Шпаргалка по "Психологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 22:10, шпаргалка

Описание

Психология пәнінің мақсаты, міндеттері. Психология – психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Психология бұрыннан келе жатқан білім саларының бірі. Оның дүниеге келген жері ежелгі Греция. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі «псюхе» жан, екіншісі «логос» сөз, ілім. Жалпы психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерртеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми негіздерінің қалыптасу жүйесін зерттейді. Психика жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның нақты формасының қызметін, әрекет тәсілін бейнелейді, адам психологиясы жаңғырту арқылы пайда болған. «Психология» ұғымы ғылыми және тұрмыстық мағынаға ие. Әрбір адам практикада қарым-қатынасқа түсе отырып психологиялық заңдылықтарды үйренеді. Осылайша, біз адамның пікірін оның сыртқы келбетінен, мимкасынан, жестінен, дауыс ырғағынан, эмоционалдық көңіл-күйінен, мінез-құлқынан ажыратамыз. Алғашқыда психология ғылым ретінде «жанды» не психикалық болмысты әрбір адам өзін бақылау нәтижесінде анықтап отыруға қолданса, кейіннен XVII-XIX ғ.ғ. психология бұл психика және психикалық құбылыстар туралы ғылым болды. Психикалық құбылыстар үшке бөлінеді: психикалық процестер – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері. Психикалық ерекшеліктер – бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Психикалық күй – адамның түрлі көңіл-күйінің тұрақты компоненттері.

Работа состоит из  1 файл

шпаргалка ПСИХОЛОГИЯ.doc

— 288.50 Кб (Скачать документ)

 

58.Мотив және мотивацияның өзекті мәселелері

Мотив-бұл адамның белгілі бір ңс-әрекет үшін саналы меңгерілген талаптануы. Ол адамның өзінің қоршаған жағдайын ж/е алдына қойған мақсатын бағалау, ақылға салу, есептеу деңгейіне байланыстымазмұны анықталып қалыптасады. Ал мотивация ұғымы адамның нақты бір мақсатқа жетуге бағытталған талаптану жүйесімен түсіндіріледі. Мотивациялық жүріс-тұрыс «Адам нені қалайды?» «Ол неге ұмтылады?» деген сұрақтарға жауап береді. Адамдар жүріс-тұрысының негізінде белгілі бір қажеттіліктер болады. Қажеттілік-бұл адам бастан кешіретін мұқтаждық қанағаттануы, адам тіршілігі,оның жеке адамдық тұтастығын сақтауүшін өмірлік маңызы.Қажеттілік мотивация құрылымында ерекше орын алады. Қажеттілік іс-әрекет субъектісінің белсенділігінің жалпы бағыттылығын көрсетеді. Қажеттіліктің заттану процесі дегеніміздің өз-оның мотивке көшуі (трансформациясы).Субъект белсенділігінің бағыттылығы нәтижеге жетуі ж/е жекелеген әрекетінің қасиеті, оның алдында тұрған мақсатқа қалай тәуелділігіне бай/ты, мотив іс-әрекетті толық себептендіреді.Жеке адам мотивациясын анықтайтын шешуші фактор-ол өмірлік мақсатқа, мағынасына байланысты танымдық белсенділігі. Мақсат мотивацияның детерминалы ретінде шығады, адамның тікелей сыртқы әсерге қатысты түрде тәуелсіз бола алу қабілеттілігін көрсетеді. Мотивация механизмінің дамуын талдағанда адам мотивациясының ерекшеліктерін алдын ала анықтау мәселесінің маңызы зор. Адам мотивациясының төмендегідей біренеше ерекшеліктері бар:адам мот/ң шығу тегі әлеуметтік сипатта болады.Оның қажеттіліктерінің заттылығы қоғамдық өндірістің нәтижесі б.т.; адам м/ң биологиялық м/дан айырмашылығы-қоғам қажетіне жауап береді;адам м/на онтогенез барысында арнаулы бағытталған негізгі мазмұнын тәрбие процесі белгілейтін қалыптастырушы ықпалдың әсері зор; адам м/сы-интелектпен, сөйлеумен, санамен тікелей б/ты;адам м/сы ерік проц/і көмегімен жүзеге асырылады;адам м/ның тұрақтылығы,ситуациялылығы, функционалдық дербестігі организм қалпына б/ты ьолады;адам м/ның өмірлік алыс мақсаттарға бағытталуы;икемділігі,өзара ауыспалылығы. Осы айтылған негізгі белгілердің арас\ында маңызды сипатқа ие жеке адамның м/лық сферасында оның жүріс-тұрысының полимативациялық феноменділігі б.есептеледі.Бұл ұғым негізінде адам жүріс-тұрысындағы бірнеше қажеттіліктерді анықтау тенденциясы жатыр. Б.И.Додонов (1978) мотивтер арақатынасының сызбасын ұсынды: іс-әрекет процесінің өзінен қанағат алуы;іс-әрекет тікелей нәтижесі; іс-әрекет үшін сыйлық беру; іс-әрекет дұрыс орындалмаған жағдайларда жазаланудан қорқу-деприварция. Бұл мотивтердің әрқайсысы іс-әрекет мотивациясының жиынына өздерінің үлес салмағын қосады. Осыған сәйкес поимотивация феноменологиялық сипатқа ие болады.

 

 

59.Психологияның басқа ғылымдармен байланысы.  Психологияның қоғамдық ғылымдармен байланыста болуы аса маңызды. Тарих, экономика, этнография, әлеуметтану, өнертану және т.б. қоғамдық ғылымдар оқытатын құбылыстар мен үрдістерді зерттеу, психологиялық мәселелердің пайда болуына әкеледі. Адамның жеке және топтағы мінез-құлқының механизмдерін білмей, мінез-құлықтың, әдеттің, әлеуметтік көзқарас пен бағыттың таптауырын қалыптасуының заңдылықтарын білмей, көңіл-күйді, сезімді, психологиялық климатты зерттемей, тұлғаның психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерін, оның қабілеттерін, мотивтерін, мінезін, тұлғааралық қатынастарын және т.б. зерттемей, әлеуметтік құбылыстар мен үрдістерді толық ашып көрсету мүмкін емес. Қысқаша айтқанда: әлеуметтік үрдістерді зерттеу кезінде психологиялық факторларды ескеру қажеттігі туады. Айтылғаннан психологияның қоғамдық ғылымдармен байланыста болуының қаншалықты маңызды екенін көруге болады. Алдымен психикалық әрекеттердің адамға тән болатын түрлерін зерттейтін, қазіргі заманғы психология ғылымы, қоғамдық ғылымдардан - қоғамның негізгі даму заңдарын біріктіретін тарихи материализмнен — алынатын мәліметтерді есепке алмай бірде-бір қадам жасай алмайды. Егер педагогика психологиялық құбылыстардың табиғаты жайлы білімге сүйенбесе, онда ол педагогикалық кеңестер мен рецептердің қарапайым жиынтығына айналып, мұғалімге көмек беретін шынайы ғылым болуын тоқтатады. Педагогика салаларының барлығының (жалпы теорияның, дидактиканың, жеке әдістемелердің, тәрбиелеу теориясының) дамуы кезінде, психологиялық зерттеуді қажет ететін мәселелер пайда болады. Психологиялық үрдістер қозғалысының, динамиканың, білімнің қалыптасуының, дағды мен икемділіктің, мотивтер мен қабілеттер табиғатының, адамның жалпы психикалық дамуының заңдылықтарын білу, білім берудің түрлі сатысындағы білімнің мазмұнын анықтау, білім мен тәрбие беру, неғұрлым нәтижелі әдістерді жасау және т. б. сияқты негізгі педагогикалық мәселелерді шешу үшін маңызы зор. Педагогика тәрбиелеу мәселесіне бағытталған кезде, психологияның қажеттілігі байқалады. Ол біріншіден, философиялық; екіншіден, табиғи; үшіншіден, әлеуметтік ғылымдар арасындағы аралық орынды алады.Психология басқа ғылымдар байланыстарының барлығында өзінің мағынасын, өзінің теориялық принциптерін және өзінің осы мағынаны зерттеу әдістерін сақтайтынын естен шығармау керек. Білімнің ерекше саласы ретіндегі психологияда арнайы пәндердің бірқатары   бірігеді   (мәселен,   психофизиология   және   әлеуметтік психология). Олар бір-біріне сай емес болып көрінсе де, ғылымның бір саласына жатады. Олардың ортақ міндеті - психикалық құбылыстарды зерттеу. Барлық арнайы психологиялық пәндердің бірігетін базасы болып, негізгі психологиялық мәселелерді эксперименттік және теориялық түрде өңдейтін, жалпы психология саналады. Психологиялық пәндер жүйесінің зерттейтін басты объектісі біреу. Бұл - адам, оның психикалық үрдістері, күйлері және қасиеттері.Психологиялық білімнің даму ерекшеліктері психологияның басқа ғылымдармен байланыста болуына ғана тәуелді болмайды. Олар қоғамдық тәжірибе талаптарының күшеюіне де байланысты анықталады. Алғашқыда психология теориялысы басым пән болғаны белгілі, ал қазір ол өзінің танымдық рөлін сақтап отырып, өнеркәсіптегі, мемлекетті басқарудағы, білім беру жүйесіндегі, денсаулық сақтаудағы, мәдениеттегі, спорттағы жэне т.б. кәсіби практикалық іс-әрекеттің саласы болып қалыптасуда.

 

 

 

 

60. Тұлғаның даму кезеңдері

Тұлға дегеніміз-тұрақты психологиялық сипаттамалар жүйесінде алынған нақты адам.

Тұлға дамуы-оның әлеуметтік ұнамды сапалары жүйесін әр өмір кезеңдеріне орай қалыптасып баруы, адамға қоғамдық жатсынуға итермелейтін жағдайлардың күшін жоюды талап етеді.

Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуы қандай заңға бағынатыны жөнінде көзқарастар сан алуан. Өйткені тұлға дамуы үшін қоға мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері,тұлға дамуының дағдарыстары, даму процесін тездету мүмкіндіктері әр қилы түсіндіріледі. Кең тараған тұлға теорияларының  әр қайсысында тұлға дамуы өздігінщше қарастырылады. Мыс, психоаналитикалық теория дамуы деп-адамның биологиялық табиғатының қоғамда өмір сүруге бейімделуін, белгілі қорғаныс механимзмдерінің пайда болуын, қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын түсіндіреді. Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де үйренеді. Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес. Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұлға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: қалыпты және аномалді. Олар таза күйінде өмірде кездеспегенмен, адамның тұлғалық дамуының барлық аралық варианттарын елестетуге мүмкіндік береді. Э.Эриксон тұлға дамуының кезеңдерін 8 топқа бөліп қарастырған: 1) ерте нәрестелік шақ(туылғаннан 1 жасқа дейін); 2) кейінгі нәрестелік шақ(1-3 жас); 3) ерте балалық шақ(3-5 шамасында) ; 4) орта балалық шақ(5-11 жас аралығы);  5) жыныстық жетілу, жеткіншек жасы және бозбалалық(11-20 жас аралығы); 6) ерте ересек шақ(20-45 жас арасы); 7) орта ересек шақ(40-45 және 60 жас арасы); 8) кеш ересек шақ( 60-тан жоғары). Эриксон тұлғаның дамуының кезеңдерін бөле отырып, дамудың қалыпты желісі мен дамудың аномалді желісінің әр кезеңдегі ерекшеліктерін көрсеткен.      



Информация о работе Шпаргалка по "Психологии"