Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 16:01, реферат
Нашақорлық - наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.
Есірткі - ерекше және өлімге әкеліп соғатын сфера және бұл жерде гуманизм принциптерін қаншалықты қолдану толғандырады. Бір жағынан – оны жеткізіп, таратушы адамның өмірі, ал басқасында - оның «көмегімен» қиылған есірткіні пайдаланушының өмірі тұр.
ЖАСТАР ЖӘНЕ НАШАҚОРЛЫҚ
Нашақорлық - наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.
Есірткі - ерекше және өлімге әкеліп соғатын сфера және бұл жерде гуманизм принциптерін қаншалықты қолдану толғандырады. Бір жағынан – оны жеткізіп, таратушы адамның өмірі, ал басқасында - оның «көмегімен» қиылған есірткіні пайдаланушының өмірі тұр.
Осыған байланысты «Қазақстан
Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-іс
жүргізу кодекстеріне және Есірткінің
заңсыз айналымы аясындағы жауапкершілікті
күшейту мәселелері бойынша Қазақстан
Республикасының әкімшілік
Бұл заң тек аса ауыр есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартады, олар ҚР ҚК-нің 250, 259, 260, 262-264 және 266 баптары бойынша белгіленеді. Осылайша, жаңа заңға сәйкес келесі қылмыстық санкциялар қолданылуы мүмкін:
Жасөспірімдер мен жастар
арасындағы нашақорлық тек кең ауқымды
мәселе ғана емес, сонымен қатар өрлеу
үстіндегі Қазақстанның маңызды проблемасы.
Оның әлеуметтік салдары бар: қылмыстар
мен адамгершілікке жат әрекеттер істеледі,
жеке тұлғаның және жалпы халықтың кері
кетуі байқалады, өлім, әсіресе жастар
арасындағы өлім жағдайлары етек алуда,
өмірге қауіп төндіретін дерттердің дамуы
және берілуі байқалуда, ауру және кеміс
балалардың тууы, ажырасулар көбеюде.
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) есірткілер
мен қылмыс бойынша Басқармасының 2012 жылғы
деректеріне сәйкес, әлемде есірткі тұтынуда
тәжірибесі бар 200 млн. адам бар, 110 млн.
есірткілерді салына тұтынады және 25 млн.
адам есірткілерге тәуелділіктен зардап
шегеді. Нашақорлық таралуының қауіпі
оның қайтарымсыздығында, жас тұрғындар
мен халықтың әлеуметтік осал топтарының
денсаулығын зақымдауында, осыған байланысты
оның медициналық және әлеуметтік салдарының
маңыздылығында. Есірткілерді тұтыну
деңгейіне қылмыстық істер, қайғылы оқиғалар,
жарақаттанулар, уланулар, кісі өлтірулер
мен өзі өзіне қол жұмсаулар саны тікелей
байланысты.
Нашақорлық мемлекетке тікелей
қауіп төндіретін, зор ауқымды ұлттық
мәселеге айналды. Соңғы сараптамалық
бағалаулар бойынша, әрбір нашақор «қар
көшкіні» сияқты нашақорлықтың қарқынын
үдету мақсатында жыл бойына есірткі тұтынуға
13-15 адамды қамтиды. Соңғы жылдары нашақорлар
АҚТҚ-инфекциясын (ВИЧ-инфекция) жұқтырудың
негізгі себебі болуына байланысты, нашақорлық
мәселесіне ерекше назар аударудың маңызы
зор.
Нашақорлық көптеген түрлі қылмыстарға
итермелейді. Есірткілерге деген сұраныс
оны коммерциялық сатуға тыйым салу жағдайында
жасырын есірткі бизнесі мен наркомафияны
туғызады. Есірткілерді тарату мен нашақорлар
қызметіне байланысты басқа да қылмыс
түрлері көбеюде. Егер есірткілік заттарды
тәуліктік қабылдауға нашақордың қажеттілігі
аса жоғары болса, бұл жағдайда кезекті
дозаға ақша табу үшін, нашақор кез келген
қылмысқа баруы мүмкін. Ол қоғаммен байланысты
жоғалтады, сондықтан қылмыс істеуге әрқашан
дайын.
Нашақорлықтың салдарын бағалауда күрделі есірткілер (героин, крэк, кокаин) мен жеңіл есірткілерді (гашиш, марихуана) айырмашылығын ескерген жөн. Өлімге әкелетін күрделі есірткілер аса қауіпті. Жеңіл есірткілердің зиянын тұтынуға рұқсат етілген алкогольдік және темекі өнімдерінің салдарымен салыстыруға болады.
«Жастардың есірткіге
бала жасынан елітуіне біріншіден,
әлеуметтік жағдайдың төмендігі
себеп болып отыр. Әсіресе, 12-14 жас
аралығында өтпелі кезеңді бастан кешіріп,
ұшып-қонып жүрген жас жеткіншектер
үшін бұл кезең өте қауіпті. Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері
бойынша да бұл жаста мыңдаған,
миллиондаған жастар есірткі жетегінде
кетіп жатады. Оған өтпелі кезеңде
жасөспірімдердің ата-ана қарауынан
тыс қалуы, олардың демалыс уақытында
айналысар іс таба алмауы себеп болуда.
Ресми мәлімет биылғы жылы Қазақстанда
12-14 жас аралығындағы нашақорлар саны
көбейіп, республикадағы ең жас нашақордың
жасы 7-де болып отыр деген дерек келтіреді.
Ал 15-17 жас аралығындағы нашақор жасөспірімдер
саны былтырғы жылдың осы кезеңіндегі
мәлімет бойынша 1068 адам болса, бүгінгі
күні олардың қатары 3201 адамға жеткен.
Дәл бүгінгі күні Қазақстан бойынша наркологиялық
диспансерде есепте тұрған нашақорлар
саны 52137 адамды құрап, өткен жылдармен
салыстырғанда 9,5 пайызға артқан.
Бүгінгі таңда Ақтөбе облыстық наркологиялық диспансерінде 14 жасөспірім тұр, ал 2005 жылы небәрі 3 жасөспірім болған. Баласының тәрбиесіне ықпал жасайтын алдымен ата-ана, содан кейін мектеп, колледж дегендей.Сонымен қатар көбіне жасөспірімдер ауылдық жерлерден қаланың дөңгелетіп әкетер құйынына түспек. Қанаттары әлі қатая қоймаған жасөспірім оларға кездесетін даңғылынан шоқалағы молдау жолдарда өз бейнелерін алып шығуы екіталай. Ата-анасы алыста, "қой дейтін қожа, әй дейтін әже жоқ" бала не істемек? Дәл осы өріара кезеңде олар есірткінің,маскүнемдіктің және қылмыстың құрбаны болмақ.
Ол үшін ата-аналар осы балаларын білім алуға сеніп жіберген оқу орындары нашақорлыққа, қылмысқа қарсы бағытта жұмыстарды табанды түрде жүргізуі тиіс. Сонымен қатар, міндетті түрде есірткі пайдалануды анықтайтын тесттерді жүргізу қажет. Бұл нашақорларды төменгі сатыда анықтауға ықпал жасамақ.
ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері "нашақорлар ордасын" жоюға күш салып келеді. Осындай құпия ордалар жасөспірімдерді еліктіріп, оларға ақысыз алғашқы есірткіден "дәм" татырады. Жас өрендер мұндай қармаққа жолдастарының ықпалдарымен немесе қызығушылықтан түсіп қалады. Өткен жылы "нашақорлар ордасын" ұстап, әрекет жасаған әйел ұсталып, 11 жылға сотталды. Осындай қылмыспен белгілі болған екі әйел де қылмыстық жауапқа тартылды.Біздің басты мақсатымыз – нашақорлық деп аталатын індеттің тамырына балта шабу. Бұл кеселмен күресте бар мүмкіншілігімізді пайдаланып, онымен ымырасыз болу деген сөз. Орта Азиядан Ресей Федерациясына жеткізілетін есірткі, психотроптық заттар мен прокурсорлар Ақтөбе аумағы арқылы өтетіндіктен біздің облысымыз үлесінде ауқымды жұмыстар тұр.
Әдебиет:
1. 2012 «ҚазАқпарат» ҰК АҚ
2. http://www.azattyq.org/
3. Қазақ энциклопедиясы, 7 том