Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 22:11, реферат
Логистиканың өзектілігі және оны зерттеуге деген қызығушылықтың артуы логистикалық әдісті қолдануды ашатын материал өткізуші жүйелердің тиімді қызмет етуін жоғарылататын потенциалды мүмкіндіктерімен түсіндіріледі. Логистика шикізат пен жартылай фабрикаттарды сатып алу мен дайын өнімді тұтынушыға жеткізгенге дейінгі уақыт аралығын қысқартуға мүмкіндік береді, материалды қорлардың күрт қысқаруына әсер етеді. Логистиканы қолдану ақпарат алу үрдісін жеделдетіп, қызмет көрсету деңгейін жоғарылатады.
Шет елдердегі логистика түсінігі
және оның даму тарихы
Орындаған: Сулеева А
Шет елдердегі логистика түсінігі және оның даму тарихы
Логистиканың өзектілігі және оны зерттеуге деген қызығушылықтың артуы логистикалық әдісті қолдануды ашатын материал өткізуші жүйелердің тиімді қызмет етуін жоғарылататын потенциалды мүмкіндіктерімен түсіндіріледі. Логистика шикізат пен жартылай фабрикаттарды сатып алу мен дайын өнімді тұтынушыға жеткізгенге дейінгі уақыт аралығын қысқартуға мүмкіндік береді, материалды қорлардың күрт қысқаруына әсер етеді. Логистиканы қолдану ақпарат алу үрдісін жеделдетіп, қызмет көрсету деңгейін жоғарылатады. Логистикаға деген отандық ғалымдардың, жоғарғы оқу орындарының оқытушыларының, ғылыми-техникалық жұмысшылардың, өнеркәсіп және көлік кәсіпорындарының менеджерлерінің, инженерлер мен бизнесмендердің қызығушылығы тек отандық экономика үшін жаңа және айтуға ыңғайсыз терминмен ғана емес, сондай-ақ өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында логистикалық әдісті қолдану арқасында алынған әсерлі нәтижелермен түсіндіріледі.
Шетел
тәжірибесі көрсеткендей, қазіргі бизнесте
логистика стратегиялық маңызды
орынға ие. Осы салада табысқа жеткен
көптеген мамандардың компания басшылығындағы
жоғарғы қызмет орындарына жылжитыны
кездейсоқ емес. Қазіргі уақытта алдыңғы
қатарлы фирмалардағы логистиканың дәстүрлі
функционалды салалары стратегиялық инновациялық
(жаңартпа) жүйе құра отырып, жалпы ақпараттық-компьютерлік
платформа негізін-де бірікті. Логистика
саласындағы қызмет көп қырлы. Оған көлікті,
қойма шаруашылығын, қорларды, кадрларды
басқару, ақпаратты жүйелердің ұйымдастырылуы,
коммерциялық қызмет және т. б. жатады.
Аталған әрбір функция сәйкес салалық
пәнде терең зерттеліп, баяндалған.
Материалды ағымдарды басқару әр уақытта
шаруашылық қызметтің маңызды жағы болып
табылатын. Дегенмен, ол тек жақында ғана
экономикалық өмірдің маңызды функцияларының
біріне айналды. Негізгі себебі – өндірістік
және сауда жүйелерінің тұтынушының тез
өзгеріп отыратын талғамына жылдам икемделуі
қажеттігін туғызған сатушы рыногынан
сатып алушы рыногынаөту.
Шет елдердің көпшілігінде логистикалық
ассоциациялар, ұйымдар мен қоғамдастықтар
құрылып, тиімді қызмет етіп отыр. Логистика
салыстырмалы түрде жас және белсенді
дамушы ғылым мен бизнес сферасы болып
табылады. Шет елде логистика соңғы онжылдықта
тез дамыды. Қазақстан үшін логистикалық
өндірістік, сауда, көлік және ақпараттық
жүйе-лердің қалыптасуы мен дамуы өте
маңызды, себебі ол біздің елдің әлемдік
экономикалық және ақпараттық кеңістікке
интеграциялануын тездетеді.
Өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің экономикалық
әдебиетінде логистикалық мәлелердің
алатын орны маңызды және оның дамуын
зерттеуге көптеген еңбектер
Логистиканың тәжірибелі тәсілдерді және
ғылыми көзқарасты талап етуі Қазақстанның
нарықтық қатынастарға көшуінің бастауымен
сай келді. Отандық бизнестегі логистикалық
көзқарастың мүмкіндіктерін және қарқынын
бүгінгі күнгі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық,
саяси жағдайдан және экономикалық реформалар
қадамының болжамынан бөліп-жарып қарауға
болмайды.Кіріспеде бұл тақырыпты таңдап
алудағы себептері, тақырыптың өзектілігі,
оны зерттеудегі мақсаттары аталып, әр
тарауда қолданылған әдебиеттер және
баспасөз материалдары көрсетіліп кетеді.
І бөлімде логистика тарихы, эволюциясы,
ұғымы мен мазмұны, әдістемелері, экономикалық
тиімділігі, шет ел кәсіпорындарында логистикалық
концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесі
кеңірек қарастырылады.
ІІ бөлімде Қазақстан Республикасындағы
логистиканың даму нарығының жағдайы
мен болашағы, «High Tech Logistic» ЖШС» және «Хак
Групп» АҚ» логистикалық кәсіпорындарының
іс-әрекетін жан-жақты талданып, Қазақстан
Республикасы кәсіпорындарында логистиканы
жетілдіру жолдары қарастырылады.
Қорытынды бөлімде зерттелген мәселелер
төңірегінде логистика қызметін тиімділігін
арттыру, тәжірибедегі мәселелерін шешу
жолдарын көрсетіп, ұсыныстар келтірілген.
Логистиканың концепциясы материалды ағымдарды оңтайландыру арқылы шаруашылық қызметтерді жетілдіруге тиісті көзқарастар жүйесі болып табылады. Материалды ағымдарды басқару құрылатын негізгі, конструктивті принцип жүйелілік принципі болып табылады. Ол бірыңғай процесс үрдісі ретінде сатып алуларды жүргізу, ұйымдастыру, сақтау, өндіріс, өткізу және тасымалдауды білдіреді. Экономикадағы материалды ағымдар көптеген қатысушылардың қызметтерінің нәтижесінде пайда болады, ол қатысушылардың әрқайсысының өз мақсаттары бар. Егер қатысушылар бірлесіп, басқару объектісін-іштей материалды ағымдарды-рационализациялау мақсатында өз іс-әрекеттерін келісіп жасаса, онда олардың барлығы маңызды экономикалық ұтыс алады. Материалды ағымдарды рационализациялау тек бір кәсіпорын немесе оның бөлімшесінің шеңберінде ғана мүмкін болады. Бірақ максималды әсерді тек шикізаттың алғашқы көзінен соңғы тұтынушыға дейінгі жолда, жиынтық материалды ағымдарды оңтайландыра отырып немесе оның жеке маңызды учаскілерін оңтайландыра отырып алуға болады. Бірақ материал өткізуші тізбектердің барлық звенолары, яғни макрологистикалық және микрологистикалық жүйелердің барлық элементтері бірыңғай құрылған механизм ретінде жұмыс істеуі қажет. Бұл мәселені шешу үшін техниканы таңдауға, материал жылжитын түрлі учаскілердегі өзара үйлескен технологиялық үрдістерді жобалауға, қарама-қайшы экономикалық мүдделердің үйлесу мәселелеріне және де материалды ағымдарды ұйымдастыруға байланысты басқа мәселелерге жүйелік тұрғыдан қарау қажет.
Материалды ағымдарды басқаруға жүйелік тұрғыдан қарау мәселелері толығынан төменде қарастырылады. Шикізат және жұмыс күші арзан елдердегі өндірістік бөлімшелерді дұрыс орналастыру, қойма шаруашылығының орналасуын және құрылымын оңтайландыру, шикізатты, бөлшектерді және дайын өнімді дұрыс тасымалдау әдістерінің, қосалқы бөлшектермен жабдықтауды және логистикалық сервисті ұйымдастыру есебінен корпорациялардың логистикалық шығындарын төмендету мәселелері қарастырылды.Соңғы жылдары нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, логистика атты жаңа ғылыми практикалық ағым пайда болып, белсенді түрде даму үстінде. Бұның барлығы логистикалық бағыттың капиталистік елдер экономикасында дамып, елеулі нәтиже беруі арқасында. Логистика көптеген IBM, Proctor&Gamble, General Motors, Ford Motors, Johnson&Johnson атты корпорациялардың бизнес құралына айналды.Бұл бөлімде логистикалық концепциялардың өндірістік үрдістің рентабельдігін көтеріп, оны оңтайландыру, сонымен қатар, өндірілетін тауарға немесе қызметке бәсекелестер тауарынан артық қасиеттер беру жағдайлары қарастырылады.Батыс мамандар мен ғалымдар көптеген кәсіпорындарда тиімді, бәсекелестерден артықшылық беретін, әрі кеңінен қолданылатын көптеген логистикалық концепцияларды құрастырған болатын. Төменде келтірілген концепциялар отандық кәсіпорындарға одан әрі өнімді және тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз.Дүниеде ең кең таралған микрологистикалық концепция “just-іn-tіme” – JIT (“дәл мерзімде”) концепциясы болып табылады. Бұл концепция 1950 жылдың соңында пайда болды, бұл кезде Тойота Моторс Жапон компаниясы және басқа да Жапонияның автомобиль өндіруші фирмалары белсенді түрде KANBAN микрологистикалық жүйесін енгізе бастады. Бұл концепцияға “Just-іn-tіme" атауын кейінірек американдықтар берді, олар, сондай-ақ бұл әдісті автомобиль өндірісіне пайдаланды. JIT концепциясының алғашқы мақсаты — автомобильдерді жинаудың өндірістік үрдісінде материалдың, бөлшектердің және жартылай фабрикаттардың қорларын ұстамау. Бастапқы тәртіп келесідей болды: егер өндірістік кесте берілсе, онда барлық материалдар, бөлшектер, жартылай фабрикаттар керекті көлемде, қажетті орында және дайын өнімді өндірудің дәл белгіленген мерзімінде жеткізілетіндей етіп материалдық ағымдар қозғалысын ұйымдастыру қажет. Мұндай жағдайда сақтандырушы қорлар керексіз болып қалды.Логистикалық тұрғыдан, JIT — бұл қорлардың минимум талаптары шексіз қорларды басқарудың бинарлы логикасы, мұндағы материалды ресурстар ағымы өндірістік кестемен берілетін қажеттілікпен синхрондалған. Мұндай синхрондау-бұл екі базистік логистикалық функциялардың, яғни жабдықтаудың және өндірістік менеджменттің үйлесуі. Кейіннен JIT идеологиясы бөлуге, дайын өнімді өткізу жүйесіне табысты түрде енгізілді, ал қазіргі уақытта макрологистикалық жүйеде де өз дамуын алып отыр.JIT - ның қазіргі бизнестің түрлі салаларында кең дамуын ескере отырып, оған келесі анықтаманы беруге болады:“JIT-бұл қормен байланысты шығындарды минимизациялау мақсатымен, жүйе звеноларына қажет уақытта, қажетті мөлшерде материалды ресурстарды, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімдерді жеткізу үрдісін синхронизациялауға негізделген өндірісте, жабдықтауда және бөлуде логистикалық жүйелерді құрудың қазіргі заманғы концепциясы” JIT концепциясы алдыңғы бөлімде қарастырған логистикалық циклмен және оның құрамдастарымен тығыз байланысты. Идеалды жағдайда материалды ресурстар, жартылай фабрикаттар немесе дайын өнімдер логистикалық тізбектің (арнаның) белгілі бір орнына, оларға қажеттілік туған мезетте жеткізілуі тиіс, бұл өндірістегі бос қорларды болдырмайды. JIT әдісіне негізделген қазіргі логистикалық жүйелер логистикалық циклдың қысқа құрамдастарына бейімделген, бұл жүйе звеноларының сұраныс өзгерісіне және сәйкесінше өндірістік бағдарламаларға тез әсер етуін талап етеді.
Информация о работе Шет елдердегі логистика түсінігі және оның даму тарихы