Туған жерім-байтақ жерім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 16:31, сочинение

Описание

Туған жерден жырақта, Балқаш көлін жағалай қоныстанған елде, жұмақты мекенде тұрсам да, кiндiк қаным тамған Тараз жерi есiмнен бiр сәт шықпай, аңсарым ауады да тұрады...
Мен небәрі екі жасқа толғанда, ата-анам өмірдің ағысымен, Көкше көлдің жағасына орын тепкен, ірі кәсіпорны, жетпіс мыңнан аса халқы бар қалаға көшіп келіп қоныстаныпты. Осы жерде мен бала бақшаға бардым, мектеп табалдырығын аттадым.

Работа состоит из  1 файл

Туған жерім, байтақ елім2.docx

— 17.80 Кб (Скачать документ)

                                        Туған жерім-байтақ жерім

(Эссе)

 

      Туған жерден жырақта, Балқаш көлін жағалай қоныстанған елде, жұмақты мекенде тұрсам да, кiндiк қаным тамған Тараз жерi есiмнен бiр сәт шықпай, аңсарым ауады да тұрады...

Мен небәрі екі жасқа толғанда, ата-анам өмірдің ағысымен, Көкше көлдің жағасына орын тепкен, ірі кәсіпорны, жетпіс мыңнан аса халқы бар қалаға көшіп келіп қоныстаныпты. Осы жерде мен бала бақшаға бардым, мектеп табалдырығын аттадым. Достарымның барлығы дерлік осы жерде. Ата-анам осы елге сіңісіп, еңбек етті, перзент сүйіп, қызыққа бөленді, өздеріне көп дос-жарандар тапты. Содан болар, қысы жұмсақ, жазы жайлы, айдын шалқар көлі жарқыраған осы бір кішкене қаланың әр тасы  маған өте ыстық. Сондықтан Балқашты мен туған қалам десем болмай ма?

Қазақ халқының ұғымында туған  жерден қасиетті еш нәрсе жоқ. Кез-келген адам баласы ешқашан кіндік қаны тамған жерін ұмытпақ емес. Қайда жүрсе  де, жүрегі «туған жер» деп соғары сөзсіз.  Мұқағали ақынша айтсақ, «туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық» болса керек. Қандай заман болмасын адам баласы, өзінің шыққан жерін, туған елін естен шығармай, оның қадір-қасиетін түсіне білуі тиіс. Соны жақсы түсінгендіктен болар, мені және бауырларымды әкем жыл сайын оқудан бос кезде елге аттандырады. Ол жақта бізді сағына  күтіп отыратын атам мен әжем бар. Біз асыға жеткен елде мейірімі мол, береке-бірлігі жарасқан, өте қонақжай халық бар. Басқаша болуы мүмкін де емес. Өйткені  ол - атадан балаға мирас болған құт мекен, 2000 жылдық тарихы бар, қасиетті Тараз жері. Дәлірек айтсам, Байзақ ауданы Амангелді елді мекені. Ол жер біздің әулеттің арғы ата-бабалары қоныстанған құтты қоныс  болса керек. Бірақ біз өзімізді тараздықтар дейміз, соны мақтан тұтамыз.

Кеңес дәуірі кезiнде тарихи атаулар жөн-жоқсыз өзгертiлiп, орысша немесе жеке адам аттарына берілгені белгiлi. Елiмiз тәуелсiздiк алғаннан кейін әділеттілік орнап, жер мен судың ежелгі аттары, бұрынғы тарихи көне атауларына қайтарыла бастады. Соның айғағындай, Жамбыл қаласының бұрынғы тарихи көне атауы қайтарылып, “Тараз” болып өзгертiлдi. Тараз талай-талай тарихи тұлғалар мен атақты адамдар, дана дарабоздар мен таланттар шыққан жер. Ол менің кішкентай Отаным. Отан ошақ басынан басталады десек, жүрегім «Балқаш» деп соққанымен, атам атын суарған,  әжем кірін жуған, ата-анам от түтетіп, шаңырақ көтерген, бала сүйіп, ұрпақ өрбіткен, бүгінде  ошақтың оты өшпей отырған жер мен үшін жалыннан да ыстық Отан болып қала бермек.

Қазiр адамдар тiрлiктiң қамымен, балаларының болашағы үшін оқу-білім іздеп, мектебі бар жерлерге қоныстанды. Сол үшін де туған жерінен шалғайға кетуге мәжбүр болды. Сөйтсе де, олардың  қай-қайсысы болмасын, “туған жерiм не болды екен?” деп, алаңдап, ата-баба мекенiн аңсап, сағынумен жүргені өтірік емес. Дәм бұйырып жатса, жүрегiн қолына ұстап, туған жеріне алып-ұшып жетері сөзсіз...

Өйткені, олар  кең даланың ауасын, сарқыраған суларын сағынады. Қыс өте, жайдары көктеммен келген жұпар ауасын, бусанған жер иiсiн, көгалын сағынады. Асық атып, балық аулаған, топырағына аунап, күн көзіне қақталған, асыр салып ойнаған, бірге жүрген достарын сағынады. Жалпы, туған жерге деген адам баласының сағынышы шексiз, атамекенін аңсамайтын адам бұл өмiрде жоқ шығар! Аңсамаса, сағынбаса «Туған жерім-байтақ елім» демес еді, әнге салып, жырға қоспас еді.

Сенен артық қасиет жоқ-ты, жер, тегi,

Сен ұрпақтың күлiп атар ертеңi,

Тағдырыңды тапсыр маған, туған жер,

Көркейтуге мiндеттiмiн мен сенi – деп белгілі ақын Әбу Сәрсенбаев жырлағандай мен де туған жерімді көркейтуге өз үлесімді қоссам деймін...

Айтолқын Әлмаханбет,

№15 қазақ орта мектебінің 10-сынып оқушысы,

Балқаш қаласы.


Информация о работе Туған жерім-байтақ жерім