Бағдарлама құрылымы. Тілдің операторлары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 12:04, реферат

Описание

Программа - белгілі бір программалау тілінің синтаксистік ережелеріне сәйкес жазылған нұсқаулар тізбегі. Демек, Borland Delphi тілінде программа жазу үшін программалаушы оның жазылу ережесін жақсы білуі қажет.
Borland Delphi тіліндегі программа жалпы мына түрде жазылады:
Программа тақырыбы;
Сипаттау бөлімі;
begin
Орындалатын бөлімі;
Еnd.

Работа состоит из  1 файл

1.2 тақырып.doc

— 86.00 Кб (Скачать документ)

1.2 тақырып Бағдарлама құрылымы. Тілдің операторлары.

Программа - белгілі бір программалау тілінің синтаксистік ережелеріне сәйкес жазылған нұсқаулар тізбегі. Демек, Borland Delphi тілінде программа жазу үшін программалаушы оның жазылу ережесін жақсы білуі қажет.

Borland Delphi тіліндегі программа жалпы мына түрде жазылады:

Программа тақырыбы;

Сипаттау бөлімі;

begin

Орындалатын бөлімі;

Еnd.

• Программа тақырыбы program қызметші сөзінен басталады. Ол программа атынан және параметрлерден тұрады. Мысалы:

Program esepl (input, output);

Мұндағы esepl - программаға берілген атау. Программалаушы программа атын өз қалауынша бере алады. Программа атауы оларды екінші бір программадан ажыратуға қажетті көрсеткіш.

ЕСКЕРТУ! Программа атауының оның мазмұны сақталынған файл атауына еш қатысы жоқ.

Input, output - стандартты енгізу, шыгару файлы.

• Сипаттау бөлімінде   программада кездесетін барлық берілгендердің атауы, типі, мүмкін болатын мәндері, т.б. хабарланады.

• Орындалатын бөлімде begin және end қызметші сөздері арасына операторлар тізбегі жазылады. Сол себепті, begin (ашылатын)  және   end  (жабылатын)  қызметші  сөздерін операторлар жақшасы деп атаса да болады. Оператор -нұсқаулардың машиналық тілде жазылуы. Сонда әрбір оператор орындалуға қажетті әрекетті машинаға түсінікті түрде сипаттайды. Программаның бір жолына бірнеше операторларды жазуға болады. Олардың арасына (;) нүктелі үтір таңбасы, ал программаның соңын көрсететін end сөзінен кейін (.) нүкте қойылады. Программаның орындалатын бөлімінде жазылған операторлар тізбегін - программа денесі деп атаймыз.

Программа бөлімдері

Borland Delphi тіліндегі программа төмендегі бөлімдерден тұрады:

  • Программа тақырыбы;
  • Берілгендерді сипаттау;
  • Белгілерді хабарлау бөлімі;
  • Тұрақтыларды хабарлау бөлімі;
  • Типтерді хабарлау;
  • Айнымалыларды сипаттау бөлімі;
  • Процедура-функцияны хабарлау бөлімі;
  • Орындалатын бөлім;

Begin

Программа денесі (операторлар тізбегі);

End.

Сонда, программа құрылымы мына түрде болады:

Program программа аты;

Uses

Модуль аты;

Label

Белгі;

Const

Тұрақты атауы=тұрақты мәні;

Туре

Тип атауы = тип сипаттамасы;

Var

Айнымалылар атауы: типі;

{Пайдаланушылар   процедурасын   және   функциясын хабарлау};

Begin

Операторлар тізбегі;

End.

• Uses бөлімінде стандартты және пайдаланушылар модулі жарияланады. Мысалы,

Uses crt;

Begin clrscr;        {экранды тазалауды іске қосу}

...

• Кез   келген   операторды   белгілей   отырып,   goto операторы арқылы программаның орындалу ретін өзгертіп, белгіленген операторға тікелей көшуге болады. Белгі атауы символдар тізбегі және    бүтін оң сандармен қойылады. Оператор мен белгі арасына (:) қос нүкте таңбасы жазылады. Белгілерді хабарлау бөлімі label қызметші сөзінен басталады. Программада кездесетін     барлық  белгі  label  бөлімінде хабарлануы қажет.

Label белгі1, белгі2, белгі3;

Мысалы,

Label I, 15,SUM,AC;

• Тұрақтыларды сипаттау бөлімі const (латынның constants - тұрақты деген сөзінің қысқартылуынан алынған) қызметші сөзінен басталады. Бұл бөлім программада төмендегідей жазылады:

Const

Тұрақты атауы=тұрақты мәні;

Мысалы,

Const

G=9.8;

• Type бөлімде пайдаланушылар тарапынан анықталған типтер   хабарланады.   Turbo   Pascal-да   программалаушы стандартты типтер аркылы жаңа типті құруға мүмкіндігі бар. Мұндай типтерді қолдану программаның құрылымын күрделендіреді. Сол себептен type бөлімі қарапайым программада кездеспейді. Бірақ, пайдаланушылар типі программадағы қателіктерді тез табуға септігін тигізеді. type бөлімінің жалпы жазылуы:

Type

   Тип атауы= сипаттамасы;

Мысалы,

Type

   Matris = array[1..3, 1..2] of real;

Бұл мысалда тип атауы - Matris кесте берілген, оның жол бойынша 3, ал бағана бойынша 2 элементі бар. Кестенің шементтерінщ тегі нақты - real.

• Программада кездесетін барлық айнымалы var (ағылшынның variable- айнымалы деген сөзінің кысқартылуы) бөлімінде хабарлануы керек. Var бөлімінде айнымалының атауы, типі хабарланады. Программаның орындалуы барысында, айнымалы оған тағайындалған атауы бойынша шақырылады. Айнымалының мәні var бөлімінде анықталмағандыктан оған бастапқы мән берілуі қажет.

Егер, программада типтері әр түрлі бірнеше айнымалы болса, var деп бірнеше рет жазудың қажеті жок. Яғни, var сөзі бірақ рет жазылып, айнымалылардың тізімдері толық көрсетіледі. Айнымалылар бөлімінің жазылуы:

Var

Айнымалылар атауы: типі;

Мысалы,

Var

a,b,c: integer;

D,x1,x2: real;

y:char;

flag: boolean;

Мұндағы a,b,c - айнымалылар атаулары, олардың типтері бүтін (integer). Ал, D,xl,x2 – нақты (геаl), у - символдық (char), flag -логикалық (boolean) айнымалылар.

• Программалауды жеңілдетуде бір программаны бірнеше кішкене бөліктерге бөлуге болады. Программаның осындай бөліктері - көмекші программа (ішкі программа немесе подпрограмма) деп аталады. Көмекші программа екіге бөлінеді: процедуралар және функциялар. Процедуралар мен функциялардың екі түрі бар: стандартты және пайдаланушылар. Стандартты функциялар мен процедуралардың атауы, атқаратын кызметтері алдын-ала анықталғандықтан, оларды программаның басында хабарлаудың қажеті жоқ. Ал, пайдаланушылар процедурасы мен функцияларын программаның арнайы бөлімінде хабарлау керек. Бұл бөлімде пайдаланушы процедурасы мен функцияларына атау беріледі. Оларды осы атауы бойынша программаның негізгі бөлімінде шакыруға болады.

Процедураны хабарлау бөлімінің жалпы жазылуы:

Procedure атауы (формальды көрсеткіштері);

Begin

Процедураның орындалатын  бөлімі;

End;

Функцияны хабарлау бөлімінің жалпы жазылуы:

Function функция атауы (формальды көрсеткіштері) :

нәтиже типі;

Begin

Функцияның орындалатын бөлімі;

End;

Процедуралар және функциялар туралы толығырақ келесі тарауларда берілген.

• Программаның орындалатын бөлімін - операторлар бөлімі деп атаймыз. Операторлар бөлімі - программаның негізгі бөлімі. Бұл бөлімде программаның сипаттау бөлімінде хабарланған тұрақтыларға, айнымалыларға, функция мәндеріне түрлендіру операциялары қолданылып, қойылған мақсатта программа жазылуы керек.

Операторлар бөлімі begin қызметші сөзінен басталып, орындалатын операторлар (нұсқаулар) бірінен кейін бірі жазылады. Программаның бір жолына бірнеше операторларды жазуға болады. Олардың арасын ; (нүктелі үтір) таңбасымен бөлеміз. Бұл бөлімді end қызметші сөзі аяқтайды. Бұл сөзден кейін . (нүкте) таңбасы қойылып, программаның соңын көрсетеді.

Операторлар бөлімінің жазылуы:

Begin

1-оператор;

2-оператор;

n -оператор

End.

Операторлар жазылу реті бойынша жоғарыдан төменге қарай орындалады. Жазылуы көлемді болатын оператор бірнеше экранның жолын алуы мүмкін.

 

 

Borland Delphi тілінің операторлары

 

Оператор - программадағы нұсқаулардың (бұйрықтар, алгоритмдер) машиналық тілде жазылуы. Яғни, берілген есепті шешу мақсатында орындалатын іс-әрекеттердің машинаға түсінікті түрде жазылуы. Сонда, программа денесі бірінен кейін бірі жазылған операторлар тізбегінен тұрады. Операторлар арасына нүктелі үтір (;) белгісі қойылады.

Операторлар қарапайым және күрделі (құрама) операторлар болып екі топқа бөлінеді. Егер оператор құрамында басқа операторлар болмаса, онда ол қарапайым оператор деп аталады. Бұл топқа: меншіктеу, процедураны шакыру, шартсыз көшу - Goto, бос орын операторлары жатады.

Күрделі (кұрама) оператор бірнеше қарапайым операторлардан тұрады.

 

Меншіктеу операторы

 

Borland Delphi -дің негізгі операторының бірі - меншіктеу операторы.  Ол қарапайым операторлар тобына жатады. Меншіктеу операторының жалпы жазылуы: айнымалы атауы := өрнек;

 Мысалы:  

X := 2*Y + Z;

Z:=A + B;

Мүндағы := меншіктеу белгісінің оң жағындағы өрнек есептелініп, сандық мәні оң жақтағы айнымалыға меншіктелінеді.

Меншіктеу (:=) белгісінің әдеттегі теңдіктен (=) айырмашылығын түсіндірейік. Мысалы: sum:=2 болғанда, sum:=sum + 5 өрнегінің нәтижесі 7, яғни, зерденің sum атаулы ұяшығындағы 2 санына 5-ті қосып, шыққан 7 санын sum ұяшығына қайта орналастыру. Ал, өрнекті sum=sum+5 түрінде жазсақ оның мағынасы болмайды.

Символдық мәндерді меншіктеуде апостроф (') таңбасын қолданамыз.

Мысалы:  

К:='Информатика';

J:=’*’;

Turbo Pascal-да бірнеше айнымалы мәні бірдей болса, мән меншіктеуді i:=j:=k:=5 түрінде жазуға болмайды. Ол үшін меншіктеу операторын жеке-жеке жазған дұрыс: і:=5; j:=5; к:=5

Меншіктеу операторы көмегімен логикалық өрнектің нәтижесінде айнымалыға меншіктеуге болады. Мысалы: Rl:=(k>0)and(k<10)

Мұндай өрнектің нәтижесі ақиқат (true) немесе жалған (false) сөздері, ал R1 айнымалысы типі логикалық (Boolean) болады.

Есептелінген өрнек нәтижесі мен  оны меншіктейтін айнымалы типтері  сәйкес болуы қажет. Мысалы: а айнымалысының типі бүтін (Integer), ал, оған меншік-телінетін өрнек нәтижесі нақты (Real) болатын программа бөлігі берілген:

Var a :lnteger; b,c: Real;

Begin

...

a:=b+c;

...

Бұл жағдайда экранға қатені хабарлайтын мәлімет шығады: Type mismatch (Тип сәйкессіздігі).

ЕСКЕРТУ! Меншіктеуде айнымалы нақты (Real) ал, өрнектің нәтижесі бүтін (Integer) типте және айнымалы типі жолдық (String) ал өрнек символдық (Char) болса, бұл қатеге жатпайды.

 

Бос оператор

 

Borland Delphi тілінде бос оператор (;) таңбасымен беріледі. Бос оператор программада ешқандай амал орындамайды. Ол тек программадан және құрама оператордан шығуда қолданылады.

Мысалы:

Begin

...

goto белгі;      {блоктың соңына көшу}

...

белгі: end;        {бос оператор белгі арқылы белгіленген}

Кей жағдайда программада артық  қойылған (;) - бос оператор белгісі ешқандай қатені туғызбайды. Мысалы:  

а:=4;

b:=12;

бірінші оператордан кейін қойылған бос оператор белгісі ұмыт қалған операторға орын тағайындай алады.

Шартсыз көшу операторы

 

Borland Delphi тіліндегі программада операторлар жазылған ретімен орындалады. Осы реттілікті өзгертіп отаратын, яғни программаның кейбір бөліктерін орындамай өтіп кету және кері қайту үшін, шартсыз көшу операторы қолданылады.

Шартсыз көшу операторының жалпы жазылуы:

GOTO   белгі;

GOTO операторы орындалғанда, программаның орындалу реті бұзылып белгіленген операторға көшу жүзеге асады. Бір белгімен бір оператор белгіленеді. Белгі мен оператор арасына қос нүкте (:) таңбасы қойылады. Белгі 0-9999 бүтін сандарымен және идентификатормен қойылады. Бұл белгі программаның label бөлімінде хабарлануы керек.

Мысалы:

Label 10;

...

Begin

...

Goto 10;

...

10:y:=2*x;

...

end.

Мұнда goto 10 операторынан кейін программаның орындалуы 10 санымен белгіленген операторға көшіріледі.

ЕСКЕРТУ! GOTO операторы программаның логикалық құрылымын күрделендіріп жібереді. Сол себептен бұл операторды жиі пайдаланудың қажеті жоқ!

 

Құрама оператор

 

Бірнеше операторлардың бірігуінен шыққан операторды құрама оператор деп атаймыз. Бұл операторлар begin (басы) және end (соңы) қызметші сөздер арасында жазылады. Әр оператордан кейін (;) нүктелі үтір таңбасы қойылады.

Құрама оператордың жалпы жазылуы:

begin

  1. - оператор;
  2. - оператор;

...

N - оператор end;

Begin (басы) және end (соңы) сөздерін операторлар жақшасы деп қарастырсақ , жоғарыдағы мысалды мына түрде жазуға болады:

(1-оператор; 2-оператор; ...; N-оператор)

Құрама оператордың ішінде тағы бір құрама оператор болуы мүмкін. Бұл жағдайда программа денесін құрама оператор деп қарастырса болады. Құрама операторға шартты көшу, таңдау және қайталау операторлары жатады.

Информация о работе Бағдарлама құрылымы. Тілдің операторлары