Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 17:12, лекция
Объектіні идентификациялау, яғни, аталмыш объектіні өз кескіндерінің (бейнеленулерінің, олар іздер немесе бөлшектер түрінде болады) көмегімен салыстырмалы зерттеулер жүргізу арқылы, әр уақыттағы және әр күйдегі теңдігін анықтау болып табылады.
Объектінің теңдігі (идентификациясы) дегеніміз, ол оның келесіде дәл осылай қайталанбайтындылығы, жеке даралығы, өзі сияқты объектілерден айырмашылығы.
Кіріспе
1. Криминалистикалыц идентификацияның ғылыми негіздері
2.Криминалистикалық идентификацияның субъектілері мен объектілері
3. Криминалистикалыц идентификация түрлері
4. Криминалистикадагы белгілі бір топқа жататындығын анықтау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Сонымен, белгілі бір топқа жататындыеын анықтау деп объектінің нақты топқа, түрге, яғни, біртектес объектілер тобына жататындығын анықтауды айтамыз (мысалы, ұрлық болған жерде табылған бұзу құралынан қалған із бойынша құрал түрін анықтау).
Белгілі бір топңа жатңыза отырып жіктеудің бір түріне шығу тегінің біртектес екендігін аныңтауды жатқызуға болады. Мұндай зерттеу нәтижесінде бір немесе бірнеше объектілердің бір топқа жататындығы анықталады.
Аталмыш объектілер қатарына қаламсаптағы және мәтін штрихтарындағы сия жатады; мәйіттен алынған бытыра және күдікті патрондардағы бытыра және т. б. Бұл жерде салыстыру негізінен объектілердің ішкі қасиеттерін көрсететін белгілер арқылы жүргізіледі.
Басқа жағдайларда шығу тегінің біртектестігі сыртқы белгілерді салыстыру негізінде аныңталады. Мысалы, өндіріс механизмдерінің жасалу процесін көрсететін іздер бойынша нақтылы кезеңде белгілі тауарлар жиынымен бірге шыққандығын анықтау болады. Мұндай зерттеулер көбіне көптеп шығаратын өнімдерге қатысты жүргізіледі.
Сонымен түйіндей келе, белгілі бір топқа жататындығын анықтауға әр түрлі себептерге сәйкес идентификация мүмкін болмаған жағдайларда жүгінеді, осыларды тағы да атап өтейік.
Бірінші оқиға. Теңдестіруге жататын объектіде бейнеленген белгілер жиынтығы тепе-теңдік туралы мәселені шешуге жеткіліксіз. Мысалы, аяқ киім ізінде тек табанның өлшемі мен қалыбы кескінделген. Бұл белгілер әдетте, аяқ киімнің түрі мен мөлшері туралы мағлұмат береалады.
Екінші оқиға. Тендігін шығаруға тиісті объект біршама өзгеріске ұшырады. Белгілердің жаңа жиынтығы идентификациялауға көмектесетін объектіде кескінделген белгілермен сәйкес келмейді. Мысалы, оқ атылған оқиға болған жерден алынған тапанша, көп уақыт дымқыл жерде жатып қалып, оның ұңғысы даттанып кеткен. Әрине, оңтағы іздер кескінделген белгілер өзгеріске үшырап, кейбіреулері мүлдем жоғалған. Тепе-теңдігін табу туралы мәселе ашық ңалады. Сарапшының қарудың түрі немесе моделі жайлы қорытындымен шектелуіне тура келеді.
Үшінші оқиға. Іздердің пайда болу механизмінің ерекшелігі соншалыңты, нақты объектіні жекелейтін белгілер көбіне кескінделмей қалады. Мұндай іздерге мысалы, егеумен жасалған аралау іздерін жатқызуға болады. Құрал-сайманды идентификациялауға бұл іздер көмек бермейді. Кейде олар бойынша егеудің түрін және түсірген ізін, яғни, осындай құрал-саймандар тобын аныңтау мүмкіндігі пайда болады.
Төртінші оқиға. Теңдестіруге көмектесетін объект (мысалы, із) бар, алайда теңдігін табу қажет объект белгісіз (анықталмаған). Мұндай жағдай тергеудің бастапқы кезеңіне қатысты, әдетте, окиға болған жерді қарау процесінде осы жерде табылып жатқан іздер белгілі бір топқа жататындығын анықтау үшін қолданылады. Бұл тергеу оқиғасына ңатысты объектілердің іздеп-табылуын жеңілдетіп, жылдамдатады.
Қарағанды облысының шаруа қожалығының бірінде белгісіз қылмыскерлер түнде дүкен иесіне қатысты қарақшылың әрекет жасайды. Оқиға болған жерді қарау барысында қылмыскерлер қолданған автокөлік дөңгелегінің іздері табылады. Қарауға қатысқан маман-криминалист іздерді алдын ала зерттеуден өткізіп, олар «ВАЗ-2121» автокөлігімен қалдырылған деген өз ойын білдірді.
Жол полициясы басқармасының тіркеуіне сөйкес мұндай көлік түрі аудан әкімшілігінде бар екен. Жедел іздестіру қызметкерлері тез арада жүргізушіні аныңтап, ол өзінің сыбайластарының сырт келбет белгілерін атайды. Қылмыскерлердің барлығы сол күні ұсталады.
Бесінші оқиға. Бірқатар объектілер өзінің кеңістікте тұрақты ңүрылымы болмағандықтан, мүлдем идентификациялауға келмейді.
Әңгіме бұл жерде сұйық, ұнтақты, сусымалы және осы тәріздес нәрселер туралы болмақ. Аталмыш объектілерді зерттеу нәтижесінде олардың тек белгілі бір топңа жататындығы ғана анықталуы мүмкін. Мұндай зерттеулер осы объектілер арасындағы байланысты аңғаруға немесе олардың бір шығу тегін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Қорытынды
Қорытындылай келгенде, криминалистикалық идентификация дегеніміз - нақтылы бір объектінің, өзі қалдырған кескінделу немесе бөлінділерінің көмегімен аныңталған теңдігі.
Мұндай жағдайда, зат өзі сияңты объектілерден ерекшелігі бар ма, дөлірек айтқанда ізделіп отырған зат па деген сұрақтар шешіледі.
Мысалы, оқиға болған жерден табылған қол саусақ бедерінің іздері арқылы, нақтылы осы іздерді қалдырған адамды теңдестіруге болады; қолжазбадағы (қолмен жазылған құжат, қысқа хат), қол жазуды зерттеу барысында, оны орындаған адамды анықтауға болады.
Қолданылған әдебиеттер;
1. Абуов А.Ғ. Криминалистика негіздері: Оқу құралы. – Алматы: жеті Жарғы, 2004. – 256 б.
2. Жәкішев Е.Ғ. Криминалистиканың пәндік сипаттамасы. – Алматы, 1991
3. Криминалистика: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2006. – 520 б.
4. Нұрғалиев Б.М., Арыстанбеков М.А, Шакенов А.О. Криминалистика: (дәрістер жинағы). – Қарағанды, 2005-283 б.
5. Шәкенов А. Криминалистика: оқулық. – Астана, Фолиант, 2008
Информация о работе Криминалистикалыц идентификацияның ғылыми негіздері