MS Excel мүмкіндіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 17:18, лекция

Описание

Microsoft Excel оңтайлы және дұрыс шешім қабылдауға көмектесу арқылы ақпаратты бұрынғыдан да көп жолдармен талдауға, басқаруға және ортақ пайдалануға мүмкіндік береді. Жаңа талдау және көрнекілендіру құралдары маңызды деректер трендтерін бақылауға және бөлектеуге көмектеседі. Кез келген веб шолғыш немесе смартфон арқылы маңызды деректерге кез келген жерден оңай қол жеткізіңіз.

Работа состоит из  1 файл

Документ WordPad.doc

— 213.64 Кб (Скачать документ)

СӨЖ

MS Excel мүмкіндіктері.

Microsoft Excel оңтайлы және дұрыс шешім қабылдауға көмектесу арқылы ақпаратты бұрынғыдан да көп жолдармен талдауға, басқаруға және ортақ пайдалануға мүмкіндік береді. Жаңа талдау және көрнекілендіру құралдары маңызды деректер трендтерін бақылауға және бөлектеуге көмектеседі. Кез келген веб шолғыш немесе смартфон арқылы маңызды деректерге кез келген жерден оңай қол жеткізіңіз.

1) Тіпті файлдарды Интернетке кері қотарып, басқалармен бір уақытта бірігіп жұмыс істеуге болады. Қаржылық есептер жасап немесе жеке шығындарды қадағалап жатсаңыз да, Excel  бағдарламасы көздеген мақсатқа жетуде тиімдірек және икемдірек.

Жылдам әрі тиімді салыстыру

Excel  бағдарламасында ауқымды ақпараттың негізінде шешім қабылдаттыратын үлгілер мен трендтерді ашуға және жаңа талдау құралдарының көмегімен үлкен деректер жиынын талдауды жақсартуға көмектесетін жаңа қуатты мүмкіндіктер берілген.

Жаңа Sparkline қисық сызықтары арқылы тиісті мәтіндік деректер қасындағы ұяшыққа сыятын кішкентай диаграмманың көмегімен деректеріңіздің көрнекі жиынтығын жасаңыз.

Жаңа бөлгіш мүмкіндігін қолдану арқылы ауқымды ақпаратты жылдам және интуитивті түрде сүзіп, жиынтық кесте және жиынтық диаграмма көрнекі талдауларын жақсартыңыз.

Жұмыс үстелінен керемет талдау жасау

Excel бағдарламасындағы нақтылау мен өнімділікті жақсартулар жұмысты оңай әрі жылдам орындауға мүмкіндік береді.

Кестелер, жиынтық кесте мен жиынтық диаграмма көріністеріндегі қол жетімді сүзгі параметрлерін жылдам шақтау үшін, жаңа іздеу сүзгісін пайдаланыңыз. Миллиондаған немесе одан да көп элементтер арасынан іздегеніңізді тез табыңыз.

Excel  бағдарламасына арналған PowerPivot -- үлкен деректер жиынын жылдам басқару (жиі миллиондаған жолдарда болады) және жақсартылған деректерді біріктіру тәжірибесін жинауға мүмкіндік беретін тегін қондырма. Сонымен қатар, талдауды SharePoint бағдарламасы арқылы күш салмай-ақ, ортақ пайдалануға болады

2) Мөлшері 2 гигабайттан көп ауқымды ақпаратпен жұмыс істеңіз және Office дестесінің 64 битті нұсқасының көмегімен жаңа және қолданыстағы жабдықтың орнын үлкейтіңіз.

3) Уақытты үнемдеу, жұмысты жеңілдету және өнімділікті арттыру

Өз қалағаныңыздай жұмыс істеген кезде жұмыс кітаптарын жасап, басқару оңайырақ.

Сақтамай жауып қойған файлдардың сақталмаған нұсқаларын қалпына келтіріңіз! Иә, шынымен. Нұсқаны қалпына келтіру мүмкіндігі -- жаңа Microsoft Office Backstage™ көрінісінен қол жетімді көптеген жаңа мүмкіндіктердің бірі. Backstage көрінісі барлық жұмыс кітабының басқару тапсырмаларын орталықтандырылған, ұйымдастырылған орынмен қамтамасыз ету үшін барлық Office  бағдарламаларындағы дәстүрлі «Файл» мәзірін ауыстырады.

Ең қажетті пәрмендер қол жетімді болу үшін жетілдірілген таспаны оңай теңшеңіз. Теңшелетін қойындылар жасаңыз немесе бекітілген қойындыларды теңшеңіз. Excel  бағдарламасымен бақылауда боласыз.

Тосқауылдарды бұзып, жаңа жолдармен бірігіп жұмыс істеу

Excel  бағдарламасы пайдаланушыларға жұмыс кітаптарында бірге жұмыс істеуге мүмкіндік бере отырып, жұмыстарының сапасын жақсартудың оңай жолдарын ұсынады. Ең жақсысы, алдыңғы Excel нұсқалары тұтасымен қатыса алады.

Кез келген веб-шолғышта Excel Web App бағдарламасын пайдаланып, басқа адамдармен бір уақытта бірдей жұмыс кітабымен жұмыс істей аласыз.

SharePoint Foundation бағдарламасы қосылған компаниялардағы корпоративті пайдаланушылар қорғау жүйесіндегі осы функцияны пайдалана алады.

Егер сіз кішігірім компанияда немесе үйде жұмыс істесеңіз, сізге басқа пайдаланушылармен жұмыс кітаптарын бір уақытта әзірлеу үшін тегін Windows Live ID идентификаторы қажет.

SharePoint Excel қызметтері веб-шолғышта жұмыс кітабының бір нұсқасын сақтау барысында оқуға оңай жұмыс кітаптарыңызды тобыңызбен ортақ пайдалануға мүмкіндік береді.

Жұмыс кітаптарыңызға кез келген уақытта, кез келген жерден қол жеткізу

Қажетті ақпаратқа қалаған уақытта және қалаған жолмен қол жеткізіңіз. Енді Excel тәжірибеңізбен жұмыс кітаптарыңызға оңай кіріп, жолда жүрген кезде қажеттіліктеріңізге қол жеткізе аласыз.

Microsoft Excel Web App: кез келген жерде виртуалды түрде өңдеңіз. Үйде, мектепте немесе кеңседе болмаған кезде, жұмыс кітаптарыңызды веб шолғышта қарап, өңдеңіз.

4) Microsoft Excel Mobile: Excel жұмыс кітаптарын тез жаңартыңыз және қайта есептеңіз. Электрондық кестелерді толығымен, соның ішінде диаграммалары мен пішімдеулерімен бірге қараңыз. Тізімдерді сұрыптаңыз не сүзіңіз, деректеріңіз бен формулаларыңызды жаңартыңыз және нәтижелерін бірден Windows Phone 7 құрылғысындағы Excel Mobile арқылы көріңіз.

5) Жеке бюджетіңізді жасап немесе сапар шығындарын есептеп жатқан болсаңыз, мектеп немесе жұмыс жобасы бойынша бірлесіп жұмыс істеп жатсаңыз да, тіпті сіздің жұмыс кітабыңыз миллион жолдардан асып кетсе де, Excel 2010 бағдарламасы көздеген мақсатыңызға жылдам, икемділікпен және жақсы нәтижелермен жетуге мүмкіндік береді.

 

 

Диаграммалар шеңберін пайдалану

 

Microsoft Office Excel арқылы деректеріңізді сақиналы диаграммаға тез айналдырып, жаңа пішімдеу мүмкіндіктері арқылы осы сақиналы диаграмманы оқуды жеңілдетуге болады. Мәселен, сақиналы диаграмманың әрбір сақинасы нені білдіретінін түсіндіретін мәндік белгілерді, деректер шендерін және мәтін ұяларын қосқан соң диаграммада бейнеленген деректерді тез түсінуге болады.

Сақиналы диаграмманы жасап алған соң оның тілімдерін бұрып, оларға басқа бұрышдан қарауға болады, диаграммадан белгілі тілімдерін шығарып алып, кезелімді оларға салуға болады, немесе саңылаудың мөлшерін өзгертіп, тілімдердің мөлшерін ұлғайтуға болады.

Деректерді сақиналы диаграммада бейнелеу туралы көбірек ақпарат алу

Жұмыс парағында тек бағандар мен жолдарда орналасқан деректерді сақиналы диаграммада бейнелеуге болады. Дөңгелек диаграммаға өте ұқсас болып, сақиналы диаграмма бүтін зат және оның бөліктері арасындағы қатынасты көрсетеді, бирақ сақиналы диаграммада бірнеше деректер тізбегі болуы мүмкін. Сақиналы диаграммада көрсетілетін әрбір деректер тізбегі диаграммаға бір сақина қосады. Бірінші деректер тізбегі диаграмманың ортасында бейнеленеді.

Сақиналы диаграммалар домалақ болған соң оларды оқу оңай емес. Әсіресе олар бірнеше деректер тізбегін көрсеткен кезде. Сыртқы және ішкі сақиналардың пропорциялары деректерді дәлдікпен білдірмейді -- сыртқы сақиналардағы деректер нүктелері ішкі сақиналардағы деректер нүктелерінен үлкенірек көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде олардың мәндері ішкі нүктелерінің мәндерінен кемірек болуы мүмкін. Сақиналы диаграммаларда мәндер мен пайыздарды көрсету өте пайдалы болып табылады, бірақ егер деректер нүктелерін бір бірінің қасына тұрғызып салыстырғыңыз келсе, жинақтау гистограммасын немесе жинақтау жолақ диаграммасын пайдаланғаныңыз жөн.

Сақиналы диаграмманы пайдалану туралы келесі жағдайларда ойлаңыз:

Бір немесе бірнеше деректер тізбегін бейнелегіңіз келеді.

Бейнелегіңіз келетін мәндердің ешқайсысы теріс емес.

Бейнелегіңіз келетін мәндердің ешқайсысы нөлге (0) тең емес.

Бір деректер тізбегіне арналған санаттардың саны жетеуден аспайды.

Санаттар сақиналы диаграмманың әрбір сақинасында бүтіннің бөліктерін білдіреді.

Сақиналы диаграмма жасаған кезде келесі сақиналы диаграмма түрлерінен біреуін таңдауға болады:

Сақиналы    Сақиналы диаграммалар деректерді сақиналарда көрсетеді, ал әрбір сақина деректер тізбегін білдіреді. Егер деректер шендерінде пайыздар көрсетілген болса, әрбір сақина 100 пайызды құрайды.

Бөлінген сақина    Бөлінген дөңгелек диаграммаларға өте ұқсас болып, бөлінген сақиналы диаграммалар кейбір бөлек мәндерді айырып көрсете тұра, әрбір мәннің бүтінге қосқан үлесін бейнелейді. Бірақ олар ішінде бірнеше деректер тізбегі болуы мүмкін.

Үш өлшемдік сақиналы диаграммалар мен бөлінген сақиналы диаграммалар қолданыста жоқ, бірақ үш өлшемдік пішімдеуді пайдаланып, осы диаграммаларды үш өлшемдік диаграммаларға ұқсас етіп қоюға болады.

Күрделі сақиналы диаграмманы жасау

Ал осы сақиналы диаграмманы біз қалай жасадық? Келесі іс реті ұқсас нәтижелерге ие болған сақиналы диаграмманы жасауға көмектеседі. Осы диаграмма үшін біз үлгі ретінде қолданылатын жұмыс парағының деректерін пайдаландық. Сіз осы деректерді өз жұмыс парағыңызға көшіре аласыз, немесе өз деректеріңізді пайдалануыңыз болады

Сақиналы диаграммада бейнелегіңіз келетін деректерді таңдаңыз.

Кірістіру қойындысында орналасқан Диаграммалар тобында Басқа диаграммалар тармағын таңдаңыз.

Сақиналы тобында Сақиналы тармағын таңдаңыз.

Сақиналы диаграмманың тұрғызу аумағын нұқыңыз.

Бұл әрекет Диаграмма құралдары қойындысын ашып, Құрастырушы, Орналасу және Пішім қойындыларын қосады.

Құрастырушы қойындысында орналасқан Диаграмма орналасуы тобында пайдаланғыңыз келетін орналасуды таңдаңыз.

Егер диаграммаңызда аса көп мәндік белгілер бар болса немесе мәндік белгілерді бір бірінен ажырату оңай болмаса, мәндік белгіні көрсетудің орнына диаграмманың деректер нүктелеріне деректер шендерін қоса аласыз (Орналасу қойындысында орналасқан Шендер тобында Деректер шендері түймешігін басыңыз).

Құрастырушы қойындысында Диаграмма мәнерлері тобында пайдаланғыңыз келетін мәнерді таңдаңыз.

Диаграмманың өлшемін өзгерту үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

Диаграмманы нұқыңыз.

Пішім қойындысын ашып, Өлшем тобындағы Кескін биіктігі және Кескін ені жолақтарында керекті өлшемді енгізіңіз.

Сақина саңылауының өлшемін өзгерту үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

Деректер тізбегін нұқыңыз немесе оны диаграмма элементтерінің тізімінен таңдаңыз (Пішім қойындысында орналасқан Бөлектелген үзік тобындағы Диаграмма элементтері жолағы арқылы).

Пішім қойындысын ашып, Бөлектелген үзік тобында Бөлектелген үзікті пішімдеу тармағын таңдаңыз.

Қатар параметрлері тармағын таңдаңыз, содан кейін Сақиналы саңылау өлшемі тобында жүгірткіні сүйреп, керекті өлшемге дейін жеткізіңіз немесе Пайыз жолағында 10 мен 90 аралығында болған пайыз мәнін енгізіңіз.

Деректер шендерін одан да көрнекті ету үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

Деректер шенін нұқып, бүкіл деректер тізбегінің деректер шендерін бөлектеңіз немесе оларды диаграмма элементтерінің тізімінен таңдаңыз (Пішім қойындысында орналасқан Бөлектелген үзік тобындағы Диаграмма элементтері жолағы арқылы).

Пішін қойындысында орналасқан Кескін мәнерлері тобында Қосымша түймешігін басыңыз да, кескін мәнерін таңдаңыз.

Осы қадамдарды қайталап, сақиналы диаграммаңызда барлық деректер қатарларының барлық деректер шендерін пішімдеңіз.

Диаграмма тақырыбын өзгерту және пішімдеу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

Диаграмма тақырыбын нұқыңыз немесе оны диаграмма элементтерінің тізімінен таңдаңыз (Пішім қойындысында орналасқан Бөлектелген үзік тобындағы Диаграмма элементтері жолағы арқылы).

Пайдаланғыңыз келетін тақырыпты енгізіңіз де, ENTER пернесін басыңыз.

Пішін қойындысында орналасқан Кескін мәнерлері тобында Қосымша түймешігін басыңыз да, кескін мәнерін таңдаңыз.

Егер тақырыптың орналасу жерін өзгерткіңіз келсе, оны керекті жерге сүйреп апарыңыз.

Мәндік белгінің пішімін өзгерту үшін мәндік белгіні нұқыңыз да, Кескін мәнерлері жолағында (Пішім қойындысында орналасқан Кескін мәнерлері тобында Қосымша түймешігін басыңыз) керекті мәнерді таңдаңыз.

Сақиналарды көрсетіп тұратын көрсеткілерге иә болған мәтіндік белгілерді қосу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

Орналасу қойындысында орналасқан Кірістіру тобында Мәтін ұясы тармағын таңдаңыз.

Мәтін ұясын диаграммада қай жерде орналастырғыңыз келсе, сол жерде нұқыңыз, керекті мәтінні енгізіңіз де, ENTER пернесін басыңыз.

Мәтін ұясын таңдаңыз, содан кейін Пішім қойындысында орналасқан Кескін мәнерлері тобында «Тілқатысу терезесін ашу» түймешігін  басыңыз.

Мәтін ұясы тармағын таңдаңыз, содан кейін Автоіріктегіш тобында Кескін өлшемін мәтінге дәлдеу параметріне құсбелгі қойыңыз да, Жарайды түймешігін басыңыз.

Кескін мәнерлер тобында пайдаланғыңыз келетін мәнерді таңдаңыз.

Орналасу қойындысында орналасқан Кірістіру тобында Кескіндер тармағын таңдаңыз.

Сызықтар тобында Көрсеткі тармағын таңдаңыз.

Диаграммада көрсеткіні мәтін ұясының бұрышынан көрсеткімен көрсеткіңіз келетін сақинаға сүйреп тартыңыз.

Мәтін ұяларының пішімін өзгерту үшін мәтін ұясын нұқыңыз, содан кейін Кескін мәнерлері тобында (Кескін мәнерлері тобы Пішім қойындысында орналасқан).

Осы қадамдарды диаграммаңыздағы барлық сақиналар үшін қайта-қайта орындаңыз.

Диаграмманың өңін өзгерту үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

Диаграмма аумағын нұқыңыз немесе оны диаграмма элементтерінің тізімінен таңдаңыз (Пішім қойындысында орналасқан Бөлектелген үзік тобындағы Диаграмма элементтері жолағы арқылы).

Пішін қойындысында орналасқан Кескін мәнерлері тобында Қосымша түймешігін басыңыз да, кескін мәнерін таңдаңыз.

Диаграмма өңінің бұрыштарын жұмырлау үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

Пішім қойындысында орналасқан Кескін мәнерлері тобында «Тілқатысу терезесін ашу» түймешігін  басыңыз.

Жиек мәнері тармағын таңдаңыз да, Доғалданған бұрыштар параметріне құсбелгі қойыңыз.

Егер жұмыс парағыңызға қолданған әдепкі тақырыптан басқа тақырып түсін пайдаланғыңыз келсе, келесіні орындаңыз:

Тақырыптар тобында орналасқан Бет орналасуы қойындысында Тақырып тармағын нұқыңыз.

Бекітілген тобында пайдаланғыңыз келетін тақырыпты таңдаңыз.

Сақиналы диаграмманың тілімдерін бұру

Office Excel  бағдарламасындағы сақиналы диаграммаларда деректер тізбегін қай тәртіппен көрсету деректердің жұмыс парағындағы тәртібімен анықталады. Деректерді басқа бұрыштан көрү үшін сақиналы диаграмманың тілімдерін диаграмма шеңберіндегі 360 градус ішінде бұрауға болады.

Сақиналы диаграммада деректер тізбегін немесе деректер нүктесін нұқыңыз немесе келесі әрекеттерді істеп, оны диаграмма элементтерінің тізімінен бөлектеңіз.

Информация о работе MS Excel мүмкіндіктері