Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2012 в 07:03, реферат
Бүгінгі күні қылмыстық құқық теориясы қылмысқа қатысушылықтың негізгі түсінігін кеңейтіп толықтырды және жаңа қылмыстық-құқықтық институттарды жетілдірді. Ал тәжірибе қылмысқа қатысушылықтың өзекті мәселелерін теориялық негіздеп, заң жүзінде бекітілуін талап етеді.
Қылмысқа қатысушылың түрлерінің нақты айырмашылығын білу және оның көлемін анықтау қылмысты саралау барысында топтық қылмыстың іс-әрекетін реттейтін нормаларды жеделдетуге септігін тигізеді.
Барлық қылмыстық-құқықтық институттардың ішінде қылмысқа қатысушылық институты шешілмеген мәселелердің ішінде бірінші орында тұр.
ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУ НЫСАНДАРЫ
Кемелбеков С.Т.,
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ҚАЖ Комитеті
Қостанай заң институтының қылмыстық құқық және криминология кафедрасының оқытушысы, әділет аға лейтенанты
Бүгінгі күні қылмыстық құқық теориясы қылмысқа қатысушылықтың негізгі түсінігін кеңейтіп толықтырды және жаңа қылмыстық-құқықтық институттарды жетілдірді. Ал тәжірибе қылмысқа қатысушылықтың өзекті мәселелерін теориялық негіздеп, заң жүзінде бекітілуін талап етеді.
Қылмысқа қатысушылың түрлерінің нақты айырмашылығын білу және оның көлемін анықтау қылмысты саралау барысында топтық қылмыстың іс-әрекетін реттейтін нормаларды жеделдетуге септігін тигізеді.
Барлық қылмыстық-құқықтық институттардың ішінде қылмысқа қатысушылық институты шешілмеген мәселелердің ішінде бірінші орында тұр.
Қылмысқа қатысушылықтың түрлі нысандарының шегін анықтаудың нормативтік бекітілуі күрделі мәселелер қатарына жатады.
Қылмысқа қатысушылық нысаны туралы мәселені талқылаудың үлкен маңызы бар. Кейбір авторлар қылмысқа қатысушылықты қылмыс құрамының объективтік жағынан орындалуы бойынша1, енді біреулері субъективтік жағынан саралайды.
Д.А. Дриль доктринасында қылмысқа қатысушылықтың объективтік жағының орындалуы бойынша өз ойын бөліп көрсетеді:
1) қылмыстың өзі қатысушылықты қажет етеді;
2) факультативті қатысушылық, яғни оның болуы және болмауы мүмкін;
3) қылмысқа құралдарды дайындау және т.б. бойынша қатысу;
4) қасақана абайсызда жасалған, кездейсоқ қатысушылық.
Ал субъективтік белгі негізінде А.А. Пионтковский қатысушылықтың келесі нысандарын көрсетті:
1) күні бұрын сөз байласпай қатысу;
2) күні бұрын уағдаласып қатысу.
Атап айтқанда, субъективті белгі бойынша саралау көптеген жағдайларға байланысты болады, сондықтан ол жағынан ғылыми негізделген әмбебап қылмыстық топтың біріккен қызметін жіктеу мүмкін емес.
Ал осы орайда, профессор А.Н. Ағыбаев: “Қылмысқа қатысу нысандары және түрлері туралы мәселені анықтау қылмысқа қатысушылардың субъективтік байланыстарының сипаты мен дәрежесіне, олардың әрекеттерінің өзара келісушілігінің дәрежесіне, қатысушылардың өзара объективтік байланыстарының мәніне, қылмысқа қатысушылардың өзара әрекеттестігінің тәсіліне және қылмыс құрамдарының құрылу ерекшеліктеріне байланысты шешіледі. Қылмысқа қатысушылардың әрекеттерінің келісушілік дәрежесіне байланысты, қылмысқа қатысу екі түрлі нысанға – алдын ала келіспей, қылмысқа қатысу және алдын ала келісіп қылмысқа қатысу болып бөлінеді”2 - деп жеке-жеке көрсеткен.
Қылмыстық құқық теориясында және тәжірибеде қылмысқа қатысудың бөлінуі екі негізде жүргізіледі:
1) қылмыстың объективтік жағын қатысушылардың орындау сипаты бойынша;
2) топтағы қатысушылардың субъективтік байланысы бойынша.
Объективтік белгісі бойынша - қатысудың объективтік жағындағы сипатының орындалуында екі түрін көрсетеді: 1) жай және 2) күрделі.
Жай қатысу бойынша әрбір қатысушы қоса орындаушы болып табылады, сондай-ақ өзінің әрекетімен қылмыстың объективтік жағын орындайды. Сонымен қатар, көлемі ғана емес, орындалған әрекеттердің сипаты да әр түрлі болуы мүмкін. Қоса орындаушыларды саралауда барлық қатысушылар қылмысқа қатысудың сипатына және көлеміне тәуелсіз бірдей заңды статусқа ие болады. Олардың жауаптылығының даралығы тек жаза тағайындау бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Күрделі қатысу бойынша қылмысқа қатысушылардың рольдері дара болады, онда әрқайсысы анықталған орындаушы, ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесушінің рольдерін атқарады, сондай-ақ барлық рольдердің болуы міндетті емес. Барлық қатысушылар үшін қылмыстық құқықтың мәні бірігіп қылмыс жасаудағы әр түрлі қызметтерді атқаруда, орындаушыдан басқа, сондай-ақ іс әрекеттері ҚР ҚК-нің 28-бабына сілтеме жасалына отырып Ерекше бөлімнің бабы бойынша сараланады.
ҚР ҚК-нің 31-бабында қылмысты іс-әрекет жасаудың келіспеушілігінің дәрежесіне сәйкес қылмысқа қатысудың нысандары бөлек көрсетілгенмен, іс жүзінде қатысушылардың өзара қылмыс істеуге деген алдын ала келіспеушілігінің болғанына немесе болмағанына байланысты қылмысқа қатысу нысаны төмендегідей бірнеше түрге бөлінеді:
1) күні бұрын сөз байласпай адамдар тобы жасаған;
2) күні бұрын уағдаласқан адамдар тобы жасаған;
3) ұйымдасқан топ;
4) қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым).
ҚР ҚК-нің 31-бабының 1-бөліміне сәйкес сөз байласпай қатысу, егер қылмыс жасауға екі немесе одан да көп орындаушы күні бұрын сөз байласпай қатысса, орын алады. Яғни мүндай қылмысқа қатысушылықтың бастапқы сатысы - қатысушылардың бірігуі. Алдын ала сөз байласуда мұндай бірігу болмайды.
Келесі нысанда қылмысты бірлесіп жасау туралы күні бүрын уағдаласқан адамдар қатысады.
Сөйтіп, алдын ала сөз байласусыз жасалған қылмысқа, қатысушылық субъективтік жағынан, жай қатысушылыққа жатады. Алайда, ол күрделі қатысушылықта да орын алуы мүмкін.
Жоғарыда атап өткендей, алдын ала уағдаласып жасалған қылмысқа қатысушылық ҚР ҚК-нің 31-бабының 2-бөлімінде қарастырылған.
Негізінен қылмысқа қатысушылар бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін бірігеді. Алдын ала сөз байласқан қатысушыларға рольдердің бөлінуі тән. Қылмыстық келісім қылмыс жасағанға дейін де, қылмысқа дайындалу сатысында да орын алуы мүмкін.
ҚК-тің 31-бабының 3-бөлімі ұйымдасқан топты көрсетеді.
Сонымен, ұйымдасқан топтың ерекше белгісі – тұрақтылық. Мұндай топ ішінде басшы пайда болады. Ұйымдасқан топ мүшелері өздерінің дене және ақыл-ойларының ерекшеліктеріне сай рольдерді жоғары ұйымдастырушылықпен бөлуі көбінесе ұйымдасқан топ - қылмыстық сыбайластықтың бастапқы сатысы болып табылады.
Қылмыстық құқықта қылмыстық сыбайластықты анықтау аса қажет.
ҚР ҚК-нің 31-бабының 4-бөлімінде қылмыстық сыбайластықпен жасалған қылмыс түрі көрсетілген. Негізінен, ұйымдасқан топтар пайдакүнемдік мақсатта құрылады. Сонымен бірге, олардың өмір сүруінің негізгі көзі қылмыстық әрекеттің нәтижесі болып табылады. Қылмыстық сыбайластық ұйымдасқан топтан екі белгісімен ерекшеленеді: сыбайластық және ауыр немесе аса ауыр қылмыстарға бағытталуы.
Әзірлік жағынан бүгінгі күні қылмысқа қатысушылықтың екі белгісі ғана анықталған: күні бұрын сөз байласу және күні бұрын сөз байласпау.
Н.Г. Ивановтың көзқарасы өте қызықты деп ойлаймыз, демек ол терең философиялық, әлеуметтік-психологиялық сараптама негізінде “қылмысқа қатысушылық нысаны жоқ” деген қорытындыға келеді.
Нысан – объективтік санаты, ол қарастырылған объектінің мазмұндық жағын қамтуы қажет, жоғарыда аталған қылмысқа қатысушылық нысандарының ешқайсысында ондай қасиет жоқ3.
Жоғарыдағы көзқарас негізделгені сөзсіз, алайда оның алдағы дамуы қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысушылықтың нысандарын орынсыз деген қорытындыға әкеліп соғады.
Біздің көзқарасымыз бойынша, барлық белгілі қылмысқа қатысушылық нысандарын төмендегідей жіктеген жөн:
1) күні бұрын сөз байласпай адамдар тобын құру;
2) алдын ала сөз байласып адамдар тобын құру;
3) ұйымдасқан топ.
Осымен бірге күні бұрын сөз байласқан адамдар тобы мен ұйымдасқан топтың айырмашылығын қылмыскер мен қылмыстық байланыс жүйесімен анықтауға болады. Ұйымдасқан топ бірнеше қылмыстар жасау үшін құрылады және үнемі қайталанып отырады.
Ұсынылған белгілердің әрине, кемшілігі жоқ емес, алайда оны пайдалану тиімді, өйткені ол бағалық белгілермен байланысты емес.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. - Алматы: ЮРИСТ, 2004.
2. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. /Отв. ред. Борчашвили И.Ш., Рахимжанова Г.К. – Караганда, 1999.
3. Иванов Н.Г. Групповая преступность. //Гос. и право. – 1996. – С. 96.
4. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. – Алматы, 1999. – 154 б.
5. Иванов Н.Г. Понятие и форма соучастия в советском уголовном праве. – Саратов, 1991. – С. 121.
6. Абилгазин Г-Г.С. Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть: Учебное пособие. – Костанай, 2003. – 189 с.
Нысанына байланысты қылмыстар
Нысанына байланысты жеке адамға қарсы қылмыс, отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыс, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыс, мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыс, меншікке қарсы қылмыс, экономикалық қызмет саласындағы қылмыс, коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс, қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыс, адамның денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыс, экологиялық қылмыс, көліктегі қылмыс, мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс, басқару тәртібіне қарсы қылмыс, сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыс, әскери қылмыс түрлеріне ажыратылады. қылмысы үшін айыпты адам лауазым иесі болса, ал ол жасаған қоғамдық қауіпті әрекет (әрекетсіздік) оның қызмет жағдайымен байланысты болса, оны лауазымдық қылмыстар дейді. Олар: лауазымдық өкілетті теріс пайдаланушылық, лауазымдық өкілетті асыра пайдаланушылық, пара беру, пара алу, қызмет бабын пайдаланып жалғанқұжат жасау, салдыр-салақтық, т.б.