Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2011 в 20:15, творческая работа
Криптоанализ – шифрлерді ашу туралы ғылым. Хабар ашық мәтіннен тұрады. Оның мағынасын басқаларға түсініксіз қылу мақсатымен ашық мәтінді түрлендіру процесі шифрлеу деп аталады. Шифрлеу нәтижесінде шифрмәтін пайда болады. Шифрмәтінді ашық мәтінге кері түрлендіру процесі шифрды ашу деп аталады. Жалпы айтқанда, шифрлеу түрлендіруі шифрды ашу түрлендіруіне қарағанда симметриялық немесе асимметриялық болуы мүмкін. Түрлендіру функцияның осы маңызды қасиеті криптожүйелердің екі класын анықтайды: симметриялық және асимметриялық криптожүйелер.