Бет күтіміне арналған маскалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 13:41, доклад

Описание

Косметикалық маскалардың пайда болу тарихы косметиканың дамуымен тікелей байланысты. Теріге арналған маскалармен атақты мысыр ханшасы Клеопатра да пайдаланды - тап оның атына бал - сүт маскалары және құрамына саз, балдар, лимонның шырыны және қаймак кіретін ағартқыш маскаларды жатқызады.

Содержание

Тері күтіміне арналған маскалардың пайда болу тарихы
Маскалардың түрлері
Бет терісінің типін анықтау
Маска жасауға дайындық
Әр түрлі бет терісіне арналған маска рецептері

Работа состоит из  1 файл

Бет күтіміне арналған маскалар.ppt

— 923.50 Кб (Скачать документ)

Бет  күтіміне арналған  маскалар

Жоспар: 

  • Тері  күтіміне арналған  маскалардың пайда  болу тарихы
  • Маскалардың түрлері
  • Бет терісінің типін анықтау
  • Маска жасауға дайындық
  • Әр түрлі бет терісіне арналған маска рецептері

 
Тері  күтіміне арналған  маскалардың пайда  болу тарихы 
 

  • Косметикалық  маскалардың пайда болу тарихы  косметиканың дамуымен тікелей  байланысты. Теріге арналған маскалармен  атақты мысыр ханшасы Клеопатра  да пайдаланды - тап оның атына  бал - сүт маскалары және құрамына  саз, балдар, лимонның шырыны және  қаймак кіретін ағартқыш маскаларды  жатқызады.
  • Маскалардың  әр түрлі рецептері әлемнің  бұрыш - бұрышында болды, компоненттердің  айырмашылығына қарамастан,олардың  барлығының негізгі эффектері  тері түсін жақсарту және ағарту  еді.Бұл әбден түсінікті жәйт, өйткені оңай табылатын компоненттер  қолданылған.Англияда негіз ретінде  қара шайдын тұндырмасын, Болгарияда  көкөніс шырынын және тәтті  бұрыш ботқасын, ал Испанияда  косметикалық мақсатта бұршақты  қолданған.  Рецепттер жылдар  бойы қосымша компоненттермен  толықтырылып өзгерді.

 
Маскалардын  түрлері: 
 
 
 

Тері  типіне байланысты: 
 

  • Қалыпты  теріге 
  • Құрғақ теріге
  • Майлы теріге
  • Комбинирленген теріге
 
 
 

Қолданылу  мақсатына байланысты: 
 

  • Нәрлендіргіш
  • Ылғалдатқыш
  • Тазалағыш
  • Ағартқыш
  • Жасартатын
 
 

Масканың қандай  болмасын айқын классификациясының  жоқтығынан оларды бiрнеше белгiлер  бойынша бөлуге болады.

Бет  терісінің типін  анықтау 

  • Бет терісі  түріне қарай құрғақ, майлы, біріктірілген (комбинированный) және қалыпты болуы  мүмкін деп айтып өттік. Оны  анықтау үшін бетті тазартқыш  құралдардың көмегімен тазалап, 3 сағаттан кейін қағаз майлықтың  бірін мағдайға, тағы бірін бетке 15 секунд қойып тексеріп көруге  болады. Майлықтарды салыстыру барысында  екі майлықта да май дағы  байқалса, терінің түрі қалыпты  саналады. Майлықтың кез келгенінде  май дақтары әзер байқалса, онда  тері құрғақ болғаны. Немесе екі  майлыққа да көп мөлшерде сіңген  болса, ол майлы тері болып  табылады. Егер қағаз майлықтың  біріндегі май дағы екіншісінен  көбірек болса, тері түрі біріктірілген  болып табылады. Ендеше бетке  косметика өнімдерін немесе маскаларды  терінің ерекшелігіне сәйкес  қолдану қажеттігі айтпаса да  түсінікті.

Маска  жасауға дайындық 

  • Жаз шыға  әр түрлі жеміс-жидек пісіп, олардан  бетке жағатын маска жасауға  болатынын әрбір қыз-келіншек  жақсы біледі. Бірақ мұны жақсылап  жасамаса, тиімділігі онша болмайды. Алдымен теріңізді маска жағуға  дайындап алуыңыз керек. Ол үшін  косметикалық сүтпен бетіңіз  бен желкеңізді, мойыныңызды тазалап  алу керек болады. Егер теріңіз  құрғақ немесе аса сезімтал  болса, онда кез-келген майлы кремді  жұқа етіп жағасыз. Егер сіздің  теріңіз майлы болса, онда крем  жағудың қажеті жоқ.

Майлы  теріге арналғандары: 

  • Белок  маскасы. Бір жұ-мыртқаны жарады, оған бірнеше тамшы лимон қышқылын  қосады, алынған қоспаны бетке  жағады, құрғағаннан кейін сумен  бетті жуады.
 
  •  Календула маскасы. Мақ- таны жұқалап алып, кален-дуланың тұнбасына батырып алады (календуланың 1 ас қасығына жарты стақан су керек), сосын оны бетке басып, 20 минут ұстайды да, бет терісі тітіркенбесе, масканы жумай-ақ, бетті мақтамен сүртеді, үстіне опа себуге рұқсат.
 
  •  Ашытқы маскасы. Та-ғамдық ашытқының кішкене бөлігін (15-20 г) сутегі тотығының 3 пайызды ерітіндісіне, айранға, немесе суға қою қаймақ тәріздендіріп езеді де, алынған қоспаны қалың етіп бетке жағып тастайды. Масканы қолдану уақыты біткен соң жылы сумен жуады.

Құрғақ  теріге арналғандары: 

  • Жұмыртқа  маскасы. Жұ-мыртқаның сары уызын, 1 шай қасық балды, 1 шай қасық  қаймақты немесе өсімдік майын  қосып араластыру қажет. Сосын  алынған қоспаны бет- ке жағып 15-20 минут ұстай-ды, кейін жылы  сумен жуып кетіреді.
 
  •  Ақ ірімшік маскасы. 2 ас қасық ірімшікке 1 ас қасық сүтті, 1 шай қасық балды қосады. Әбден араластырып, қоспаны бетке жағып, 20-30 минут ұстайды. Сосын жылы суға малынған домалақталған мақтамен сүртеді. Ыстық май маскасы. Жұқалап алған мақтаны жы-лытылған өсімдік майына ба- тырып алып, бет терісіне басады, қабақ пен ауыз айналасына мұндай мақтаны қоймайды. Бұл мақтаның үстінен компресс қағазын салады, сыртынан бірнеше қабат түкті орамалмен жабады. 20-30 ми-нуттан соң масканы жылы сумен жуып тастайды, бетке опа жағып, күтінеді.

Қалыпты  теріге арналған  маскалар 

  • 1 ас  қасық сұлы немесе жүгері ұнын  1 жұмыртқаның ағымен көбік  тәрізді масса түзілгенше жақсылап  араластырады. Бет терісіне жағып,  құрғағанша қалдырамыз. Масканы  ылғалды тампонмен сүртіп тазалаймыз.  Содан кейін алдымен жылы сумен,  сосын салқын сумен жуамыз.  Мұндай маска бет терісін жақсы  тазалайды және жұмсартады. 
  • 1 ас қасық сүзбені 1 шай қасық өсімдік майымен және 1 ас қасық сүтпен жақсылап араластырып, бет терісінде 15-20 минут ұстайды. Сосын бетті жылы әлсіз шаймен шайып жуады.
  • 1 жұмыртқаның ағын алып, 1ас қасық бидай ұнымен және 1 шай қасық балмен араластырады. Алынған массаны бетке жағып, 10 минуттан кейін ылғалды тампонмен сүртіп тастайды.

Комбинирленген  теріге рналған  маскалар: 

  • Асқабақты  дәндерінен және қабығынан тазалап, ұсақтап турап әлсіз отта 15 минут  қайнатады. Сосын 1 ас қасық крахмал  мен 2 шай қасық зәйтүн майын  қосып, жақсылап араластырып, бетте 15-20 минут ұстайды. Жылы сумен  жуады.
  • 1 жұмыртқаның ағы мен 2 шай қасық жарма ұнтағын араластырып, бетке жағады. 15 минуттан кейін салқын сумен жуып тастайды. Мұндай маска комбинирленген теріні жақсы тазартады.

Кез-келген  бетке лайықтылары: 

  • Шөп маскасы. Бұл масканы кез-келген бет  терісіне пайдалануға болады. Шөп  маскасы былай жасалады: жалбыз, аскөк, шалфей, түймедақ, жөке гүлі  тәрізді хош иісті шөптердің  әрқайсынан 1 шай қасық көлемінде  алады, араластырады. Ол ботқа тәрізді  болғанша үстіне ыстық су құйып, алынған қоспаны бетке жағады, сыртынан дәкеден жасалған дымқыл  салфетка жауып, 20-30 минут ұстайды, кейін сумен шайып, жуады.
 
  •  Жеміс-жидек, көкөніс маскалары
  • Жеміс-жидектің, көкөністің құрамында теріге қажетті дәрумендер көп. Сондықтан да одан жасалған маска бет терісіне өте пайдалы. Бұл маскалар теріні нәрлендіріп, тазартады.
 
  •  Қияр маскасы
  • Қияр беттің терісін сауық-тырады, тегістейді, кеңейіп кеткен бет терісінің тесікте-рін кішірейтеді. Теріні ағарта-ды. Шаршаған, солғын, безеу көп шығып, жарақаттанған беттерге қолданса пайдалы.
  • Маска  жасауды бір күн ғана қолданып  қоя салмай, он-он бес рет жасасаңыз, бетіңіз, теріңіз әдемі бола түспек. Косметологтар осылай жасауға  кеңес береді: Масканы 20-30 минут ұстасаңыз, сол да жарайды. Соны жаққан  сәтте тынығып, музыка тыңдап, бақытты  сәттеріңізді есіңізге түсіріп, жақсы сезім- де болыңыз. Бұл сізге  қуа-нышты минуттарыңызды со- за  түсіп, көңілдендіре, жаны-ңызды рахатқа  батыра түсетін болады.
  • Теріңіздің қандай екенін ескеруді ұмытпаңыз.

Информация о работе Бет күтіміне арналған маскалар