2012 жылдың бірінші жартыжылдығына шағын бизнесті дамыту туралы талдамалық баяндама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 09:33, курсовая работа

Описание

Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне Ақпараттық материалдарды ұсынудың 2012 жылға арналған кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы №01-38.143 бұйрығының 60-тармағына сәйкес жартыжылдық негізде Шағын бизнесті (оның ішінде облыстар бөлінісінде) дамыту туралы талдамалық баяндаманы қалыптастырады.

Содержание

1. КІРІСПЕ…......………………………………………………………… 3
2. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ 2012 ЖЫЛҒЫ
1 МАУСЫМДАҒЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ ……………............................4
3. БИЗНЕС-АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ…......……………………… 12
3.1 Рұқсат беру жүйесін жетілдіру және бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру …..........12
3.2 Тәуекелдерді бағалау жүйесін (ТБЖ) енгізу……………………………… 13
3.3 Дүниежүжілік Банктің «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның ұстанымы…….............................................................................................14
4. «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ 2020» БАҒДАРЛАМАСЫН
ІСКЕ АСЫРУ.......................................................................................16
4.1 Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау
шаралары ……………………………………………....................………………16
4.2 Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық емес қолдау
шаралары …………………19
5. «МОНОҚАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ» ШЕҢБЕРІНДЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ…….23
6. КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ….......... 24
6.1 Бизнес-инкубаторлардың, технологиялық парктердің және кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының (КҚО) жай-күйі ……..............……………24
6.2 Жергілікті атқарушы органдар жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер………...…27
7. ҚОРЫТЫНДЫ……………………………….........…… 29

Работа состоит из  1 файл

kazбаяндама.doc

— 379.50 Кб (Скачать документ)

 

Тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер өндірісінің 2012 жылғы қаңтар-наурызда ЖІӨ-гі үлестері тиісінше 39,9% және 55,0% құрады. ЖІӨ-нің өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп – 33,5% құрайды.

2012 жылғы қаңтар-мамырдағы  өнеркәсіп өнімінің нақты көлем  индексі 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,3% құрады. Өндірістің өсуі республиканың 10 өңірінде байқалды. Төмендеу Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында және Астана қаласында тіркелді.

 

Өңірлер бойынша  өнеркәсіп өнімі көлемдерінің өзгеруі 

 

1-кесте

өткен жылғы тиісті кезеңге %-бен

 

 

Шығыс Қазақстан  облысында 2012 жылғы қаңтар-мамырдағы өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 123,9%-ды құрады. Мыс және қорғасын-мырыш кендерін өндіру артты, тазартылған алтын және күміс, жеңіл автомобильдер, тиындар мен медальдар, құнбағыс майының шығарылымы артты.

Алматы қаласында құнбағыс майы, сыра, шай, шоколад, жылу энергиясы  және өнеркәсіптік сипаттағы қызметтердің шығарылымы артты (114,3%).

Ақтөбе облысында мұнай, мыс кендері мен қойыртпалары, пропан және бутан өндірісі артты (107,9%).

Оңтүстік Қазақстан облысында нақты көлем индексі  107,4% құрады. Уран және оның қосылыстары, бензин, керосин, газойльдер, ұн,  кардо және тарақпен түтілген мақта  өндірісі өсті.

Солтүстік Қазақстан  облысында ұн, тазартылмаған құнбағыс майы, сүт, макарон, локомотивтерге арналған индикаторлы панельдер, жылу энергия өндірісі артты (107,4%).

Алматы облысында шылым, алкогольсіз сусындар, сыра, сүт және электр энергиясы шығарылымы артты (105,7%).

Павлодар облысында бензин, газойльдер, оттық мазут, ферросиликохром және электр энергия өндірісі артты (103,4%).

Негізінен мұнай және ілеспе газ өндіру артуы есебінен Қызылорда облысында нақты көлем индексі 102,9%-ды құрады.

Жамбыл облысында цемент, газойльдер, фосфорлы тыңайтқыштар, электр энергия, ферросиликомарганец және оттық мазут шығарылымы артты (102,3%).

Нақты көлем индексі Қостанай облысында 101,6%-ды құрады. Теміркенді қойыртпалар, құрамында алтыны бар кендер өндіру, жеңіл автомобильдер, Доре қорытпасындағы алтын және ұн өндірісі артты.

Атырау облысында өнім көлемі (99,4%) мұнай өндіру мен пропан және бутан өндірісінің азайуынан төмендеді.

Ақмола облысында нақты көлем индексі 99%-ды құрады. Құрамында алтыны бар кендер өндіру мен тазартылмаған алтын, бетоннан жасалған құрылыс конструкциялары, пластмассадан жасалған құбырлар, түтіктер өндірісі төмендеді.

Батыс Қазақстан облысында газ конденсатын өндіру және газойльдер өндірісі төмендеу есебінен нақты көлем индексі 98,7%-ды құрады.

Маңғыстау облысында мұнай және газ конденсатын өндірудің төмендеуі есебінен нақты көлем индексі 96,7%-ды құрады. 

Қарағанды облысында тазартылған мыс, легірленбеген болат, жазық илек, тазартылған күміс өндірісі төмендеуінен нақты көлем индексі 95,1%-ды құрады.

Локомотивтер, қара металдан жасалған конструкциялар, бетон өндірудің төмендеу есебінен Астана қаласында нақты көлем индексі 92,2%-ды құрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шағын және орта кәсіпкерліктің (ШОК) дамуын сипаттайтын негізгі

индикаторлардың ұлғаюы (азаюы)

2-кесте

өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен

 

Тіркелген ШОК субъектілерінің  жалпы санындағы 

ШОК белсенді субъектілерінің  үлесі

3-кесте

 

Шағын және орта кәсіпкерліктің (ШОК) дамуын сипаттайтын

негізгі индикаторлардың  ұлғаюы (төмендеуі) (облыстар бөлінісінде)

4-кесте

өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен

 

 

5-кесте

өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен

 

6-кесте

өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен

 

2012 жылғы 1 маусымдағы ШОБ қызметіндегі құрылым көрсеткіштері

 

7-кесте

пайызбен

 

 

3. БИЗНЕС-АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ

 

Кәсіпкерлікті мемлекеттік  қолдауға қаржыландыру мәселелері ғана емес, сонымен бірге, бизнес-ахуалды жақсарту және бизнестің дамуына кедергі болатын әкімшілік кедергілерді азайту да кіреді.

Республикада бизнес-ахуалды  жақсарту бойынша жұмыс жүйелі және нақты (басым шаралармен) жүргізілуде. Біріншісіне рұқсат беру жүйесін реформалауды және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін жетілдіруді жатқызуға болады.

 

3.1 Рұқсат беру жүйесін жетілдіру және бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру

 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өткен жылы рұқсат беру құжаттарының және рәсімдерінің саны 34%-ға қысқартылды, бұл шығынды  едеуір төмендетті және ШОБ қызметінің тиімділігін арттырды, ал кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптар заңдар, жарғылар және Үкіметтің қаулылары деңгейінде ғана белгіленеді.

Ағымдағы жылы лицензияларды электронды форматта беру және жекелеген рұқсаттарды хабарлама тәртібіне көшіру, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қадағалау-бақылау функцияларының тізбесін қысқарту және бизнесті тексеруді оңтайландыру арқылы лицензиялар мен рұқсаттарды тағы 30%-ға қысқартуды көздейтін заң жобасы әзірленді.

Заң жобасында анықталған 1096 рұқсатты жоғары қауіптерден қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейтін 257-сінің күшін жою және ақпараттық сипаттағы азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп-қатер келтірмейтін,                          40 рұқсатты хабарлама тәртібіне көшіру көзделген.

Сондай-ақ, тіркелген  сәттен бастап үш жыл бойы шағын бизнес субъектілеріне жоспарлы тексерулер жүргізуге тыйым салуды енгізу, «тыйым салынбағанның барлығына рұқсат беріледі» деген бизнестің толық еркіндігі қағидатын және әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған басқа нормаларды заңнамалық бекіту көзделген.

Бұдан басқа, Еліміздің барлық рұқсат беру жүйесін реттеу мақсатында жаңа 2012-2015 жылдарға арналған рұқсат беру жүйесін одан әрі реформалау тұжырымдамасы әзірленді (бұдан әрі - Тұжырымдама), ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 шілдедегі № 929 қаулысымен бекітілді.

Тұжырымдаманың негізгі  қағидаты рұқсат беру құжаттарын сыныптау және оларды қауіптілік дәрежелері бойынша  санаттауды көздейтін Интеграцияланған рұқсат беру жүйесін енгізу болып табылады.

Тұжырымдаманы іске асыру  шеңберінде барлық рұқсат беру құжаттарына  түгендеу жүргізіледі және оның қорытындысы  бойынша сыныптар мен санаттар бөлінісіндегі  рұқсат беру құжаттарының толық тізбесі  қалыптастырылатын болады, ол кейіннен «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» заң жобасында бекітіледі.


 

 

3.2 Тәуекелдерді бағалау жүйесін (ТБЖ) енгізу

 

2011 жылғы қазанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қолданысқа енгізілді, оған сәйкес бизнестің орындауын міндетті талаптар заңдар, жарғылар және Үкіметтің қаулылары деңгейінде белгіленеді.

Осы Заңды іске асыру  үшін мемлекеттік органдар қолданыстағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексеру парақтары мен ведомстволық есептіліктердің нысандарын бекіту туралы бірлескен бұйрықтардың (бұдан әрі - бірлескен бұйрықтар) күшін жойып, жаңадан бекітуде.

2012 жылдың бірінші жартыжылдығында Министрліктің қарауына барлығы 24 бірлескен бұйрық енгізілді (тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері мен тексеру парақтарының нысандарын бекiту туралы - 18; міндетті ведомстволық есептілік нысандарың бекiту туралы – 6), олардан ЭДСМ-де 21 келісілді (3 бірлескен бұйрықтарға ескертулер берілді, мемлекеттік органдармен пысықталуда).

Есепті кезеңде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулердің саны 13%-ға төмендегені байқалады ( 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында тексерулердің саны 116 534 құрады, 2011 жылдың ұқсас кезеңі – 134 108).

Есепті кезеңде жалпы өткізілген тексерулердің 41 % - жоспарлы, 59 % - жоспардан тыс тексерулерді құрады. Жоспарлы мен жоспардан тыс тексерулердің арасындағы айырмашылықтың азаюы себебі, ол осы тексерулер бақылау субъектісі әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін бұзушылықтар анықтамайтындықтан, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен осы тексерулерді статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органда тіркеуді талап етпейтін бақылаудың басқа нысанына жатқызу туралы өзгерістер енгізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.3 Дүниежүжілік Банктің «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның ұстанымы  

 

Дүниежүзілік Банк жыл сайын «Doing Business» рейтингінің                               11 индикаторы бойынша 183 елде бизнес ахуалдың жағдайын бағалау жүргізеді (рейтинг, бизнесті жүргізудің жеңілдігін анықтайды).

Қазақстан ТМД-нiң Украина (152 орын), Тәжікстан (147 орын), Ресей (120 орын), Қырғызстан (77 орын), Беларусь (69 орын) және Әзірбайжан (66 орын) сияқты елдерін және Қытай (91 орын), Италия (87 орын), Түркия (71 орын), Польша (62 орын), Люксембург (50 орын) сияқты дамыған елдердi басып озды.

Нәтижеде қабылданған шаралар:

«Инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша Қазақстан 34 ұстанымға көтерілді (44-тен 10-ға), бұған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ипотекалық кредиттеу және қаржылық қызметті тұтынушылар мен инвесторлар құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізген, бұған 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының күшіне енуі ықпал етті.

Мүдделі тұлғалар арасындағы мәмілелерді  мақұлдауға және мүдделі тараптар арасындағы нұқсанды мәмілелер кезінде талап  қою процесін оңайлатуға қатысты  талаптарды өзгерте отырып, Қазақстан  инвесторларды қорғау құқығын күшейтті.

«Салық салу» индикаторы бойынша Қазақстанның ұстанымы екі жыл бойы жақсарғандығы байқалады. Егер былтырғы есепте 14 ұстанымға көтерілгені байқалса, биыл 13 ұстанымға көтерілді.

Ұстанымның көтерілуіне ықпал еткен негізгі фактор – жаңа Салық кодексінің күшіне енуі болды, бұл «Салық салу» индикаторының құрамдарын жақсартуға мүмкіндік берді. Жалпы салық ставкасы (пайда %-да) Қазақстанда әлемнің 183 елінің ішінде ең төменгісі - 28,6% (Еуропа және Орталық Азия мемлекеттерінде – 40,4%), төлемдер саны 7 төлемді құрады (37 төлем)), ал өзінің міндеттемелерін орындау үшін салық төлеушілерге – 188 сағат (302 сағат) уақыт қажет.

Қазақстан «Меншiктi тiркеу» индикаторы бойынша 29 орында тұр. Мемлекеттiк тiркеудiң мерзiмдерi 11-ден 5 күнге дейiн қысқартылған, жылжымайтын мүлiк объектілерiне ақпараттық анықтама алу мерзiмі 3 күннен          30 минутқа дейiн, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жылжымайтын мүлiк кепiлдiгi келiсiмшарттарын мемлекеттiк тiркеу мерзiмi қысқартылды.

«Кәсіпорындар ашу» индикаторы бойынша Қазақстан – 57-ші орынды иеленді. Үкімет қаулысымен шағын кәсіпкерлердің және үлгілік жарғы негізінде қызметін жүргізетін орта және ірі кәсіпорындар болып табылатын заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеуі бір жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Өз қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүргізетін орта және ірі кәсіпорындар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Қазақстан «Кәсiпорындарды тарату» индикаторы бойынша 54 ұстанымда орналасқан. Борышкердің мүлкін сату тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында сол бір лот бойынша екі және одан да көп сауда-саттық өткізу жойылған, сауда-саттық ұйымдастырушыны конкурстық негізде тарту көзделген.

Сонымен бiрге, жеке индикаторлар бойынша Қазақстанның ұстанымы жоғары емес. Жүргізілген жұмысқа қарамастан, республика «Құрылысқа рұқсат алу» және «Халықаралық сауда» индикаторлары бойынша тиісінше 147 және 176 орында тұр.

Мәселен, құрылыс жүргiзуге рұқсат алуды жеңiлдету мақсатында рұқсат беру жүйесін оңтайландыруға және жетілдіруге бағытталған түзетулер заңнамада бекiтілген. Бұл: жұмыстардың лицензия беретін түрлерiн қысқарту; лицензиялау саласына санаттауды енгiзу; мемлекеттiк емес сараптама орталықтарын акредиттеу және сарапшыларды аттестаттау рәсімдерін алып тастау; меншік немесе жер пайдалану құқығында тапсырыс берушіге тиесілі учаскені құрылысқа пайдалануға рұқсат беру туралы талабын алып тастау; мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамын қысқарту; объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссиясының барлық мүшелері қол қойғаннан кейін оны бекіту рәсімін алып тастау.

«Халықаралық сауда» индикаторының төмен көрсеткiшіне теріс ықпал етуінің негiзгi себептері Қазақстанның ең басты іскерлік орталығы Алматы қаласының ең жақын теңіз портынан қашық орналасқаны. Бұл индикаторды жақсарту мақсатында 2012 жылға жекелеген егжей-тегжейлі жоспар әзірленді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілді.

Информация о работе 2012 жылдың бірінші жартыжылдығына шағын бизнесті дамыту туралы талдамалық баяндама