Антивирустық программалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 19:06, реферат

Описание

Өмірдегі сияқты компьютер әлемінде де көптеген кедергілер кездеседі. Программалардың ашпай қалуы, компьютердің дұрыс жұмыс істемеуі және т.б сияқты. «Вирус» — көбімізге әлі биологиялық термин. Солай болуы да тиіс. Індет қоздырушының осынау бір атауы, компьютер саласына өткен ғасырдың сексенінші жылдарының басында ене бастады. IT тарихшылары оларды әу баста қалжың үшін жазылған кодтар дейді. Ол рас болса, ойынымыз осылды деген осы: жыл сайын вирустар миллиардтаған доллар шығын әкеледі.

Работа состоит из  1 файл

Антивирустық программалар.doc

— 49.00 Кб (Скачать документ)

Өмірдегі сияқты компьютер әлемінде де көптеген кедергілер кездеседі. Программалардың ашпай қалуы, компьютердің дұрыс жұмыс істемеуі және т.б сияқты. «Вирус» — көбімізге әлі биологиялық термин. Солай болуы да тиіс. Індет қоздырушының осынау бір атауы, компьютер саласына өткен ғасырдың сексенінші жылдарының басында ене бастады. IT тарихшылары оларды әу баста қалжың үшін жазылған кодтар дейді. Ол рас болса, ойынымыз осылды деген осы: жыл сайын вирустар миллиардтаған доллар шығын әкеледі.

Алғашқы вирустар өте қарапайым болыпты. Әрі кетсе басқан қарпіңнің орнына басқа қаріп шығатын болса керек. Ол вирустарды қолданушы өзі қолымен жойып тастай алатындай қарапайым болыпты.

Уақыт өте келе вирус жазушылардың біліктілігі артып, енді вирустан құтылуға жекелеген адамның қабілеті жете бермеген көрінеді. Алдымен тек бір вирустың түрін жоятын программалар шығыпты. Сосын вирус тым көбейіп кеткесін олардың әрқайсысын жоюға бөлек программа жаза беру мүмкін болмағандықтан, вирустар қоры бар программалар шығыпты. Енді, міне, антивирус жазу софтвеер өндірісінің бір бағытына айналды. Бұның барлығы вирустардың әсерінен болады. Вирустар дегеніміз бұл арнайы жазылған шағын көлемді программа. Олар басқа программмалардың алдына, не соңына қосымша жазылады да ол программаны бүлдіруге кіріседі. Бұл вирус жұққан программалар «зақымдалған» немесе «бүлінген» деп аталады.

Вирустың пайда болу белгілері:

· Программа  дұрыс жұмыс істемейді немесе жұмысын тоқтатады.

· Экранда  бөгде символдар , хабарламалар шығады.

· Компьютер  баяу жұмыс істейді.

· Кейбір файлдардың бұзылуы.

· Компьютер  жұмысындағы жиі тұрып қалулар және жаңылысулар.

Вирустар 3 типке бөлінеді.

1. Мекендеу  ортасына қарай.

2. Жұмыс логикасы мен мақсатына қарай.

3. Мақсатына қарай.

Мекендеу  ортасына қарай вирустар: файлдық, жүктейтін, макровирустар.

Файлдық вирустар-қолданбалы программалардың ішіне енгізілген программалық кодалық блоктар. Вирустық кода программа жүктелгенде орындалады.

Жүктейтін вирустар- негізгі жүктейтін жазбаға және жүктейтін секторға вирус жұқтырады. Яғни операциялық жүйе жүктелгенде жұқпалы тасушыдан вирус жұғады.

Макровирустар- Word құжатына және Excel электрондық кестесі құжатына вирус жұқтырады. Құжат файлын ашқанда жұғу орындалады. Жұмыс логикасы мен мақсатына қарай вирустар- троян аттары, логикалық бомбалар, ұстауыш вирустар, құрттар деп аталады. Бұл вирустар қолданбалы программаларға еніп соларға рұқсат етілмеген әрекеттерді орындайды. Бұлар программалардың қателіктері мен сәйкессіздіктерін пайдаланатын вирустар.

Мақсатына қарай – насихаттаушы, мағынасыз, шантаж жасаушы,бейсауат деген вирустар бар. Вирустардан қорғану үшін қазіргі кезде антивирус программалары бар. Олар осы вирустардан қорғауға арналған арнайы бағытты программалар. Антивирустар тек вирустарды тауып қана қоймай, оларды жояды. Антивирустардың бірнеше түрі бар.

Детектор  программалар- бұлар тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, ал кейінгі вирус түрлеріне дәрменсіз болып келеді.

Доктор  программалар- бұлар вирус жұққан программалар мен дискілерден вирус әсерін алып тастау арқылы емдеп, бастапқы қалпына келтіреді.

Ревизор программалар- бұлар ең алдымен программалар мен дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтап, оны әлсін-әлсін кейінгісімен салыстырып отырады да сәйкессіздікті анықтаса дереу программа иесіне хабарлайды

Доктор-ревизорлар- бұл доктор программалар мен ревизор программалардың арасынан шыққан гибрид. Бұлар файлдағы өзгерістерді анықтап қана қоймай, оны автоматты түрде емдеп, бастапқы қалпына келтіреді. Полифагтар немесе фагтар, бұлардың қызметі вирустарды табу ғана емес, оның кодасын жұқпалы программадан жою.Өте қуатты полиграф-сканерге Данилов құрған Dr.Web программасы жатады. Бұл программа вирустарды жақсы айырып таниды. Касперский зертханасы құрған Kasperski антивирусы да сенімді антивирустардың бірі ретінде әлемге аян. Сүзгі программалар- бұлар компьютердің оперативті жадына тұрақты түрде орналасып вирустардың зиянды әрекетіне әкелетін операцияны ұстап, оны программа иесіне хабарлайды. Одан әрі шешім қабылдау әркімнің өзіне байланысты.Тағы айтып кететін жай қазіргі таңда көптеген антивирусты программалар бар.Олар:

1) Avast! Free Antivirus 6.0.1352 бұл антивирусының негізгі ерекшеліктері:

- Вирусқа қарсы тексеру өте жылдам және компьтердің ресурстерін көп қажет етпейді.

- руткиттерге қарсы қорғаныс

- шпиондық программалардан қорғаныс.

2) Cognitive CuneiForm 12.

CuneiForm — бұл программаның көмегімен сіз кітаптан, газеттен, басқа жерден сканер арқылы алған мәтінді ворд прогараммасына түсіріп, сол жерде өңдей аласыздар. Айталық сізге тез арада үлкен көлемде ақпаратты жазып, өңдеу керек, ал уақыт болса тапшы. Не істеу керек?Әрине бұл программа осындай тапшы адамдарға арналған.

Өндіруші: Cognitive Technologies Ltd.

Лицензиясы: Freeware

Қолдайтын системалары: Windows XP, Vista, Win7

Интерфейс тілі: Орысша

3) PC Tools AntiVirus 2012

PC Tools AntiVirus Free Edition программасы шпиондық және басқа да вирустарды тауып жояды. Бұл антивирустың бір қасиеті ол автоматты түрде сіздің компьютеріңізді бақылап отырады және сізге вирус кірсе оны бірден тауып жояды.

PC Tools Antivirus сізге вирустардан және трояндар мен зиянкестерден жақсы қорғаныс ұсынады. Антивирустық базасын тез жүктейді.

4) AVG AntiVirus Free

AVG Anti-Virus Free Edition — танымал антивирус, үйде пайдаланушыларға толық тегін. Вирустық базасын өте тез жүктеуімен, қолдануының қарапайымдылығымен ерекшеленеді.

AVG Anti-Virus Free Edition мына компонентерінен тұрады: сканер, монитор, электрондық поштаның сканері және автоматты түрде вирустық базасының жаңартылуы.

Өндіруші: Grisoft Inc

Лицензия: Freeware

Қолдайтын системалар: Windows XP, Vista, Win7

Интерфейс тілі: Орысша

5)Delete doctor

Delete doctor әмбабап программалардың бірі болып табылады. Ол арқылы сіз неше түрлі өшірілмейтін файлдарды жоя аласыз. Мысалы:аты дұрыс жазылмаған, бүлінген, қорғалған, вирустар қалдырған файлдарды жоюға болады. Пайдалану өте қарапайым.

Вирустың жұғу жолдары

Программалаудың «резиденттік программалар», «фондық процесстер» сияқты саласын қозғай өту — бұл рефераттың аясынан тыс болар. Ендеше, барлығымыз білетін, білмесек — көріп жүрген жұғу жолдарына тоқталсақ.

Интернет  арқылы жұғу жолы өте қарапайым. Оған тіпті қолданушы өзі ат салысады десе де болғандай. Мысалы, жаңадан шыққан фильмді көргіңіз келіп, көшіріп алмақ болдыңыз. Атауын іздеу жүйесіне терсеңіз болғаны — алғашқы жүз қатарды әп-сәтте толтырып-ақ тастайды!

Бірақ, сондағы сілтемелердің барлығынан кино көшіріп ала аламын десеңіз, қателесесіз. Керісінше, соның бірнешеуі ғана киноға сілтеме болар, қалғандары — вирустық код жасырылған файлдар болуы мүмкін. Оған тек сіздің көшіріп алып, тышқанмен екі түрткеніңіз керек. Әрі қарай вирустың құзырындасыз: бүкіл сақталған құпиясөздеріңізді өз иесіне жібере бастай ма, әлде файлдарыңызды жоя бастай ма, вирустың «өз» еркі.

Ал, енді вирустың тасымалдағыштар арқылы жұғу жолдары да бар. Флэштен — компьютерге, компьютерден — флэшкеге сияқты тізбекпен кете береді. Зияны шаш-етектен. Мысалы, тойда түсірілген қайталанбас қымбат кадрлардан вирустың кесірінен айырылып қалсаңыз, тапсырыс берушіңіз мұрныңызды бет қылмауы неғайбыл. Ондай жағдайлар өте көп. Күн сайын қатардағы қолданушылардан, тарихи суреттерінен әлде бейнежазбаларынан айырылғаны туралы ондаған ақпар келіп түседі. Ал, ат арытып, Министрлікке есебін әкелген адамның, тасымалдағышында түк жоқ боп шыққандағы пұшайман түрін елестетсеңіз қалай?

Қорытынды біреу — аянбай қорғану керек немесе қорғаныстан ештеңе аямау керек!

Қорғаныс түрлері:

Компьютерді вирус  сияқты кеселден қорғауды пассивті және активті деп екіге бөлер едік.

Пассивті қорғаныс деп қарапайым ережелерді сақтауды айтамыз. Міне, кейбіреулері:

— Компьютерге тасымалдағыш жалғамастан бұрын, антивирустық программа бар екенін, бар болса қазір жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз. Егер программа жоқ болса онда мүмкіндігінше тасымалдағышты жалдамай-ақ қойыңыз.

— Сандық бейнекамера, фотоаппарат сияқты жабдықтардың флэш-жадыларын ешқашан да антивирустық бағдарламасы жоқ компьютерге салмаймын деп өзіңізге серт беріңіз. Әлгіндей тарихи бейнелерден айырылсаңыз және олар біреудікі болса, қызықтың көкесі сонда болады.

— Көп еңбек талап еткен құжаттарды CD, DVD-дискіге жазып қойыңыз. Онда вирус болғанның өзінде антивирустық программалар құжатты автоматты түрде жойып жібере алмайды: компакт-дискілерді тек оқуға ғана болады.

Ал, активті қорғаныс деп кәдімгі антивирустық программаларды орнатуды айтамыз. Қорғаныстың екі түрін де ұстану — уайымсыз мамыражай өмірдің кепілі.


Информация о работе Антивирустық программалар