Казақ тілін дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы арқылы оқыту әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 09:42, автореферат

Описание

Ғылыми ақпарат көлемін қысқа мерзім ішінде қарқынды меңгеруді қамтамасыз ететін ұтымды оқыту әдісін қолданудың жолдарын әдістемелік тұрғыда негіздеп, практикада пайдалану – бүгінгі уақыт сұранысынан туып отырған мәселе. Орыс аудиториясында мамандыққа бағыттап оқытудың дидактикалық және әдістемелік негіздерін басшылыққа алу қазақша сөйлеу білуге қажет керекті лексиканы талапқа сай дұрыс таңдап алуды қажет етеді. ЖОО студенттерін мамандыққа бағыттап оқыту ауызекі тілді меңгертумен қатар кәсіби тілдесімді еркін жүзеге асырады.

Работа состоит из  1 файл

sadikova09.doc

— 340.50 Кб (Скачать документ)

ӘОЖ       378. 016: 811. 512. 122                                          Қолжазба құқығында

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              Садықова Сәуле Тұрсынқызы

 

 

 

ҚАЗАҚ   ТІЛІН  ДИДАКТИКАЛЫҚ  БІРЛІКТЕРДІ ІРІЛЕНДІРУ            ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

(жоғары оқу орындарының  химия факультетінің студенттері  үшін)

 

13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі

(бастауыш, орта және  жоғары білім жүйесіндегі қазақ  тілі)

 

 

 

 

 

 

 

 

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу

үшін дайындалған диссертацияның

 

 

                                           АВТОРЕФЕРАТЫ

                                             

 

                                                 

 

 

 

 

 

 

 

                                          Қазақстан Республикасы        

                                                Алматы, 2008 

 

      Жұмыс  Абай атындағы Қазақ ұлттық  педагогикалық                           университетінің қазіргі қазақ  тілі теориясы және әдістемесі                                          кафедрасында орындалған.      

 

 

Ғылыми жетекшілері:            педагогика ғылымдарының  докторы,   

                                          профессор Ф.Ш.Оразбаева

 

                                           филология ғылымдарының кандидаты,

                                           доцент А.Ш.Жылқыбаева

 

Ресми оппоненттер:               педагогика ғылымдарының докторы,                       

                                          доцент К.Б.Жақсылықова

 

                                          педагогика ғылымдарының кандидаты,

                                          доцент Г.Ж. Серікбаева

 

 

 

Жетекші ұйым:                        Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық

                                          университеті

 

 

 

Диссертация 2008 жылы 11 желтоқсан күні сағат 14.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде (050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, 215 а кабинет) филология, педагогика ғылымдарының докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі

Д 14.09.04 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.

 

 

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ  ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30).

 

 

 

 

 

Автореферат  2008 жылы 10 қарашада таратылды.

 

 

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, филология

ғылымдарының докторы, профессор                                   Қосымова Г.С.

                                                       

КІРІСПЕ

 

      Зерттеудің өзектілігі. Ғылыми ақпарат көлемін қысқа мерзім ішінде қарқынды меңгеруді қамтамасыз ететін ұтымды оқыту әдісін қолданудың жолдарын әдістемелік тұрғыда негіздеп, практикада пайдалану – бүгінгі уақыт сұранысынан туып отырған мәселе. Орыс аудиториясында мамандыққа бағыттап оқытудың дидактикалық және әдістемелік негіздерін басшылыққа алу қазақша сөйлеу білуге қажет керекті лексиканы талапқа сай дұрыс таңдап алуды қажет етеді. ЖОО студенттерін мамандыққа бағыттап оқыту ауызекі тілді меңгертумен қатар кәсіби тілдесімді еркін жүзеге асырады.

      Оқытудың дәстүрлі жүйесі бойынша мұғалім оқушыға дайын, тиісті оқу материалының белгілі бір мөлшерін беріп, одан соң оны пысықтап, дайын үлгі бойынша жаттығулар орындаумен шектелетін. Бұл жағдайда оқушылар императивтік- атқарушылық қызмет атқаратын. Ал тілді үйрету барысында грамматикалық ережелерді оқытуға басымдылық беріліп, оның коммуникативтік қызметі назардан тыс қалып қоятын. Соңғы кезде жарық көрген ғылыми еңбектерде тіл үйретуді қатысымдық тұрғыдан оқыту алға шығарылды. Бұл жағдайда студенттердің тілдік қарым-қатынас біліктілігіне басымдылық беріледі де, теориялық материал лексикалық тақырыптар төңірегінде түсіндіріледі. Алайда, біздің пікірімізше, мұнда грамматикалық құбылыстар көп жағдайда жалпылай абстрактілі түрде айтылады да, оларды студенттерге игеру біршама қиынға соғады. Ал шын мәнісінде, грамматика - тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырудың ең негізгі түп қазығы, тілдегі материалдарды байланыстырудың  өзегі болып табылады. Грамматикалық формаларды дұрыс қолдана білген кезде ғана тілдік қарым-қатынас нәтижелі болатыны белгілі.

      Бүгінгі таңда республикада компьютерлік бағдарламалар шығарылып, оқытудың жаңа технологиялары оқу үрдісіне енгізіліп,  оңды нәтижелер беруде. Олар – модульдік, деңгейлік, жаңаша жаңғыртып оқыту, дамыта оқыту, даралап, саралап оқыту, ойын арқылы оқыту,  оздыра оқыту, ынтымақтастық педагогикасы, ізгілендіру технологиялары. Аталған технологиялардың ішінде қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне  химия мамандығына қатысты дидактикалық бірліктерді ірілендіру (ДБІ) арқылы оқытудың маңызы ерекше.

      Тіл үйрету үрдісінде біртектес немесе ұқсас ұғымдарды бір-бірімен жақындастырып, топтастыру білімді біртұтас шоғырландыруға негіз болады. Осының нәтижесінде тіл үйренушілер оқу ақпаратын іріленген мазмұнда жинақы қабылдайды. Ол оқу материалын жүйелі түрде және бірізділікпен қайта құруды қажет етеді. Химия мамандығына байланысты кәсіби лексиканы оқыту мәселесі аз мерзім аралығында біртектес білімдер жиынтығын бір мезгілде игеру жолымен іске асырылады.

      Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілінің кәсіби сөздік қорын химия мамандығына сәйкес дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы арқылы оқыту әдістемесі тілші ғалымдардың зерттеу нысаны болмаған. 

      ДБІ арқылы мамандыққа бағыттап оқыту барысында тіл үйренушілердің білімдік, танымдық қажеттіліктері толық қанағаттандырылып, оқу үрдісінде тілді игеру мүмкіндігі дамиды, өз мамандығына деген ынтасы оянып, қызығушылығы артады. Мұнда сөйлесім әрекетінің – тыңдалым, жазылым, айтылым, тілдесім түрлері бір-бірімен байланысып, қатысымдық бағытта мамандыққа баулып оқытуды қамтамасыз етеді.

      Қазақ тілін ДБІ технологиясы арқылы үйретудің тілдік қатынасты жүзеге асыруда тигізетін септігі мол. Бұл ретте тіл үйренушілердің тек кәсіби бағыттағы тақырыптармен шектелмей, әдебиет, баспасөз материалдарынан мамандықтары жайында қажетті ақпаратпен танысуларына көңіл бөлінеді. Мұнда баяндама, реферат, шағын мәліметтер даярлау, түрлі тақырыпта шығарма жұмыстарын жазу, мәтінмен жұмыс түрлері, мәтінді диалогке, керісінше, сұхбатты монологке айналдыру, берілген жағдаятқа қатысты тапсырмалар орындау, сөздікпен жұмыс, түрі өзгертілген тапсырмалармен жұмыс сияқты т.б. амал-тәсілдер кеңінен қамтылады.

      ДБІ технологиясы арқылы қазақ тілін  оқыту болашақ химиктердің сөздік қорын мамандық лексикасымен байытып, кейін өндіріс ошақтарында кәсіби тілдесімді жүзеге асыруға жол ашады.

      Жоғарыда айтылғандар аталмыш тақырыптың өзектілігін, ғылыми тұрғыдан маңыздылығын көрсетеді.

      Зерттеу нысаны.  Химия мамандығына қатысты лексикалық қорды ДБІ технологиясы арқылы оқыту үдерісі.

      Зерттеу пәні. Орыс топтарында оқитын химия факультетінің студенттеріне қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан оқыту әдістемесі.

      Зерттеудің мақсаты. Тілдік қатынаста химия мамандығына қатысты кәсіби лексиканы ДБІ технологиясы арқылы меңгертудің тиімді  әдістемесін ұсыну; 

      Зерттеудің міндеттері: 

      -қазақ тілінің химия мамандығына қатысты кәсіби лексикасын ДБІ технологиясы арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау;

     - дидактикалық бірліктерді ірілендіру ұғымының мәні мен мазмұнын ашу;

      - ДБІ технологиясына негізделген кәсіби бағыттағы қазақ тілін оқытудың бағдарламасын тәжірибеден өткізу;

      - мамандыққа арналған лексикалық қорды сұрыптап, грамматикалық, фонетикалық ережелерді топтастырып, химия факультеті  студенттеріне ДБІ технологиясы арқылы  оқытудың ұтымды жолдарын көрсету;

      - қазақ тілін химия факультетінің студенттеріне ДБІ технологиясы арқылы оқытуда орындалатын тапсырмаларды айқындау.

     Зерттеудің болжамы. Кәсіби лексиканы химик мамандарына ДБІ технологиясы арқылы оқыту, біріншіден, бір-бірімен байланысты біртектес білімді бір мезгілде меңгеруге әсер етеді. Бұл тіл үйрену барысында студенттерге білімді бөлшектеп емес, біртұтас қабылдауға мүмкіндік береді; екіншіден, сабақта өтетін қажетті мәселені тез игеруге ықпал етеді; үшіншіден, іріленген тапсырмалар жиынтығының бірізділікпен орындалуы  студенттердің қазақ тілін терең және сапалы түрде меңгерулеріне жағдай жасайды; төртіншіден, ірілендірілген тапсырмалар жүйесі тіл үйренушілердің өзінше ізденіп әрекет жасауына, ойын жетілдіруге, белсенділікке, шығармашылыққа жетелейді.

      Жетекші идея. Қазақ тілінің кәсіби лексикасын дидактикалық бірліктерді ірілендіру арқылы коммуникативтік тұрғыдан оқыту   мемлекеттік тілдің қоғамдық-әлеуметтік маңызын арттырып, болашақ маман иелерінің өндіріс ошақтарында қазақша тілдік қатынасты жүзеге асыруларына себін тигізеді, тіл үйренушілердің өз кәсібін жете меңгерулеріне игі әсер етеді.

      Зерттеудің әдіснамалық негізі. Зерттеуде қазақ тілін оқыту әдістемесі, алуан түрлі ғылым саласында жарық көрген жаңа технологиялар туралы еңбектер, оқу құралдары, оқулықтар және мерзімді баспасөз беттерінде шыққан ғылыми материалдар негізге алынды.

      Зерттеу әдістері. Еңбекте жаңа педагогикалық технологиялар, оны игертуге арналған теориялық әдістер, сондай-ақ деформация, ассоциация, қарама-қарсылық әдісі, талдау, қорыту, салыстыру, салғастыру әдістері пайдаланылды.

      Зерттеудің негізгі кезеңдері.

      І кезеңде (2002-2004 жылдары) зерттеу тақырыбына қатысты жаңа педагогикалық технологиялар туралы ғылыми мәліметтер жинастырылды. Дидактикалық бірліктер деген не, оның қазақ тілімен байланысы бар ма, ерекшелігі неде деген сұрақтарға жауап ізделініп, жалпы бағыты талданды. ДБІ технологиясын түрлі пәндерге қатысты пайдалану жайындағы еңбектер талданып, тұжырымдар жасалды. Сонымен қатар мамандыққа байланысты жарық көрген ғылыми зерттеулер мен оқу құралдары қарастырылды.  Химия мамандығында оқитын студенттердің білім деңгейлері тексеріліп, сауалнамалар жүргізілді.

      ІІ кезеңде  (2004-2005 жылдары) қазақ тілін химия мамандығына   байланысты оқытудың бағдарламасы жасалды. Онда ДБІ технологиясын қолдану арқылы студенттердің лексикасын байыту негізгі мақсат етіп белгіленді. Кәсіби лексиканы ДБІ технологиясы арқылы оқытудың тапсырмалар блогы мен ұстанымдары айқындалды. Тапсырмалардың мазмұнына, қызықтылығына, жүйелігі мен сабақтастығына назар аударылды.

      ІІІ кезеңде (2005-2007 жылдары) ДБІ технологиясына негізделген бағдарлама бойынша эксперимент материалдары жинақталды; олардың білімдік, танымдық, интеллектуалдық, шығармашылық түрлері ажыратылып, негізгі ерекшеліктері көрсетілді. Тіл үйренушілер арасында жүргізілген тәжірибе нәтижелері қорытындыланып, көрсеткіштері анықталды.

      Зерттеудің ғылыми жаңалығы.

      - химия факультеті студенттеріне лексиканы ДБІ технологиясы арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік негізі анықталды;

      - қазақ тілін химия факультетінде оқитын студенттерге ДБІ технологиясы арқылы оқытудың әдістемесі ұсынылды:

      - кәсіби лексиканы ДБІ технологиясы арқылы оқытудың өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдары айқындалып, оқытудың амал-тәсілдері белгіленді;

      - болашақ химик мамандарға кәсіби лексиканы меңгерту барысында жүргізілетін жаттығулардың білімдік, танымдық, интеллектуалдық, шығармашылық түрлері анықталып, негізгі белгілері ажыратылды;

      - ДБІ технологиясы арқылы қазақ тілін химия мамандығына баули оқыту барысында сөйлесім әрекетін жүзеге асыруға арналған блок тапсырмалары жасалып, олардың қызықтылығы, жүйелілігі, танымдылығы, сабақтастығы анықталды.

      Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Ғылыми жұмыста қарастырылған мәселелер мен тұжырымдар химия факультетінің студенттеріне қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық тұрғыдан толығуына, жетілуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар ДБІ технологиясының басты заңдылықтары мен ұстанымдарын жалпы қазақ тілін және басқа тілдерді (орыс, неміс) оқыту теориясының негізіне алуға болады. 

      Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелерін ЖОО-да химия факультетінде және техникалық мамандықта оқитын студенттерге қазақ тілін оқытуда пайдалануға болады. Өзара бір-бірімен байланысты біртектес лексика-грамматикалық бірліктерді бір мезгілде оқыту қазақ тілін тез әрі саналы түрде меңгеруге мүмкіндік береді. Сабақты сапалы өткізуге әсер етеді.

      Еңбекте ұсынылған мәтін бойынша блоктық тапсырмалар жүйесі студенттердің қазақ тіліне және өз мамандығына қызығушылығын арттырады, сөздік қорын байытады.

Информация о работе Казақ тілін дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы арқылы оқыту әдістемесі