Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2011 в 19:58, реферат
Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол – заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған қылмысына сәйке жаза тағайындалады. Жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша дайындалған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.
КІРІСПЕ................................................................................................................3
І ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ........................5
1.1 Жаза тағайындаудың жалпы негіздері........................................................5
1.2 Жаза тағайындау түрлері..............................................................................13
1.2.1 Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау.........................13
1.2.2 Бірнеше қылмыс бойынша жаза тағайындау...............................................16
1.2.3 Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау.............................................................................................................17
1.2.4 Аяқталмаған қылмыс үшін, қатысып жасалған қылмыс үшін және қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау...............................18
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................30
ҚК-тің 58-бабының
6 бөлігінде көрсетілген
1) сот жаңа
үкім бойынша, яғни кейін
2) екі үкім
бойынша тағайындалған
3) ҚК-тің 62-бабының
ережесіне сәйкес бірінші үкім
бойынша жазаның нақты өтелген
мерзіміне есептеу жасалады. Жаза
мерзімін есептеу дегеніміз -
егер адам үкім шыққанша бас
бостандығынан айырудың алты
айын өтесе, ал сот оған үкім бойынша 3
жыл бас бостандығынан айыру жазасын түпкілікті
тағайындаса, онда қылмыстар жиынтығы
бойынша екінші үкім шығарылған кезге
дейін оған 2 жыл 6 ай бас бостандығынан
айыру жазасын өтеу керек.
1.2.2 Бірнеше үкімдер
бойынша жаза тағайындау
ҚК-тің 60-бабына сәйкес, егер сотталған адам үкім шығарылғаннан кейін, бірақ, жазаны толық өтегенге дейін жаңадан қылмыс жасаса, бұл жағдайда үкімдердің жиынтығы орын алады. Сонымен:
1) адамға
жаза тағайындаған үкімнің
2) ол жазаны сотталған адам әлі толық өтемесе;
3) жаңа қылмыс үкім шыққаннан кейін, бірақ
жазаны толық
өтегенге дейін жасалса, бұлар үкімдер
жиынтығының белгісі болып
Үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда жаңа қылмыс адамды бұрын жасаған қылмысы үшін сотталғаннан кейін жасалынады. Бұл мән-жай айыпкердің қоғамға қауіпті адам екендігін, заңда оған қатаң жаза қарастырылуға тиіс екендігін көрсетеді.
ҚК-тің 60-бабына сәйкес, егер сотталған адам үкім шығарылғаннан кейін, бірақ жазаны толық өтегенге дейін жаңа қылмыс жасаса, сот жаңа қылмыс бойынша тағайындалған жазаға бұрынғы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігін толықтай немесе ішінара қосады. Бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза жиырма бес жылдан аспауға тиіс. Егер үкімдер жиынтығына 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы не өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы заңда көзделген тым болмаса бір қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылған үкім кірсе, онда бас бостандығынан айыру түріндегі үкімдер жиынтығы бойынша түпкілікті жаза 30 жыл шегінде тағайындалуы мүмкін. Үкімдер жиынтығы бойынша белгіленген түпкілікті жаза жаңа жасалған қылмыс үшін тағайындалған жазадан да, соттың бұрынғы үкімі бойынша тағайындалған жазаның өтелмей қалған бөлігінен де катаң болуға тиіс.
Жазалардың бірдей, сондай-ақ әртекті түрлерін қосу (оның ішінде қосымшаларын да) ҚК-тің 58 және 61-баптарында белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі (бұл тәртіпке өткендегі мөселені қарастырғанда түсініктеме берілген).
Сонымен сот үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда мына тәртіпті сақтайды:
1) алдымен жаңа жасалған қылмыс үшін жазаны анықтайды;
2) сол
жазаға сот алдыңғы үкім
Үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындау тәртібінің ҚК-тің 58-бабында белгіленген тәртіптен айырмашылығы сол, бұл жерде тек жазаларды қосу принципін ғана қолдану көзделген (ал ҚК-тің 58-бабында жазаларды сіңіру принципі де көзделген). Екінші айырмашылығы — бас бостандығынан айыру сияқты жазаның үкімдердін жиынтығында жиі колданылатын түрін қосқандағы ең көп мерзімге қатысты.
Сотталған адамға
жаңа қылмыс жасағаны үшін , қылмыстың
осы түріне белгіленген ең жоғарғы
жазаны тағайындау сот практикасында
кездесіп калады. Мысалы, бостандығын
шектеу түріндегі жазаны өтеп жатқан
адамға жаңа үкім бойынша 5 жыл мерзімге
бас бостандығын шектеу немесе 30 жыл мерзімге
бас бостандығынан айыру тағайындалады.
Бұл жағдайда сот бұрынғы үкім бойынша
жазаның өтелмеген бөлігін жаңа үкім бойынша
тағайындалған жазаға сіңіру принципін
қолдануға мәжбүр болады (бұл принципті
қолдану заңда көзделмесе де).
Қосуға болмайтын
жазалар, оның ішінде қосымша жазалар
дербес орындалады (ҚК-тің 61-бабы). Қылмыстың
қайталануы болған жағдайда сот жазаны
үкімдер жиынтығы бойынша тағайындай
отырып, жаза тағайындаудың ҚК-тің 59-бабында
белгіленген ережесін сақтауға тиіс. Бұл
ережелер жаңа үкім бойынша тағайындалған
жазаның түрін, мерзімін және мөлшерін
анықтауға қатысты. Мысалы, егер бұзақылық
үшін жаза өтеп жатқан адам ҚК-тің 181-бабының
1 бөлігі бойынша қорқытып алушылық жасаса,
онда жасаған екінші қылмысы үшін сот
тек 1 жыл 6 айдан 3 жылға дейінгі аралықта
бас бостандығынан айыруды ғана тағайындай
алады.
1.2.3 Белгілі бір
қылмыс үшін көзделген жазадан
гөрі неғұрлым жеңіл жаза
ҚК-тің Ерекше бөліміндегі баптардың санкциялары жазаны жеке даралауы үшін сотқа көптеген мүмкіндіктер беруді көздейді. Бірақ өмірде кездесіп қалатын кейбір нақты істердің өзіндік ерекше мән-жайларын ескерсек, санкцияның ең төмен шегіне тең жазаны немесе балама санкцияның ең жеңіл жазасын тағайындағанның өзі жосықсыз катал боп саналады, жазаның ҚК-тің 38-бабында көзделген мақсатын қанағаттандырмайды. Сондай жағдайлар ескеріліп ҚК-тің 55-бабында былай көрсетілген: ерекше мән-жайлар және әрекеттің қоғамда қауіптілік дәрежесін едөуір азайтатын басқа да мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ топтық қылмысқа қатысушы сол топ жасаған қылмыстарды ашуға белсене жәрдемдескен кезде жаза осы кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген ең төменгі шектен төмен тағайындалуы мүмкін, не сот жазаның осы бапта көзделгенінен неғұрлым жеңіл түрін тағайындауы не міндетті жаза ретінде көзделген қосымша жаза түрін қолданбауы мүмкін.
Төменгі шектен төмен жаза тағайындағанда сот сотталған адамға жазаның санкцияға көрсетілген түрін анықтайды, бірақ бұл жаза төменгі шектен төмен мөлшерде тағайындалады. Мысалы, санкцияда 100-ден 200-ге дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген, ал сот 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындайды. Басқа мысал. Санкцияда 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Сот ҚК-тің 55-бабын басшылыққа алып, сол бап бойынша 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындайды. Бірақ, жазаның осы түрі үшін ҚК-тің Жалпы бөлімінде көрсетілген ең аз мөлшерден төмен жаза ҚК-тің 55-бабы бойынша тағайындалуы мүмкін емес. Мысалы, 25 айлық есептік көрсеткіштен аз мөлшердегі айыппұл немесе 6 айдан аз мерзімге бас бостандығынан айыру.
ҚК-тің сотталған адамның әрекеті сараланатын бабының санкциясында көзделгеннен жеңілірек жаза тағайындағанда жазаның сол санкцияда көрсетілмеген, бірақ одан жеңіл түрін тағайындайды. Жазаның заңда көрсетілгенінен жеңілірек түрін белгілегенде сот ҚК-тің 39-бабында келтірілген жазалар жүйесін басшылыққа алады. Мысалы, ҚК-тің бұл бабы бойынша санкция бас бостандығынан айыру мен қамауға алуды балама қарастырады. Сот бостандығын шектеуді тағайындайды.
Істің ерекше мән-жайы, сондай-ақ топтық қылмысқа қатысушының топ жасаған қылмыстарды ашуға белсене жәрдемдесуі ҚК-тің 55-бабын қолдана отырып жаза тағайындауға негіз болады.
Істің ерекше жағдайы дегеніміз қылмыс жасау барысында оң мақсаттар мен игі себептердің болуы, айыпкердің қосалқы рөлі, оның қылмыс жасау кезіндегі немесе одан кейінгі мінез-құлқы, күшпен немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесінде қылмыс жасау, т.б. Бұл жерде ескеріліп отырғаны қылмыс зардабын болдырмауға бағытталған мінез-құлық, залалдың орнын өз еркімен толтыру, шын жүректен өкіну, кінәсін мойындап келу, т.б.
Жекелеген жеңілдетуші мән-жайлар да, ондай мән-жайлардың жиынтығы да ерекше мән-жайлар бола алады.
1.2.4 Аяқталмаған
қылмыс, қатысып жасалған қылмыс
және қайталанған қылмыс үшін
жаза тағайындау
Қылмыстық кодекс аяқталмаған қылмыс, қатысып жасалған қылмыс және қайталанған қылмыс үшін жаза тағайындаудың кейбір ерекшеліктерін қарастырған.
ҚК-тің 56-бабына
сәйкес аяқталмаған қылмыс үшін жаза
тағайындағанда (қылмысқа дайындық кезінде
немесе қылмыс жасауға оқталғанда)
бұрын көрсетілген мән-
Қылмысқа оқталғаны үшін жазаның мерзімі мен мөлшері ҚК-тің Ерекше бөліміндегі тиісті бапта ерекше қылмыс үшін көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғарғы мерзімінің немесе мөлшерінің төрттен үшінен аспауы керек (ҚК-тің 56-бабының 3 бөлігі). Қылмыстың жоғарыда келтірілген түрлеріне оқталғанда ең қатаң жаза, тиісінше, 2 жыл 3 ай және 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айырудан аспауға тиіс.
Қылмысқа дайындалғаны және қылмыс жасауға оқталғаны үшін өлім жазасы мен өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы, тіптен бұл жаза шаралары айыпкерге қолданылатын ҚК-тегі баптардың санкциясында көзделген болса да, тағайындалмайды.
Қатысып жасалған қылмыс үшін әдетте жаза тағайындаудың ерекшелігі сонда, заң соттың жоғарыда көрсетілгендермен қоса мына мән-жайларды ескеруін талап етеді: қылмыс жасауға адамның іс жүзінде қатысу сипаты мен дәрежесін, осы қатысудың қылмыс мақсатына жетудегі маңызын, оның келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның сипаты мен мөлшеріне ықпалын (ҚК-тің 57-бабы).
Бұл жағдайда қылмысқа қатысушылардың әрқайсысының қоғамға қаншалықты қауіпті екендігі және оларға тиісінше жаза тағайындау мүмкіндігі анықталады. Сонымен қатар, егер банданың алдына қойған мақсатқа жетуіне, сондай-ақ келтірілген немесе келуі мүмкін зиянның сипаты мен мөлшеріне бандитизмді ұйымдастырушы екі адамның әрқайсысының ықпалын өзара салыстырсақ, айырмашылықты көру қиын емес.
Топтасқан қылмысқа қатысушыларға жаза тағайындау жөнінде ҚК-тің 57-бабында мынадай тағы бір міндеттеу бар: қатысушылардың біреуінің жеке басына қатысты жауаптылық пен жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар тек сол қатысушыға жаза тағайындау кезінде ғана ескеріледі. Мысалы, қылмысқа қатысушылардың біреуінің өз айыбын мойындап келуі сол қылмысқа катысушы басқа адамдарға жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілуге тиіс емес.
Қылмыстың қайталануы
— адамның сотталғаннан кейін
қайта қылмыс жасауы, оның қоғамға
аса қауіпті екендігінің
Қылмыстардың қайталануы жағдайында жасалған қылмыс үшін жазаның мерзімі мен мөлшері, жасалған қылмыс үшін көзделген ең қатаң жаза түрінің ең жоғарғы мерзімі мен мөлшерінің жартысынан төмен болмауға тиіс.
Қылмыстың қауіпті қайталануы жағдайында тағайындалатын жаза жасалған қылмыс үшін көзделген ең қатаң жаза түрінің ең жоғарғы мерзімі мен мөлшерінің үштен екісінен, ал қылмыстың аса қауіпті қайталануы жағдайында - төрттен үшінен төмен болмауға тиіс (ҚК-тің 59-бабының 2 бөлігі). Мысалы, қасақана жасаған бұрынғы қылмысы үшін сотты болған адам ҚК-тің 175-бабының 1 бөлігі бойынша сотталады. ҚК-тің көрсетілген бөлігінің санкциясында балама ретінде берілген бес түрлі жазаның сот айыпкерге ең қатаң түрін - бас бостандығынан айыруды тағайындай алады. Бұл жағдайда қылмыстың жәй қайталануы орын алғандықтан, ҚК-тің 59-бабының 2 бөлігіне сәйкес сот айыпкерге 1 жыл 6 айдан 3 жылға дейінгі мер-зімге бас бостандығынан айыруды тағайындай алады. Егер сотгалғанның әрекетінде қылмыстардың қауіпті қайталану нышаны болса - 2 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге, егер қылмыстардың аса қауіпті қайталануы болса — 2 жыл 3 айдан 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасынтағайындай алады.
Егер Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің қолданылып отырған нормасы соттылықтың болуын саралаушы белгі ретінде қарастырса, мұндай қылмыстардың қайталануында сот жазаны ҚК-тің 59-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіпті ескермей-ақ тағайындайды, яғни сот жаза тағайындаған кезде жазаның ең аз мөлшеріне қатысты ауқыммен шектелмейді. Бұл, мұндай жағдайларда қылмыстың қайталануы қылмыстық -заң нормаларында бұрыннан ескерілгендігіне байланысты, сондықтан да жаза тағайындау кезінде оны қайта есепке алудың қажеті жоқ. Сонымен катар қылмыстардың қайталануы болып және ҚК-тің 55-бабында көзделген ерекше мән-жайлар орын алса, бұл жағдайда да жаза ҚК-тің 59-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіпті есепке алмай тағайындалады. ҚК-тің 59-бабының бұл ережелеріне түсініктеме беру үшін мына мысалдарды қарастырайық. Мысалы, айыпкер ҚК-тің 175-бабы 3 бөлігінің «в» тармағы бойынша бұрын екі немесе одан көп соттылығы бар адам ретінде бұзақылық (кез-келген формасы) немесе корқытып алушылық үшін сотталды. Мұндай адамға жаза тағайындау кезінде ҚК-тің 2-бабында көрсетілген ережені ескереді (қылмыстардың қайталану белгісі бола тұрса да), яғни мүлкін тәркілеп 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындай алады.
Басқа мысал. Қылмыстардың
қайталану белгісі бар жағдайда
адам ҚК-тің 175-бабының 1 бөлігі бойынша
сотталуда. Бірақ сот іс материалдарында
ҚК-тің 55-бабында көрсетілген ерекше
мән-жайлардың бар екендігін