндылықтарымен сабақтастығы, мораль философиясы, мемлекет мүддесі, поэтикасы) тексерілуге тиіс. [1] [2] [3] [4][5]

Қалқаманұлы, 1993, Қазақстан пошта маркасы, (Michel № 29)

[өңдеу] Мирас толғаулар


  • «Бірінші толғау»
  • «Күллі әлемді жаратқан»
  • «Құбылып тұрған бәйшешек»
  • «Он сегіз мың ғаламды жаратқан»
  • «Керей, қайда барасың»
  • «Әлемді түгел көрсе де»
  • «Ай, заман-ай, заман-ай»
  • «Абылай ханның қасында»
  • «Айналасын жер тұтқан»
  • «Ай не болар күннен соң»

БҰҚАР ЖЫРАУ ҚАЛКАМАНҰЛЫ


  • БҰҚАР ЖЫРАУ  ҚАЛКАМАНҰЛЫ (1668-1781 ж.), суырыпсалма ақын, жырау. Абылай ханның ақылшысы. Арғы тегі Арғын, оның ішінде Төртуыл Қаржас. Бұқардың әкесі Қалқаман жаугершілік заманда ерлігімен аты шыққан батыр болған. Бұқар жырау өмірі мен шығармашылығы Арка өңірімен тығыз байланысты. Бірақ та жастық шағы, қандай өмір өткелдерінен өткендігі, туған, өлген жылдары жайында нақты деректер жок. Дегенмен, жыраудын ел аузында сақталған мұралары мен аңыз-әңгімелерге сүйене отырып, кейінгі жылдары кейбір ғалымдар, атап айтканда Қ. Мұқаметқанов, жырау Орта Азияның көрнекті қаласы — Бұкара маңында туған, аты да осыған байланысты қойылған деген ұйғарым жасайды. Жаугершілік заманда қазақ елінің бас сауғалап сонау алыс қиырларға ауып көшіп-қонғанын еске алсақ мұны жоққа шығаруға да болмайды. Осындай дәлелдермен М. Мағауин және басқа зерттеушілер Бұкар 1668 жылдар шамасында туған, ол ерте кезден көзге түсіп, Тәуке ханның тұсында-ақ (1718 ж. өлген) қабырғалы би болған деседі. Бірақ Абылайға дейінгі билеп келген хандардың ешқайсысымен тіл табыса алмайды. Тек Абылай ханның тұсында жыраудың жұлдызы тағы да жанады, сөйтіп ол хан ордасына оралып, қалған өмірінде мемлекеттік істерге тікелей араласады. Бұқар жырау шығармалары философиялық-дидактикалық толғау түрінде бізге жеткен. Олар бейнелі суреттерге бай, ұлттық бояуы қанық, көркемдігі кемел. Жырау халықтың дәстүрлі ауыз әдебиетінің үлгілерін шебер пайдалана білген. «Өз заманындағы жандар бұл кісіні көмекей әулие деседі екен. Қара сөз білмейді, тек сөйлесе көмекейі бүлкілдеп жырлай бастайды екен» деп жазады белгілі ғалым, фольклоршы, жыраудың тұңғыш биографы Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Бұқар жырау шығармаларының басты тақырыбы — халқына, Отанына деген ыстық махаббат. Ол Отанды сүюге, бір орталыққа бағынған іргелі ел болуға үндейді. Көреген ақын қазақ халкының ұлттық бірлігі қажет екендігін айқын түсініп, бұл тұрғыда Абылайды бірлік идеясын жүзеге асыра алатын қайраткер ретінде жырға қосады, сыртқы жаулармен күресте қазақ жүздерін біріктірер қолбасшы, көзсіз батыр ретінде суреттейді. Ал егер оның іс-әрекеті халық мүддесіне кереғар келсе қоркып-үрікпей сын тезіне салады. Жырау шығармасындағы баска бір маңызды тақырып адам табиғатаның өзгеруі, дүниенің бір орнында тұрмайтындығы. Бұкар өмірді кезең-кезеңге бөліп, адамның жасы оның санасын, мінез-құлқын, көңіл күйін, күш-жігерін қалай өзгертетіндігін көрсетеді. Оның поэзиясының халық арасына кеңінен тарап, ғаклия, нақыл, афоризмдерге айналуы, мақал-мәтел болып жетуі де көркемдеу тәсілінің кереметтігінде. Бұқар жырау шын мәнінде көне қазақ поэзиясының ең тұлғалы өкілдерінің бірі. Бұкардың шығармаларын жинап, хатқа түсірген, басын кұрап қолжазба корына жеткізген Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Жыраудың моласын тауып, бүгінгі ұрпак білсін деп басына ең алғаш белгі қойып кеткен де сол ғұлама. Бұқар жырау Қарағанды облысындағы өзі аттас ауданның, казіргі Бұқар жырау ауылы маңына, Далба тауының бір сілемінде жерленген. Ұрпақтары зор қошеметпен оған кесене тұрғызды (архитектор А. Сәуменов), 1993 ж. туғанына 325 жыл толуын үлкен салтанатпен атап өтті. Қарағанды қаласында ескерткіші орнатылды. Қазақстан ҒА М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты шығармаларын жарыққа шығарды. Оған Ш. Уәлиханов, Г. Потанин М. Ж. Көпеев жазып алған нұсқалары, аңыз-әңгімелер, Пекиннен белгілі тарихшы Мұхтархан Оразбайұлы тауып, әдебиетші А. Сейдімбеков алғаш 12.7.1990 ж. «Ана тілі»газетіне жариялаған толғаулары да енді. Тарихшы Ж. Омари (Ж. Артыкбаев) «Бұкар жырау он екі тарих» (1994 ж.) ғылыми-көркем еңбегін арнады. Бұқар жырау құрметіне облыста аудан, ауыл, Қарағанды қаласында даңғыл, қазақ-түрік лицейі аталады.

    Шығармалар: Бес  ғасыр жырлайды, 1-том, А., 1989; Шығармалары, А., 1992 ж. 

     

     

      

    • Бұқар жырау Қалкаманұлы (1668-1781 ж.),
    • Бұқар жырау - суырыпсалма ақын, жырау. Абылай ханның ақылшысы. Арғы тегі Арғын, оның ішінде Төртуыл Қаржас. Бұқардың әкесі Қалқаман жаугершілік заманда ерлігімен аты шыққан батыр болған. Бұқар жырау өмірі мен шығармашылығы Арка өңірімен тығыз байланысты. Бірақ та жастық шағы, қандай өмір өткелдерінен өткендігі, туған, өлген жылдары жайында нақты деректер жок. Дегенмен, жыраудын ел аузында сақталған мұралары мен аңыз-әңгімелерге сүйене отырып, кейінгі жылдары кейбір ғалымдар, атап айтканда Қ. Мұқаметқанов, жырау Орта Азияның көрнекті қаласы — Бұкара маңында туған, аты да осыған байланысты қойылған деген ұйғарым жасайды. Жаугершілік заманда қазақ елінің бас сауғалап сонау алыс қиырларға ауып көшіп-қонғанын еске алсақ мұны жоққа шығаруға да болмайды. Осындай дәлелдермен М. Мағауин және басқа зерттеушілер Бұкар 1668 жылдар шамасында туған, ол ерте кезден көзге түсіп, Тәуке ханның тұсында-ақ (1718 ж. өлген) қабырғалы би болған деседі. Бірақ Абылайға дейінгі билеп келген хандардың ешқайсысымен тіл табыса алмайды. Тек Абылай ханның тұсында жыраудың жұлдызы тағы да жанады, сөйтіп ол хан ордасына оралып, қалған өмірінде мемлекеттік істерге тікелей араласады. Бұқар жырау шығармаларының басты тақырыбы — халқына, Отанына деген ыстық махаббат. Ол Отанды сүюге, бір орталыққа бағынған іргелі ел болуға үндейді. Көреген ақын қазақ халкының ұлттық бірлігі қажет екендігін айқын түсініп, бұл тұрғыда Абылайды бірлік идеясын жүзеге асыра алатын қайраткер ретінде жырға қосады, сыртқы жаулармен күресте қазақ жүздерін біріктірер қолбасшы, көзсіз батыр ретінде суреттейді. Ал егер оның іс-әрекеті халық мүддесіне кереғар келсе қоркып-үрікпей сын тезіне салады. Жырау шығармасындағы баска бір маңызды тақырып адам табиғатаның өзгеруі, дүниенің бір орнында тұрмайтындығы. Бұкар өмірді кезең-кезеңге бөліп, адамның жасы оның санасын, мінез-құлқын, көңіл күйін, күш-жігерін қалай өзгертетіндігін көрсетеді. Оның поэзиясының халық арасына кеңінен тарап, ғаклия, нақыл, афоризмдерге айналуы, мақал-мәтел болып жетуі де көркемдеу тәсілінің кереметтігінде. Бұқар жырау шын мәнінде көне қазақ поэзиясының ең тұлғалы өкілдерінің бірі.  

    Ол заманның батырлары  ақыл-қайраттың күшімен, ақ найзаның ұшымен елді жұттан, жаудан қорғаумен  шығады. Ел басына күн туған шақтарда Барақ батыр ағасы Сәменбетпен  тізе қоса отырып, өмір бойы күресіп  өткен. Ел істерін Сәменбет батыр, Барақ  би ретінде қолға алып шешім жасап  отырған. Нақтырақ айтқанда, Жәнібек, Шақабайлардан  бұрын бүкіл Абақ-Керей елінің, тіпті кейде Орта Жүздің тағдырын белгілейтін келелі істер Сәменбет батыр мен Барақ би екеуінің алдында  бітіп отырған. «1730-жылдарда Керей-Уақ  Сырдың бойын мекендеп, Арғындармен  қанаттас отырған екен», - деп жазады «Қазақ тарихындағы әйгілі адамдар  – Ер Жәнібек» деген кітапта. Тойдағы  ат бәйгесінің дауы асқынып, соңы ұрысқа айналып, Арғын жақтан Ақмырза деген  кісі сойылдан өледі. Керей құнға  жығылады, 30 үй тігіп, 200 жылқы беріп  ердің құнын төлейді. Бірақ құныкер  жақ кетерінде түселге тігілген үйлердің сағанағын қиып, шаңырағын  ортасына түсіріп аттанады. «Бұл құн  дауы әлі біткен жоқ, тағы құн аламыз»  дегенді білдіреді екен. Бұған  Керейдің атқа мінер ақсақалдары  ренжіп, қысқа қарсы Торғай, Ор өзендері жаққа көшіп, бұрын көшіп кеткен Ашамайлыға, бір бөлімі Керейдің Жәдік  руына қарай ауа көшпек болады... 
    Керей елі Сырдарияны сағалап, Арал арқылы Торғай, Ор өзендерін бетке алып ауа көшеді... Бұл кезде Абылай Орта Жүздің сұлтаны еді. Ел іргесінің сөгіліп, ынтымақтың кетуі жауға пайдалы деп ойлаған Абылай сұлтан Керей елін тоқтатып, қайта Сыр бойына әкелуге Бұқар жырау мен Өтеген батырды аттандырады... Бұл кезде Жәнібек атқа мінгенімен ел басы Шүйіншалы баласы Барақ екен, Бұқар жырау Өтегенді ертіп Барақ қарияның ауылына келіп түседі. Абылай сұлтанның сәлемін көтеріп келгенге булы болса керек, сөзін көбінде күш көрсете сөйлейді. Бұқардың өрлігі Барақтың іштей шамына тиеді. Сөздің басын Өтеген ашады: 
    «Батыр, өзіңізге сәлем бергелі келдік, Керейдің ғана емес, ошарылған Орта Жүздің басы едіңіз, Абылай сұлтанның сәлемін әкелдік. Қара басты адам беріп адам алып отырған сүйек тамырларыңыз - Арғындар араздыққа қиғанымен, айырылысуға қимайды екен. Ініңіз Бұқар келіп отыр», - дейді. Сонда Барақ қария былай дейді: 
    «Е, Өтеген, Арғынның тізесі батты деп көшкен Керей емес. Халықтың қорланғаны қасиетінің кеткені, ердің қорланғаны еңбегінің өшкені, үзілгенді жалғайтын, ақ-қараны айыратын, араға түсер ағайынға өкпеліміз, сұлтанымыз Абылайға айтыңыз, Керей ұрыстың өтіне кетті...» 
    Бұл елдің оңайшылыққа тоқтамайтынын байқаған Бұқар жырау көкірегіндегі ызғарын жырмен шығарғысы келіп, екпінді зор дауыспен жырлай жөнеледі: 
    Керей қайда барасың, 
    Сырдың бойын көбелеп. 
    Артыңнан қуып мен жеттім, 
    Тұлпарымды жебелеп. 
    Енді алдыңнан шығайын, 
    Қар-жаңбырдай себелеп. 
    Ақмырзамды өлтірдің, 
    Ақ сойылмен төпелеп. 
    Уа, сен танымай кетіп барамысың? 
    Мен Арғын деген арыспын, 
    Азуы кере қарыспын, 
    Сен бұзау терісі шөншіксің, 
    Мен өгіз терісі талыспын. 
    Абылай алдында сен бітсең, 
    Құдандалы таныспын. 
    Абылай алдында бітпесең, 
    Атасын білмес алыспын. 
    Көшің кетер бір жаққа, 
    Малың кетер бір қаққа. 
    Көш соңынан жете алмай, 
    Есің шығар сол шақта. 
    Бұл барғаннан барарсың, 
    Жар басына қонарсың. 
    Жарты лашық тігерсің, 
    Аузыңнан ас кетер. 
    Қара көзден жас кетер, 
    Бұл қылығыңды қоймасаң, 
    Сонау кеудедегі дулығалы бас кетер! 
    Бұқардың жон көрсетіп, айбар шеккеніне Барақ та, Керейдің басқа атқа мінерлері де ыға қоймайды, Барақ батыр: «Дулығалы бас, кіреукелі дене ежелден ақберен мен зұлфықардың жүзіне тігулі келеді ғой. Құдайдың басқа салғанын көрерміз», - дейді. Бұқар жырау мен Өтеген батыр мұның ең соңғы жауап екенін ұғынып, дау-дамайсыз аттанып қайтып кетеді. 
    Осы баяндаудан тарихтың нақты айғағы болған Абақ-Керей елінің бір ұлы бұрлысындағы Барақ батырдың Керейдегі орны мен рөлы анық көрініп тұр.


    Информация о работе Махамбет патриот ақын