Гистология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2012 в 19:47, реферат

Описание

Ұлпа (ткань, грек. Histos – ұлпа) – морфологиялық белгілері мен атқаратын қызметінің ұқсастығына байланысты біріккен біртекті жасушалар мен жасушаарлық заттардың тарихи қалыптасқан жүйесі. Құрылысына, организмдегі орналасу орны мен атқаратын қызметіне және шығу тегіне байланысты белгілерді топтастырып, жануарлар организмі ұлпаларын төрт топқа бөледі: Эпителий (жабынды), дәнекер (тірек-трофикалық немесе ішкі орта ұлпалары), ет және жүйке (нерв) ұлпалары. Бұл ұлпалар жануарлар организмінің мүшелерін (ағзаларын), мүшелер жүйелерін құрап, құрылысы мен қызметтерін анықтайды.

Содержание

Кіріспе
Эпителий ұлпасы
Жабынды эпителий
Безді эпителий
Дәнекер ұлпасы
Шеміршек және сүйек ұлпасы
Ет ұлпасы
Жүйке ұлпасы
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Гистология.docx

— 5.01 Мб (Скачать документ)

   Бұлар орталық нерв жүйесінің аймағында болмайды. Миелиндік қабықша сыртқы жағынан мықты мембранамен — неврилеммамен қапталған.

   Нейрондардың өзара байланысы. Нейрондар әрқайсысы өз алдына жеке қызмет атқармайды. Олар өзара байланысып, біртұтас жүйе құрайды. Нейрондардың өзара және сол сиякты нерв жүйесіне жатпайтьш клеткалармен жанасып, байланысқан жерлері синапстер деп аталады. Синапстарды қүрылысы мен орналасуына қарай үш топқа бөледі: нейрондарааралық, рецепторлық нейрондык және нейроэффекторлық деп. Нейрондараралық синапстар аксодендриттік, аксосомалық және аксоаксондық болып бөлінеді. Синапстардың формалары түрліше болғанымен олардың қүрылысында жалпы үқсастық белгілер байқалады. Синапс аймағындағы аксондар мен дендриттер үшта-рьшда миелинді қабықша болмайды және жуандау келеді.

   Аксонның бүл бөлігінде көптеген митохондриялар мен синапстық көпіршіктер болады. Сонғылары цитоплазмалык мембраналармен коршалған. Көпіршіктердің диаметрі 40— 50 нм-дей. Электрондық микроскоп синапс (контакт жанасу) мор-фологиясының көптеген детальдарын анықтады. Атап айтқанда, нейрондардың өзара немесе басқа клеткалармен жанасқан жерінде, жанасушы клеткалардың плазмалық мембраналарының арасында ені 12—30 нм синапстық саңылау деп ататалын кеңістік болады. Ол жарық микрoскопымен байқалмайды, Синапстық саңылаулармен шектескен бір мембрананы, яғни аксонның нейрилеммасын пресинапстық мембрана, ал екіншісін, дендриттін нейри-леммасымен жанасатын — постсинапстық мембрана дейді. Синапстын пресинапстық бөлігінде көпіршіктер мен мито-хондриялар көп болатын болса, постсинапстық бөлігінде олар болмайды.

   Синапстардағы қозудың берілуі ерекше химиялык заттын, медиатордың, ацетилхолиннің бөлінуіне байланысты. Ол пресинапстық көпіршіктерде ғана жиналады және пресинапстық аксонды қоздырған кезде жеткілікті мөлшерде бөлінеді. Медиаторлар көпіршіктерден синапстық саңылауға шығады да постсинапстық мембрананың компо-ненттерімен байланысқа түсіп, оған тез сіңеді.

   Медиаторлар импульсті нейроннан нейронға, нейроннан бүлшық ет элементтеріне немесе секрет бөлуші клеткаларға өткізуді қамтамасыз етеді.

   Нейрондараралық синапстар нерв клеткаларьпшң арасындағы синапстар. Егер бір нейронның аксоны басқа постсинапстық нейронның дендритімен контактіге түссе, бүндай синапстарды аксодендриттік деп атайды. Бүлар синапстардың кең тараған түрі және күрылысы да түрліше болады. Егер бір нейронның аксоны басқа постсинапстық нейронның перикарионымен контактіге түссе. ондай синапсты аксосомалық дейді. Бір нейронның аксоны екінші бір постсинапстық нейронның аксонымен байланысса, ондай синапсты аксоаксондық деп атайды. Нейронаралық синапстар өте көп болуы мүмкін. Морфофункциялық белгілері бойынша синапстарды химиялык және электрлік деп бөледі. Химиялық синапстар қоздырушы және бөгеуші болып ажырайды. Бүларға тән белгі пресинапстық полюста козуды постсинапстык полюсқа өткізуге катысатын затка — медиаторға толы прессинапстық көпіршіктердің болуы. Ең көп тараған медиатор норадреналин мен ацетилхолин, бірақ басқа да медиаторлар болады. Ацетилхолин — меди-аторлардын ішіндегі бірінші белгілі болғандарының бірі. Оны 1920 ж. Отто Леви құрбақа жүрегінің кез келген нервісінің   парасимпатикалык   нейрондарының   үштарыиан

бөліп алған. Ацетилхолинді бөлетін нейрондарды холинэргалык, ал норадреналиңді бөлетін нейрондарды адренэрга-лық деп атайды. Химиялық синапстың мына бөліктерін ажыратуға болады: пресинапстық бөлігін, постсинапстык бөлігін және синапстық саңылауда. Пресинапстық бөлігінде пресинапстық көпіршіктер болады. Көпіршіктің диаметрі 50 нм.

   Нерв ұштары. Нерв талшыктарының бәрі нерв ұштары деп аталатын ұштық аппаратпен аяқталады. Функциялық ерекшелігіне қарай нерв үштарын эффекторлық (немесе эффекторлар), сезімдік (немесе рецепторлар) және нейрон-дараралық синапстарды құраушы ұштық аппараттар деп бөледі. Эффекторлық нерв ұштары қозғаушы және секреторлық болып бөлінеді. Қозғаушы немесе моторлык, нерв ұштары дегеніміз сомалық немесе вегетативтік нерв жүйесішң моторлык клеткаларьшың нейриттерінің үштык аппараттары. Олардың қатысуымен нерв импульстары жүмыс органдарының үлпаларына беріледі. Көлденең салалы бүлшық еттегі қозғаушы үштарды нерв бүлшык еттік (аксобүлшық еттік) синапстар немесе моторлық түйіндер (бляшки) дейді. Бүлар жулынның ілгері мүйіздерінін немесе мидың моторлык ядроларының клеткаларының нейриттерінін үштары.

   Бірыңғай салалы бұлшық етте қимылдық нервтенуді миелинсіз нерв талшықтары қамтамасыз етеді. Рецепторлық нерв үштары — рецепторлар. Бүл нерв үштары сезімдік нейрондар дендриттерінін үштық аппараттары. Организм денесінде шашыраңкы таралған, Олар сыртқы ортадан, сол сияқты ішкі органдардан түрлі тітіркендіргіштерді қабылдайды. Осыған сәйкес рецепторлардың екі тобын ажыратады: экстерорецепторлар және интерорецепторлар деп. Рецепторлардың белгілі түрінің қабылдаитын тітіркенішінің ерекшелігіне байланысты барлық сезімдік үштарды механорецепторлар, барорецепторлар, хеморецепторлар, терморецепторлар т. б. деп ажыратады. Қүрылыс ерекшелігіне қарай сезімдік үштар орталық (өстік) цилиндрдің терминальдық бүтақшаларымен ғана түратын жалан немесе капсуламен қоршалмаған нерв үштары мен өзінің күрамында нерв талшығының барлык компоненттері бар, атап айтқанда, орталық цилиндр бүтақшалары мен глияның клеткалары бар капсуламен қоршалған нерв үштарына бөлінеді.

Эпителийлерге капсуласыз нерв үштары тән. Бүл жағдайда миелиңці нерв талшықтары эпителий қабатына келіп, миелинінен айырылады, орталық цилиндр эпителийге өтіп, клеткалардың арасында жіңішке терминальдык бүтактарға бөлінеді. Көп қабатты эпителийде құрамында нерв клеткаларының терминальдық өсінділерінен басқа, ерекше өзгерген эпителиалдык клеткалар бар нерв үштары болады. Оларды сипауды сезетін менисклер немесе Меркелдің клеткалары дейді. Бүл клеткалардың баска клеткалардан айырмасы цитоплазмасы ақшыл келеді, диаметрі 65—80 нм осмиофильдік гранулалар болады. Терминалдык нерв бутақшалары осы клеткаларға келіп, оларды шырмап, қоршап алады. Сипауды сезетін дискілер терінің өте сезгіш учаскелерінің эпителийінде болады.

   Дәнекер үлпасындағы рецепторлар алуан түрлі. Бүған жататывдар пластинкалық дәнешіктер немесе Фатер-Пачини денешіктері. Гольджи-Мацциони денешіктері, Мейснер денешіктері, Краузенің үштық колбалары, Руффинидің денешіктері, генитальдық денешіктер немесе Догельдің денешігі т. б.

   Адам денесінде ен көп тараған Фатер-Пачини денешіктері. Бүлар механорецепторлар. Сүт безінде, сіңірлер мен буьшдар манында, терінің борпылдақ дәнекер үлпасында, ішектін шарбы майында, үйқы безінде, ішкі органдардың дәнекер үлпасында және кан тамырларының маңында болады. Бүл рецепторлар дәнекер үлпалық капсуладан, сезімдік нейронның дендритінен және олардың арасывда орналасқан нейроглиялык клеткалардан түрады. Дендрит нейроглиялық клеткалармен бірге Фатер-Пачинидің ішкі колбасын күрайды.

   Ішкі колба сыртқы колба деп аталатьш дәнекер үлпалық қабықшамен қапталған. Фатер-Пачини денешіктері терінін терен қабаттарьшда және барлық ішкі органдарда көп болады.

   Тері негізінің еміздікше қабатында механорецепторлар болып есептелетін, сипауды сезетін денешіктер немесе Мейснердін денешіктері орналасқан. Олар олигодендроглияциттерден түрады. Миелинді нерв талшығы денешікке кіргеннен кейін миелинінен ажырайды да глиалық клеткалардың беттерімен жанасатын бірнеше терминалдық бүтақтарға бөлінеді. Денешіктің капсуласы өте жүқа және негізінде  коллагендік  талшықтардан түрады.   Капсуламен қоршалған нерв үштарьшың осы тобына оргавдарының дәнекер үлпасында болатын генитальдік денешіктер жатады. Бұлардың өзгешеліктерІ дәнекер ұлпалық капсуланың астьша бір орталық (өстік) цилиндр кірмей, бірнешеуі (2— 3) енеді. Олар капсуланың астында глиалық клеткаларды шырмайтын бұтақтар қүрайды. Адам денесінде Краузе қолбалары да кең тараған. Бүлар да өстік цилиндрден, ішкі глиалық колбадан және сыртқы дәнекер ұлпалық капсуладан түрады. Терішң дәнекер үлпалық негізіңде, кілегей және серозалық қабықшаларда болатын терморецепторлар бар.

 

      6.   Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Жаңабеков К., Жаңабекова Г. К. «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» Алматы 2005жылы.
  2. Интернеттен суреттер мен қосымша мәліметтер.

Информация о работе Гистология