Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 22:45, реферат

Описание

Жас ерекшелік физиологиясы адамның жеке басының өмір сүруінің (онтогенезінің) әр түрлі кезеңдерін сипаттайтын, морфологиялық және функционалдық ерекшеліктерін, өсу мен дамудың жалпы заңдылықтарын, қызмет атқаруын реттейтін физиологиялық механихзмдерді, тіршілік ету ортасындағы алуан түрлі өзгерістерге организмнің бейімделуінің қалай іске асатындығын, организмді құрайтын жүйелер (жүйке жүйесі, қан айналу, тыныс алу, ас қорыту, зат алмасу, сыртқа шығару, сенсорлық жүйе) қызметтерінің мәнісін, олардың денсаулыққа қатысты орындары мен маңызын зерттеп, зерделеп түсіндіреді.

Работа состоит из  1 файл

физиология.doc

— 99.50 Кб (Скачать документ)

 

 

Жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу. Қозу мен тежелу екуі де нейрондардың белсенді қызмет қабілеті. Қозу мен тежелудің пайда болуы нейрондарда жүріп жатқан зат алмасуының өзгеруіне байланысты.

1862 жылы И.М.Сеченов орталық жүйке жүйесіндегі тежелуді зерттей келе, оның 2 түрлі болатынын тапқан: пресинапстық және постсинапстық тежелу.

Пресинапстық тежелу кезінде қозу импульстерін өткізетін аксонның тармағына басқа нейронның аксонының арнайы тежегіш синапстық ұшы келеді де нерв импульстерін жібермейтін медиатор бөледі.

Постсинапстық тежелу орталық жүйке жүйесінде арнайы тежегіш нейрондардың болуына байланысты.  Тежегіш нейрондардың синапстық ұшындағы тежеуші медиатордың әсеріне байланысты постсинапстық мембранада әрекет потенциалының пайда болуына кедергі жасалады да, тежелу туады.

Орталық жүйке жүйесіндегі жүйке орталықтарының қызметі. Орталық жүйке жүйесі синапстар арқылы бір-бірімен байланысқан жүйке жасушаларының жинағынан құралған. Мұндай нейрондар жинағынан белгілі бір мүшелердің қызметін реттеуге бейімделген нейрондар тобын байқауға болады. Ондай нейрондар тобын жүйке орталықтары деп атайды.

Жүйке орталықтарының бірнеше қасиеті бар: жүйке орталықтары өзінің қызметін жағдайға байланысты өзгерте алады., орталық жүйке жүйесінің синапстарына сәйкес жүйке орталықтарында қозу бір бағытта ғана қозғалады, қозу тежеледі, мүшелердің қызметі үйлестіріледі.

Көптеген мүшелердің қызметін біріктіріп, байланыстырып, сыртқы ортаның әсеріне бейімделуін орталық жүйке жүйесінде организмнің қызметін үйлестіру немесе координациялауы дейді. Орталық жүйке жүйесінің рефлекторлы реакцияларды үйлестіру қозу мен тежелудің бір-бірімен байланысына және олардың қасиеттеріне негізделген иррадация, индукция, доминанта, концентрациялау және конвергенцияның қатысуымен іске асады.

Орталық жүйке жүйесіндегі бір жүйке орталығында пайда болған қозу мен тежелудің көрші орталықтарға таралуын иррадациялану  дейді. Қозу мен тежелудің жайылуы жүйке талшықтарының миелин қабығының қалыңдығына байланысты. Жаңа туған нәрестелерде миелин қабығы өте жұқа, тіпті болмайды. Сондықтан қозу мен тежелу өте тез тарйды. Жүйке талшықтарының миелинденуі 5-10 жасқа дейін созылады. Қозу мен тежелудің таралуы тітіркендіргіштің күшіне да байланысты. Қозу мен тежелудің жайылуы балаларда күштірек. Мысалы, қызық ойыншық көргенде баланың  аузы ашылып қалады, қуанып секіре бастайды, мәз болып күледі, яғни бірнеше орталықтардың қызметі пайда болады.

Жүйке орталықтарында қозу тежелуге және керісінше тежелу қозуға жылдам ауысады. Сонымен қатар, бір жүйке орталығының қозуына байланысты екінші қозу орталығы тежеледі немесе керісінше тежелгенде екінші қозу орталығы күшейеді. Мұны қозу мен тежелудің индукциясы деп атайды.

Бірнеше жүйке орталығындағы қозу мен тежелу бір орталыққа жинақталады. Мұны қозу мен тежелудің жинақталуы дейді. Жинақталу таралуға қарама-қарсы құбылыс. Балаларда ол нашар болады.

Жүйке орталықтарының негізгі қасиеттерінің бірі – доминанта. Оның негізін ең алғаш А.А.Ухтомский ұсынған. Оның қозу мен тежелудің доминантасы (лат. доминанта - басым) туралы ілімі бойынша жүйке жүйесінің қызметінде бір жүйке орталығының қозуы басқаларынан басымырақ болады да, басқа орталықтардың қызметін өзіне бағындырады. Мысалы, “2” алып жылап отырған баланы жұбатса, оның жылауы үдей түседі. Балаларда басымдылық оңай және жеңіл пайда болады. Сондықтан баланың зейіні тұрақсыз болады. Егер бала жұмыстың бір түрімен ұзақ шұғылданса, оның басым орталығы шаршап белсенді зейіні төмендейді. Сондықтан мұғалімдер балалардың сабаққа зейініне көңіл бөліп, еңбектің түрін ауыстырып отыру керек.

Жүйкелік орталық байланыстың молдылығынан бір жүйке жасушасына жүйке жүйесінің бірнеше жерінен нерв импульстері келуі мүмкін. Әртүрлі талшықтар арқылы келген қозулардың ұшырасуын конвергенция деп атайды. Мысалы, дыбыс, көру, тері рецепторларынан келген қозулар бір нейронда түйісуі мүмкін.

Жүйке жүйесінің үйлестіру қабілеті 18-20 жаста толық қалыптасады.

 



Информация о работе Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары