Сейфуллиндықтардың сыры

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 21:11, статья

Описание

Абайдың қазақ поэзиясына сіңірген ұлы еңбегін шама-шарқынша дамытқан Сәкеннің бұл өлеңі дүниедегі әрекет атаулының тұтқасы, адам еңбегінің негізгі тетігі тән саулығына арналады. Дәл осы өлеңде жырлағанындай-ақ Сәкен Сейфуллиннің тас қопарып, жер үңгіп, байлық шығарған қатарластары өзі жырлаған бұлшық еттің, бұла күштің иесі болғандығы анық. Ол санасындағы ақылы мен білегіндегі күшін тоғыстырып, адамзат игілігне жұмсай білген жандарды жырлады.

Работа состоит из  1 файл

Боянған түрлі шырайлы.docx

— 26.76 Кб (Скачать документ)

Сейфуллиндықтардың сыры

 

«Боянған түрлі шырайлы 
Сұлу емес, сырлы бет 
Ширатылған түйіндей 
Шын сұлу — күшті бұлшық ет»

Абайдың қазақ поэзиясына сіңірген ұлы еңбегін шама-шарқынша дамытқан Сәкеннің  бұл өлеңі дүниедегі  әрекет  атаулының тұтқасы, адам еңбегінің  негізгі  тетігі  тән  саулығына арналады. Дәл осы өлеңде жырлағанындай-ақ Сәкен Сейфуллиннің тас қопарып, жер үңгіп, байлық шығарған қатарластары  өзі жырлаған бұлшық еттің, бұла күштің иесі болғандығы  анық. Ол санасындағы ақылы мен білегіндегі күшін тоғыстырып, адамзат игілігне жұмсай білген жандарды жырлады.

Адамзаттың алтын ғасыры атанған  бүгінгі 21 ғасырда  дәл сондай  Сейфуллиндері бар ма? Бүгінгі бұлшық еттің иесі кешегінің Сефуллиндеріндей бола  ала  ма?

 

Мемлекет пен халық диалогы

Алматы, Сейфуллин даңғылы. Табылар жауап  та осында.  Адам арманындай таусылмас  ұзыннан-ұзақ  көшеде  әрбір екі-үш аялдама сайын қолына ала дорбасын ұстап ,  сәттілік ханшайымының мейірімін күтіп қана өмір сүретін бүгінгі бұлшық ет иелері тұр. Бойында буырқанған бұла күш, қолдарында  ала дорба, отырары-көлеңке.  Шындығын айтқанда, кәдімгі құл базары.

Неге? Басқа жұмыс табылмағандай, сол көшенің бойына балға жиналған арадай үймелейтіні несі деген сұрақ келді алдымен. Нақты жауабын берер деген үмітпен сол Сейфуллиндіктердің алғашқысын сөзге тарттық.

1-Сефуллиндік: Дәл осындай базарлар тек Сейфуллин көшесінің ғана емес, Рысқұлов көшесінде және Алтын Орда да бар. Алтын Орда да көбіне  шетелден келген қырғыз, өзбектер  тұрады. Тіпті сол  ұлттың қыздарында  кездестіруге болады.   Ал біз осылай  күнұзақ тұрып, клиент күтеміз. 3 мыңнан жоғары табуға болады. Он-он бес мыңнан табатын кездерімізде бар. Бірақ жиі емес әрине. Мен өзімнің мамандығым-ветеринар. Ауылда мамандық бойынша жұмыс табылмаған соң осында келдім. Әйтпесе мен сияқты қанша ветеринарлар толып жүр. Бала-шағама киім керек. Ауылдастарым  мынандай күйімді білмейді әрине. Әр жыл сайын белгілі бір уақытта ауылға барып тұрамыз. Жұмысқа тұру дейсіз бе? Алдымен осында тұру үшін тіркелу керек. Құжат дайындау да оңай емес  қазір. Ағылшын тілін сұрап қинайды тағы. Ал енді жұмыс тауып, орналастым дегенде беретін ақшасы түкке жетпейді. Күнделікті ішіп-жемің мен пәтерақыдан айырылмайды. Ал мына жерде қосымша табыс табуға болады. Кейде  қалтада артық ақша  болса, жұмысқа шықпай қалып та жатамыз. Біздің жағдайымыз осы.

Әр  ағаштың  түбінде  жайғасқан  бүгінгінің жұмысшылар осылай дейді. 

Осындайда елу елдің қатарынан қара көрсетеміз деп, «қара қазан мен сары бала қамы үшін» еңбек етуі тиіс үкімет дәл осыған не дер екен деп, ат  терлетіп Алмалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мекемесіне бардық. Мекеме бастығы Нусипова Шолпан Байжұмаевананың   тікелей маман ретінде қаладағы жұмыссыздық дертіне байланысты  айтар ойы мынадай болды:

Алмалы ауданы бойынша 351 адам жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр. 731 адам әртүрлі кеңестер алу жөнінде кезекте . Бүгінде тіпті жұмыссыз болған күннің өзінде де оларға атаулы әлеуметтік көмек, бір жолғы материалдық көмек немесе  тұрғын үй көмегі деген сияқты жәрдемдер қарастырылған. Бұл мәселе сонау 90-жылдардың басынан бері қарай келе жатыр. Шешуі өте қиын. Біз талай айналысып көргенбіз.  Қазір бір адам жұмыссыз ретінде тіркелсе де олар 34 мың теңге ала алады. Мысалы біз сол адамдардың өзінен мобиьлді топ құрып, қаланың әртүрлі жерлеріне тазалық орнатуға жібереміз. Неге сол орындарға бармасқа? Міне осы көмектің өзін ол кісілер азсынып отыр. Олар күні бойы тұрады ол жерде.  Тіпті  үш күнде түк таппайтын кездері де болады. Сіздерге қалай айтатынын білмеймін, бірақ олар біз бір күндік табысымызды үш-төрт  күнде  тауып аламыз дейді. Бірақ ондай үлкен табыстар барлығында бірдей бола бермейді ғой. Және бұл  маусымдық жұмыс. Көптеген адамдар күзге, қысқа  яғни күн суытқанға қарай өз жұмыстарын бітіреді. 2005-2007 жылғы тұрғын үй мәселесіне байланысты құрылыстар да көп емес осы күнде. Үкімет тарапынан  берілетін қаражат өте аз дейді. Екінші мәселе-бұл кісілер Алматыда тіркелмеген. Туған-туыстарының, жамағайындарының үйінде келіп тұрып, керекті қаржысын тауып, қайтадан  ауылдарына кетеді. Тағы бір кемшілігі – қала көркін бұзады. Қолдарында дорбалары бар, тапқан бес-он тиындарына алған ішімдіктері бар олар қаланың сәнін де, тынышытығына да нұқсан келтіреді. Әрине, оларды да түсінуге болады.  Егер қаламаса Алматы  қаласына келіп, тұрғылықты жеріне байланысты тіркеуге тұрсын Әрі қарай заңды органдармен жұмыс істесін.Қазір бәрінде бір ғана психология бар: аз жұмыс істеп, көп ақша табу. Ол мүмкін емес. Қазір тіпті  банкирлерде  500-600мың алмайды. Барлығына шектеу бар.  Ал қара күш иелері әрқашанда керек.  Және олардың табысы тікелей жұмыс берушіге байланысты болады. Бірақ, атпалдай-атпалдай азаматтардың осылай тұруы өте қатты қынжылтады. Мұндағы шешуші мәселе- әр адамның өзінде. Яғни әркімге байланысты. Мемлекет тарапынан қанша қаражат жұмсалғанмен, халықтың өзінде де ізденіс болуы керек.

Иә, ұсыныс сұранысты тудырады.  Бұл үкімет пен қарапайым халық арасындағы шағын ғана көзсіз диалог деп білейік.

 

Цифрлар сөйлейді

Енді  бір сәт статистикаға да  көз  жүгіртсек.  Қазақстандағы жұмыссыздық 2011 жылы 5,4% құрап 2010 жылғы 5,8%-бен салыстырғанда төмендеген. Жан алқымға келген дағдарыс  кезінде де Қазақстан Республикасы  қатты құрдымға кете қойған жоқ еді. Бірақ  бүгінгі  халықтың  әлеуметтік  жағдайы цифрларға  мәз болмай,  іске кірісу керектігін   көрсетеді. 

 

«Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы» осы ойды іске асыру   керектігінің дәлелі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен ұсынылған бұл бағдарлама негізінен 3 кезеңнен тұрады.  Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасында көзделген міндеттерді іске асыру барысында 2016 жылға қарай жұмыссыздық деңгейі 5,5% -дан аспайтын болады,кедейлік деңгейі 8,2 %-дан 6  %-ға дейін түсетін болады деп болжануда.  Қазірдің өзінде әлеуметтік-экономикалық жаңғыру барысында елде қарқынды дамушы еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі мен жұмыспен қамту деңгейі тұрақты өсуде.    Ауылдық жерде әлеуметтік жұмыс орындарын ашу, кәсіптік білімін арттыру және табиғаты қолайсыз аумақтардан экономикасы белсенді аймақтарға  шоғырландыру- осындай үш түрлі бағыт бойынша жұмыссыздықтың алдын-алу шаралары жүргізіліп отыр. Елбасы ұсынған «Жалпыға ортақ  еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты  идеясы да халықтың еңбекке деген құлшынысын арттыру мақсатында туындап отыр.   Жұмыссыздық туралы дау болғанда мемлекет тарапынан айтылар ой  осы.

 

Жұмыссыздар неге азаймайды?

Бірақ осынша қаржының жұмсалуына қарамастан Сейфуллиндіктердің азаймай отыруына не себеп?

Сейфулиннің сейфуллиндықтары мен Рысқұловтың сейфуллиндықтары да қара қазақ болса, Алтын Орданың жолында жүргендер – жақын жамағайын қыз\рғыз бен өзбек, қарақалпақ пен тәжік. Қазақстанда заңсыз жүрген мигранттардың саны бейресми ақпараттар бойынша бір миллионнан асып жығылады. Ал біздің мемлекеттің адамдық ресурсы мен көрші мемлекеттердің адамдық ресурсын салыстырып қарағанда, біздің мемлекет үшін миграциялық саясатты мықтап қолға алу керек екендігі түсінікті. Мемлекет үшін ондай қауіп болмағанның өзінде заңсыз мигранттар саяси тұрақтылықты бұзуға (Франция, Италия тәжірибелері), қылмыстың өсуіне, жергілікті халық пен мигранттар қайшылығын туғызуға, маргинал топтардың пайда болуына, ұлттық еңбек нарығындағы дисбалансты бұзуға т.б. проблемаларға алып келетін топ екендігін ғалымдардың зерттеулері мен халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр. Олардың жұмыс күшін пайдалану жекелеген адамдар үшін өте тиімді. Өзбектің бір жұмысшысы қазақ жұмысшысы 50-60  мыңға істейтін істі 25 мыңға ғана бітіріп кете береді. Осындай  арзан жұмыс күшінің әсерінен қазақ жұмысшылар қара жаяу қала береді.  Осындай негативті феноменмен еліміз өзінің мүмкіндігінше күресіп жатыр. Бірақ, қанша әрекет жасасақ та осы күнге дейін заңсыз миграцияның көлемі азайған емес.  Бұл бір себебі делік.

 

Тағы  бір себебі – табыс тапшылығы. Үкімет беретін 30 мың  олардың бар жыртығын жамауға жетпейді.  Сондықтан да олар қара жұмыстың құлы болуға дайын тұрады.  Алайда бүгінгі еңбек нарығында  электрик, құрылысшы, автоматтандарылған құрылғылардың  тілін білетін мамандар зәру-ақ. Ақша табамын деген  Сейфуллиндіктер   біліктілік деген байлықтың жоқтығына байланысты ол зәруліктің орнын толтыра алмасы анық. Табиғаты қолайсыз аймақтардан жұмыс табылмай келіп жатқанның  өзінде әлеуметтік бағдарламаларға барып, арнайы курстардан өтуге шындығын айтқанда  табыстың аздығынан бөлек, адамның санасы да, психологиясы да жар бермейді. Әйтпесе, байлығын биржадан тауып жүргендеріне 5-10  жыл болғандары да жетерлік.  10 жылдан бері қанша өзгеріс болмады дейсіз. Тараз қаласы, Жамбыл облысы, Талас ауданы аудандық ветеринария бөлімінің бастығы  Қаратаев Берік өз сөзінде   ауыл шаруашылық мамандарының тапшы екендігін айтады. «Менің білуімше қазір еліміз ауыл шаруашылық, мамандарына тапшы. Біздің  ауданымыз мал шаруашылығымен айналысатындықтан мал дәрігерлерін аса қатты қажет етеміз. Бірақ шындығын айтқанда келіп жатқан маман жоқ. Бір кездердегі ветеринария мамандығын ветеринария-санитарлық және ветеринария-медициналық деп екіге бөліп тастады.  Алғашқылары тек базарларда, мекемелерде, кеденде жұмыс істейді. Мал соңында салпақтап жүгіре бергісі келмейтін жастар әрине сондай оқу орындарына барады. Менен кейінгі ветеринария мамандығын бітірген бір ғана буынды білемін. Ал келген  күннің өзінде жас кадрлер қиын жұмыс істегісі келмейді.  Сондықтан біз мамандарға зәруміз.» Ал   басқа табиғаты қолайсыз аймақтар  мал шаруашылығымен айналыспайтындықтан  жұмыс жағынан қиналады. Жоғарыда бізге сұхбат берген Сейфуллиндық  дәл осы жағдайға ұшырап отыр. Экономист жақсы екен деп оқып алып, ауылда қалсаң, төрт жыл оқыған экономист мамандығымен ауылда қандай жұмыс табуға болады кеңсе бугалтерінен басқа. Мемлекет осы жағын қарастыруы  қажет. Қосымша курстық оқу мен жұмыс көздерін  іздестіруді керек етеді. Жұмыс күшін тапшылығына байланысты аймақтарға дұрыс бөлсе, жұмыс таппай қиналғандар саны да азаяр.

 

Жұмыссыздықтың  алдын-алудың тағы бір жолы – өз кәсіпкерлігіңді ашу.  Шағын және орта бизнеске жол  ашып,  шаруаңды дөңгелетуге болады.  Құжат жинаудың қағазбастылығы мен қаржының тапшылығы  қол байлау болатын кездері бар. Одан бөлек ол істі ашу үшінде сауаттылық серігің болу  керек. 177  елдің ішінде Қазақстан халқы сауаттылығы бойынша 14-ші орында екен. Қазіргі кезде сауаттылық деген ұғымға тек жазу-сызуды білгенің ғана емес, қаржылық, құқықтық, IT-сауаттылығы да қоса өлшенеді. Белгілі дебатер, «Алаң» бағдарламасының жүргізушісі Руслан Желдібайдың айтуынша осы аталған категориялармен қоса өлшегенде сауаттылығы жөнінен біздің еліміз жоғарғы орындардан көрінбейді. Біз қатарынан көрінеміз деп талпынған әлемдік деңгейдің биігінен орын алатын  шетелдерде қарапайым халықтың құнды қағаздар арқылы өз табыстарын көбейтуі – қаражат табудың бір жолы  болып үлгергелі қашан. Олар құнды қағаздарды қалай пайдалану жолын меңгерген. Халықты қаржы нарығымен достастырып, экономикалық сауатын ашатын Халықтық ІРО бағдарламасы бізде енді қосылады.  Бұл мәселе бізде енді ғана дамып келеді.  Сондықтан  Сейфуллиндіктер үшін өз бизнесін ашудан бұрын, қаржылық-құқықтық сауатын ашу жұмыссыздықтың тағы бір түйіні болып табылады.  Әрине, алпысты алқымдаған атамызға экономиканың не екенін түсіндірудің өзі әбестік. Ал жастар ше? Осы жөнінде сөзге тартқан Сейфуллин биржасының  жұмысшысы былай деді:

2-Сейфуллиндік: Мұнда көбінесе қазақ жастары тұрады. Неге тұрады дейсіз бе?  Істейтін жұмыс жоқ, басқа  қайда барады?  Беретін 30000 тенге неге жетеді? Жастарға обал-ақ. Үкіметтің бізге жасаған көмегі жетпейді, дәлірек айтқанда келіп үлгермейді.  Мемлекет бізге жағдай жасап, халыққа әділетті  билік жүргізу керек.  Ауылда жүрдік, бірақ онда жұмыс жоқ. Басты себеп-жоқшылық қана.  Мына жерде тұрғандардың ешқайсысының да тұрғылықты үйі жоқ. Орыс, өзбек, ұйғыр дейсіз бе, әйтеуір, көрінгеннің босағасында тұрып жатырмыз. Ондағы санитарлық талаптар да өте төмен.. Жаңағы сіз айтқан бағдарламалардың барлығы құр сөз. Өз жеріңе бар дейді.  Онда- жемқорлық. Бір қағазыңды дұрыстату үшін бірнәрсе беру керек.  Жұмысқа тұру үшін де сондай.     Жеке кәсіпкерлік үшін де қыруар қаржы керек. Мына досымның кішкене қызы жылап жатыр: «Ата, аяқ киімім жоқ» дейді.  Жұмысқа шықпағанына үш күн болып еді, енді, міне, ақша табу керек болып тұр.  Біздің көшеде тұрғанымызды  көрсе жақтырмайды,  бұзақы, ішкіш көреді.  Неге басқа жақтан жұмыс таппайды дейді. Ішу үшін де алдымен ақша керек қой. Біз еріккенімізден тұрған жоқпыз. Амал жоқ, осылай  бала-шағамыздың несібесін табамыз. Менің бес балам бар. Мұнда тұрғаныма он бір жыл болды. Енді қартая бастаған соң, клиенттер көбіне жастарды әкетеді. Біз келісіп барамыз. . Кеңес өкіметінің кезіндегідей дәурен жоқ қазір. 

Міне, барағанымыздай  халықтың жүйкесін жұқартып, жан алқымынан  алатын жемқорлық пен шақшадай басыңды  шарадай қылатын қағазбастылықтың өзі де жұмыс іздеп, табалдырық тоздырған  жандардың салын суға кетіретіні хақ.  Осылардың бәрі  шымбайына  батқан соң, ағаларымыздың  бәрін  кесіп-пішіп, өлшеп беретін Кеңес  үкіметін аңсайтынын да түсінуге болады.

 

Сөз түйіні

Айналып келгенде барлығы табысқа тіреледі. Рухани құндылықты басып озып, бірінші орынға материалдық ізгілік шыққан заманда өмір сүрудің басты формасы  ақша табу болғаны шындық.  Әркім өзінше күреседі. Жастардың санасы осыған негізделген. Алдыңғы буынды көрген оларға тағар кінә жоқ.

Тығырықтан  шығу жолдары қандай?

  • Жұмыссыздықтан құтылайық десек  жұмыс орындарында таба білу керек. Ауылдық жерлерде, табиғаты қолайсыз аймақтарда  сол мекеннің сұранысын қанағаттандыратын  жаңа да ыңғайлы  өндіріс ошақтары көптеп ашылуы қажет.
  • Жұмыссыздықтан тазару алдымен сананы тазартудан басталуы қажет. Қазақ баласы көшедегі құл базарында жұмыс істеу үшін мына өмірдің есігін ашқан жоқ. Қазақ жастарының потенциалы өте жоғары. Тек оны дұрыс бағытқа жұмсай білу керек.  Бүгінгі ақпарат заманының пайдалылығы мен біліктілік курстарының табысы туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуі тиіс.
  • Он жыл бойы құл базардың құрметті қонағы болған азаматтардың бәрін қалаған жұмысқа орналастыру да мүмкін емес әрине.  Жыл он екі ай бойы  көшеде тұрып, қара суыққа тоңғандарға бәлкім жылы орын салуға да болмас па екен? Әрине, оларды кінәлауға болмайды. Тіршілігі үшін шама-шарқынша күресіп жүргендер көше сәнін бұзады десек, бәріне де ыңғайлы болу үшін  жұмысшы биржасына да ыңғайлы мекен табылса қаланың бір бүйірінен. Алпысты алқымдаса да  денсаулығын беріп, отбасын асырап жүргендерге сол жерде ыңғайлы болар еді-ау. Қала  көркі де өз сәнімен тұра берер еді.

Бұл тек  ұсыныс қана. Оны іске асыру мемлекет еншісінде. Бірақ ең басты күш халықтың өзінде  екенін ұмытпайық.

 

 

 


Информация о работе Сейфуллиндықтардың сыры