Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2013 в 10:31, лекция
Түйінді сөздер: криминология, қылмыстылық, жәбірленуші.
Негізгі сұрақтар:
Криминологияның пәні;
Криминологияның түсінігі;
Криминологияның жүйесі;
Криминологияның міндеттері
Криминологияда қолданылатын
әдістерді реактивтік және реактивтік
емес деп те бөледі. Алғашқысы зерттеуші
мен зерттелушінің тікелей
2. Криминологиядағы
нақты социологиялық әдістер. К
а) Қарапайым сауалнама. Оның да екі түрі бар: а) іштей (сұхбаттасу) және сырттай (анкета жүргізу). Анкетаның өзі де анонимдік немесе қарапайым бола алады. Осы жерде, сұхбаттасу мен әңгімелесудің айырмасын білген жөн. Сұхбаттасу кезінде тек қана корреспондент пен респондент, яғни сұраушы мен сұралушы ғана бар болса, әңгімелесуде әңгіменің еркін өрбуіне екі тарап та үлес қосады. Әдетте, әңгіме жүргізуші-зерттеуші өзінің мақсаттары туралы жасырады, тіпті, әңгіме барысы үшін және оппонеттің жанына үңілу үшін ойдан шығарылған оқиғаларды айтуға шейін барады.
Осы сауалнамада маңызды нәрсе болып сұрақтарды құру мен сұраунама техникасы табылады. Сұрақтарды құрастыруға байланысты кейбір мынандай талаптары бар:
қиын сұрақтар мен сұралушыны толғандыратын сұрақтар анкетаның басында қойылмауы керек.
ә) Социометриялық сауалнама. Социометрия сөзі латынша socіum (жолдас, қатысушы) және metrum (өлшеу) деген екі сөзден шыққан.Ол - сол индивидуумның бірге тұрып, бірге жұмыс істейтін топтарымен әлеуметтік-эмоционалдық байланысын сапалы талдауға арналған техникалық амалдар мен процедуралардың жүйесі, яғни өзге ‘’жолдас’’ топ мүшелерімен арақатынасты қарапайым жолмен анықтау. Криминологияда социометрия сирек қолданылса да, жанұялық криминология деп аталып жүрген криминологияның ерекше бөліміндегі жанұя саласындағы қылмыстылықты зерттеу мен алдын алуда таптырмайтын құрал.
б) Сарапшылық бағалау әдісі. Бұл әдіс сарапшылардың пікіріне сүйеніп қортында жасау болып табылады. Кез келген маманның емес, осы аумақта тұратын және ондағы криминогендік жағдайды білетін мамандардың пікірі жиналады. Сарапшылардың саны зерттеудің маңызына байланысты. Сарапшылардың арасында сұраунама жүргізу топтық та, жеке-дара да; іште де, сырттай да; ауызша да, жазбаша да; жалпы да, жеке де мәселелер бойынша болуы мүмкін. Олардың пікірін жинай отырып, кесіп айтылған, жалпы жұрт пікірінен қия кететін гипотезалар алынып тасталады да, жалпы, ортақ бір қорытынды шығарылады. Эксперттік бағалау әдісінің тек субъективтік пікірге ғана сүйнетіндігінен өз кемшіліктері болғанмен де, кейбір криминологияны толғандыратын мәселелерді осы әдісті қолданбай зерттеу мүмкін емес.
3. Нақты
статистикалық әдістердің ішінд
Іріктеп байқау да үш түрге жіктеледі: а) негізгі массивті байқау (барлығы мүмкін болмаса да негізгі басым бөлігін назарға алу); ә) монографиялық байқау (жеке бір мәселені мұқият, бүге-шігесіне дейін талдау); б) таңдаулы байқау. Соңғы байқау түрін қолданғанда құбылыстың объективтік заңдылығын анықтау үшін жиынтық бірліктері тек қана кездейсоқ алынуы керек, яғни алдын ал зерттелмей, бас-көзіне қарамай алынуы керек. Мысалға, рецидивистік қылмыстылық қылмыскер кәмелетке толмай тұрғанда жасаған қылмыстарына бастау алады деген гипотезаны дәлелдеуге бір зерттеуші бел буды делік. Ол үшін рецидивистердің зерттелетін бөлігі кездейсоқ алынуы керек, Егер де зерттеуші өз ойын дәлелдеу үшін алдын ала атүсті байқау жүргізіп, тек қана кәмелетке толмаған шағында қылмыс жасаған рецидивистерді ғана зерттеу объектісіне алып, қалғандарын ысырып қойса, құбылыстың объективтік заңдылығы шықпайды, тек қана зерттеушінің субъективтік пікірі болып қана қалады. Дәл осы сияқты, Ломброзо барлық қылмыскерлерді зерттей алған жоқ, тек он бір мыңына ғана қолы жетті. Бұл оның таңдаулы байқауы. Сөйте тұра, ол тек бас сүйегінде атвизимдері барларды ғана емес барлық ‘’қолына түскен‘’ қылмыскерлерді зерттеу объектісіне айналдырған жоқ па еді?!!
Математикалық статистика таңдаулы байқаудың мынандай түрлерін ажыратады: қарапайым, кездейсоқ, жүйелік, типтік, сериялық, екісатылы, аудандандырылған, квота принципі бойынша таңдау т.б.
Осы жерде заңдылықты көрсету қабілетіне орай репрезентативтілік ұғымына назар сала кеткен жөн. Репрезентативтілік дегеніміз - басты жиынтықтың параметрлерін таңдаулы жиынтықтың көрсете алу қабілеті. Мысалға, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарға қатысты үш жүз қылмыстық істі зерттеп, кәмелетке толмағандарсанының шамамен 14%-нде қылмыстық жолға түсуіне жолдас-жоралары ықпал еткен деген заңдылығын шығарамыз. Бірақ бұл Қазақстанда жасалған үш жүз кәмелетке толмаған адамның қылмысы ғана. Ал шын мәнінде жылына он мыңдаған кәмелет жасына толмаған адам қылмыс жасайды. Егер де осы жыл сайын жасалатын кәмелетке толмағандардың қылмысын тіркеп, олардың сеьептерін бірден есепке алатындай құрал табылса және осы құралымыздың өзі шыныда да олардың 13,4%-нде олардың қылмыс жасауына жолдас-жоралары итермелейді деп анықтаса заңдалығын, онда расында да жоғарыда кездейсоқ таңдалып алынған үш жүз қылмыстық істің репрезентативтілігі бар. Егер де мүлде жақындамайтын заңдылық анықталса, керісінше, зерттелген материалдардың репрезентативтілігі жоқ болып шығады.
Әдебиеттер: