Желілік модельдеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 15:14, курсовая работа

Описание

Осындай кезде мамандар даярлаудағы алғашқы сатыға олардың өздігінен білім алуына бағыттал ған шараларды ұйымдастыру ісі шығады. Қазіргі технологияларды білімжүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өздігінен оқып үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Мұндағы айтып отырғанымыз — оқытуға арналған материалдың мазмұның таңдау ғана емес, оқытылатын материалдың құрылымдық жағынан ұйымдастырылуы; оқытуға автоматтандырылған оқыту программаларын енгізу ғана емес, интерактивті ақпаратгық орта жасау және барлық танымдық процестердің өзара байланысын, біртұтас қызмет істеуі және соларды басқара білу болып табылады. Басқаша айтқанда, оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену процесін тиімді ұйымдастыру мен пайдаланылатын материалдардың дидактикалық сапасына тәуелді болады.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................................3
І. ЖЕЛІЛІК МОДЕЛЬДЕУ
1.1. Модельдеу туралы түсінік.........................................................................................5
1.2.Желілік жобалау мен басқару туралы түсінік.........................................................8
1.3. Ақпараттық модельдеу тәсілдері............................................................................16
ІІ.АҚПАРАТТЫҚ МОДЕЛЬДІҢ БІЛІМ ОРТАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.
2.1 Жоғары оқу орнының ақпараттық модельдің негізін қалыптастыру...............22
2.2 Оқытудың ақпараттық модельдің теориясы................................................................27
Қорытынды.......................................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................................30

Работа состоит из  1 файл

желілік модельдеу.DOC

— 290.50 Кб (Скачать документ)


 

 

 

 

                                         Жоспар

 

КІРІСПЕ...........................................................................................................................3

І. ЖЕЛІЛІК МОДЕЛЬДЕУ

1.1. Модельдеу туралы түсінік.........................................................................................5

1.2.Желілік жобалау мен басқару туралы түсінік.........................................................8

1.3.  Ақпараттық модельдеу тәсілдері............................................................................16

ІІ.АҚПАРАТТЫҚ МОДЕЛЬДІҢ БІЛІМ ОРТАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.         

2.1 Жоғары  оқу орнының ақпараттық модельдің  негізін қалыптастыру...............22

2.2 Оқытудың  ақпараттық модельдің теориясы................................................................27

Қорытынды.......................................................................................................................29

Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................................30

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ.

Ғылымға, экономикаға, өндіріске ақпараттық процестерді енгізу ісін жоғары қарқынмен жүргізу үшін қазіргі ақпараттық технологияларға негізделген білім жүйесінің жаңа моделін құру қажет. Адамның өз шығармашылық потенциалын толық аша алатындай, өз мүмкіндіктерін дамытып, өз білімін үздіксіз шыңдай алатындай жағдай жасалуы тиіс.

Кез келген оқыту түрінің, оның ішінде қашықтан оқыту ісінің тиімділігі мынадай факторларға тығыз байланысты болады, олар: оқуды ұйымдастыру технологиясы, оның техникалык базасы, жасалған әдістемелік материалдардың тиімділігі Осындайда атқарылып жатқан жұмыстар бұрында да болған сияқгы болып көрінеді. Әрине, автоматтандырылған оқыту түрі де осылай басталған. Автоматтандырылған оқыту ісіндегі теориялық бастамаларды қазіргі кездегі компьютерлік оқыту тәсілдеріңде де қолдану қажет, бірақ мұнда техника мен телекоммуникациялық байланыстардың жаңа дидактикалық мүмкіндіктерін есепке алып отыру керек. Компьютерлік оқыту программадары мен жаңа ақпараттық білім құралдарын жасау және пайдалану қазіргі оқыту технологияларымен бірге қолданылып, біте қайнасуы шарт.

Қазіргі технологиялар  ақпараттың кез келген көлемін орналастырудың, сақтаудың, өңдеудің және кез келген қашықтықтарға тасымалдаудың шексіз мүмкіндіктерін береді.

Осындай кезде  мамандар даярлаудағы алғашқы сатыға олардың өздігінен білім алуына бағыттал ған шараларды ұйымдастыру ісі шығады. Қазіргі технологияларды білімжүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өздігінен оқып үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Мұндағы айтып отырғанымыз — оқытуға арналған материалдың мазмұның таңдау ғана емес, оқытылатын материалдың құрылымдық жағынан ұйымдастырылуы; оқытуға автоматтандырылған оқыту программаларын енгізу ғана емес, интерактивті ақпаратгық орта жасау және барлық танымдық процестердің өзара байланысын, біртұтас қызмет істеуі және соларды басқара білу болып табылады. Басқаша айтқанда, оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену процесін тиімді ұйымдастыру мен пайдаланылатын материалдардың дидактикалық сапасына тәуелді болады.

Осындай оңай іске аса қоймайтын мәселелерді шешу педагоггардың күннен күнге тасқындап бара жатқан ақпараттар ағынының көбеюі кезінде мәліметтерді бейнелеу, іздеу және өңдеу тәсілдерінің қазіргі деңгейінде жұмыс істей білуіне дайынды ғына байланысты болып отыр. Педаготтардың жаңа ақпараттық кеңістікте жұмысқа дайын болуы, олардың көзкарастарының алдыңғы сатыға көтерілуі — білім беру ісінің жаңа формалары мен технологияларын жасау мен соларды өмірге енгізуінің басты шарты болуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. ЖЕЛІЛІК МОДЕЛЬДЕУ

1.1. Модельдеу туралы түсінік   

     XX ғасырда модель түсінігі нақты және идеалдық модельдерді қатар қамтитындай болып жалпыланды. Сондықтан, абстрактылы модель түсінігі математикалық модельдер шеңберінен шығып, әлем туралы білімдер мен танымдардың барлығына қатысты болды. Модель түсінігінің айналасындағы кең талқылаудың қазіргі кезде де жалғасып отырғандығын естен шығармау қажет.Бастапқыда ақпараттық, кибернетикалық бағыттардағы ғылыми пәндер аясында, содан соң ғалымның басқа да салаларында түрлі тәсілдермен іске асырылатын модель ретінде танылды. Негізінде модель білімнің мәнін нақтылау тәсілі ретінде қарастырылады.

Модель - 1) қасиеттері белгілі бір мағынадағы жүйенің немесе процестің қасиеттеріне ұқсас объектілер немесе процестер жүйесі; 2) сериялы бұйымдарды жаппай өндіруге арналған үлгі, эталон; кез-келген бір объекті жұмысы, мыс, процессордың жұмыс істеуін модельдейтін программа немесе құрылғы. Ол материалдық объект түрінде, математикалық    байланыстар    жүйесі    ретінде    немесе    құрылымды имитациялайтын программа күйінде құрастырылады да, қарастырылатын объектінің жұмыс істеуін зерттеу үшін қолданылады. Модельге қойылатын негізгі талап - оның қасиеттерінің негізгі объектіге сәйкес келуі, яғни барабарлығы.

Модельдеу кез-келген құбылыстардың, процестердің немесе объект жүйелерінің қасиеттері мен сипаттамаларын зерттеу үшін олардьщ үлгісін құру (жасау) және талдау; бар немесе жаңадан құрастырылған объектілердің сипатын анықтау немесе айқындау үшін олардың аналогтарында (моделінде) объектілердің әр түрлі табиғатын зерттеу әдісі, Модель төрт деңгейде түпнұсқаның гносеологиялық орынбасары бола алады: элементтер деңгейінде, 2-құрылым дейгейінде, 3- қалып-күй немесе қызметтік деңгейін, 4-нәтижелер дейгейінде. Сипаты бойынша модельдеу материалдық және идеалдық болып ' бөлінеді. Материалдық модельдеу объектінің геометриялық, физиқалық, динамикалық және қызметтік сипатын нақты дәл береді. Идеалдық модельдеуге объектінің ойдағы бейнесі жатады. Ойша модельдеу тіл көмегімен іске асырылады.

  Жалпы түрдегі "модель" түсінігі төмендегідей негізде анықталады.

Модель - модельдеу мақсаты тұрғысынан оқып үйренетін объектінің құбылыстың кейбір жақтарын ұқсастырып бейнелейтін жаңа объект.

Моделъ - объектінің нақты жұмыс істеуіне сәйкестенетін анықталған параметрлер бойынша жұмыс істейтін физикалық ақпараттық алмастырушысы.

Модельдеудегі ең бастысы модельдеуші объекті  мен оның моделі арасындағы өзара ұқсас қатысы болып табылады.

Барлық модельдердің көп бейнелілігі негізінен үш топқа бөлінеді:

  • материалдың (табиғи)   модельдеуші   объектінің   сыртқы  түрін,құрыльшын    (кристал    торлардың    модельдері,    глобус),    жағдайын 
    (самолеттің         радио         басқарылымды         моделі)         бейнелейтін 
    кішірейтілген  ұлғайтылған көшірмелері;
  • бейнеленуші моделъдер (геометриялық нүктелер,  математикалық маятник, идеал газ, шексіздік);
  • ақпараттық модельдер  -  модельденуші   объектінің  ақпаратты 
    кодтау  тілдерінің     бірінде  жазылған  сипаттамасы  (сөздік  сипаттау, 
    схемалар,    сызбалар,    картиналар,    суреттер,    ғылыми    формулалар, 
    бағдарламалар).

Информатика курсында негізінен ақпараттық модельдер қарастырылады.

Ақпараттық моделъ (Информационная моделъ;) — 1) басқару жүйесінде - автоматтандырылған өңцеуге жататын ақпарат айналымының процесін параметрлік ұсыну; 2)мәліметтер базасында -тұтастық шектеулер жиынтығы; мәліметтер құрылымын тудыратын ережелердің, олармен жүргізілетін операциялардың, сондай-ақ рұқсат етілетін байланыстар мен мәліметтердің мәнін, олардың өзгерістерінің тізбегін анықтайды; мәліметтер мен олардың арасындағы қатынастарды математикалық және программалық тәсілдермен ұсыну; ақпараттық құрылымдар мен олармен жүргізілетін операцияларды формалдық баяндау.

Ақпараттық  модельдердің басқа да ақпарат түрлері  сияқты өзіндік тасымалдаушысы болуы керек. Олар қағаз, сынып тақтасы, қабырға -яғни, бірнәрсе жазуға, бейнелеуге болатындай кез-келген бет болуы мүмкін. Бұл тасымалдаушыларда модельдер түрлі "физикалық" тәсілдермен: қалам, бор, бояу, диапроекторлық жарық бейнесі көмегімен жазылады. Біздер жалпы жағдайда ақпараттық модель түсінігінің аясында берілетін мазмұнда түсінеміз. Мысалы, квадраттың тендеу формуласы қалай және қайда жазылғандығына қарамастан квадраттық тендеу формуласы болып қала береді.

Модель (франсуз тілінде - өлшем, үлгі) - бұл:

  • нақты объектінің қарапайымдандырылған ұқсасы;
  • заттың кішірейтілген ұлғайтылған түрдегі макеті;

- табиғат  пен  қоғамдағы  қандай да бір  процесстің құбылыстың 
бейнесі, сипаттамасы және схемасы;

- жұмыс істеуі анықталған параметрлер бойынша нақты объектінің жұмыс істеуіне ұқсас физикалық ақпараттық аналогы;

- анықталған  шарттарда түпнұсқа объектінің бізді қызықтыратын қасиеттері мен сипаттамасын алмастыра алатын алмастырушы-объектісі;

модельдеу мақсаты  тұрғысынан оқып үйренетін объектінің құбылыстың кейбір нақты жақтарын бейнелейтін жаңа объект.

Ақпараттық моделъ - модельденуші объектінің ақпаратты кодтау тілдерінің бірінде сипатталуы.

Моделъдеу - бұл:

- нақты бар  объектілердің (заттар, құбылыстар, процестер) модельдерін құру;

  • нақты объектіні қолайлы көшірмемен алмастыру;
  • таным объектілерін модельдері арқылы зерттеу.

Модельдеу кез-келген мақсатқа бағытталған қызметтің  ажырамас бөлігі.

Модельдеу танымның негізгі әдістерінің бірі.

Нақты қызметтердегі  объект модельдері төмендегі жағдайларға пайдаланылады:

  • материалдық заттарды бейнелеу;
  • белгілі фактілерді түсіндіру;
  • болжамдар құру;
  • зерттелінетін объект туралы жаңа білімдер алу;
  • болжау;
  • басқару және т.с.с.

1.2. Желілік жобалау мен басқару туралы тусінік

      Экономика, технология салаларының ғылыми зерттеулерін жобалауда негізгі аурлық жобалауға және жаңа жүйе құруға түседі.

      Құрылыс объектісінің белгіленген мерзімге бітіру немесе өнімді құруды аяқктау үшін сонда жобалау мүмкіндішінше жеңілдейді. Басқа да техникалық-экономикалық көрсеткіштерге және ресурстарға, уақыт, құн бойнша барлық орындаушылармен атқаратын жұмысты ұштастыру қажет. Бұймның жобалау немесе дайндалуынан тундайтын модель құруға процестер көрініс табуы керек. Бірінші модельге осы салада қолданудағы таспалы модель түрі жатады (таспалы графиктер – Гант графигі, циклограммалар) жеңіл машинаның шанағы (кузов) өндірісін дайндауды, таспалық графиканың мысалы беріледі.

      Өндірістің қазіргі ұймдастыру  жағдайнда таспалы графикті қолдану тиімсіз, өйткені оның көрнектілігі мен қарапаймдылығына қарамастан, олар орындаушылар және жекеленген жұмыстар арасындағы өзара байланысты сипаттай алмайды. Мұндай графикалармен жекеленген орындау жұмыс мерзімін бұзушылықты талдау және соңғы нәтижеде әрбір орындаушының ықпал дәрежесін білу мүмкін емес. Таспалық графиктер жеткіліксіз иілгіш, жағдай өзгерген сәтте оларды көрнектілеу қиын, олар жұмыс барысында келешек болжаудан және басқкада кемшіліктерді шектеу мүмкіндігі болады.

      Техника мен ғылымның соңғы жетістіктері негізінде басқару мен жобалау жаңа әдістерінің зерттемесіне өндірісті ұймдастырудың қазіргі деңгейі модельдің таспалы моделінің сәйкессыздігінен әкеп соғады. Мұндай әдіс түрінде жобалау мен басқару (ЖЖБ) жатады, бұл 50-жылдардың аяғында АҚШ-та дамыған (СРМ – қиын-қыстыру жол әдісі, PERT – бағдарлама бағасы және техника шолуы, т.б.).

    ЖЖБ жүйесі іштей графикалық және есептік әдістердің кешені бола отырып, дайндалатын кейбір бұйым немесе жобалау бойнша жұмыс жоспарын тиімдеу және жалдау, модельдеу мақсатымен  ұймдастырушылық ісшараларды өоткізу.

       ЖЖБ жүйесінде негізгі жоспарлы  құжат болып желілік графиг  саналады (желілік модель немесе жай модель), бұлар жоспарланған процесте графикалық масштабсыз кескіндеу көрсетілуі және бейнелі өзара байланыс пен олардың жұмысында бірізділік енеді.

Оқытудың  интерактивті режимі — оқушының жүйемен белсенді түрде өзара әрекеттесуі арқылы орындалатын, әр түрлі оқыту, бақылау, навигация (бірінен біріне ауысу) құралдары арқылы педагог жұмысын атқара алатын білім беру процесі субьектілерінің диалогтық жұмыс режимі.

Оқытудың компьютерлік технологиялары — акпаратты бейнелеу, тасымалдау және жинақтау, оқушынның танымдық әрекетін бақылау және басқару сияқты педагогтың кейбір функцияларын модельейтін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары және интерактивті программалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық шарттарын жасау тәсілдері, әдістері,құралдары жиыны.

                 "Ақпарат" түсінігімен байланысты казіргі ұғымдар.

Біздің зерттеулерімізбен  — ақпарат, ақпараттандыру және соңғы ұғымнан туындайтын басқа да түсінікгермен — тығыз байланысты терминдерді қарастырып шығайық.

Ақпарат (латын тілінде — таныстыру, түсіңдіру, көрсету,түсінік)—бұл:

1) адамдар арқылы таратылатын нақты жағдай туралы хабар, түсініктеме;

2) хабарлама алу арқылы азайатын, төмендейтін белгісіздік; 3) басқарумен тығыз байланыстағы хабарлама, синтаксистік, семантикалық және прагматикалық сипаттамалардың біртұтас сигналдары; 4) кез келген объектілер мен процестердегі (өлі және тірі табиғаттағы) көп түрлілікті бейнелеу, жеткізу.

Ақпаратты материя  және энергия тәрізді философиялық категориялармен бір деңгейде карастырады.Бұл түсініктің көптеген анықтамалары бар. Төменде көрсетілген  мақалада осы көп мағыналы түсініктің белгілі ғалымдар берген анықтамалары жинақгалған, олар:

  • ақпарат — сыртқы әлемге бейімделу арқылы одан алынатын мазмұнды бейнелеу (Винер);
  • ақпарат — энтропияны терістеу (Бриллюэн);
  • ақпарат — коммуникация мен байланыс,бұларды пайдалану процесінде белгісіздік жойылады(Шеннон);
  • ақпарат — әр түрлілікті жеткізу (Эшби);
  • акпарат — құрылымдар күрделілігінің өлшемі (Моль);
  • ақпарат — таңдау ықтималдығы (Яглом).

Информация о работе Желілік модельдеу