Танатология негіздері. Өлу және өлім. Мәйіттік құбылыстар. Өлімді констатациялау. Өлім мерзімін анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 12:29, реферат

Описание

Өлу және өлімнің пайда болу пайда болуын оқытатын ғылым танатология (грек тілінен thanatos - өлім және logos - ғылым ) деп аталады.

Работа состоит из  1 файл

Танатология негіздері.doc

— 151.50 Кб (Скачать документ)
 

Танатология негіздері. Өлу және өлім. Мәйіттік құбылыстар

Өлімді  констатациялау. Өлім мерзімін анықтау 

Организмнің өлуі дегеніміз – Жер бетіндегі  барлық тіршілік иесінің табиғи жойылуы (естественный исход всего живого на Земле). «Өлім» ұғымы «өмір ұғымымен» тікелей байланысты. Өлім өмірдің логикалық тоқтауы (бітуі). Өмір - зат алмасы процесінің тұрақты түрде жүруі, ал өлім өмірге қарама-қарсы жағдай, сондықтан да оның негізінде зат алмасу процесінің тоқтауы жатады. Организмнің өлуі организмің тұтастығын және оның сыртқы орта факторларымен байланысын қамтамасыз етіп отыратын жүйке жүйесі қызметінің тоқтауының нәтижесінде пайда болады. Заңды түрде өмір соңында пайда болатын өлімді  табиғи өлім немесе физиологиялық өлім деп аталады. Табиғи өлім жаңа туған нәрестелерде (жетілмегй туғандарда) немесе үлкейгенде (пожилом) және қарттық шақта болатын өлім. Бірақ көбінесе адамдар әртүрлі аурулар әсерінен немесе кез келген сыртқы орта факторларының әсерінен орта жаста, яғни қарттық жасқа жетпестен өледі. Адамдардың бұлай өлуі уақытынан бұрын өлу деп аталады.  Өмірдің өліммен ауысуы субклеткалық және молекулярлық деңгейлерде тотығу процесінің бұзылуы нәтижесіндегі  зат алмасу процесінің бұзылуымен байланысты. Өмірдің өліммен ауысу процессінің ұзақтығы немесе организмнің өлу ұзақтығы әртүрлі болады. Бір жағдайларда өлімнің пайда болуы өте тез, бірнеше секундтар ішінде болса, кейбір жағдайларда баяу бірнеше минуттан бірнеше сағаттарға созылуы мүмкін.

Өлу және өлімнің пайда болу пайда болуын оқытатын ғылым танатология (грек тілінен thanatos - өлім және logos - ғылым ) деп аталады. Танатологияның негізін қалаушылар – Биш, К. Бернар, Р.Вирхов, Нотнагель және И.И.Мечников. «Танатология» терминін ұсынған И.И.Мечников.

   Танатология адам организмінің өлу процесін және өлгеннен кейінгі мәйіттік құбылыстардың пайда болуын зерттейтін ғылым.

   Танатология жалпы және жеке танатология болып  екіге бөлінеді. Жалпы танатология  өлімнің статикалық және динамикалық  сұрақтарын, өлім белгілерін мәйіттің сыртқы орта факторларымен (взаимодействие) әсерін, способы погребения, өлім себебін анықтау үшін мәйіттерді зерттеу ерекшеліктерін оқытады. Жеке танатология әртүрлі өлім түрлерін зерттейді.

   Өлу – бұл динамикалық процесс. 1972 жылы А.Н.Радищев өзінің «Адам, оның өлуі және бессмертии туралы» философиялық еңбегінде өмір өлімге бір сәтте емес біртіндеп ауысатынын жазған. Ол  «Өмір мен өлім» қарама қарсы ұғымдар, ал өлу орталық (средовое) немесе осы жағдай арқылы өмір аяқталып өлім басталатын жағдай  деп түсіндіреді. Осы, өмір мен өлімнің арасындағы аралық кезеңнің болуы терминалды жағдайлар туралы ұғымды дамытуға жол ашты.  «Терминалды жағдайлар» ұғымына шоктың ең ауыр формалары (шоктың торпидтік фазасының III, IV дәрежелері, коллапс), агония алды жағдай, терминалды үзіліс, агония және клиникалық өлім ұғымдары кіреді. Бұл процестердің барлығын терминалды жағдай сатысына біріктіретін ең негізгі сипаты организмде зат алмасудың тотықпаған өнімдерінің жиналуының нәтижесінде ацидоз дамуымен тез нарастающая гипоксия болып табылады.

Өлу процесінің сатыслары:

  1. Агония алды жағдай, ткандік гипоксия мен ацидоз дамуына әкелетін қан айналысының және тыныс алудың айқын бұзылыстарымен сипаталатын жағдай. Бұл кезде адамда есінен тану, сыртқы тітіркендіргіштерге жауап беру реакциясы әлсіз, рефлекстері әлсіреген, тыныс алуы және жүрек соғысы әлсіз, жиі және беткей, артериалық қан қысымы төмендеген. Бұл кезде организм негізгі өмірлік функцияларды қалпына келтіру және бір қалыпта ұстап тұруға бағытталған компенсаторлық механизмдерін қосады   агония алды жағдай бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін.
  2. Терминалды үзіліс сатысы – кенеттен тыныстың тоқтауы және жүрек қызметінің тежелуімен сипаталатын бірнеше секундтан 3-4 минутқа созылатын жағдай. Адам толықтай есінен танады, рефлекстер жойылады. Бұл кезеңнің ерекшелігі ми қыртысының терең тежелуіне қарамастан, ондағы бульварлы орталықтар қызметінің сақталған, соның нәтижесінде организм дезорганизациялық сипатта болады.
  3. Агония (күресу) – организмнің өмір үшін күресуі. Агония қысқа уақытқа тыныстың тоқтауымен сипатталады, кейін жүрек қызметі баяулап, әртүрлі мүшелердің функциялық бұзылыстары пайда болады. Бұл кезде өлу клиникасы зат аалмасудың терең бұзылыстары мен ткандік гипоксияның дамуымен сипатталады. Қан айналсының және тыныстың төмендеуінің нәтижесінде дамыған гипоксия, орталық нерв жүйесінің қызметінің бұзылуына әкеледі, адам есінен танады. Тоникалық құрысулар пайда болады. Сфинктерлер босап, рефлекстер жойылып, кқз қарашықтары ұлғайып, тыныс алу және жүрек қызметтері баяулайды. Артериялық қан қысымы төмендеп, толы,ымен жойылады. Жүрек қызметтері баяулауы өкпенің ісінуіне әкеледі. Өлім пайда болу кезінде алдымен тыныс, кейін қанайналу тоқтайды да адамның сыртқы келбеті өзгереді, яғни тері жамылғысының түсі бозарып, көз алмасы түседі, төменгі жақ (отвисает). Агонияның ұзақтығы өлімнің түрі мен механизміне байланысты әртүрлі болады. Ұзақтығына байланысты агонияны төртке бөледі: а) дене тұтастығының тез бұзылуына байланысты агонияның болмауы; б) әртүрлі сипаттағы жедел өлім кезіндегі 4-5 минуттық өте қысқа агония; в) бірнеше сағатқа немесе күнге созылатын агония;  г) реанимациямен ұзартылған агония.
  4. Клиникалық өлім – тыныс пен қан айналсының тоқтауынан кейін дамитын орташа есеппен 5-6 минутқа созылатын  кезең. Клиникалық өлім кезінде организмде дамитын бұзылыстар толығымен қалпына келуі мүмкін. Жалпы медицина үшін клиникалық өлім кезіндегі процестердің қайтымды болуының маңызы зор, себебіол реаниматологияның дамуына әкелді.      
  5. Биологиялық өлім -  қайта қалпыны келмейтін жағдай, яғни бұл кезеңде адам организмінің маңызды функцияларын қайта қалына келтіру мүмкін емес. Ең алдымен қалпыны келмейтін бұзылыстар ми қыртысында пайда болады, бұл дегеніміз мидың өлімі болып табылады.
 

Организмдегі  әр мүшенің өлуі әртүрлі мерзімде жүреді және осы уақыт 20 сағатқа  дейін созылуы мүмкін. Осы кезең ішінде мүшелер әртүрлі сыртқы - химиялық, механикалық және электрлік тітіркендіргіштерге жауап береді. Өлгеннен кейінгі әр тканнің сыртқы тітіркендіргіштерге жауап беру қабілеті суправитальды реакциялар деп аталады.  Суправитальды реакциялар басқада белгілермен бірге өлім пайда болған уақытты анықтау үшін сот медицналық сарапшыларымен кеңінен қолданылады. 

ӨЛІМ.

     Өлім  биологиялық түсінік, сонымен қатар  адами қоғамдағы әлеуметтік құқықтық көрініс болып табылады.

Өлімнің биологиялық тұрғыдан жіктелуі табиғи немесе физиологиялық және де табиғи емес немесе уақытынан бұрын өлу деп бөлінеді.

Физиологиялық өлім организмнің қартаюымен немесе жаңа туған нәрестелердің физикалық  және физиологиялық дамуы әлсіздігімен сипатталады, ал уақытынан бұрын  өлу аурулардың, әртүрлі сыртқы әсерлердің, денсаулық жағдайына дәрігерлік және дәрігерлік емес әсерлердің, физикалық күйреудің, ашығудың сонымен қатар организмнің механикалық әсерлерден болған оттегіне ашығуынан болады.

Әлеуметтік  құқықтық жіктелуі өлімді категориясына, туыстығына (род) және түріне бөлуді қарастырады. Категориясына байланысты өлім зорлық және зорлық емес өлім, яғни әртүрлі аурулар нәтижесінде пайда болған өлім болып бөлінсе, туыстығына (родына) байланысты: зорлап өлтіру, өзін - өзі өлтіру (өз - өзіне қол жұмсау) және кенеттен болған өлім болып бөлінеді.  

Түріне  байланысты зорлық және зорлық емес өлімдер  бірнеше топқа  бөлінеді:

зорлық  өлім Аурулардан  болған зорлық емес өлім
Механикалық жарақаттар Жүрек қан тамыр  жүйесінің 
Механикалық асфиксия Тыныс алу жүйесінің
Уланулар Орталық жүйке  жүйесінің 
Әртүрлі температуралар әсерінен Асқорыту жүйесінің
Электрлік токтық әсерінен Қатерлі ісіктерден
Баротравма Жұқпалы аурулардан
Сәулелік энергияның әсерінен болған өлімдер Жүктілік және босану кезінде болған
  Басқа жүйелердің ауруларынан болған өлімдер

                                                                                          

Өлім  пайда болуының жылдамдығына байланысты тез, кенеттен, агониясыз болған және баяу өлу, яғни бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке созылған агонияның болуымен дамыған өлім болып екіге бөлінеді.

Өлім  белгілерін, күмәнді және нақты өлім белгілері деп бөлеміз.

Өлімнің күмәнді белгілері өлім пайда  болған бойда анықталатын белгілер және оған жатады: а)пассивті, қозғалыссыз дене,

                                 б) тері жамылғысының бозаруы

                                 в) сана сезімнің (есінің) болмауы

                                 г) тыныстың, пульстің, жүрек соғысының  болмауы

                                 д) термиялық, химиялық және т.б. тітіркендіргіштерге кез келген реакциялардың болмауы;

                                 е) көз қарашықтарының жарыққа  реакциясының болмауы

                                 ж) дененің салқындауы.

Нақты өлім белгілері мәйітте алғашқы және кейінгі тәуліктерде пайда болатын өлімнің ерте және кеш пайда болатын белгілері.

Өлімнің ерте пайда болатын белгілеріне: мәйіттің салқындауы, мәйіттің сіресуі, мәйіттің кебуі, мәйіттік дақтар және аутолиз жатады.

Өлімнің кеш пайда болатын белгілеріне: шіру, мумификация, майлану (жировоск), торфтық иленуі жатады. 

Ерте  және кеш пайда  болатын мәйіттік құбылыстар

және  олардың сот медициналық  маңызы

     Мәйіттік  құбылыстар – организмнің өмірлік функцияларының тоқтауының нәтижесінде мәйітте дамитын қалпына келмейтін процестер. Бұл белгілер пайда болуына және  даму мерзіміне байланысты  ерте және кеш мәйіттік құбылыстар болып бөлінеді. Сонымен қатар, кейбір сыртқы орта факторларының табиғи әсеріне байланысты дамитын   уақыт өтуіне тәуелсіз мәйіттік құбылыстарды да ажыратамыз.

Ерте  пайда болатын мәйіттік құбылыстар, өлгеннен кейінгі алғашқы тәулік ішінде пайда болатын белгілер және оған дененің салқындауы, мәйіттің сіресуі, мәйіттің кебуі, мәйіттік дақтар және аутолизді жатқызамыз.

     Мәйіттің салқындауы организнің барлық өмірлік маңызды қызметі, бірінші кезекте жылу алмасудың тоқтауының нәтижесінде жүрек қызметі тоқтағаннан кейін, біртіндеп дене температурасы төмендеп, сыртқы орта температурасымен теңеседі.

      Қалыпты жағдайда мәйіттің салқындауы дененің ашық аймақтарынан (бет, мойын, қолбасы) басталады, кейін дененің киіммен жабық аймақтары салқындайды. Бөлмелік температура кезінде дене 1гр.С салқындайды. Ескеретін жағдай, мәйіттің салқындауына әртүрлі сыртқы орта факторлары әсер етеді, мысалы: ауаның температурасы, ылғалдылығы, ауаның қозғалысы, мәйітте киімнің болуы және оның сипаты,  мәйіттің дене салмағы, өлім себебі, агонияның болуы және оның ұзақтығы. Бұл аталғандардың барлығын мәйіт температурасын және өлім пайда болу мерзімін бағалау кезінде ескеру қажет. Мәйіттің салқындау дәрежесін алдымен дененің ашық аймақтарын, кейін киіммен жабылған аймақтарын пальпаторлы зерттеу арқылы анықтаймыз. Мәйіт денесінің салқындау температурасын жылы, жылырақ немесе салқын деп ажыратамыз. Дене температурасының салқындауы жөніндегі нақты мәліметті термометрия көмегімен анықтау қажет. Бұл үшін әйнек лабораториялық ртутный, электрондық және портативті электрондық термометрлер пайдаланылады. Термометрдің көмегімен мәйітте қолтықасты аймақтың, ауыз қуысының, тік ішек, өңеш арқылы кеуде қуысы ішілік және бауыр температурасын өлшейміз. Дененің салқындауы әр мүшелер мен тканьдерде біркелкі емес. Қолтық асты аймақтың темпертатурасы 16 сағаттан кейін, тік ішек температурасы 19 сағаттан және бауыр температурасы 25 сағаттан кейін қоршаған ауа температурасымен теңеседі. Дене темпертаурасының салқындауын анықтау үшін белгілі бір уақыт ішінде бірнеше рет тексеру қажет.

      Дене  қызуының өзгеруі бойынша өлім пайда  болған уақытты анықтау үшін келесі Бурман формуласын қолдануға болады:

t = 36,9-T/0,889

t- өлім пайда болған уақыттан бастап өткен уақыт, Т – дене қызуы

мысал: t = 36,9- 33,5/0,889=3,8 сағ. 

немесе  тік ішек қызуын өлшеу арқылы келесі Т.Фиддес және Т.Паттен формуласын қолдану арқылы анықтауғада болады:

t = 36,9-T/0,889

Тт – тік ішек температурасы;

және  Н.П.Марченко және В.И.Кононенко формуласын қолданып кеуде қуысы ішілік қызуды өлшеу арқылы анықтауға болады:

t = Tж-Тт/Тч

Информация о работе Танатология негіздері. Өлу және өлім. Мәйіттік құбылыстар. Өлімді констатациялау. Өлім мерзімін анықтау