Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 15:26, дипломная работа
Логистиканың өзектілігі және оны зерттеуге деген қызығушылықтың артуы логистикалық әдісті қолдануды ашатын материал өткізуші жүйелердің тиімді қызмет етуін жоғарылататын потенциалды мүмкіндіктерімен түсіндіріледі. Логистика шикізат пен жартылай фабрикаттарды сатып алу мен дайын өнімді тұтынушыға жеткізгенге дейінгі уақыт аралығын қысқартуға мүмкіндік береді, материалды қорлардың күрт қысқаруына әсер етеді. Логистиканы қолдану ақпарат алу үрдісін жеделдетіп, қызмет көрсету деңгейін жоғарылатады. Логистикаға деген отандық ғалымдардың, жоғарғы оқу орындарының оқытушыларының, ғылыми-техникалық жұмысшылардың, өнеркәсіп және көлік кәсіпорындарының менеджерлерінің, инженерлер мен бизнесмендердің қызығушылығы тек отандық экономика үшін жаңа және айтуға ыңғайсыз терминмен ғана емес, сондай-ақ өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында логистикалық әдісті қолдану арқасында алынған әсерлі нәтижелерімен түсіндіріледі.
Кіріспе……………………………………………………………………..…...3
1. ЛОГИСТИКАНЫҢ теориялық негіздері
1.1. Логистика түсінігі және оның даму тарихы, эволюциясы………..........6
1.2 . Логистиканы қолданудың тиімділігі.......................................…............17
1.3 . Шет ел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесі....................................................................................25
2. Қазақстан Республикасында логистиканы қолдану және оның даму болашағы
2.1. Қазақстан Республикасында логистиканың даму жағдайы және болашағы ……………………38
2.2. «High Tech Logistic» ЖШС» және «Хак Групп» АҚ» логистикалық кәсіпорындарының іс-әрекетін талдау……………...................................…49
2.3. Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында логистиканы жетілдіру жолдары………….............................................................................................59
Қорытынды………………………...........……………………………………69
Қолданылған әдебиеттер тізімі……………....................…………………...72
KANBAN микрологистикалық жүйесі. Жоғарыда аталғандай, JІT концепциясын іс жүзіне енгізуінің бірден бір әрекеті “Тоета Моторс” корпорациясы жасаған KANBAN микрологистикалық жүйесі болып табылады (жапон тілінен аударғанда “карта” деген мағынаны білдіреді). KANBAN жүйесі өндірістегі “созылмалы” микрологистикалық жүйесінің бірінші рет жүзеге асырылуын білдіреді, оны енгізуге шамамен 10 жыл кеткен. Мұндай ұзақ уақыттың себебі - KANBAN жүйесінің өзі сәйкес JІT концепциясының логистикалық ортасынсыз жұмыс жасай алмады. Осы ортаның маңызды элементтері мыналар болып табылады:
өндірістің дұрыс ұйымдастырылуы;
өндіріс үрдісінің барлық сатыларындағы сапаны және жабдықтаушылардағы бастапқы материалды ресурстарының сапасын жалпы бақылау;
тек сенімді жабдықтаушылармен және тасымалдаушылармен әріптесу;
бүкіл персоналдың жоғары кәсіби жауаптылығы және жоғары еңбек моралі.
Американдық және еуропалық бәсекелестер осы және басқа да логистикалық орта факторларын ескермей, KANBAN жүйесін автоматты түрде енгізгісі келді, бірақ олар жеңіліске ұшырады [5].
“Тойота Моторс” корпорациясы ең алғаш рет 1972 ж. “Такахама” зауытында (Нагоя қаласы, Жапония) пайдаланған.
KANBAN микрологистикалық жүйесі сақтандыру қорын талап етпейтін, тез қайта құрылуға қабілетті үзіліссіз өндірістік ағымын ұйымдастыру жүйесін білдіреді. KANBAN жүйесінің мәні мынада: зауыттың барлық өндірістік бөлімшелері, соның ішінде соңғы жинау линиясы тұтынушы бөлімше тапсырыс берген уақытта және қажетті көлемде материалды ресурстармен жабдықталып отырады. Сонымен, дәстүрлі әдістен басты айырмашылығы – құрылымдық өндіруші бөлімшенің қатаң өндіріс тәртібі болмайды, кейінгі өндірістік-технологиялық цикл бөлімшесі тапсырыс Берген шеңберде жұмысын оңтайландырады. Жүйедегі ақпаратты тарату құралы пластикалық конверттегі арнайы “kanban” карточкасы болып табылады. Карточканың екі түрі бар: таңдау және өндірістік тапсырыс. Таңдау карточкасында өңдеудің алдыңғы учаскісінде алынуы тиіс бөлшектердің саны көрсетіледі, ал өндірістік тапсырыс карточкасында — алдыңғы өндіріс учаскісінде дайындалуы тиіс бөлшек саны көрсетіледі. Бұл карточкалар “Тоета” кәсіпорнының ішінде, сондай-ақ корпорациялар арасында және олармен қызмет жасайтын компаниялар арасында, сонымен қатар кәсіпорын филиалдарында айналып отырады. Осыдан келіп “kanban” карточкалары жіберілетін және өндірілетін өнім саны туралы ақпарат тасиды, бұл JІT концепциясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мысалы, А,В,С өнімдерін дайындауда қолданылатын а және в бөлшектері алдыңғы технологиялық сатыда дайындалады (4-сурет). а, в бөлшектеріне “kanban” тапсырысының карточкасын жапсырып конвейер бойына қоймалайды. А өнімін дайындайтын жинау линиясындағы жұмысшы таңдау карточкасы жапсырылған белгілі бір бөлшектер жәшігін алу үшін технологиялық арбада тапсырыс карточкасымен а бөлшегінің қоймалау орнына келеді. Қоймалау орнында жұмысшы таңдау карточкасына сәйкес, жәшіктерден жапсырылған карточкаларды жұлып, арбаға бөлшектерді тиейді. Содан кейін алған бөлшектерді жұмысшы жинау линиясына жеткізеді. Ал өндірістік тапсырыс карточкалары а бөлшегінің қоймалау орнында, ағымды линияда қалады, ол алынған бөлшектер санын көрсетіп тұрады. Олар “kanban” өндірістік тапсырыс карточкасында көрсетілген санға қатаң түрде сәйкес келетін көлемдегі жаңа а бөлшектерін дайындауға тапсырысты қалыптастырады.
Сонымен өндірістік-технологиялық учаскілердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін қорлардың минималды деңгейі ұсталады. Материалды ресурстар жұмсалғаннан кейін, “kanban” тапсырыс карточкасы резервтерді толықтыру үшін жабдықтаушыларға жіберіледі. Болжамданған көлем мен жабдықтау уақыты аз болғандықтан, тапсырылатын партиялардың мөлшері аз болады. Бұған қоса, жеткізу кезінде сақталатын қорлар минималды болады.
4 сурет. “Кanban” карточкаларының жылжуының мысалы
KANBAN микрологистикалық жүйесінің маңызды элементі ақпараттық жүйе болып табылады, оған тек карточкалар емес, сондай-ақ өндірістік, тасымалдау және жабдықтау графиктері, технологиялық карталар, ақпараттық жарық таблолары және т.б. жатады, сондай-ақ қажеттіліктерді реттеу және қадрлардың кәсіби ауысуын реттеу жүйесі; өнім сапасын жалпы (TQM) және таңдаулы бақылау жүйесі; өндірісті түзету жүйесі және т.б. жүйелер болып табылады [2].
KANBAN жүйесін іс жүзінде пайдалану өндірілетін өнім сапасын жақсартуға; фирманың айналым капиталының айналымдылығын жоғарылата отырып, логистикалық циклды қысқартуға; өндірістің өзіндік құнын төмендетуге; сақтандыру қорларын жоюға мүмкіндік береді. Әйгілі машина жасайтын фирмалардың KANBAN микрологистикалық жүйесін қолдануының әлемдік тәжірибесін талдау көрсеткендей, ол өндірістік қорларды 50%, таралықты - 8% қысқартуға мүмкіндік береді, егер айналым құралдарының айналымдылығы тездетілгенде және дайын өнім сапасы жоғарылаған жағдайда.
(Materials requirements planning) жүйесі дүние жүзінде ең танымал жүйе болып табылады. Бұл жүйе қажеттіліктерді/ресурстарды жоспарлау логистикалық концепция негізінде жұмыс істейді. Жүйе материалдарды, компоненттерді, жартылай фабрикаттар мен олардың бөлшектерін бақылайды. Оларға сұранысарнайы дайын өнімнің сұранысына байланысты болады. Бұл жүйенің негізгі мақсаты өндірісті жоспарлауда материалдық ресурстарға қажеттілікті қанағаттандыру және тұтынушыға жеткізу, қорлардың төмен деңгейде ұстау, аяқталмаған өндірісті, дайын өнім қолдау, өндірістік операцияларды, жеткізу кестелерін, сатып алу операцияларын жоспарлау.
MRP-I жүйесінің мақсаттары:
тұтынушыларға жеткізуде, өндірісті жоспарлауда материалдарға, компоненттерге және жабдықтауыштарға қажеттілікті қанағаттандыру;
материалдық ресурстарды, дайын өнім қорларын төмен деңгейде ұстау;
өндірістік операцияларды, жеткізу тәртібін, сатып алу операцияларын жоспарлау.
Жоспарлауға кеткен уақыт ішінде, бұл мақсаттарды жүзеге асыру үрдісінде жүйе қажетті материалдық ресурстар ағымдарын қамтамасыз етеді.
MRP-I жүйесі өз жұмысын соңғы өнімді қашан, қандай көлемде өндіруге қажеттілікті анықтаудан бастайды. Содан кейін, жүйе өндірістік тәртіп бойынша қажеттілікті қанағаттандыруға керек уақыт пен қажетті материалдық ресурстар көлемін анықтайды.
MRP-I жүйенің ядросы бағдарлама кешені. Бұл өндірістік тәртіп негізінде, материалдық ресурстар мен олардың қорлары негізінде белгілі бір алгоритмдер арқылы барлық есептеулер мен талдау жасайды. Сонында бағдарлама кешені бөлімшелерге материалдық ресурстарды жеткізу схемалары, жеткізу көлемі мен уақыты және тағы басқа қағаздар тобын береді.
Содан кейін барлық жоспарлар жүзеге асады. Осылай MRP-I жүйесі жоспарлау негізінде материалдық ресурстарды бөлімшелерге итереді.
Өндірістік бағдарламаның бұзылуы мен өзгерістер кезінде қайта жоспарланады.
MRP-I жүйесінің негізгі кемшіліктері:
ақпаратты анықтаудың мен өндеудің үлкен көлемдігі;
логистикалық шығындардың кәсіпорынның материалдық ресурстар қорлар деңгейін төмендетуде немесе аз тапсырысты тез арада орындауда, тапсырысты өңдеу мен жеткізу негізінде өсуі;
қысқы мерзімдегі сұраныс өзгерістеріне тәуелсіздігі;
жүйенің және оның құрастыруының үлкендігінен көп тапсырыстардың орындалмауы
Бұған қоса барлық итеруші жүйелкердің кемшіліктері қосылады: сұранысты дәл бақыламауда және сақтық негізінде қосымша қорларды міндетті түрде ұстау. Сақтандыру қорларының болуы, бір жағынан айналым қаражатты тежейді, бірақ жүйеде , JIT-ға қарағанда жабдықтаушылардың сенімсіздігі мен сұраныстың бірден өзгеруінен тұрақтылық береді [3].
Итеруші жүйелер қатаң жоспарланған өндірістік тәртіппен сипатталады.
MRP жүйелері материалдық ресурстарға сұраныс тұтынушылардың дайын өнімге сұранысынан бейімделеді немесе материалдық ресурстардың үлкен номенклатурасымен жұмы істегенде қолданылады. MRP жүйелер ұзақ өндірістік цикл кезінде қолданылады.
MRP-I жүйесінің кемшіліктерін жою мақсаттында MRP-II (Manufacturing resource planning) жүйесі құрастырылған болатын. MRP-II жүйесі жоспарлауда үлкен серпімділікке, жеткізуді жақсы жоспарлауға және сұраныс өзгерісіне жақсы сезімталдыққа ие.
MRP-II-де сұранысты жоспарлау, тапсырысты орналастыру, қорларды басқару блоктары елеулі орынға ие.
MRP II Standart System жүйесі 16 топ қызметін сипаттайды:
1. Sales and Operation Planning (Сату мен өндірісті жоспарлау).
2. Demand Management (Сұранысты басқару).
3. Master Production Scheduling (Өндіріс жоспарларын құрастыру).
4. Material Requirement Planning (Материалдық қажеттіліктерді жоспарлау).
5. Bill of Materials (Тауарлардың спецификациялары).
6. Inventory Transaction Subsystem (Қойманы басқару).
7. Scheduled Receipts Subsystem (Жоспарлы жеткізулер).
8. Shop Flow Control (Өндірістік цех деңгейінде басқару).
9. Capacity Requirement Planning (Өндірістік қуаттылықты басқару).
10. Input/output control (кіру/шығу бақылау).
11. Purchasing (Материалды - техникалық жабдықтау).
12. Distribution Resourse Planning ( Ресурстар бөлуді жоспарлау).
13. Tooling Planning and Control (Өндірістік операцияларды жоспарлау мен бақылау).
14. Financial Planning (Қаржыны басқару).
15. Simulation (Моделдеу).
16. Performance Measurement (Қызметтің қортындыларын бағалау).
MRP II ақпараттық жүйе тобының негізгі материалдық (шикізат), жартылайфабрикаттар (сонымен қатар өндірістегі) және дайын өнімнің ағымдарын құрастыру болып табылады. MRP II топ жүйесінің мақсаты –жаюдықтау, қорлар, өндіру, сату мен дистрибьюция, жоспарлау, жоспарды орындауды бақылау, шығындар, қаржы, негізгі қорлар және тағы басқа өндірістегі жасалатын барлық үрдістерді біріктіру. MRP II -нің өндірістік жоспарлаудағы міндеттер иерархиясы (кесте 3), басқа жүйелермен салыстырмалы түрде көрсетілген.
MRP II біріккен стандарттар жүйені қолданудың көрсеткіштері:
ағымдағы кәсіпорынның қызметі туралы толық, сонымен қатар толығымен тапсырыстар, ресурстар түрлері, жоспарды орындау бойынша нақты, толық, жылдам ақпарат алу мүмкіндігі;
ұзақ мерзімге, тез және нақты кәсіпорын қызметін жоспарлау және нақты ақпарат негізінде, жоспар көрсеткіштерді түзету;
өндірістік және материалдық ағымдар мәселелерін оңтайландыруды шешу;
қоймаларда материалдық ресурстардың нақты қысқаруы;
бар өндіріс циклді жоспарлау мен бақылау. Өндірістік қуаттылықтарды, ресурстардың балық түрлерін пайдалануда оңтайлы тиімділікке жету, тұтынушылар қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өндіріс цикліне өзгертулер енгізу мүмкіндігі;
Кесте 3. MRP II/ ERP мен дәстүрлі АБЖ-нің өндірістік жоспарлаудағы міндеттер иерархиясы
Өндірісті жоспарлаудың негізгі мақсаттары | Негізгі мақсаттар сипаттамасы | Жоспарлардың бөлшектеу деңгейі мен жоспарлау шегі | Жоспарларды және өндіріс қуаттылығын теңестіретін қосалқы мақсаттар | Дәстүрлі АБЖ-дағы сәйкес жоспарлау мақсаттары |
Production Plan (өндіріс бойынша жоспар) | Табиғи, ақшалай немесе норма-сағат түрінде тауар топтарының жоспары. Ол кәсіпорын басшылығында өткізу жоспары негізінде жасалады. Жоспар кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарын, сұранысты, өндірістік қуаттылықты байланыстыру үшін қолданылады. | Жоспар кәсіпорынды түгелімен қамтиды. Ол кварталдарға, айларға бөлініп, бір-екі жылға жасалады. | Resource Plan- өндіру жоспары бойынша негізгі ресурстарға қажеттілікті қамтитын шығындар сметасы (материалды және жұмыс ресурстар, ресурстар мен өндірістік қуаттылықты қоса). | Өндірістік бағдарлама-өнімді өндірі және өткізу жоспары (тапсырыс портфелі мен өндіріс қуаттылығын қарастыру). |
Master Production Schedule – MPS (өндірістің кешенді жоспары) | Тапсырыс портфелі мен өнім топтарының шығару жобалар негізінде MRP үшін ақпарат дайындалады. Жоспар тапсырысты орындау уақыты, өндірістегі тасырысты бақылау, сақтау деңгейін қадағалау үшін қолданылады. | Жоспар кәсіпорынды түгелімен алады. Ол кварталдарға, айларға, апталарға бөлініп, бір немесе жарты жылға (бірақ өндірістік циклдық мерзімінен аз емес) жасалады. | Rough-cut Capacity Planning-өндірістік қуаттылықты алдын ала жоспарлау(технологиялық құрал-жабдықтың ресурстар мен топтар бойынша жоспардың балансталғаныы тексеру, загрузка норма-сағатта ескеріледі). | Өндірістік бағдарламаны алынған тапсырыс негізінде нақтылау, оны уақыт 0оры бойынша тарату. Өндірістің кешенді жоспары тапсырыстары туралы ақпаратты қамтиды. Оны нақтылау деңгейі бойынша өндірістік бағдарламаға жатқызуға болады, көлемді және жылдам жоспарлау. (отандық АБЖ терминде) |
Material Requirements Planning – MRP (материалды ресурстарға қажеттілікті жоспарлау) | Өндіріске тапсырысты қосуды автаматтандыру. Тапсрыты орындау кезінде басты мақсаттарды динамикалық түрде жүргізу. | Әркүндегі (аптадағы) нақтылаумен. Кәсіпорынның қызмет бөлімдері мен бөлімшелер үшін жоспарлар. Уақыт интервалын бір айға (бір жылға дейін-сирек) дейін қамтиды. | Capacity Requirements Planning - өндірістік қуаттылықты нақтылы жоспарлау. | Өндірістік бағдарламаны өндіріс бөлімшелері арасында тарату, бөлімшелерді қамтамасыз ететіндермен жоспарды қарастыру. Жылдам және бөлшекті жоспарлау (номенклатура бойынша жоспарды нақтылау, өндірісті іске қосып, өнімді шығару жоспарларды құрастыру) |
3 кестенің жалғасы
Өндірісті жоспарлаудың негізгі мақсаттары | Негізгі мақсаттар сипаттамасы | Жоспарлардың бөлшектеу деңгейі мен жоспарлау шегі | Жоспарларды және өндіріс қуаттылығын теңестіретін қосалқы мақсаттар | Дәстүрлі АБЖ-дағы сәйкес жоспарлау мақсаттары |
Shop Floor Control, Data collectio n, Dispatching (өндірісті жоспарлау және бөлшекті жоспарлау, өндіріс үрдісін есептеу және диспетчерлеу) | Күн сайынғы жоспарды жүзеге асыру үшін, құрал-жабдықты теңдей толтыру үшін бөлшек-операцияларды технологиялық құрал-жабдық топтары арқылы орын-орынмен орналыстыру. Өндіріс үрдісін бақылау. | жұмыс тәртібін сағат немесе минут нақтылаумен жоспарлар күн сайын дайындалады (кейбір кездерде жұмыс кезінде бірнеше рет). | Capacity control- өндірістік қуаттылық пен жұмысшы уақыт қорының толтырылуын қадағалау, жіңішке орындардың пайда болуына талдау жасау. | Жылдам жоспарлау және диспетчирлеу, өндіріс үрдісін қадағалау. Құрал-жабдықтың, смена-тәуліктік тапсырыстың толтырылуын қадағалау. |
Информация о работе Логистика түсінігі және оның даму тарихы, эволюциясы