2012 жылдың бірінші жартыжылдығына шағын бизнесті дамыту туралы талдамалық баяндама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 09:33, курсовая работа

Описание

Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне Ақпараттық материалдарды ұсынудың 2012 жылға арналған кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы №01-38.143 бұйрығының 60-тармағына сәйкес жартыжылдық негізде Шағын бизнесті (оның ішінде облыстар бөлінісінде) дамыту туралы талдамалық баяндаманы қалыптастырады.

Содержание

1. КІРІСПЕ…......………………………………………………………… 3
2. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ 2012 ЖЫЛҒЫ
1 МАУСЫМДАҒЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ ……………............................4
3. БИЗНЕС-АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ…......……………………… 12
3.1 Рұқсат беру жүйесін жетілдіру және бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру …..........12
3.2 Тәуекелдерді бағалау жүйесін (ТБЖ) енгізу……………………………… 13
3.3 Дүниежүжілік Банктің «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның ұстанымы…….............................................................................................14
4. «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ 2020» БАҒДАРЛАМАСЫН
ІСКЕ АСЫРУ.......................................................................................16
4.1 Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау
шаралары ……………………………………………....................………………16
4.2 Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық емес қолдау
шаралары …………………19
5. «МОНОҚАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ» ШЕҢБЕРІНДЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ…….23
6. КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ….......... 24
6.1 Бизнес-инкубаторлардың, технологиялық парктердің және кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының (КҚО) жай-күйі ……..............……………24
6.2 Жергілікті атқарушы органдар жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер………...…27
7. ҚОРЫТЫНДЫ……………………………….........…… 29

Работа состоит из  1 файл

kazбаяндама.doc

— 379.50 Кб (Скачать документ)

Сондай-ақ, ағымдағы жылғы мамырда Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісі индикаторларын жақсарту жөніндегі шаралардың                        2012 жылға арналған кешенді жоспары бекітілді, онда 31 іс-шара енгізілді.

Бұл іс-шаралардың нәтижелері Дүниежүзілік Банктің «Doing Business 2013» есебінде ескерілетін болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ 2020» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау; кәсіпкерлік секторды сауықтыру; кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету; кәсіпкерлік әлеуетті күшейту.

Жалпы, қазіргі уақытта «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының қолдау шараларымен шамамен 30 мың кәсіпкерлер қамтылды.

 

4.1. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау шаралары

 

2012 жылғы 2 шілдедегі жағдайы бойынша Бағдарламаның барлық                3 бағыты бойынша субсидиялауға жалпы кредит құны 503,06 млрд. теңге болатын 1603 жоба мақұлданды.

- 1-ші бағыт  бойынша жалпы кредит құны 248,38 млрд. теңге болатын 1277 кәсіпорын мақұлданды, 994 субсидиялау шартына қол қойылды;

- 2-ші бағыт  бойынша жалпы кредит құны 167,497 млрд. теңге болатын 203 кәсіпорын мақұлданды, 162 субсидиялау шартына қол қойылды;

- 3-ші бағыт  бойынша жалпы кредит құны 87,19 млрд. теңге болатын           123 кәсіпорын мақұлданды, 99 субсидиялау шартына қол қойылды;

 

Өңірлер бөлінісінде субсидиялау

 

8-кесте

 

 

Бағдарламаның үш бағыты шеңберінде субсидиялауда мақұлданған  жобалардың ең көбін мына облыстарға жатқызуға болады: Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, облыстары және Алматы қаласы, оларға шамамен 37,9 % (608 жоба) жобалардың үлесі келеді.

Мақұлданған жобалардың ең азы Қызылорда (56 жоба) және Маңғыстау (48 жоба) облыстарына келеді.

Кредитттер бойынша  кепілдік беру үшін жалпы құны 14,32 млрд. теңге болатын 56 өтінім мақұлданды. Жалпы кредит құны 10,71 млрд. теңге болатын          40 жоба бойынша кепілдік шартына (бұдан әрі – КШ) қол қойылды.

Қол қойылған КШ ең көбі Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарына  келеді.

 

Салалар бойынша  Бағдарламаның жобалар құрылымы

9-кесте

 

Салалық бөліністе жобалардың ең көбі өңдеуші өнеркәсіпте (48,7%) іске асырылады. Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметке - 17,9%, көлік және қоймаға жинауға - 12,8%, ауыл, орман және балық шаруашылығына - 10,3%, білім беруге және тұру және тамақтандыру қызметтеріне - 5,1% келеді.

 

2010-2012 жылдардағы жұмыс орындардың саны

10-кесте

 

Бағдарламаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі қазіргі уақытқа қолданыстағы 132 мың жұмыс орнының сақталғаны, 35 мыңнан астам жұмыс орнының құрылғаны болып табылады.

Қазіргі уақытта инвестицияларын жалпы сомасы 49,01 млрд. теңге болатын 263 кәсіпорындар үшін құрылыс және өндірістік инфрақұрылымды қайта құру жүзеге асырылуды, атап айтқанда, қайта құрылған жолдар – 48,5 шақырым, салынған жолдар – 81,83 шақырым, темір жолдар – 16,5 шақырым, жүргізілген электр желілері – 364 шақырым, қайта құрылған электр желілері – 10,4 шақырым, жеткізілген су құбырлары – 70,53 шақырым, кәріздер – 54,45 шақырым, газ құбырлары – 41,9 шақырым, жарықтандырулар – 23,4 шақырым, телефонданды-рулар – 35,49 шақырым, жылу желілер – 9,65 шақырым, орнатылған трансформа-торлық кіші станциялар – 26 бірлік.

Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында бұрын жұмыс істеген ірі кәсіпорындар және өнеркәсіптік аймақтар базасында индустриалдық аймақтар ұйымдастыру бойынша жұмыстар басталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.2 Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық емес қолдау шаралары

 

2011 жылдан бастап «Бизнестің  жол картасы 2020» бағдарламасының  «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» деген төртінші бағытын іске асыру басталды.

Бағдарлама шеңберінде шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау мынадай болады: ісін жаңа бастаған (старт-ап жобалары) кәсiпкерлердi қолдау; қолданыстағы кәсiпкерлiктi сервистік қолдау; шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту; «Іскерлiк байланыс» жобасын іске асыру болады.

Ісін жаңа бастаған кәсiпкерлердi қолдау щеңберінде «Бизнес-кеңесші» кәсіпкерлік негізін оқыту бойынша екі күндік жедел-курстар ұйымдастырылады. Қолдау кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа және қызметтегі кәсіпкерлерге беріледі.

2011 жылы «Бизнес-кеңесші» курстарымен 219 аудан қамтылды, онда сертификат алған тыңдаушылардың саны 15 654 адамды құрады, оның ішінде 74% жеке кәсіпкерлер, 10% ЖШС, 13% шаруа қожалықтар, 3% кәсіпкерлік қызметімен айналыспайтын жеке тұлғалар.

Қазіргі уақытта оқыту 5 өңірде басталды: Алматы, Ақтөбе, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында.

 

Өңірлер бойынша қатысушыларды бөлу

11-кесте

 

«Арнайы сервистік қызмет көрсету» құрамдауымен іске асыру әкімдіктерге жүктелген. Оның шеңберінде шағын бизнес өкілдеріне бугалтерлік және статистикалық есептерді құруға, салық есептерін тапсыруға қызметтер көрсетілетін болады. Бұл үшін қаржы республикалық бюджетте қарастырылған.

Жалпы, республика бойынша  ағымдағы жылғы 2 шілдедегі жағдай бойынша 10 000-нан астам кәсіпкерге 20 000 жоғары сервистік қызметтер көрсетілді.

2012 жылдың жартыжылдығында Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарында сервистік компаниялар анықталды және қызмет беру үдерістері басталды. Басқа өңірлерде сервистік қызметтерді берушіні анықтайтын конкурс өткізілуде.

 

Өңірлер бөлінісінде  көрсетілген сервистік қызметтердің саны

12-кесте

 

«ШОБ топ-менеджментіне оқыту» бағдарламасы «Назарбаев Университеті» АҚ-ға жүктелген. Оның шеңберінде шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғарғы және орта буын басшылары үшін ұйымдастырылған.

«Назарбаев Университеті» АҚ-мы Дьюк Университетімен (АҚШ) бірге    2011 жылғы қыркүйекке дейін 210 жоғарғы және орта буын басшыларына қашықтықтан оқытуды жүргізді. Бағдарламаны аяқтағаны туралы сертификатты беру ағымдағы жылғы қазанда жоспарланып отыр.

 

Өңірлер бойынша  қатысушылар оқуының квотасын бөлу

13-кесте

«Іскерлік байланыстар» жобасы шетелдік әріптестермен бірге екі кезеңде іске асырылады. Бұлар, ең алдымен Германия (ГИЗ) және АҚШ (ЮСАИД).

2010 жылдан бастап Жоба Германиямен (ГИЗ) бірлесіп іске асырылды, сонымен бірге 2012 жылдан бастап АҚШ-пен (ЮСАИД) іске асырылуда.                  2011 жылы Жобаның бірінші кезеңінде қатысушылардың жалпы саны 501 адамды құрады. 2012 жылы оқуды 210 адам аяқтады.

14-кесте

 

 

Қатысушылардың ең көбі мынадай салалардағы кәсіпкерлерден құрылған топтардан болады: ақпарат және байланыс; денсаулық сақтау; металл өңдеу, өндіріс және машина жөндеу және жабдық.

15-кесте

 

 

«Іскерлік байланыстар» жобасының екінші кезеңі шеңберінде осы уақытта тағылымдамадан Германияда 58 адам, ал АҚШ-та 10 адам өтті.

2012 жылдан бастап «Үлкен сеньерлар», «Бизнес-Насихат» құрамдауыштары енгізілетін және екінші деңгейдегі банктердің және әкімдіктердің қызметкерлерін оқыту.

«Үлкен сеньерлар» құрамдауышын іске асыру Қазақстан аумағындағы «Іскерлік байланыстар» жобасының бірінші кезеңіндегі бизнес-тренингтер өткізу үдерісінде де, сонымен қатар басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологиялары мен жабдықтарды және персоналдарды оқытуды енгізу бойынша тікелей кәсіпорындарда Бағдарламаға қатысушыларға кеңес беру үшін де табысты жұмыс тәжірибесі бар біліктілігі жоғары шетел мамандарын тартуға бағытталған.

«Бизнес-Насихат» құрамдауышы Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлердің табысты мысалдарын және табысты жобаларды танымал етуде ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын өткізуге, кәсіпкерлер идеяларын насихаттауда кәсіпкерлер саласында заңнаманы түсіндіруге және реттеуге, ақпараттық шаралар өткізуге және т.б. бағытталған.

«Екінші деңгейдегі банктердің және әкімдіктердің қызметкерлерін оқыту» құрамдауыштары бойынша «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру шарттары бойынша тренингтер және жобалардың қаржылық талдамаларына тәжірибелік дағды өткізілетін болады.

Оқыту Астана және Алматы қалаларында өтетін болады. Екінші деңгейдегі банк қызметкерлері үшін қарыз алушаның төлем қабілеттілігін бағалау, бизнес-жоспарларды талдау бойынша курстар, сонымен бірге жобаларды талдау, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру шарттары және рәсімдері және т.б. бойынша тәжірибелік кейстер қарастырылған. Әкімдіктер қызметкерлері үшін куртар «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру рәсімдерін зерттеуді болжамдайды.

Сондай-ақ, 2012 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жаңа қаржылық құралдар іске асырылуда:

- кәсіпкерлердің ЕДБ-дің кредиттік ресурстарына қол жетімділігін жақсарту мақсатында әзірленген кредиттерді кепілдендірудің жаңа жүйесі.

Кепілдік берудің келесі түрлері қарастырылады:

  • қызметтегі кәсіпкерлер үшін жеке кепілдіктер 50%-ға дейінгі мөлшерде кредит сомасы бойынша 60 млн. тенгеден 750 млн. тенгеге дейін;
  • қызметтегі кәсіпкерлер үшін жедел кепілдіктер 50%-ға дейінгі мөлшерде кредит сомасы 60 млн. тенгеге дейін;
  • қызметтегі кәсіпкерлер үшін жедел кепілдіктер 70%-ға дейінгі мөлшерде кредит сомасы 70 млн. тенгеге дейін.

Бағдарламаның іске асырылуының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлер мен қоғамдық бақылау үшін апта сайын www.dkb2020.kz сайтында жобаларды қарастырудың жай-күйі туралы ақпарат жарияланады.


 

 

 

 

5. «МОНОҚАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ» ШЕҢБЕРІНДЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ

 

Моноқалаларды дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әкімшілік-экономикалық жаңғырту – Қазақстанның дамуының басты бағыты» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленген.

Бағдарлама елді дағдарыстан кейінгі дамыту жағдайында ұзақ мерзімді негізде монобейінді қалаларды (бұдан әрі – моноқалалар) дамытуға қосымшада олардың шараларын шоғырландыра және толықтыра отырып «Өңірді дамыту», «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту 2020» және басқа бағдарламалар шеңберінде өңірлерді дамытуды мемлекеттік қолдау шаралардың қисынды жалғасы болып табылады.

Моноқалаларда шағын  және ірі кәсіпкерлікті жандандыру үшін мынадай қосымша шаралар қабылданатын болады:

  1. салалық шектеуліктерсіз кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау және әлеуетті төмен мен орта моноқалалар үшін банк кредитері бойынша пайыздық ставкалардың субсидиялау мөлшерін 7%-дан 10%-ға дейін ұлғайту;
  2. өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;
  3. жаңа өндірістерді құруға 1,5 млн. 3,0 млн.-ға дейін гранттар беру;
  4. шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша әріптестік бағдарламаларды іске асыру;
  5. бизнес-инкубаторлар мен микрокредиттік ұйымдарды құру;
  6. кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру;
  7. өз бетінше жұмыспен айналысушы, жұмыссыз және күнкөрісі төмен халық кәсіпкерлікті дамытуға көмек көрсету.

 Осы бағдарламаның шеңберінде ШОБ дамыту мақсатында ірі компаниялардың айналасында «Әріптестік бағдарламасы» іске асырылуда. 2012 жылғы мамыр айынан бастап ҚазМұнайГаз, Қазақмыс, Қазцинк және Теңгізшевройл сияқты компаниялармен келісімдерге қол қойылды және ынтымақтастыққа жол қойылған.

Министрлік ИЖТМ, Каржымині, АШМ, ҰБ, «Микрокредиттік ұйымдарды қолдау орталығы» ЖШС, АШҚҚҚ, «KazMicroFinance» МКҰ» ЖШС бірге микрокредиттеудің жаңа моделін әзірлеу жөнінде жұмысты жүргізуде.

Жаңа микрокредиттеу моделінің мәні әсіресе бизнес-жобаларға, оның ішінде старт-ап жобалар үшін микрокредиттер беру, жаңа заңға сәйкес микрокредиттік ұйымдарды реттеу, микрокредиттеудің бірыңғай стандарттарын енгізу, МКҰ оқыту бағдарламаларымен өзара байланыстыру болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

6. КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

 

6.1 Бизнес-инкубаторлардың, технологиялық парктердің және кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының (КҚО) жай-күйі

 

Бизнесте мемлекеттік қолдаудың тағы бір бағыты кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымдарын дамыту болып табылады (жеке кәсіпкерлік орталықтарын, бизнес-инкубаторларды, технологиялық парктерді, индустриялық аймақтарды және жеке кәсіпкерлік инфрақұрылымының басқа да объектілерін дамыту және құру).

Министрліктің тапсырысы  бойынша Халықаралық ынтымақтастық агенттігі (ЮСАИД) Макроэкономикалық жобалар шеңберінде Қазақстандағы қазіргі бизнес-инкубаторлардың, индустриялық аймақтарды, технологиялық парктердің модельдеріне бағалау өткізуде. 

Бұл зерттеудің шеңберінде:

1) Қазақстандағы қазіргі бизнес-инкубаторлардың, технологиялық парктердің модельдерін бағалау және олардың тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеуде;

Информация о работе 2012 жылдың бірінші жартыжылдығына шағын бизнесті дамыту туралы талдамалық баяндама