Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 22:37, реферат
Импровизаторлық қабілеті зор,кең тынысты ақынның мол мұрасын ақын-жазушыларымыз ақын шығармашылығы мен өмір жолын зерттеп,талдап халыққа тәнті еткенмен де,Орынбайдың мұрасы мәңгі тарих сахнасынан өшпек емес.Аузымен ұшқан құсты ілген,өнердің туын аспандата желбіреткен өнерпаздардың жұлдызды шоғырының темірқазығы бола білген Орынбай ақын айтыс өнерінің Оқжетпесі іспеттес.
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі:
XIX ғасыр-халқымызға небір дарынды
талант иелерін сыйлаған алтын ғасыр.Қазақ
әдебиетінде жырдың семсерін ұстап,сол
кездегі жаңа жазба әдебиеттің арасын
халықпен жалғастыра білген ерекше тұлғалардың
бірі-Орынбай Бертағыұлы.
«Ер Тарғын», «Қобыландыны» оқып байқа,
Абайды оқы,таңырқан,басыңды шайқа.
Ақындықтың қуаты есіңді алып,
Бас алмастан оқырсың қайта-
Кешегі Бұқар жырау,Жанақ ақын,
Шөже,Орынбай халыққа жайып
Импровизаторлық қабілеті зор,кең
тынысты ақынның мол мұрасын ақын-жазушыларымыз
ақын шығармашылығы мен өмір жолын зерттеп,талдап
халыққа тәнті еткенмен де,Орынбайдың
мұрасы мәңгі тарих сахнасынан өшпек емес.Аузымен
ұшқан құсты ілген,өнердің туын аспандата
желбіреткен өнерпаздардың жұлдызды шоғырының
темірқазығы бола білген Орынбай ақын
айтыс өнерінің Оқжетпесі іспеттес.
Оңтүстікте Орынбай,
Сөздің асыл қорындай,-демекші оның ақындық
шеберлігі өлеңдері мен толғауларынан
да кеңінен көрініс табады.Ақын шығармаларының
осы бағыттағы мұраларының ішінен оның
философиялық толғауларының орны ерекше.Терең
ой салар арнау өлеңдері мен көңіл айту,мақтау
сарынында жазылған әр өлеңдерінен әлеуметтік
тақырыптағы тарихи мәселелерді де кезіктіреміз.Ақын
заманға,өзі өмір сүрген дүниедегі теңсіздікке
көзқарасын өлеңдерінде реалистік тұрғыда
бере білген. ХІХ ғасырда өмір сүріп,
артына мол мұра қалдырған ақын – Орынбай
өз өлеңдерінде тәрбиенің түрлі бағыттары
бойынша тәлімдік ойлар айтқан. Оның ішінде
эстетикалық тәрбиеге қатысты ойлар да
аз емес. Өз кейіпкерлерін суреттеуде
эстетика категорияларын (әсемдік – ұсқынсыздық,
асқақтық – төмендік, қасірет - әжуа) ұтымды
қолдану арқылы ол ұрпақты «жаманнан жиреніп,
жақсыдан үйренуге» шақырады. Міне, осы
айтқаны арқылы Орынбай ақын қазақ этнопедагогикасының
тәлімдік ойлар тарихына өз атын жазып
қалдырды.
Осы орайда ақын мұрасын зерттеген
зерттеулерге және пікірлерге сүйене
отырып,өз зерттеу жұмысыма арқау етпекпін.Ш.Уәлиханов
«Қазақ халықтық поэзиясының түрлері
жөнінде» деген зерттеуінде ақын өлеңдерінің
құрылымын,жүйесін талдаса,С.Сейфуллин,С.Мұқанов,
Ақын мұрасын зерттеуде ақын-жазушы
Нұртас Ахатұлы,Адамбаев Балтабай,жыршы,өнертанушы
Жұмабай Есекеев зерттеулерімен таныстым.Айтыстарын,өлеңдерін
жинастырғандар Биғожаұлы Қ,Боранбай
Ж,Қаренов Қ,Мырзахметұлы Естай,Ғаббас
Елеусізұлы,Сейфолла Шайынғазы,Кәкімбек
Салықовтардың үзінділерін кездестірдім.
Зерттеудің мақсат-міндеттері: Ақын мұрасына зерттеу жазған ақын-жазушылар пікірлерімен салыстыра отырып зерттеу.Өлеңдері мен толғауларын талдау.Баспа бетін көрмеген шығармаларына назар аудару.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық
негіздері:
Зерттеудің дереккөздері: Бес ғасыр
жырлайды.Өлеңдері.II том,Жеті ғасыр жырлайды;М.Жармұхамедов.Айтыс;
Зерттеудің әдіс-тәсілі: ғылыми-педагогикалық,
теориялық әдебиеттерге талдау беру арқылы
жіктеу, топтастыру, салыстыру; салыстыру,
жинақтау, қорыту, т.б.
Негізгі бөлім
Орынбай ақын-XIX ғасырдағы айтыс ақындарының
бірі.Шоқан Уәлиханов қазақ өлеңдерінің
түрлерін жіктейтін еңбегінде ол туралы
былай дейді: «5 өлең.Бұл форманы қазір
барлық жаңа ақындар айтыста да,сондай-ақ
жырда да қолданады,әсіресе оны қолдануға
қосқан Қарауыл руының атеке-Жауарынан
шыққан Орынбай мен Жаңа-Қырғыз дейтін
атасынан шыққан соқыр ақын Шөже.
Кеншімбай мен Орынбай,
Өлең сөздің қорындай.
Шөже менен Кемпірбай,
Өлең жолдың құртындай,-деп
Сіздерге біздей іні жар
Қалайша кемеңгермен пар
Басың бұлбұл,аяғың дүлділім-
Сізге де әлі-ақ бір күн зар
болармыз,-деген ұмытылмас
Орынбай айтыстарының ішінде Шортанбаймен айтысында кездесетін «Атыңа анық,түсіңе қанық едім»,«Өлеңге бір кісідей тынысың бар,бақ берген тіл мен жаққа ырысың бар»,Шөжемен айтысында«Осы Орынбай өлеңге дүрдей еді»,«Орынбай мен сезімтал,сен көреген»,«Ғаламда көріп жүрген сен бір жүйрік,өзіңнен асқан жүйрік жоқ-ақ шығар»,«Үш жүзден асып жүрген Ореке едің,азырақ өзіңізден қорғалаймын»,«Ореке жоғарыда сіз бәйтерек,жүйрік боп қатарыңнан тудың бөлек»,Арыстанбаймен айтысында«Орынбай,бұлбұл екен қызыл тілің,өлең жақтан жоқ екен сенің мінің» деген сияқты әсем өрнектелген тамаша жыр жолдары ақынның айтыс өнеріндегіи нағыз тарланбозы екенін дәлелдейді.Расында да ақынның өз замандастары,тұстастары оның айтыс өнеріндегі суырып салма импровизаторлық қасиетін аса қадірлеп,асқақтатқаны белгілі.
Орынбайдың өнердегі үлкен
жолы айтыс болғандықтан оның
импровизаторлық қабілеті зор,
Орынбай:
Ассалаумағалейкум,ақын Шөже,
Өлеңге жас күніңнен жақын,
Атақты Алатаудың соғысында,
Ерліктен көзі шыққан батыр,
Шөже:
Уағалейкумассалам,дейін саған,
Барша жанды жаратқан хақ
Тәңірінің қылған ісін мазақ қылып,
Кәпір болып кеткен бе мына антұрған?-деп екі ақынның алғашқы қайымдасуынан-ақ бірін-бірі бетке айтар улы да ащы сөздермен сойып салады.Шөже Орынбайды оның тура сөзінен бұрып әкетуге тырысады.Себебі,Орынбай Шөженің бала жасынан шешектен екі көзінен бірдей айрылғанын білсе де,оның қырғызға жақындығын тілге тиек етіп,«Атақты Алатаудың соғысында,ерлікпен көзі шыққан батыр,Шөже» деп әдейі айтуында үлкен сыр бар.Одан әрі:
Шөже:
Шөжеге барлық қазақ бірдей еді,
Шалқыған ортасында күндей еді.
Қарауыл,Шабар,Шаншар екі
Сақтаулы әбдіремде сүрдей еді,
дегенде,Орынбай:
Сұранып кімді болсын
Тоймаған ындызы елді
Исі қазақ ұлтына қосылмайсың,
Соқырдың сүрі қайда
дегенде,ел ақсақалдары «Шөже,сен тоқта,бұған сенің енді айтарың жоқ» деп тоқтатыпты.Осы айтыстың өзі-ақ Орынбайдың суырып салма қасиетінде біліктілік пен білімділіктің,терең астарлы ойдың мол екенін аңғартады.
Ақынның қарсыласының
әлсіз жерін дөп басатын,
А,жаным,бидей шешен қызыл
Өлең жақтан жоқ екен сенің мінің.
Билер сенің сөзіңе езу тартты,
Сөзің асты,сөйлей бер,жүйрік інім-
деп батасын берген.
Орынбай ақындығының айрықша
белгісі оның қара қылды қақ
жарар турашылдығында.Әсіресе,
Осы айтыста Орынбай ел
ақтаған қожалардың ісін
Ассалаумағалейкум,Орын аға,
Сұрайсың шариғаттың төрін,аға.
Атығай,Қарауылдан жол тартыпсың,
Бір сапар болып қайтсын жолың,аға,-
деген Серәлінің көркем сөзіне Орынбай:
Уағалейкумассалам,жарқын інім,
Көркейсін дәулетпенен көрген күнің.
Айтады сөзді қалай таза қылып,
Баласы ақсүйектің тақсыр пірім,-
деп сыпайы жауап береді.Ал осы айтыстың екінші нұсқасында дәл осы екі шумақ былай өрнектелген:
Серәлі:
Ассалаумағалейкум,Орын аға,
Жел сөздің сізге құйған қорын аға.
Дәм бұйырып бұл елге келіп қапсың,
Бір сапар болып қалсын жолың аға.
Орынбай:
Уағалейкумассалам,Серәлі інім,
Дәулет бітсе көркейсін көрген күнің.
«Жақсы лепес,деп айтқан,жарым ырыс»
Шоқтығын бір көтердің көңілімнің.
Айтыстың осы нұсқасында айтыстың
жалғасы беріліп,Серәлінің
Орынбай медреседе
білім алғандықтан ислам дінін
өте терең игерген және
Тамұққа саудагерлер түсед екен,
Әркімді алдап-арбап жиғаны бар.
Қайырсыз дәулет баққан байлар түсед,
Істеген тәкаппарсып жиғаны бар,-
деп айтып салады.[Орынбай ақынның
Уәли Ахмет Хазіреттің алдында қырық парызды
баяндауы,Жұлдыз-2000.№4-144-
Ішкі көкірек көзі ислам дінінің рухын көрегендікпен көре білгені ақынның Данамен айтысын келтіруге болады.
Орынбайды астамшылық
бағытта жеңе алмайтынын
Ореке,қазаң жетпей өлемісің,
Айтшы өзің ислам дінін білемісің,-
деген сұрағына Орынбай:
Мұны неге білмесін Орынбайың,
Білгеннен соң мен неге қорынбайын.
Сіз білмесең,жарқыным мен айтайын,
Бір деген сұрауыныз бір құдайым,-