Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 20:22, реферат
шокан валиханов
Орыстың географиялық қоғамы Шоқан өлімі туралы хабарында: "Нағыз, шын әділдігін айтқанда Уәлихановты үздік адам деп айтуға болады. Уәлиханов өз еліне шын берілгендігін, оны терең сүйетіндігін, қазақтың тұрмысын жақсы көрушілігін сақтай алумен қатар, Батыстың мәдениетін де жоғары бағалады", – деп жазды. Мұндай жылы лебіздердің қайсысы болмасын Шоқан еңбегінің әділ де жоғары бағасын алғандығының айғағы еді. Шоқан жайында: Г.И.Потанин, Н.М.Ядринцев, П.П.Семенов-Тянь-Шанский, И.И.Березин, И.И.Ибрагимов, т.б. естеліктер мен мақалалар жариялады.
Шоқан Уәлихановтың демократтық, гуманистік
ой-пікірлерінің толысуына Омбыға жер ауып келген орыс ойшылдары
мен жазушылары көп әсер еткенін көреміз. Шоқан ұлылығын танытатын, оны биіктете
түсетін
нақты
мәліметтердің бірі
– өзі
ерекше сүйіп
бағалаған достарымен
жазысқан
хаттары. Осы хаттардың әрқайсысында Шоқанның азаматтық бейнесі ерекше таныла түседі. Өз халқының адал
перзенті екеніне көз жеткіземіз. Зерттеу еңбектерінің маңызы
мен мәні
ашыла түседі,
бүкіл
дүниежүзілік
география ғылымына қосқан зор табыс, жаңалық ретінде бағаланады.
Ш.Уәлихановтың хаттары.
Шоқан
Шыңғысұлы мен
Федор Михайлович Достоевскийдің достығы екеуінің Омбыда,
Семей мен Петербургте бірге болған кездерінде
бір үзілмейді,
кейінгі алты жыл ішінде (1856-1862) бұл достық хат
арқылы
нығая
тускенін көреміз. Мәселен, Семейден кетіп бара
жатып, Уәлиханов
Достоевскийге былай деп жазады: ...Сізбен
бірге Семейде өткізген азғана күн маған сондай тамаша әсер
етті. Ендігі менің бір ойым сізбен тағы да
бір кездесу. Мен адамның нәзік сезімдері мен ақ ниеті
туралы жазуға шебер емеспін. Менің Сізге қандай
берілгендігімді және сізді қандай жақсы көретінімді, әрине, өзіңіз де білесіз". Бұл хатқа Д.М.Достоевский өзінің шын
жүрегінен
шыққан
жылы сөздермен
былай деп жауап қайырды: "Мейірман достым!
Сіз мені жақсы көремін деп жазыпсыз. Ал мен
сізге қысылмай-ақ тура
айтайын. Мен сізге ғашық болып қалдым. Мен еш уақытта да, ешкімге де тіпті
туған
ініме де, тап сізге көңілім түскендей құштарлықты сезген емеспін. Бұған
талай дәлел
келтіруге болар еді, бірақ сізді несіне мақтай берем. Ал енді сіз менің ақ ниетіме
дәлелсіз-ақ сенетін
шығарсыз
деймін. Достоевский өзінің хаттарында Шоқанға пайдалы кеңес беріп, рухын көтеріп, оның алдына аса зор игі міндеттер қойғанын
көреміз.
Енді бір хатында: Қолға алған ісіңізді тастай көрмеңіз – сіздің материалдарыңыз өте көп. Сахара туралы мақала
жазыңыз.
Оны Россия халқына түсіндірудің өзі ұлы мақсат, қасиетті іс емес пе. Европаша
білім алған
тұңғыш қазақ екеніңізді
есіңізге
толық
алыңыз.Тек
осы оқиғаның бір өзі ғана ғажайып
нәрсе
және
оны ұғудың өзі сізге
көп
міндеттер жүктейді. Оның үстіне
тағдыр
Сізді таза жанды, адал жүректі, абзал адам ғып жаратқан.
Артта қалуға болмайды,
жоқ
болмайды..., деп жазады. Мұндай жанашырлық жалынды сөздерінде Достоевский Шоқанға шын
жүректен
ақыл-кеңесін
білдіріп, оны белсенді іс, батыл әрекетке
рухтандыра түседі.
Ф.М.Достоевский Шоқан Уәлихановты ерекше қадірлей, бағалай білді. Одан алған заттарының бәрін ол ең қымбат естелік ретінде сақтайды. 1866 ж. Шоқан марқұм болғаннан кейін Достоевский өзінің әйелі А.Г.Достоевскаяға "мына үлкен ағаш сандықты көрдің бе? Бұл менің Сібірлік досым Шоқан Уәлихановтың сыйлығы. Сондықтан да ол маған қымбат. Сондықтан мен өз қолжазбаларымды, хаттарым мен аса қымбатты естеліктерімді осында сақтаймын" – деген сөздерінің өзі Шоқанға деген ыстық ықыласын анық байқатады.
А.Н.Майковқа жазған хатында Шоқан: “Менің туысқандарым ұлттық та, таптық та ескіліктің шырмауында. Әсіресе, бір бет даңққұмарлығы бірден көзге шалынады. Осыған қарап-ақ, олардың өздерін өздері жоғары бағалайтыны, ақыл-естіміз деп түсінетіні өз-өзімен түсінікті болар. Демек оларға айтылған ақыл-кеңес намысына тиіп, бұрынғыдан да көрі асқынта түсері түсінікті. Көппен жалғыз алысуға шама келмесін түсіндім, шындық қанша қасиетті болғанымен, адасқанның алды жөн бола береді екен, әсіресе, уақыт солай етіп тұрса амал жоқ, – деп ағынан жарылып, өзіндік пікір, көзқарасын білдіреді.
Шоқан Уәлиқановтың орыстың көрнекті жазушыларымен, ғалымдарымен т.б. жазысқан хаттары қазақ әдебиетінің тарихы үшін ерекше маңызды. Оның хаттары мен күнделіктерінен публицистикалық дарыны айқын аңғарылады.