Қылмыc саралау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 19:00, дипломная работа

Описание

Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі. Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3
1Тарау Қылмысты саралаудың түсінігі және қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы.
Қылмысты саралаудың түсінігі........................................................8
Қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңи негіздемесі............17
Тарау ІІ. Қылмыс құрамының жекелеген элементтері бойынша қылмысты саралау.
Қылмыс объектісінің түсінігі және оның қылмысты саралаудағы рөлі.......................................................................................................30
Қылмыстың объективтік жағының түсінгі және қылмысты саралау.................................................................................................37
Қылмыс субъектісі, арнайы субъектісі бар қылмысты саралау.....44
Кінә нысандарының және қылмыстың субьективтік жағының өзге белгілерінің қылмысты саралауға ықпалы.......................................54
Тарау ІІІ. Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмысты-құқылық нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралау.
Қылмысқа қатысушылық түсінігі....................................................62
Нормалар бәсекелестігі ұғымы және қылмысты саралау.............70
Қортынды.............................................................................................................74
Сілтемелер............................................................................................................76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................78

Работа состоит из  1 файл

Қылмыc саралау.docx

— 103.76 Кб (Скачать документ)

        Өкінішке  орай, көп жағдайда анықтама және  алдын-ала тергеу органдарында  айта қаларлықтай жиі кездесетін  қылмысты дұрыс сараламау оқиғалары  белгілі болмай қалады, саралаудағы  қателіктерге істі сотта қарауда  да жол беріледі. Соның нәтижесінде  анықтама және алдын ала тергеу  органдарымен қылмыстың дұрыс  сараланбауы сотта да қайталанып  әділсотты емес үкімдердің шығуына  жол беріледі. Кей реттерде қылмысты  дұрыс сараламау оқиғаларының  кінәсіз адамды қылмыстық жауапкершілікке  тарту деп атауға болады.

        Қылмысты  дұрыс сараламаудың осындай оқиғалары  барлық қылмыстық істер бойынша  үкімдерге шағым немесе наразылықтар  келтірілмеуіне байланысты жоғарғы  сот сатыларында да әрқашан  анықтала бермейді. Сондықтан үкімдердің  басым бөлігі жоғарғы сот сатыларында  тексеруден өтпестен күшіне енгізіледі  және орындалады.

        Қазақстан  Республикасының жаңа ҚІЖК-де  қылмыстық заңды дұрыс қолданбауға  байланысты қылмыстық іс қайта  тергеуге жіберілетін, сот үкімі  өзгерілетін немесе күшін жоятын  нормалар қарастырылған. Олардың  қатарына ҚІЖК-нің 303, 376, 416, 432, 436, 459 баптарын жатқызуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       

 

       I-2. Қылмыс құрамы қылмысты саралаудың  заңи негіздемесі 

    

         Қылмыстық құық теориясында қылмыстық  заңды дұрыс қолдану үшін өте  маңызды және әмбебап қылмыс  құрамы туралы ілім бар. Бұл  ілім тек заң ғылымдарының  жетістігі негізінде ғана пайда  болған жоқ. Онда философияның  ұғымдары (объекті, себепті байланыс  мәселелері). Медицина ұғымдары (есі  дұрыс еместік ұғымын анықтаумен  байланысты мәселелер) психологиялық  ұғымдар (қылмыстық жауаптылық  басталатын ең төменгі жас  мөлшерін анықтау кінә, пиғыл  ұғымдары) пайдаланылады. Аталған  ілімнің әмбебаптағы бұл ілімді  әртүрлі сипаттағы қылмыстық  заңдарға қолдануға болады. Қылмыстық  құқылық норма және жасалған  іс-әрекеттің оқиғалық мән-жайы  қылмысты саралау процессінде  біріктірілетін құбылыстардың екі  өрісі болып табылады. Аталған  біріктіру осы құбылыстар үшін  ортақ болып табылатын белгілерді  табу жолымен жүзеге асырылады.  Саралау барысында қылмыстық-құқылық  норма тұтастай және жасалған  нақты қылмыстың белгілерінің  барлық жиынтығы толығынан пайдаланылмайды.  «Жасалған  іс-әрекетті саралау  үшін қажетті болып табылатын  белгілердің бөлшегі қылмыс құрамы  деген ұғыммен қамтылады»./14 /

Қылмыс құрамының атқаратын  қызметін дұрыс ұғыну үшін ең алдымен  оның белгілі бір қылмыс түрі үшін жауапкершілікті қарастыратын қылмыстық-құқылық  нормамен ара қатынасын айқындап алу қажет болады. Норма-бұл заң  бабының мәтінімен әрдайым сәйкес келе бермейтін жүріс-тұрыс ережесі болып табылады. Қылмыстың белгілі бір түрі үшін (мысалы, ұрлық үшін) жауаптылықты қарастыратын қылмыстық-құқылық норма тиісті іс-әрекетті жасауға тиым салуды ғана білдірмейді (норманың диспозициясы) және оны жасағаны үшін қолданылатын санкцияны және оны қолдану үшін шарттарды қарастырады (норманың гипотезасы).

Егер қылмыс құрамын; «қылмыстың қылмыстық заңда бекітілген белгілерін көрсететін қылмыс туралы заңнамалық ұғым-деп санайтын болсақ онда құрам  ұғымының көлемі бойынша да, мазмұны  бойынша да қылмыстық-құқылық норма  ұғымымен салыстырғанда тар көлемде  екендігіне көз жеткізуге болады.

       Біріншіден, норманың санкциясы құрам шеңберінің  сыртында қалады. Екіншіден, құрам  норманың диспозициясымен толық  сәйкестікте бола бермейді. Н.Д.  Дурмановтың айтуынша «қылмыстық  құқықтың нормасы жағымсыз іс-әрекеттерді  жасамау туралы нақты бұйрықты  білдіреді. Қылмыс құрамы болса  қылмыс белгілерін сипаттап жазудан  тұрады. Қылмыс құрамы өздігінен  бұйыруды білдірмейді./ 15/

      Қылмыс  құрамының және қылмыстық-құқылық  норманың гипотезасының арақатынасы  туралы мәселе онша айқын емес: бұл өз кезегінде қылмыстық  құқықтығы гипотезаның рөлі туралы  бірегей пікірдің болмауымен  түсіндіріледі. Егер қылмыстық-құқылық  нормада гипотеза мен диспозиция  бірігіп кетеді деп есептейтін  пікірді басшылыққа алатын болсақ  онда құрам түсінігі барынша  тар ұғым болып шығады. Себебі  оның қылмыстық жауаптылықтың  кейбір шарттарын қамтымайтындығы  айқын. Егерде біз гипотезаны  қылмыстық-құқылық норманың дербес  бөлшегі ретінде ажырататын болсақ  онда гипотезасыз құрам өзінің  мазмұны жағынан норманың диспозициясына  өте жақын келеді. Қылмыстық-құқылық  норманың элементі ретінде құрамға  заңшығарушымен тек өзінің жиынтығында  берілген түрдегі қылмыстың мәнісін  сипаттайтын оның болғандығын,  сипатын және жалпы түрдегі  оның қоғамдық қауіптілігін білдіретін  белгілердің ғана кірістірілетіндігі  туралы құқықтық әдебиеттерде  бірнеше рет көрсетілгген. /16/

Я. М. Брайнин бұл тұжырымды  кеңейте түскен. Ол «қылмыс құрамы рөлін тек іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілік сипатына ғана жатқызу оның маңызын төмендетеді»- деп дұрыс  айтқан./17/ Шындығында құрам белгілері  іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігін ғана емес тұлғаның кінәсін де сипаттайды. Осы тұрғыдан алғанда құрамды  «қоғамдық қауіпті іс-әрекетті қылмыстық  заңнамаға сәйкес қылмыс және қылмыстық  жазалануға жататын ретінде айқындайтын  белгілер жиынтығы»-деп бағалайтын анықтама барынша дұрысырақ сияқты./18/

      Әлдеқандай  қылмыс құрамын сипаттайтын белгілерге  бірдей шамада осы қылмыс туралы  түсінікте кіреді. «Ұрлық құрамы»  немесе «ұрлық түсінігі» дейтін  болсақ өзіміз қолданған сөздердің  айырмашылығына қарамастан тиісті  қылмысты сипаттайтын қылмыстық-құқылық  белгілерді білдіреміз. Ендеше бұл  құрам және белгілі бір түрдегі  қылмыс түсінігі арасында айырмашылқ  болмайды дегенді білдіреме? Жоқ  білдірмейді. Қылмыс құрамында  белгілер қылмыстың белгілі бір  элементтеріне телінген, олар топтастырылған  және айта қаларлықтай қатаң  кезектілікпен бекітіледі ал  қылмыс түсінігі үшін бұл міндетті  болып табылмайды. Басқаша айтқанда  қылмыстың құрамы және түсінігі  олардың ішкі құрылымы бойынша,  біртектес белгілердің тәртіпке  келтірілу дәрежесі бойынша ажыратылады.

Құрам қылмыс белгілерінің жиынтығы ғана емес, олардың қатаң  жүйесі болып табылады. Құрам қылмыс үшін сипатты болып табылатын  оны құрайтын элементтердің ішкі байланысын көрсетеді. «Барлық қылмыстардың бірегей ортақ құрылымын табу және осы негізде қылмыстың объектісін, субъектісін, объективтік және субъективтік жақтарын сипаттайтын белгілердің  негізгі төрт тобынан әрбір қылмыстың  құрамын құрастыру қылмыстық  құқық ғылымының үлкен жетістігі  болып табылады»./19/ Қылмыс құрамының  құрылымдық сипаты саралау үшін қағидалық  маңызға ие болады, себебі оның кейбір ортақ принциптерін саралауға мүмкіндік  береді.

Қылмыс құрамы тұлғаны  берілген қылмысты жасаған деп тану үшін қажетті және жеткілікті болатын  белгілердің жүйесі болып табылады. Олардың қажеттілігі мынада: құрамның барлық белгілерінің жиынтығынсыз тұлға  қылмыс жасаған деп айыптала алмайды  ендеше ол қылмыстық жауаптылыққа да тартыла алмайды. Олар жеткілікті болып  табылады себебі тиісті тұлғаға қылмыс жасағандығы туралы айып тағуға негіз  болуы үшін әлдеқандай қосымша мәліметтерді анықтаудың қажеттілігі болмайды. Құрамды  қылмыстың берілген түрінің қылмыстық  заңда бекітілген ақпараттық нұсқасы  деп айтуға болады. Бұл нұсқа өз кезегінде берілген түрдегі барлық қылмыстардың белгілерін қортындылау  негізінде құралады. Нәтижесінде  біз олардың негізгі ерекшеліктерінің үнемді, қысқа және жеткілікті түрдегі  айқын сипаттамасына ие боламыз. Ақпараттық нұсқа заңгердің практикалық  қызметінде екі жақты рөл атқарады. Біріншіден ол заңгерге заңның талаптары  туралы мағұлмат береді. Мысалы, біз  ҚР-сы ҚК-нің 175 бабында қарастырылған  ұрлық құрамы бұл қылмыстың мынадай  белгілерін біріктіреді деп айтамыз. Екінші жағынан бұл нұсқа бізге  жасалған нақты іс-әрекеттің өзіндік  белгілері туралы ақпарат береді. Бірінші және екінші топтағы ақпараттың біріктірілуі, сәйкестендірілуі қылмысты саралау барысында жүзеге асырылады.

         Құрамның екі жақты ақпараттық  қызметіне байланысты терминология  туралы мәселе туындайды. Құқықтық  әдебиеттерде кей реттерде қылмыстың  «заңдық» және «фактілік» құрамдары  ұғымы пайдаланылады. А.А. Пионтковский  «заңгерлер қылмыс құрамы ұғымын  қылмыстық заңнама бойынша белгілі  бір қылмысты сипаттайтын белгілердің  жиынтығын білгілеу үшін және  осы белгілерге сәйкес келетін  нақты іс-әрекетті белгілеу үшін  қолданады»-деп тұжырымдаған./20/ Алайда  В.Н. Кудрявцев бұл пікірге  қосылмай, қылмыстық-құқылық нормадағы  белгілер жалпылама негізде тұжырымдалып, жеке құбылыс болып табылатын  нақты қылмыс белгілерімен салыстырғанда  дерексіздіктің (абстракция) жоғарғы  деңгейіне жатқызылатындағын атап  көрсеткен./21/ Нақты қылмыстың белгілері  құқық нормасында бар белгілердің  тиісті сыныбына кіретіндігіне  байланысты ғана олардың сәйкестігі  туралы айтуға болады. Сондықтан  дейді В.Н. Кудрявцев қылмыс  құрамы түсінігін тек ғана  нормативтік ұғымында қолдану  керек.

         Қылмыс құрамының жоғарыда атап  көрсетілген ерекшеліктері оның  құқықтық маңызын айқындайды. Ең  алдымен ол құрамның қылмыс  жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа  тартуға заңды негіз қызметін  атқаратындығынан көрінеді. Егер  нақты қылмыстың әрбір белгісі  құрамның жалпы қортындыланған  белгілерінің қатарына кіретін  болса және оған дербес нәрсе  ретінде нәрселердің тиісті сыныбына  қатысты болса біз ол тұлғаның  әрекеттерінде қылмыс құрамы  бар деп айтамыз. Бір де болса  белгінің сәйкес келмеуі қылмыстық  жауаптылықтың туындауы үшін  негіздің болмауына алып келеді. Аталған жағдайда қылмыстық қуғындау  қозғала алмайды, ал қозғалға  іс іс-әрекетте қылмыс құрамының  болмауына байланысты қылмыстық  іс жүргізудің кез келген сатысында  қысқартылыуы тиіс. Жауаптылық қылмыстық  заңнаманың Ерекше бөлімінің  нақты бабы бойынша туындайды.  Нақты осы түсінігінде қылмыс  құрамын қылмыстық жауаптылықтың  қажетті және бірден-бір негізі  ретінде санау қажет, сондықтанда  қылмыс құрамы қылмысты саралаудың  заңды негізі болып табылады.

       Қылмыс  құрамының жоғарыда көрсетілген  өзіндік ерекшеліктері әр түрлі  санаттағы қылмыстарды  ажыратуды  да қамтамасыз етеді. Абсолютті  түрде бірдей қылмыс құрамының  болмайтындағы түсінікті қылмыстардың  барлық құрамдары өзара бір  белгісімен болсада өзгешелікке  ие болады. Құрамдар арасында  айырмашылықтардың болмауы аралас  құрамды қылмыстарды ажыратуға  мүмкіндік бермес еді.

       Қылмыс  құрамының ажыратушылық функциясы  практикалық жағынан да өте  маңызды, себебі әртүрлі қылмыстардың  қоғамдық қауіптілігіне тәуелді  түрде жауаптылықты дербестендіруге  қылмыстың берілген түрімен күресу  үшін заң шығарушы барынша  тиімді деп санайтын құқықтық  салдарды таңдап алуға мүмкіндік  береді.

       Қылмыс  құрамында ажыратушылық рөл атқармайтын  белгілер болмайды. Олардың әрқайсысы  қылмыстың берілген түрін басқа  түрлерінен бөлектейді немесе  қылмысты өзге құқықбұзушылықтардан  ия қоғамдық қауіпті іс-әрекеттерден  ажыратады. 

       Құрамның  ажыратушылық функциясын талдай  отырып оның белгілерінің басым  көпшілігі жоғарыда аталған бірінші  қызметті ал кейде бір уақытта  екеуінде орындайтынын байқауға  болады. Мысалы, «жасырын» (талан-тараж)  ұғымы ұрлық құрамында ұрлықты  тонаудан ажыратуға мүмкіндік  береді. Аталған құрамдардың барлық  қалған белгілері ұқсас болады  бірақ ұрлық пен тонауды қылмыстардың  өзге түрінен ажыратуға мүмкіндік  береді. «Талан-тараж» түсінігі ұрлық  пен тонауды меншікке қарсы  қылмыстардың кейбір түрлерінен (мысалы, мүлікті құрту) айырып  ғана қоймайды және оларды  азаматтық деликтерден де ажыратады.

       Қазіргі  уақытта қылмыс құрамы ұғымының  мазмұнына кірістірілетін белгілер  жинағында бір қылмысты өзгесінен  ажырату рөлін атқармайтын тек  бір белгі бар сияқты. Бұл-заңи  көзқарас тұрғысынан барлық қылмыстар  үшін бірдей болып табылатын  есі дұрыстық./22/

       Егер  қылмыстық-құқылық нормада гипотезаны  барлық қылмыстар үшін бірдей  олардың жасалуының шарттарының  жиынтығы ретінде бөліп қарасақ  онда есі дұрыстықты гипотезаға  жатқызуға болады. Есі дұрыстықтың  қылмыс субъектісінің белгісі  ретіндегі тұлғаның өзінің жүріс-тұрысына  психикалық қатынасының нысандарымен  тығыз байланысты болуы ондай  ғылыми көзқарасқа кедергі келтіреді.  Одан басқа есі дұрыстық қылмысты  қылмыстық жауаптылықты туындатпайтын  қоғамдық қауіпті жағдайда тиісті  ескертпелер жасай отырып құрам  белгісі ретінде қарастыратын  боламыз.

       Құрамның  дерексіздігі, оның жалпыламалық  мәнісі белгілі бір жағымсыздыққа  ие болады. Ол заңның тек белгілі  бір белгілердің жиынтығының  барысында ғана қылмыстық жауапкершілікті  қарастыратындығынан және көптеген  мән-жайларды есепке алмайтындығынан  көрініс табады. Кез-келген құқықтың  әртүрлі адамдарға бірдей көлемді  қолдану болып табылатындығы  белгілі.

Информация о работе Қылмыc саралау