Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 07:29, реферат
Қазақстан – Еуразия материгінің бел ортасында орналасқан мемлекет, оның табиғи ресурстары бай және экономикалық қуаты күшті. Қазақстанның жер көлемі тұтас Батыс Еуропа елдерінің аумағына тең. Шекарасының ұзындығы 15 мың шақырымнан астам, оның ішінде 12 мың шақырымы құрлық. Ал 3000 шақырымнан астамы су арқылы өтеді.
Тәуелсіздік,
атың қандай киелі!
Сені қорғау - әр қазақтың парызы,
Әр қазақтың сен деп соққан жүрегі!
Тәуелсіздік – қандай ғажап бұл ұғым!
Егемен Қазақстан унитарлық мемлекет. Жер көлемі 2 млн 724,3 мың шаршы шақырым. Азия аумағының 6,1%-ын алады, сондықтан да әлемдегі ірі мемлекеттер қатарына жатады.
Қазақстан – Еуразия материгінің бел ортасында орналасқан мемлекет, оның табиғи ресурстары бай және экономикалық қуаты күшті. Қазақстанның жер көлемі тұтас Батыс Еуропа елдерінің аумағына тең. Шекарасының ұзындығы 15 мың шақырымнан астам, оның ішінде 12 мың шақырымы құрлық. Ал 3000 шақырымнан астамы су арқылы өтеді. Батысы мен Солтүстігінде Қазақстан Ресеймен (6467 км), оңтүстігнде Түркмениямен (380 км), Өзбекстанмен (2300 км) және Қырғыстанмен (980 км), шығысында Қытаймен (1460 км) шектеседі. Каспий теңізі арқылы Қазақстан Әзірбайжанға және Иранға, ал Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Қазақстанда – Шығыс Қазақстан облысындағы 78-меридиан мен 50-параллельдің қиылысқан жерінде – Еуразияның географиялық орталығы орналасқан. Республикада 85 мыңнан аса өзендер бар. Қазақстан әлемдегі ең үлкен көл – Каспий теңізіне ( 390 мың шаршы шақырым) шыға алады.
Менделеев кестесіндегі белгілі элементтердің республикада 99-ы табылған, 70-інің қоры зерттеліп, 60-тан астамы өндіріске қосылған. Сөйтіп, республикамызда әлемде вольфрам қоры бойынша бірінші орында, хромит және фосфор кені бойынша екінші, ал марганец кені бойынша үшінші орында. Ғалымдардың бағалауынша, Қазақстан минералдық қоры бойынша әлемде алтыншы орында, тек қана зерттелген қойнауларының өзі 10 триллион АҚШ долларымен бағаланады. Қазақстан аумағында 400-ден аса көмір орындары бар, ал көмірдің жалпы қоры 140 – 160 млн. Тонна деп анықталып, газ қоры 1 трлн. 170 млрд. текше метр құрайды.
1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан БҰҰ-ға мүше болып, бүгінге оны 120-дан астам мемлекеттері таныды, ал 70-тен астам мемлекетпен елшілік деңгейіндегі дипломатиялық қатынаста. Қазақстан 800-ден астам мемлекетаралық келісім шарттар мен келісімдерге қатысады. Республика 9 халықаралық қаржы ұйымдарының мүшесі болып табылады.
Бүгінгі таңда республика әлемнің 145 мемлекетімен сыртқы сауда әрекеттерін жүргізеді. Қазақстан аумағында шетелдік инвестицияның қатысуымен құрылған 5000-ға жуық кәсіпорын тіркелген. Қазақстанның тәуелсіздігі кезеңінде сыртқы саяси әрекеттер аса зор тарихи маңызы бар міндеттерді орындады, біздің шекара бойымен мығым халықаралық-құқықтық негіздегі қауіпсіздік, бейбітшілік және достық белдеуі қалыптасқан.
Қазақстан егемен және тәуелсіз мемлекет болып орнығып, дүниежүзілік қауымдастықтың толыққанды мүшесі, оның ажырамас бөлігіне айналады деп толық айта аламыз. 2010 жылы Қазақстан Еуропадағы, Әлемдегі ең беделді Ұйымдардың бірі ОБСЕ-ге төрағалық етуде.
Қазақстан егемендігіне 20 жыл !
Биыл еліміз тәуелсіздігінің мерей тойын
атап өтуге әзірленуде. Егеменді Қазақстанға
20 жыл толады.
Енді алыста қалған 1991 жылдың 16 желтоқсанында
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі
туралы Конституциялық заң қабылданған
болатын, бұл қоғамның, адам құқықтары
мен бостандықтарының, меншіктің, саяси
плюрализмнің және билік бөлінуінің негізгі
қағидаларын бейнелейтін құқықтық, саяси
және идеологиялық құжат. Осы іргелі ережелер
Конституцияның негізін қалады.
Еліміздің азаматтары үшін осы бір ерекше
күн ел тарихының ескі сатысының аяқталып,
Республикамыздың дамуының жаңа кезеңінің
басталуының белгісі болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы
кемелді тәуелсіз мемлекетке айналды.
Жиырма жылдық мерзім ішінде елімізде
кең көлемді мемлекеттік түбегейлі өзгерістер
орын алды. 2 палаталы Парламент құрылды,
сот жүйесінің негізі қаланды, жаңа елорда
салынды. Қарулы күштер, Республикалық
ұлан, шекаралық әскерлер және әскери
теңіз флоты пайда болды. Қазақстан өз
аумағында ядролық қаруды пайдаланудан
өз еркімен бас тартып, өзін ядролық қарусыз
ел ретінде жария етті. Өткен жылы біз
Кедендік одаққа кірдік.
Бұрынғы экономикалық жүйе толығымен
өзгертілді, бүгінде біз дамушы нарықтық
экономикасы әлемдік экономикалық жүйеге
енген елде өмір сүріп отырмыз. Қазақстан
шетелдік инвестицияларды тарту жағынан
ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында
алдыңғы қатарға шықты. Сонымен бірге
әлеуметтік және зейнетақы төлеу салаларында
маңызды реформалар жасалды.
Еліміздің халықаралық саясаты мемлекеттің
егемендігі мен тәуелсіздігінің дүниежүзілік
кепілдігіне қол жеткізуге бағытталды.
Ауқымды, әрі жемісті жұмыс жасалды. 120-дан
аса ел Қазақстанды ресми түрде танып,
тату дипломатиялық қарым-қатынас құрды.
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропадағы
Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының
толық құқылы және белсенді мүшесі болып
отыр, сондай-ақ еліміз Еуроодақ, Еуропалық
Қайта құру және Даму Банкі, Халықаралық
Валюта Қоры, Халықаралық Атомдық Энергия
Агенттігі, Қызыл Крест, ЮНИСЕФ және ЮНЕСКО
сияқты аса беделді халықаралық ұйымдармен
ынтымақтастығын күшейтуде. Бүгінгі күні
Қазақстан Халықаралық алаңда атақты,
әрі танымал деп сенімді түрде айта аламыз.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан
халқына арнаған жарқын және есте қаларлық
алғашқы жолдауы 1997 жылдың күз айында
жасалды. Экономикалық күшімізді нығайту
процесі сол жолдаудан басталды. Бұл «Қазақстан-2030»,
еліміздің өркендеуінің ұзақ мерзімді
стратегиясы.
2006 жылы Елбасымыз атап өткендей – «Түрлі
саясаткерлер, сарапшылар, бақылаушылар
тарапынан еліміздің болашағы жөнінде
сынап-мінеген, өткір, тіпті кейде қисынсыз
пікірлер, ойлар, болжамдар аз болған жоқ.
Сондықтан, ең алдымен, біз мемлекетіміздің
тұрақты және тәуелсіз дамуының стратегиялық
бағдарламасын қабылдадық. Кейіннен, ойға
алған мұраттарымызды жүйелі түрде іске
асыра отырып, жылдан жылға алдымызға
жаңа мақсаттар қойып, қазір мақтан тұтуымызға
әбден болатын биік белестерге қол жеткіздік».
Сол жылы Президент еліміздің жетістіктеріне
баға берді: «Тәуелсіздік біздің рухымызды
көтеріп, келешекке деген сенімімізді
нығайтты. Ата-бабаларымыз салған сара
жолдың тарихи сабақтары бізге халықтың
бірлігі ел берекесі екендігін айқын көрсетті.
Ұлы Абай өсиет еткендей, «өркендеу жолындағы
адам баласының бірінші парызы – достарын
көбейту». Тағдыр жазуымен қазақ елімен
бауырласқан әртүрлі ұлттар мен діндер
өкілдірінің арасындағы бейбітшілік,
келісім пен достықты өркендеу есігін
айқара ашатын алтын кілт ретінде таңдай
отырып, біз өзіміздің жарқын болашағымызға
қарай нық қадам жасадық.
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әнұраны
сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
әні: Шәмші Қалдаяқовтыкі
Алтын күн
аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңкымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Болдым ғашық,туған дала,мен саған,
Алыс жүрсем,арманым сен аңсаған.
Жақын жүрсем, мен төріңде рахаттың,
Өз Отаным-өзім туған босағам.
-деп
қазағымның қамқоршысы, қайсар ұлы
Қасым Аманжолов жырлағандай,
иә, шынымен де,сенің туған жерің
құмды жер,құрғақ дала,биік
Ұшқан құстың шаршайтын қанаты
Кең-байтақ қазағымның жерінде.
Жортқан аңның талатын тұяғы
Мен туған қасиетті мекенде.
-деп
өзім жырлағанымдай, иә,менің
елім ,жерім дәл осындай ұлан-ғайыр,
Жалпы, қазақ жұрты бастан не
кешпеді ?! Қаһарлы,шерлі,азуын айқара
ашқан аяусыз жылдардың,
Алдымызда өзге күндерге
Біз небәрі 20 жастағы жас мемлекет болсақтағы осы 20 жыл ішінде Азияның жолбарыстары,Еуроодақ елдері, әлемнің дамыған азулы, алпауыт елдері тамсанып,қызыға қарайтындай бірәз игі,ізгі істер атқардық.Әрине, әлемге Қазақстанды бейбітшілікті сүйетін ел ретінде танытқан,елімде Тәуелсіздіктің туын желбіреткен ел бастаған,ел қостаған,ел қалаған елбасы Н.Ә.Назарбаевтың арқасында мұндай ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жеттік. Олардың қатарына Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрешілік етуіміз, Ислам конференциясы Ұйымын басқаруымыз,Шанхай Ынтымақтастық Ұйымында көрсетіп жатқан белсенділігіміз, Алматы мен Астана қалаларымызда өткен 7 Қысқы Азия ойындарының бізде өтіп, біздің жерлестеріміздің жеткен айтулы жетістіктері.Мұның бәрі-бәрі бір күндік еңбектің емес,айлап, жылдап тер төккеннің, талмай, тыңбай ,тек алға қарағанның ғана жемісі деп білемін.
Ал
мен өз кезегімде, «Мен не істесем
де, келешегі кемел ,көркем Қазақстан
үшін істеймін!» деп сөзімді