Ақпарттық өнімдерді өткізудің ақпараттық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 22:11, курсовая работа

Описание

Ақпараттық өнімдердің қазіргі кезде қажеттілігі өте маңызды. Өнімдердің, әсіресе, ақпараттық жүйеге қатысы бар адамдарға тікелей байланысты. Ол өнімдерді өткізу кезінде оған белгілі бір талаптар қойылады. Оның лицензиясы, оны растайтын құжаттар, сертификаттар, сапа құжаты болуы керек. Өнімдерді өткізу барысында бұл құжаттар белгілі орын алады.
Курстық жобаны жазудағы басты мақсатым ақпарат өнімдерді өткізудің ақпарат жүйесін тұрғызу.

Содержание

I. Кіріспе.....................................................................................................2
Ақпараттық өнім дегеніміз не?
II. Негізгі бөлім
а) Қолдану саласы...................................................................................3
ә) Ақпарат өнімі.......................................................................................3
б) Ақпараттық жабдықталуы..................................................................7
в) Құжаттар: кіріс және шығыс.............................................................15
III. Қорытынды.............................................................................................19
IV. Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................20

Работа состоит из  1 файл

inform_mat_28.DOC

— 242.50 Кб (Скачать документ)

Ақпарат қорын пайдалану  әдісін зерттеу тәсілінің болашағы зор. Озық дамыған елдер қатарынан  орын алуға талпынып отырған біздің мемлекетімізге осы саланың жетістіктерін  белсенді түрде қолданып және оны дамыту қазіргі уақыт талабы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпараттық  жабдықтау ресурстарына қойылатын талаптар

Ақпараттық ресурстар  жүйені тұрғызуға қажетті ақпараттық өнімдерді өткізу барысында құжаттарға және сапасына және ол Мемлекеттік кеден комитетіне өте қажетті мәліметтер жиынтығы.

 

Ақпараттық  жабдықтау құрылымына қойылатын талаптар

Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің  және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат  массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.

 

Ақпараттық жүйенің жабдықтау жүйелері, функционалды ішкі жүйелеріне қарамастан барлық экономикалық ақпарат жүйелеріне бірдей болады. Оның құрамы белгілі бір пәндік аймаққа қатысты емес. Жабдықтаушы ішкі жүйелеріне: ұйымдастырушылық, техникалық, математикалық, программалық, ақпараттық, лингвистикалық, және технологиялық ішкі жүйелері кіреді.

Ақпараттық  жабдықтау – АӨӨАЖ-де қолданылатын техникалы-экономикалық ақпараттарды сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйелері, құжаттар жүйесінің және ақпараттар ауқымының үйлестірілген жүйелерінің жиынтығы.

Шешім қабылдаудың тиімділігі айналымдағы ақпаратты толықтығына, сапасына, сенімділігіне және жеделдігіне  байланысты:

    • басқару жүйесінде болатын үрдістерді объективті бейнелеу;
    • практикалық нысаналылықтың болуы, яғни АЖ-ды жобалауда шешілетін мәселелерді ескере отырып атқарылуы қажет;
    • тікелей бақылау және өлшеу үрдістерінде алынбайтын есепті-талдамалы ақпараттардың болуын қамтамасыз етеді;
    • басқаруды ұйымдастырудың барлық деңгейлерінде ақпаратты пайдаланудағы коэфициентті көтеру;
    • ақпарат жүйелерінің барлық түрінің ақпараттық сиымдылығын қамтамасыз ету.

Ақпаратты жабдықтауды  жобалау – бірқатар жұмыстар атқаруды қажет ететін күрделі және еңбекті  көп керек ететін үрдіс:

      • ақпаратты жабдықтауды ұйымдастырудың әдістемелік негіздерін жасау;
      • ақпаратты сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйесін құру;
      • ақпарат көлемдері мен ағындарын анықтау;
      • деректер базасының құрылымы мен құрамын анықтау;
      • деректер базасын бақылау және түзету тәсілдерін таңдау;
      • тұтынушылардың сұраныс тілі мен деректердің сипаттамсын сәйкестендіру.

Осыған байланысты ақпараттық жабдықтауды, ақпараттық базаны құрудың  құралдары мен әдістерінің жиынтығы ретінде қарастырып анықтауға болады. Ақпаратпен жабдықтау машинадан  тыс және машина ішіндегі база болып бөлінеді. Сыртқы машиналық база деген бұл басқару функцияларды жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құжаттар, заңдар және анықтамалар. Ішкі машиналық ақпараттық база кіріс және шығыс құжаттарынан тұрады.

АӨӨАЖ-нің машинадан тыс ақпараттық жабдықтау.

АӨӨАЖ-нің машинадан тыс ақпараттық жабдықтауға мыналар кіреді:

  • Өнімді өткізу ақпарат ұғымы, оның сыныптамасы және құрылымы;
  • Сыныптау және кодтау;
  • Нормативті-анықтамалық құжаттар.

Ақпараттық өнімдерді  өткізу ұғымы өнімді сатып алу-сату кезінде кеден комитетіне, тұтынушы, сатушыларға қажетті мәліметтер, ақпараттар.

Сыныптау дегеніміз  – берілген жиындағы объектілерді әр түрлі белгілері бойынша ретке келтіріп тарату болып табылады. Объектілер сыныпталатын топтық белгілер мыналар: сынып, қосымша сынып, топ, қосымша топ, түр, қосымша түр, тип.

Кодтау – объектілерге кодтық белгілер беру үрдісі. Кодтау жүйесі дегеніміз – бұл объектілерге код беру ережелерінің жиынтығы.

Нормативті-анықтамалық  құжаттарға есептеуде ұзақ уақыт өзгеріссіз пайдаланатын, әр түрлі реттемелік нормативтер, мөлшерлер және басқа деректер кіреді.

Жедел ақпарат берілген уақыт ішіндегі объектінің жай күйін  бейнелейді, яғни бұл бастапқы өңделмеген ақпарат.

Ішкі жабдықтау – АӨӨАЖ-нің жұмыс істеу кезінде пайдаланатын машиналық тасығыштардағы деректер ауқымдарының жиынтығын құрайтын ақпараттық қордың бөлігі. Машиналық тасығыштар, ЭЕМ немесе ДЭЕМ-де ақпаратты автоматты түрде енгізуге жарамды материалдық объектіні көрсетеді. Оған қатты магниттік табақшалар, магниттік барабандар, магниттік карталар, фотохромдық тасығыштар, микрофильмдер және тағы басқалар жатады.

Ақпараттық  ауқымдар – белгілі тәсілмен атауланған және ұйымдастырылған, өзара семантикалық байланыста болатын деректер жиынтығы. АА-дың деректемелер (реквизиттер) тізбесі, әрбір деректеменің ұзындығы және олардың АА-ға орналасу тәртібі анықталады. АА-дың тағайындалуы бойынша енуші, аралық және шығушы болып бөлінеді. Енуші ауқымдарға жедел немесе бастапқы ақпарат және объектінің басқару бойынша мәселені шешуге деген сұраныстар кіреді. Шығару ауқымы экранға немесе баспаға берілетін деректерден тұрады. Осы ақпараттар негізінде пайдаланушылар шешім қабылдайды, яғни ақпараттарды пайдаланады.

Ұйымдастырушылық  жабдықтау - жүйені құрудағы мақсаттар мен бағыттарын айқындаудағы ақпарат жүйесінің маңызды ішкі жүйесі болып табылады. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Оның құрамында төрт топты атап көрсетсе болады.

Бірінші  топ құру және фунционалдау үрдісінде маңызды әдістемелік құжаттарды қамтиды:

    • ақпараттық жүйені құрудағы жалпы басқару әдістемелері;
    • типтік жобалар шешімі;
    • кәсіпорынды алдын ала тексерудегі жобалау және өткізудегі әдістемелік материалдары;
    • құжаттаманы құру және іске қосу сұрақтарының әдістемелік материалдары.

Екніші  компоненті ақпарттық жүйені жобалауға және ақпараттық жүйені функционалдануында  керекті тиімді құралдардың жиынтығынан тұрады.

Үшінші компонент тексеру кезінде алынатын техникалық құжаттама болып табылады. Жүйені жобалау мен енгізу: техника-экономикалық негіздеме, техникалық тапсырыс, техникалық және іскерлік жобалар мен құжаттар.

Ұйымдастырушылық жабдықтаудың төртінші компоненті «Іскер». Онда жүйенің басты құрастырушыларды және функионалдық бөлімінің мамандарының тізімі берілген.

Құқықтық жабдықтау ішкі жүйесі ақпараттық жүйені енгізу және эксплуатацияға беруге арналған, ол жерде заңнамалық актілерді, құжаттарды қалыпқа келтіру, сақтау, өтпелі және нәтижелік жүйе ақпаратында қайта түзету.

Жүйені тұрғызу барысында  құқықтық құжаттарға: тапсырушы мен атқарушының келісім-шарты, жүйені тұрғызушылар арасындағы құжаттар кіреді.  Ал, жобаны енгізу кезінде оған мынадай құжаттар жатады: жасалып жатқан жүйе деңгейінің мінездемесі, ақпарат жүйесі бөлімдерінің құқығы, ақпартты өңдеудегі жеке құжаттардың құқықтық орындамасы, техникалық құралдарды қолдану кезіндегі қолданушылардың құқықтық қатынасы.

 

Техникалық  жабдықтау – бұл рейтингті талдаудың ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу барысында қолданылатын техникалық құралдар кешені.

Басқарудың ақпараттық үрдісі жеке амалдар мен олардың кешендерінің орындалуы арқылы жүзеге асырылады. Барлық амалдарды үш сатыға топтауға болады: ақпараттарды қабылдау, түрлендіру және тұтыну.

Бірінші сатысы, экономикалық объектілердің қызмет үрдісі кезінде пайда болатын бастапқы ақпаратты жинақтау және тіркеу операцияларының тобынан тұрады.

Ақпараттарды түрлендіру операцияларының тобы (екінші саты) ақпараттартың мағыналарын, нысандарын, құрылымдарын кеңістік және уақыт бойынша өзгертуге бағытталған.

Үшінші саты, басқару  шешімдерін қабылдау үшін және басқарудың ақпараттық үрдісін жалғастыру үшін тұтынылатын мәні бар операциялар тобын біріктіреді.

 

Техникалық конфигурациясына қойылатын талаптар:

Түрі

Көрсеткіші, мәні

1

Компьютердің қуаттылығы

2400 Ггц

2

Жедел жадының көлемі

512 Мб

3

Қатты жадының көлемі

40 Гб

4

Дисковод 

Қажет

5

CD – ROM

Қажет

6

Микропроцессор

Pentium (R) 4 CPU

7

Модем

қажет емес

8

Файлдық жүйесі

NTFS

9

Монитор түс беру сапасы

32 бит

10

Монитордың экрандық рұқсаттамасы

1152 нүкте 864 нүктеге

11

Видеокарта

128 Мб


 

Программалық  жабдықтау – бұл техникалық құралдар кешенінің қызметін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйенің функциясын (атқарымын) жүзеге асыратын программалар жиынтығы. Пограммалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы ПЖ және арнайы ПЖ.

Жалпы ПЖ – бұл кең  көлемді пайдаланушыларға арналған, есептеу үрдісін ұйымдастыру  мен ақпараттарды өңдеуде жиі  кездесетін есептерді шешуге бағытталған  программалар жиынтығын құрайтын КБРТ-дағы ПЖ бөлімі. Жалпы ПЖ-ға мынадай негізгі компоненттер кіреді: операциялық жүйе, программалық өнім және сынақтық-тесттік программалар.

Арнайы ПЖ-ға АӨӨ-дің әр түрлі атқарымдық қосалқы жүйелері үшін нақты мәселелерді шешуге және жеке функцияларды орындауға арналған программалар.

 

Программалық жабдықталуына  қойылатын талаптар:

 

1

Жалпы жүйелік программалық жабдықталуы

Microsoft 2000, NT, XP

2

Офистік бағдарламасы

Office 2002

3

Қолданбалы программалық ортасы

Delphi 7 программалық ортасы

4

МББЖ

Paradox, Oracle

5  

Көмекші программалар

Драйвер, утилиталар, тексттік-кестелік редакторлар


 

Технологиялық жабдықталуы – ақпараттық технологиялар және олардың ішінен нақты есептерді шешуге арналған ең қолайлысын таңдау әдістерінің жиынтығы.

Математикалық жабдықталуы – ең озық есептеу техникасының көмегімен банк рейтингін талдаудың ақпараттарын өңдеу және есептерді шешуге арналған математикалық әдістердің, үлгілер мен алгоритмдердің жиынтығы. Математикалық жабдықтау экономикалық моделін, блок-схемасын, алгоритмін құрып программалау жобасын жасаймын. Жабдықтау белгілі бір нақты міндеттерді шешуді қамтамасыз ету керек және міндеттерді шешу барысындағы дербес ЭЕМ-нің қызметін басқарып, оның орындалуын бақылап отырады.

Математикалық жабдықтауға  блок-схеманы көрсетіп кетейін:

 

 

Лингвистикалық  жабдықтау – бұл, ақпаратты автоматты түрде өңдеудің тиімділігін арттыру және адамның ақпараттық техникалық құралдармен байланысын жеңілдету үшін пайдаланатын тілдік, құралдардың, ғылыми-техникалық терминдердің, табиғи тілді қалыптастыру ережелірінің жиынтығы. АӨӨАЖ-нің лингвистикалық жабдықтауына алгоритмдік тілдер: Паскаль мен DELPHI жатады, ал ақпараттық тілдерге: Paradox, Database Desktop кіреді.

Эргономикалық жабдықтау – жұмыстың әр түрлі сатысындағы адамның жоғары тиімділікпен жұмыс істеуіне дұрыс жағдайлар жасау және сонымен бірге оны игеру мақсатына бағытталған әдістер мен құралдар жиынтығы. АӨӨАЖ-нің эргономикалық жабдықтау құрамына мыналар кіреді:

    • жұмыс орындарында, ақпараттық үлгілерге және жұмыскерлер құрамына эргономикалық сараптауды қалыптастыруды қамтамасыз ететін құжаттар пакеті; бұл талаптарды іске асырудың мақсатқа сай тәсілдерін таңдау; оларды іске асыру деңгейінің эргономикалық сараптамасын жүзеге асыру;
    • жұмыскердерді даярлау деңгейіне және іріктеу жүйесіне қойылатын талаптарды негізге ала отырып тұжырымдауды қамтамасыз ететін әдістер, оқу-әдістемелік құжаттар және даярлаудың техникалық құралдар кешені.

 

Ақпараттық өнімдерді  өткізудің ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы.

Концептуалды  схема  ақпараттық жүйе құру мен оның іс атқарауында басты әдістемелік  тұрғыда қарастыруда көрсетеді. Ақпараттық жүйенің негізгі концептуалды схемасы тұтас жүйе тұрғызудың әдістемелік  аспектілерін  бейнелейді және негізгі құралдарды анықтайды.

Ақпараттық жүйелер құрамындағы элементтердің атқару роліне  қарай екі бөлшекке бөледі. Ол функционалды және жабдықтаушы бөлшек. Функционалды бөлігіне функционалды жүйелердің комплексі жатады, ол жабдықтаушы бөлшекке  жабдықтаушы жүйешелер жатады.

Информация о работе Ақпарттық өнімдерді өткізудің ақпараттық жүйесі