Шетелдегі қазақ хабарлары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 18:46, курсовая работа

Описание

Зерттеу жұмысының өзектелігі. Әлемдегі және Қазақстандағы радиохабар тарату үрдісін зерттеп, қарастру.
Зерттеудің нысаны. Радиохабар тарату үрдісі.
Зерттеудің мақсаты. Курстық жұмысының негізгі мақсаты –әлемдегі және қазақстандағы радиохабар тарату үрдісін толықтай дерлік зерттеп, олардың бүгінгі жағдайын салыстырып, қарастыру. Зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес мынадай нақты міндеттер қойылды:
-радиохабарлардың жанрларына шолу жасау;
-шетелдегі қазақ хабарлары;
Зерттеудің дерек көздері. Зерттеудің дереккөздері ретінде ғылыми-теориялық еңбектер мен зерттеулер пайдаланылды. Соның ішінде, Ақтаев С., Н.Омашұлы, Қабылғазина К. т.б. ғалымдардың еңбектері қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу барысында шетелдегі қазақ радиохабарларының тарату үрдісі зертеліп, сараланды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысы жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары үшін маңызды еңбек болып табылады.
Зерттеу әдістері. Сипаттама әдісі арқылы жинақталған материалдар даму жолы тұрғысынан баяндалды. Сонымен бірге, зерттеу барысында мақсатқа сай баяндау,талдау, салыстырмалы, жүйелеу, топтау әдістері қолданылды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар. Жұмыста әлемде және елімізде радиохабарлардың деңгейі мен жұмысы қарастырылады. Радиохабарлар тыңдарманның сұраныстарына жауап беретіндей, ең жылдам БАҚ болып табылады.
Курстық жұмысының құрылымы. Бұл жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Содержание

I. Кіріспе…………………………………………………………………………...3
II. Негізгі бөлім
2.Әлемдегі және Қазақстандағы радиохабар тарату үрдісі…………………….4
2.1. Шетелдегі қазақ хабарлары.............................................................................6
2.2.Радиоредакция ұжымы мен оның міндеттері.................................................9
III. Қорытынды…………………………………………………………………..19
IV. Пайдаланған әдебиеттер……………………………………………………20

Работа состоит из  1 файл

курс Шетелдегі қазақ хабарлары радио 20.doc

— 132.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          Мазмұны

I. Кіріспе…………………………………………………………………………...3

II. Негізгі бөлім

2.Әлемдегі және Қазақстандағы  радиохабар тарату үрдісі…………………….4

2.1. Шетелдегі қазақ хабарлары.............................................................................6

2.2.Радиоредакция ұжымы мен оның  міндеттері.................................................9

III. Қорытынды…………………………………………………………………..19

IV. Пайдаланған әдебиеттер……………………………………………………20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                Кіріспе

  Зерттеу жұмысының өзектелігі. Әлемдегі және Қазақстандағы радиохабар тарату үрдісін зерттеп, қарастру.

 Зерттеудің нысаны. Радиохабар тарату үрдісі.

  Зерттеудің мақсаты. Курстық жұмысының негізгі мақсаты –әлемдегі және қазақстандағы радиохабар тарату үрдісін толықтай дерлік зерттеп, олардың бүгінгі жағдайын салыстырып, қарастыру. Зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес мынадай нақты міндеттер қойылды:

-радиохабарлардың жанрларына шолу жасау;

          -шетелдегі қазақ хабарлары;

         Зерттеудің дерек көздері. Зерттеудің дереккөздері ретінде ғылыми-теориялық еңбектер мен зерттеулер пайдаланылды. Соның ішінде,  Ақтаев С., Н.Омашұлы, Қабылғазина К. т.б. ғалымдардың еңбектері қолданылды.

         Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу барысында шетелдегі қазақ радиохабарларының тарату үрдісі зертеліп, сараланды.

Зерттеудің теориялық  және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысы жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары үшін маңызды еңбек болып табылады.

Зерттеу әдістері. Сипаттама әдісі арқылы жинақталған материалдар даму жолы тұрғысынан баяндалды. Сонымен бірге, зерттеу барысында мақсатқа сай баяндау,талдау, салыстырмалы,  жүйелеу, топтау әдістері қолданылды.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар. Жұмыста әлемде және елімізде радиохабарлардың деңгейі мен жұмысы қарастырылады. Радиохабарлар тыңдарманның сұраныстарына жауап беретіндей, ең жылдам БАҚ болып табылады.

Курстық жұмысының құрылымы. Бұл  жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

              

              2.Әлемдегі және Қазақстандағы радиохабар тарату үрдісі

Адамдар арсындағы қарым-қатынаста сөйлеу мен естудің маңызы айрықша. Осы екі қабілеттің басын біріктіріп, ақпарат тасымалына жол салған, миллиондардың санасына бір мезгілде ықпал еткен радионың негізі де табиғаттан, жаратылыстан, қоршаған ортадан бастау алады.Дыбыс адамның өмір сүруің, қауіпсіздігін, қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қоса көңіл-күй сыйлайды, руханибайытады, сана-сезімін өсіреді, жаңа межелерге жігерлендіреді, күш-қуат береді. Адам өз еркінен тыс табиғи ырғақтар (биоритм) жетегінде өмір сүреді, соған сәйкес жүрек соғысы, тыныстауы, қабілеті мен зейіні де құбылмалы болып келеді. Бүгінгі радио адамның биологиялық, физиологиялық қасиеттерімен қоса оның жан дүниесін, яғни психологиясын да ескертетін бұқаралық ақпарат құралдарының бірі де бірегейі.

Бұқаралық ақпарат құралы ретінде де радионың табиғаты осы  табиғи заңдылықтар мен қарым-қатынастарға негізделеді. Жүз жылда радиожурналистика ғылымы дамып, өзінің негізгі ұстанымдары мен қағидаларын қалыптастырып үлгерді. Радиоақпарат таратудың табиғатына келгенде, ғылымда оның басты 3 қасиеті бірінші айтылады және бірауыздан мойындалады.

  Радиохабарларын таратудың міндеттері (функциясы) деген де бұқаралық ақпарат құралдарына ортақ ұстанымдар туралы сөз болады. «Функция» сөзін сөздіктер міндеттері, қызметтік мақсаты мен шеңбері деп түсіндіреді. Осы ұғымды басшылыққа ала отырып, радиохабарын таратудың міндеттерін айқындайтын болсақ, оның ауқымы кең екендігіне және қоғамдық сипаты басым екендігіне назар аударамыз. Өйткені, радионың аудиториясы кең, оның тыңдармандары қоғамның әр түрлі әлеуметтік топтары, хабардың өзі әр түрлі жағдайда тыңдалады. Радиожурналист те қоғамдық қарым-қатынас-тардың белсенді мүшесі ретінде  көпшілік мүддесіне қызмет етеді, солардың ақпараттық және рухани сұраныстарын ескереді. Оның қоғамдық санаға кері ықпал етуге, жалған ақпарт тартуға немесе бұрмалауға еш құқы жоқ. Түптеп келгенде радиожурналистика да өзінің мақсаттары мен мұраттарын қоғамдық қатынастармен байланыстырылады. Соған қарамастан бұқаралық хабар тарату үшін ортақ мына 3 факторға назар аударамыз.

  1. радиохабарын тарату ісі бір мезгілде бірнеше міндетті қатар атқарады, яғни ол көп функционалды.
  2. Хабар тарату тәжірбиесінде алға қойылған мақсаттарына кері нәтиже беретін іс-әрекет орын алуы да мүмкін.
  3. Кез келген бұқаралық ақпарат құралы, соның ішінде радиохабар таратушылар да, әр түрлі үгіт-насихаттық ағымдар мен жарнамалық ықпалдан тыс қала алмайды, белгілі бір дәрежеде осындай науқандардың жетегінде кетеді. Өйткені, белгілі бір уақыт шеңберіндегі қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайларды сараптап, оқиғаларға баға беруде, деректерді екшеуде, жаңалықтар топтамсын іріктеуде, сыртқы ықпалды шектеу журналистен өте сарабдал білгірлікті талап етеді. [1,218 б.]

Әлемдік радиотарату  ісіндегі қазіргі үрдістер. Ашық қоғам  және халықаралық қарым-қатынастағы  жалпы адамзаттық құндылықтардың басымдық сипаты. Қазақстанның әлемдік экономикалық интеграцияға кірігуі.

Қазақ тілінде әуе  толқынына хабар тарататын шетелдік радиостанциялар мен бағдарламалар (ҚХР, Ресей Федерациясы, Иран Ислам  Республикасы, Моңғолия, Түркия, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы және басқалар).

Қазақстанның шет елдерге  радиохабар таратуының негізгі  принциптері: тарихы мен болашағы. Шетелдік аудиторияға таратылатын хабардың ерекшеліктері.

Шет елдік радиостанциялардың Қазақстанға хабар таратуы. Ресей  мен Қазақстан. Ынтымақтастықтың бүгінгісі  мен болашағы. «Азаттық», «Би-Би-Си»  радиолары.

Әлемдік тәжірибе ақпарттың мүмкіндігінше жақын болатындығын қолдап келеді. Мысалы, республикалық арнлардан гөрі жергілікті радиоға деген сенім жоғары болатын көрінеді. Осы арада аймақтық қамтылу мәселесіне назар аударғандұрыс болар. Қазақ радиосының өзі көбіне астана мен Алматы жаңалықтарына көп көңіл бөледі де, аймақтық хабарлар өте аз қамтылады. Көп жерлерде арнаулы тілшілер жұмыс істемейді. Бұл, тыңдарман сеніміне тікелей әсер ететін факторлардың бірі.

Қоғамдық пікір өзгермелі құбылыс, өйткені өмірде шешімін таппаған жағдайлар көп, әркім өз көзқарасын білдіруге құқылы. Соңғы уақытта радиоарналар сол мәселелерді тікелей эфирде талқылау, оған телефон арқылы тыңдармандарды да қатыстыру тәжірбиесін дамытып келеді.Бұл құптарлық жай. Осыған байланысты радиохабар берудің пшіндері мен жанрлары да жетілдірілуде. Радио сұхбат, әңгімелесу енді сырласу пішініне ұласты, дөңгелек үстелден ток-шоуға дейінгі спектр қамьылып жүр. Бұл радионың табиғатына жақын болғандықтан тек құптаған орынды. Дегенмен, сол көпжақты қоғамыдқ талқылаулардың деңгейі әркез мазмұнды бола бермейді, хабар үрдісінен шықпайтын жағдайлар да көп.

 Радио қызметінде  қоғамдық пікірді сараптап, жүйелеп  отыратын социологияның рөлі  артып отыр. Радионың бүгінде  табысты дамуы хабарларының рейтигіне  тікелей қатысты, соған қарай жарнама құны белгіленеді. Көптеген хабарларда аудиториямен тікелей байланыс орнату арқылы тыңдармандардың таоап-тілегі, сұранысы ескеріледі.Әсіресе, музыкалық хабарлар сондай өтініштер негізінде жинақталады. Белгілі бір оқиғаға қатысты журналистің бірнеше адамға микрофон ұсынып, әр түрлі әлеуметтік топ өкілдерінен жауап алуы да қоғамдық пікірді зерттеп, білудегі таптырмайтын әдіс, әрі хабардың әсерлігін арттыратын элементтер.

 

                                 2.1. Шетелдегі қазақ хабарлары

Халықаралық хабар тарату ең алдымен саяси тұрпатқа ие болатындағы белгілі. Ішкі радионың хабарларына қарағанда, шетел радиохабарлары саяси жағынан өткір, өйткені ол сыртқы насихат құралы ретінде болып табылады.

Барлық халықаралық  радиостанциялардың мақсаты-шекарадан тысқары елдің қоғамдық пікіріне өз мүдделері тұрғысынан қозғау салу. Сондай-ақ, егер игілікті ниетті көздейтін болса, шетел хабарлары жалпыадамзаттық қазынаны қалыптастыру және оған ықпал ету қызметін де атқарады. Ол әлемде сенім атмосферасын тудырады, мәдени диалогтың да тамаша үлгісі болып табылады.

Америкалық профессор: «қырғи-қабақ соғыс» жағдайының теоретигі  Поль Лайнбарджер 50-жылдардың аяғында  «қазіргі кезде радио-идеолеогиялық  ықпал етудің ең бұқаралық құралы. Радио ыңғайлы. Оны қай жерде  болса да, қорықпай тыңдай аласың. Радио миллиондаған адамдар арасында информация таратудың ең арзан ұүралы екендігі шүбәсіз», деген еді.

Халықаралық радиостанциялардың қызметін жандандыру ісі «қырғи-қабақ соғыс» кезеңіне сай келеді. Сондықтан бізде болсын, шетелде болсын, сыртқа хабар тарату жөніндегі зерттеулерде бұл мәселеге соқпай кету мүмкін емес. Өйткені сыртқы саяси насихаттың пәрменді құралы халықаралық радиохабарларында «жазу бейнесі» жасалды. Халықаралық радиостанциялардың ішінде Би-Би-Си орыс тілінде хабар таратуды соғыстан кейін, яғни 1946 жылы, ал «Америка дауысы» 1947 жылы, «Неміс толқыны» мен «Азаттық» 1953 жылдан бастады. Сөз жоқ, бұл радиостанцияларыдң барлығы да  «қырғи-қабақ соғыстың» перзенттері.

«Азаттықтың» міндеті мен мақсатын терең түсіну үшін оның тарихына үңілу керек.

Қолда бар деректерге жүгінсек, «Азаттық» радиокорпорациясының негізін салған Ресей халықтарын азат ету Америка Комитеті 1951 жылы 8 ақпанда Нью-Йоркте құрылған екен. Оның мақсаты-әлемдік орыс және ұлттық эмиграцияның азаттығын қорғауға, Ресейдің  рухани мұрасын сақтауға және қолдауға көмек көрсету еді. Комитеттің бірінші президенті ЮПИ-дің бұрынғы москвалық тілшісі, кейін «риджерс дайджестің» аға редакторы Юджин Лайонс болды, сондай-ақ бұл Комитетке «Тайм» журналының вице-президенті Аллен Гровер, Гарвард университетінің профессоры Уильям Эллиот, журналистер Уильям Г.Чемберлен, Айзек дон Левин кірді.

1951 жылдың 7 қарашасында  осы Комитет баспасөз үшін  шұғыл мәлімдеме таратты. Онда  «Кеңес Одағынан шыққан он  бір эмигранттық ұйымның өкілдері-кеңес тәртібін құлату үшін бірлесіп жұмыс істейтіндіктерін жариялады. Бұл шешім осы ұйымдардың Висбаденде (германия) өткен конференциясының соңғы күнінде қабылданды және большевиктердің өкімет басына келегн күніне сәйкес келтірілді. Кеңестік билікке қарсы күреске шақырған мұндай конференцияда: «Біз, бес орыс саяси ұйымы мен грузин, белорус, армян, азербайжан және Солтүстік Кавказ бен Түркістан халықтары саяси ұйымдарының өкілдері-большевиктік диктатурадан азат ету жолындағы күресте Кеңес Одағының барлық халықтарын – коммунистік диктатураны жоюға; өзін-өзі басқару, өз тағдырын демократия жолымен шешуге, коммунистік құлдыққа қарсы, бостандық пен бейбітшілік жолындағы күреске шақырамыз, - деп мәлімдеді.

Қазақстан тәуелсіздік  алып, өз алдына ел болып тұрған осы шақта тарихшы, ғалымдарымыздың Түркия, Шығыс Түркістан, Моңғолия, Рейсей және Өзбектсан сияқты елдерде өмір сүруші қазақтардың тарихи мәдени ерекшеліктеріне көңіл бөліп зерттеуі қажет. Әйтпегенде, сол ерекшеліктерімен әлі талай жылдар Марк Кишнер іспетті шетелдік ғалымдардың еңбектері арқылы танысып жүретін боламыз. Диссертация екі том болып неміс тілінде жарық көрген.

Ағылшын журналистикада «таза ақпарат» деп «болған оқиғаны  дер кезінде нақты баяндалайтын барлық хабарлар» айтылады, ал түсіндірмелі хабарлар мен жаңалықтарға қосымша шолу олардан бөлек. Осы әдісті «Азаттық» радиосы да пайдаланады. Ішкі, сыртқы мәселелерді шолып. Талқылау кезінде журналистер шетелдік басылымдарға сүйенеді. Мұның өзі, олардың 2-3 тілді жетік меңгеруінің арқасында мүмкін болады. Сондықтан кеңейтілген ақпараттардан қандай да бір мәселе жөнінде егжей-тегжейді мағлұмат алуға негіз бар.

Мысалы, «Түркияның мәдениеті  мен өнері» деген басылымда Қазақстанның 1990 жылғы жағдайы баяндалды. Онда шетелдік қазақ журналисі Әбдул Қайым Кесінжі республикамыздың саясат, экономика, әлеуметтік және мәдениет саласындағы маңызды өзгерістері жайлы әңгімелеген.

1991 жылы 25 қыркүйегінде  Қазақ радиосының «Ұшқын» жастар  бағдарламасынан тұңғыш рет Мұстафа  Шоқайдың 1936 жылы Берлин қаласында Түркістан жастарының алдында сөйлеген сөзі берілді. Мұны әуе толқынына дайындап, Қазақстан тыңдаушыларына ұсынған «Азаттықтың» республикамыздағы  тілшісі – Қиял Сабдалы.  

Радиостанцияның Қазақстандағы  тілшілері республикамыздағы жаңалықтары  «Азаттықтың» эфиріне дер кезінде жеткізіп тұріға ат салысады. Сондай-ақ  «Азаттық» республикамыздың хабар агенттіктерімен тікелей байланыста. Біздің газет-журналдармен танысуға оларда мүмкіндік мол. Сондықтан радистанциясының соңғы хабарлары бұрынғыдан да сапалы бола түскендей.Өйткені  жергілікті ақпарт құралдарымен қоян-қолтық араласып, тікелей мәліметтер алып тұрғандықтан, радио тілшілері болған оқиғаларды дәл, тез шындықтан ауытқымай жеткізді. Бұның өзі «Азаттық» туралы ұлттар арасына іріткі салушы, өтірік айтып адамның санасын «улаушы» деген жаланың шындыққа үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын көрсетеді. Олар әлемнің  әр түкпірінен тәуелсіз Қазақстанның жаңалықтары мен оқиғаларын қолдарынан келгенше дер кезінде таратуға асығады. Сондықтан «Азаттықтың» хабарлары өзінің сонылығымен, ұлтжандылығымен, қысқа әрі нұсқалығымен құнды. «Азаттық» радиостанциясы әлемдегі бейбітшілік пен өзара түсінісушілікті БҰҰ-ның Адам Құқықтары жөнңіндегі жалпы Декларациясында көрсетілген және Еуропаның қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы жөніндегі Хельсинкидегі болған конференцияның қорытынды құжаттарында мақұлдағаг принциптеріне сай нығайту үшін және ақпараттардың еркін алмасуына көмектесу мақсатымен эфирге шығатын болғандықтан, халықаралық телекоммуникация Одағына тіркелген.

Информация о работе Шетелдегі қазақ хабарлары