ТТліміздің мәртебесі биіктей түсуде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2012 в 21:05, реферат

Описание

Қай кезде болмасын, ана тілі – халықтың баяғысы мен бүгінгісін, болашағын танытатын мәңгілік мәселе.
Тіл саясаты бүгінгі таңда мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналып, тіл тағ¬дыры – ел тағдыры екенін барша қазақстандықтар түсіністікпен қабылдауда. Бұған дәлел ретінде жыл сайынғы дәстүрлі Тіл фестивалін айтуға болады. Биылғы жылы аталмыш шара тоғызыншы рет өткізілді. Мәдениет және ақпарат министрлігі биылғы 2007 жылды өз саласында “Мемлекеттік тіл жылы” деп жария еткен. Осыған байланысты да көптеген арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілгенін айтуымыз қажет.

Работа состоит из  1 файл

ТІЛІМІЗДІҢ МӘРТЕБЕСІ БИІКТЕЙ ТҮСУДЕ.doc

— 40.50 Кб (Скачать документ)

ТІЛІМІЗДІҢ МӘРТЕБЕСІ БИІКТЕЙ  ТҮСУДЕ

 

Қай кезде болмасын, ана тілі –  халықтың баяғысы мен бүгінгісін, болашағын танытатын мәңгілік мәселе.  
 
Тіл саясаты бүгінгі таңда мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналып, тіл тағдыры – ел тағдыры екенін барша қазақстандықтар түсіністікпен қабылдауда. Бұған дәлел ретінде жыл сайынғы дәстүрлі Тіл фестивалін айтуға болады. Биылғы жылы аталмыш шара тоғызыншы рет өткізілді. Мәдениет және ақпарат министрлігі биылғы 2007 жылды өз саласында “Мемлекеттік тіл жылы” деп жария еткен. Осыған байланысты да көптеген арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілгенін айтуымыз қажет. 
 
Қазақстан халқы тілдерінің республикалық фестивалін өткізу мәселесі алғаш рет 1998 жылы көтерілді. Мұның негізгі мақсаты – Елбасымыздың “Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы” және “Қазақстанды мекендейтін әр түрлі ұлт өкілдерінің тіліне құрмет көрсету, олардың ана тілінде білім алып, мәдениетін дамытуына жағдай жасау – мемлекетіміздің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі” деген сөздерін жүзеге асырумен байланысты болды.  
 
1999 жылы апталық болып “тұсауы кесілген” фестиваль бүгінгі таңда республикалық деңгейде бір ай бойы жүргізілетін дәстүрлі шараға айналды.  
 
Биылғы фестиваль “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Заңның 10 жылдығына арналған “дөңгелек үстелмен” ашылды. Бұл басқосуға Парламент Мәжілісінің депутаттары, Конституциялық Кеңестің мүшелері, белгілі қоғам қайраткерлері, ғалым-тілші, заңгерлер, аймақтық тілдерді дамыту басқарма басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 1997 жылғы 11 шілдеде бекітілген осы заң 10 жылдан бері мемлекеттік тіл саясатының негізгі құқықтық құжаты, алғышарты ретінде өз қызметін атқарып, тәуелсіз тарихымыздың қалыптасу кезеңінде еліміздің бірлігін, қоғамдық келісімді сақтап қалудың негізі болғаны анық. Бұл заңды Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның (ЕҚЫҰ) 2006 жылғы 12 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының жүргізіп отырған тіл саясаты ТМД елдері аумағындағы ең салиқалы саясат” деп мойындауының астарында біздің салиқалы саясатымыздың жеңісі жатыр.  
 
Дегенмен, заман ағымына сәйкес тіл құрылысына деген көзқарас та, талап та өзгерді. Бүгінгі таңда қоғам “Мемлекеттік тіл туралы” арнайы заңның қажеттілігін алға тартып отыр. Сондықтан Тіл туралы Заңның 10 жылдығына арналған мәжіліске қатысушылар жаңа “Мемлекеттік тіл туралы” заң жобасымен танысып, талқылады. Халық қалаулысы Бекболат Тілеухан “Мемлекеттік тіл туралы” жаңа заң ұлттық саясатты қалыптастырушы негізгі құжат болуы қажет” деген ой айтты.  
 
Ұлттық саясат, ұлттық идеология туралы айтар болсақ, ұлы ойшылымыз Абайды айтпай кетуге болмайды. Абай шығармашылығын насихаттау арқылы өзге ұлт жастарының қазақ тілі мен әдебиетіне деген ынтасын жандандыру, қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру, отансүйгіштік сезімді арттыру мақсатында Тіл комитеті фестиваль аясында республикалық “Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ...” атты Абай оқулары байқауын екінші рет өткізді. Бұл тұрғыда Президент Н. Назарбаевтың “Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз, Абай әрқашан ұлттық ұранымыз болуға тиіс” деген сөзі еске түседі. 
 
Абай оқуында облыстық байқаулардың жүлдегерлері орыс, украин, чешен, әзірбайжан, дүнген, өзбек ұлттарының ондаған жастары бірінен-бірі асқан шеберлікпен Абайдың қара сөздерін, өлеңдерін, әндерін мәні мен мағынасына, нақышына жеткізе орындады. Мәселен, Алматы облысынан келген дүнген ұлтының өкілі Мұрат Дулазов, Маңғыстаудан келген әзірбайжан қызы Шамиля Исмаилова, оңтүстікқазақстандық өзбек жігіті Абдурасул Умаровтар Абай шығармаларын қазақ тілімен бірге өз ана тілдерінде де оқыды. Бұл байқауды ұлттық философияны, ұлттық идеологияны дәріптеуші, насихаттаушы шара деп айтуға болады.  
 
Өзге ұлт жастарының мемлекеттік тілге деген ынтасы жыл сайын арта түскенін айтуымызға болады. Мемлекеттік қызметтегі өзге ұлт жастарының арасында мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, оны оқып-үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, қазақ халқының тілі мен салт-дәстүрін білу деңгейін байқау мақсатында “Мемлекеттік тіл – менің тілім” атты республикалық байқауы фестиваль аясында тұрақты өтетін шаралардың біріне айналған.  
 
Сондай-ақ, орыс қауымдастығымен өзара түсіністік пен әріптестік туралы Меморандумға сәйкес қазақ тілін меңгерген орыс жастарының арасындағы қазақ тіл білгірлерін іріктеу мақсатында “Тіл – халық жанын танудың кілті” атты республикалық байқау өткіздік. Байқаудың үшінші кезеңінде үміткерлер қазақ әдебиеті классиктерінің, прозалық және поэзиялық шығармалардың үзінділерін мәнерлеп оқыды. Байқау жеңімпаздары ақшалай және лауреат дипломдарымен марапатталды. 
 
Мемлекеттік мекемелердің қазақ тілінде құжат жүргізуі аудармашылардың арқасында атқарылып келе жатқанын білеміз. Сондықтан жыл сайын “Үздік аудармашы” республикалық байқауы да өткізіледі. Бұған қатысушылар “Ресми құжаттарды аудару”, “Көркем аударма”, “Жаңа терминдер әлемі”, “Ілеспе аударма” сынды кезеңдерден өтеді. Қазылар алқасы биылғы үміткерлердің тілдік қорына, аударма сапасына, тіл мәдениетіне, Мемтерминком бекіткен терминдерді білу деңгейіне, ілеспе аударма жасаудағы ойдың тұтастығына, жүйелілігіне ерекше назар аударды. Мұндай шаралар республикамыздың барлық аумақтарында жыл сайын ұйымдастырылады.  
 
Мемлекеттік тілді іс құжаттарына енгізу тікелей тілімізді оқытуға байланысты десек, мемлекеттік қызметшілерді оқыту мәселесі бүгінгі таңда жүйелі арнаға түсті. Республиканың барлық аймақтарында Тіл оқыту орталықтары құрылып, заман талабына сай оқыту процесінің инфрақұрылымын жаңарту мәселесі қолға алынды. Сондай-ақ мемлекеттік тілді үйрету негізін бірыңғай жүйеге келтіру мақсатында мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді оқытудың тұжырымдамасы, стандарты, типтік бағдарламасы әзірленді. Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді жеделдете оқытуға арналған үш деңгейлік “Жаңа толқын” оқу-әдістемелік кешені шығарылды. 
 
Дегенмен, мемлекеттік қызметшілерді оқыту үрдісі білім саласы үшін жаңа арна. Сондықтан Комитет осы бағытқа арналған оқу-әдістемелік базаны қалыптастыру жұмысын тұрақты бақылауда ұстайды.  
 
Биылғы жылы алғаш рет “Кәсіби деңгейде мемлекеттік тілді оқытудың жаңа, жетілдірілген әдістемелерін әзірлеуді жүзеге асыратын авторларды ынталандыру” республикалық байқауы да өткізілді. Байқауға “Басқару саласы органдары”, “Құқық қорғау органдары”, “Қызмет көрсету салалары” номинациялары бойынша мемлекеттік тілді оқыту әдістемелерін әзірлеген авторлар қатысып, жеңімпаз әдіскерлерге қомақты ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Бұл шара алдағы уақытта өз жалғасын табады.


Информация о работе ТТліміздің мәртебесі биіктей түсуде