Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 01:33, курсовая работа
Азаматтық құқықтар және міндеттер АК-тің 7-бабында көрсетіл-гендей, заңдарда көзделген негіздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекет-тер азаматтық заңдарда көрсетілгенімен, олардың жалпы негіздері мен мәніне байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады. Осы азаматтық құқық заңдары АК-тен, ҚР оған қабылданған өзге де заңдарынан,ҚР Президентінің заң күші бар Жарлықтарынан, Парламенттің қаулыларынан, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан,сондай-ақ АК 1-бабының 1,2-тармақтарында аталған қатынастарды реттейтін ҚР Президентінің Жарлықтарынан, ҚР Үкіметінің қаулыларынан тұрады.
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Азаматтық құқықтың түсінігі және жүйесі
2. Азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұны
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспары
Кіріспе
Қазақстан Республикасында біртұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінеді. Солардың бірі-азаматтық құқық. Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі. Бұл сала адамдар арасындағы мүлікке қатысты қатынастарды реттеу жағынан қарастырады, яғни жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік-аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс-әрекеттерімен тығыз байланыста. Жалпылай алғанда,азаматтық құқық дегеніміз – бір-бірімен мүліктік оқшауланған субъектілер арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.
Азаматтық құқықтар және міндеттер
АК-тің 7-бабында көрсетіл-гендей, заңдарда
көзделген негіздерден, сондай-ақ азаматтар
мен заңды тұлғалардың
Азаматтық құқықты жүзеге асыру да бірнеше шарт пен талаптарды құрайды. Егер онда көзделген талаптарды орындамаған жағдайда сот ол адамның тиісті құқығын қорғаудан бас тарта алады. Нақты АК-тің 8-бабында көрсетілгендей, азаматтар мен заңды тұлғалар өз-деріне берілген азаматтық құқықтарды өз қалауынша пайдаланады; азаматтық құқықты жүзеге асыру кезінде адал,парасатты және әділ әрекет жасауы, кәсіпкерлер іскерлі әдептілік ережелерін сақтауға тиіс; құқықты басқа түрлерде қиянат жасап пайдалануға болмайтын және т.б. сияқты шаттарды орындауы тиіс.
Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.
Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтық құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтық кодекс екінші Конституцияға теңес-тірілген.
Азаматттық құқытың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол —мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз — мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.
Бірінші топтағы мүліктік
қатынастармен тығыз байланысты
мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей
мүліктік сипаты мен ақшалай құны
болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық
меншікпен байланысы бар
Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады.
Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын — мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Адам денсаулығына көлік
арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа
келтірілген зиянның нақты
Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады.
Реттеудің азаматтық-құқықтық
әдісі заңды тараптардың
Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі жене бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі.
Азаматтық құқық Қазақстан
Республикасындағы құқықтық-
Қазақстан Республикасы азаматтық құқық жүйесі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады.
Азаматтық құқық ғылымы
Азаматтық құқық нормаларының
талаптарына сәйкес туындайтын
және бұл нормаларға тәуелді
болатын жақтар арасындағы
Әрбір құқық қатынастарында
Құқық қатынастарына
Сол қатынаста құқықтар мен
міндеттер не нәрсеге
Азаматтық құқық нормалары
Кейбір заңдылық фактілер осы
фактілер нәтижесінде туатын
құыққ қатынастарына қатысушы
тұлғалардыңөздерінің қалауы
Заңдылық салдар, яғни белгілі
бір құқық қатынастарын
Көп жағдайларда құқықтар мен
міндеттер құқық тәртібінде
Мәмілелермен қатар, тікелей
Кейбір әрекеттер құыққ тәртібінде тыйым салынғандықтан ғана , яғни заңсыз болғандықтан құқық қатынастарын тудырады. Мысалы:, АК-тің 917-бабында былай делінген: басқа біреудің жеке басына не мүлкіне немесе заңды тұлғаға зиян келтіруші сол зиянды толық өтеуге міндетті. Зиян келтіру болып табылатын болғандықтан, яғни зиян келтірушіні азаматтық жауапқы тарту салдарын тудыратын заңсыз әрекет болғандықтан зиянды өтеу міндеті зиян келтірушінің еркінен тыс ретте болады.
Азаматтық құқықты қолдануды жеңілдету үшін оны жалпы және ерекше бөлімдерге бөледі. Азаматтың құқықтың жалпы бөліміне жалпы ережелерді реттейтін нормалар жатады. Олар: келісімшарт, меншік құқығы және міндеттемелік құқығы. Ерекше бөлімді, негізінен, нақты қатынастарды реттейтін нормалар құрайды. Олар — айырбас, жалға алу, сатып алу- сату, интеллектуалдық меншік, авторлың құқық және өсиетнама.
Aзаматтың құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция меншіктің түрлі нысандарын қалыптастыру үшін меншікке байланысты қатынастарды, оның ішінде мүліктік қатынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі қатынастарды реттеу негізінде енгізілген.
6-бапта: «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктеиді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс,
Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықырын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау келілдіктері заңмен белгіленеді. Жep мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады.Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде және жеке меншікте де болуы мүмкін» деп жария етілген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтық құқықтың негіздері жүйесіндегі ерекше орынға ие. Бұл заңда азаматтың-құқықтық қатынастардың негіздері, азаматтық құқықтың негізгі институттары т.б. жағдайлар нақты баяндалған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал Ерекше бөлімі 1999 жылы 1 шілдеде заңдық күшіне енді. Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады.
Азаматтық құқық – жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік бөлшектерінің кұнделікті өмірімен, іс – әрекеттерімен ажырамас байланыстығы Қазақстан Республикасының құқығының бір саласы. Тауар – ақша, қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік, мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық құқықтық пәні болып табылады. Жеке мүліктік емес қатынастардың мәніне жаппайтындықтан, әр басқа заңнамаларда қаралмағандықтан, мүліктен тыс жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық заңнамалармен реттеледі.
Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қаныстардың негізгі түрлерінің біріне, құқықтық нормалардың ықпалына ұшырайтын мүліктік қаныстар жатады. Материалды игіліктермен байланысты қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мүліктік қатынастар мүлікке деген меншіктік қатынастардың негізінде туындайтындықтан, азаматтық заңнамалардың іс – әрекетіне бағынады. Осы тұрғыдан, мүліктік қатынастар дегеніміз мүлікті алу, иемдену, не басқа субъектілерге беру барысындағы қатынастар. Бұл қатынастар нарықтық қатынастар барысында, айырбас, сату немесе тауар-ақша қатынастарына айналады. Сондықтан нарық жағдайында тауар-ақша қатынастары азаматтық құқықтық реттеудің негізгі объектісі болады.
Азаматтық құқық тек қана
мүліктік емес, сонымен бірге жеке
мүліктік емес қатынастарды да реттейді.
Қазақстан Республикасының
Мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарға авторлық, өнертапқыштық сияқты қатынастар жатады. Мысалы, бір ұйымның екінші бір заңды тұлғаның тауарлы белгісін пайдалануы, соңғысына зиян шектіруі, атына кір келтіруі мүмкін.
Мүліктен тыс, мүліктік емес қатынастар, мүліктік қатынастар сияқты емес, басқа фактілердің, басқа субъектілердің арасында пайда болады. Олар мүліктік мазмұны болмайтын, ақшалай бағалауға келмейтін, жеке және заңды тұлғалардан айырмайтын игіліктерге байланысты туындайды.