Кемірушілер отряды

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 10:20, курсовая работа

Описание

Осы тақырып бойынша безгек паразитті мен поземаның дамуы жағдайы мен құрлымымен танысу барысында өлке тану материалдарын кенінен нәтижелі қолдану мүмкіндігі туындайды. Қарапайымдыларды оқу кезіңдегі оқушыларға, Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейінгі жылдары.
Зоология сабағында жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру.

Содержание

I Кіріспе
1.1. Зоология жануарлар жайындағы ғылым, онын даму тарихы.
1.2. Зоология сабағынан жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру
1.3. Жануарлар классификациясы
II. Қарапайымдылар класы
II. 1. Дара клеткалы (торшалы) жануарлар
II.2. Қарапайымдардың паразиттік түрлері
III. Жалпақ құрттар типі
III. 1. Түкті құрттар
III.2. Лекталы құрттар
III.3. Дөңгелек құрттар
III. Адам аскаридасы
III.5. Паразиттік құрттар
III.6. Шығыршық құрттар
III.7. Шығаршық құрттар типіне сипаттама.
Жауын құрт аз қылшықты өкілі
III. 8. Жауын құртының ішкі құрылысы.
IV. Маллюскалар
IV. 1. Жүзім ұлуы (тоспа ұлуы) және жалаңаш шырыш
IV.2. Тіссіз қос жақтаулы маллюскалардың өкілі.
Бас аяқты маллюскалар
V. Буынаяқтылар типі
V. 1. Өзен шаянының сыртқы құрылысы мен тіршілігі
V.2. Кенелер және оның өзіне тэн ерекшеліктері.
V.3. Кене энцефалиті. Кененің жабылып кетуінен адамды сақтау шаралары.
V.4. Насекомдар класификациясы. Насекомдар ауру таратушылар.
V.5. Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы. Буынаяқтылармен буылтық құрттардың арасындағы ұқсастық белгілері мен айырмашылығы
VI. Тікен терілер типі
VI. 1. Теңіз жұлдызы
VI.2. Тікен терілердің әртүрлілігі
VI.3. Хордалылар типі
VII. 1. Хордалы жануарлардың белгілері
VII.2. Балықтар класы
VII.3. Балықтың сыртқы құрылысы
VII.4. Балықтың скелеті мен еттері
VII.5. Балықтың нерв систематикасы. Көбею.
VII.6. Балықтардың шығу тегі көп түрлігі
VIII. Бауырмен жорғалаушылар класы немесе Рептилий.
VIII. 1. Кесірткенің сыртқы және ішкі құрылыстары.
IX. Құстар класы.
IX. 1. Құстардың сыртқы құрылыысымен тіршілігі.
ІХ.2. Құстың сүйек, ет системасы.
IX.3. Құстардың ішкі құрылысы.
ІХ.4. Құстардың көбеюі.
X. Сүтқоректілер класы немесе аңдар
X. 1. Сүтқоректінің сыртқы құрылысы
Х.2. Сүтқоректінің сүйек, ет системасы
Х.З. Сүтқоректінің ішкі құрылысы
Х.4. Сүтқоректілердің көбеюі мен дамуы
XI. Жануарлар дүниесі дамуының негізгі кезеңі

Работа состоит из  1 файл

Дип.-безгек-паразитті-мен-поземаның-дамуы-жағдайы.doc

— 1.94 Мб (Скачать документ)

Оқушылар өз беттерінше жұмыс істеп болған соң мына сұрақтарға жауап береді. Планаридің су жыланмен салыстырғанда дене тұрқы қандай.

Планаридің сыртқы құрылысы қандай /Сызбаларды көрсету/. Тірі планаридің реакциясы нені көрсетеді.

Соңғы сұрақ тірі планармимен жұмыс істегенде қойылады, ал мұндай жұмыс істеу мүмкіндігі болмаған жағдайда оқытушы оларды түрткен кездегі реакциясын толықтырып, жалпылама түсіндіріледі.

Ішек құрылыстылардың радиалды симметриялы болып келетіндігіннен өзгеше бұл типтерге екі жақты симметриялы, шеңбер тәрізді бойлық бұлшық ет жүйесімен талшықты болу қасиеттері арқылы қозғалады.

Су жыланның бұлшық ет жүйесі планаридің ет жүйесімен салыстырып, түсіндіріледі.

Ары қарай организімін  ішкі құрлысы және көбею процесі жайлы айтылады. Органдар жүйесі бейнеленген қабырға сызбаларын қолдану арқылы әр органдар жүйесі ішек қуыстылармен салыстырлып, ұқсастықтарымен күрделілігіне жете көңіл бөлінеді. Көбею процесін түсіндіру кезінде гермафродмтизм дей аталатын жаңа биологиалық терминге түсініктеме беріледі.

Сонымен қатар, тағы қандай оргонизмдерде қос жыныстылық құбылыс байқалғандығы еске түсіріледі, /гүл бейнеленген сызба қолданылады/.

Жаңа оқу материалы  түсіндіріліп болғаннан соң, оқушылар дәптерлеріне органдар жүйесі суретін  салады,, сурет салу үшін тақтаға  Ақ планиридің ішкі құрлысы деп аталатын сызба ілінеді, оқушылар өз еріктерімен ас қорыту жүйесі туралы айтады.

Осыдан сон сызба суретін теріс қаратып, оқушылар естерінде сақтауы бойынша сурет салады.

Бұл жұмысты орындауға уақыт жетпеген жағдайда, жұмысты уақытша тоқтатып, келесі сабақта осы оқу материалы бойынша алған білімін тексеру кезінде немесе үйде орындауға болады.

 

Ленталы құрттар.

 

Мақсаты. Ленталық құрттар паразитті түрде өмір суруі мен құрылысы мен, бұқа жабысқағын мысалға ала отырып таныстру.

Жоспары:

1. Бұқа жабысқағы құрылысын планирдің құрылысымен салыстырып таныстыру.

2. Жалпақ паразит құрттардың қоректену ерекшеліктері.

3. Бұқа жабысқағынын дамуын және көбею.

4. Оқу материалын қорыту. Бұқа жабысқағы, кинофильмін көріп, оны талқылау.

5. Кішкентай жабысқақты лупа арқылы қарау.

6 .Үй тапсырмасын түсіндіру.

Құрал- жабдықтар.

1. Қабырға сызбалары ақ планари бұқа жабысқағы, бауыр сорғышы.

2. Бұқа жабысқағының ылғалды препараты.

3. Кішкентай жабысқақтың фиксаждалған препараты.

4. Мектеп лупалары.

Сабақтың барысы: Сабақтың бастапқы кезеңінде өтілген сабақтар жайлы айтылады. Мұндай еске түсіру кезінде оқытылып жатқан жануарларға тән эвалюциалық белгілерді айқындау мақсатында салыстырулар жүргізіледі. Оқушыларға сұрақ қойылады;

Ақ планари қай жерлерде кездесді және оның өмір сүруі. Жауап  тыңдалғаннан кейін, оқытушы бұқа жабысқағы бейнеленген сызбасын және оның ылғалды препаратын көрсету арқылы оның өмір сүру ерекшеліктерімен таныстырады. Таныстыру барысында бұқа жабысқағынын неге бұлай аталатындығы айтылып, планаридің сыртқы құрлыстарынан оның айырмашылықтары көрсетіледі.

Ылғалды препарат саны жеткіліксіз  болған жағдайда, оқытушы өзі ол препаратты әр партаға қойып өйткені препарат құртылуы мүмкін, оның басының кішкене болатындығына және соңғы, ортаңғы мөлшеріне көңіл бөлінеді. Препаратты бақылау барысында бас құрылысына, жабысқақты жалпы мөлшеріне бунақты мөлшерлері, дене тұрқына түсініктеме беріледі.

Ас қорыту механизіміне тоқталғанда олардан ас қорыту органдары болмайтындығы және олар дайын асты бүкіл денесімен соратындығы жайлы айтылады, Планаридің асқорыту жүйесі мен оның қызметі еске түсіріледі.

Бұқа жабысқаңдығы неге ас қорыту жүйесі болмайды. Бұқа жабысқағының дамуы сызбасын көрсету арқылы оқытушы жалпақ құрттардың дамуы мен көбею жайлы әңгімелейді. Бұл құрттардың жануарлар организімне ену жолдары /ірі қара малдарға/, личинкалардың пайда болуы және олардың таспа құрт личинкасына айналуы /финна/, бұлардың жануар бұлшық еттерінде орнығып, финозды ет арқылы адам организіміне енуі туралы айтылады. Осыдан кейін ақ планариді көбеюі еске түсіріліп, бұқа жабысқағының көбеюімен салыстырылады. Оқушылардың жауабынан кейін, оқытушы, басқа да жалпақ құрттарға тоқталып ит, мысық сияқты үй жануарларында кездесетін кішкене жабысқақты лупа арқылы қарауды ұсынады. Сонан соң жануарлармен қатынас жасау кезіндегі қоғамдық және жеке гигиенаны сақтау маңыздылығына жете мән беріледі.

Мына сұраққа жауап беру ұсынылады: өз организіміңді, әр түрлі паразит - құрттарды жұғуынан қалай сақтауға болады.

Оқу материалын қорытындылау барысында, халық денсаулығын қорғау мақсатындағы үкімет қамқорлығына аса  мән беріледі/ жануарлар тек мемлекеттік қасапханаларда сойылады, ет комбинаттары мен сауда жүйесіндегі санитарлық қызмет және т.б./. Бұл түсіндіру кезінде Қазақстан Республикасы Конституиция материалдары қолданылады.

 

Дөңгелек құрттар  типі.

 

Тақырыпты білімдік және тәрбиелік маңызы: Бұл тақырыпты оқуға, алдынғы тақырыптағыдай 2 сағат бөлінеді. Бірінші сабақта аскарида, оның өмір сүруі, құрылысы, көбеюі жайлы айтылады. Екінші сабақта оқушылар дөңгелек құрттардың әр түрімен танысады. Бағдарлама ұсынған бұл тип өкілдерінен басқа, риштагаға тоқталып өткен жөн. Өйткені бұл құрт революцияға дейінгі кезеңде Түркістан өңірі тұрғындарында ауру тудырып, тек Кеңес үкіметі кезінде дәрігерлердің жүйелі жұмыстары арқасында ғана толық жойылды. Бұл тип өкілдерінің басын көпшілігі өсімдік, жануарлар және адам паразиттері болып табылатындықтан бұл тақырыптың тәрбиелік мәні зор. Тақырыпты меңгеру барысында дөңгелек құрттардың сыртқы құрылысы мен паразитті түрде бөлініп өмір сүретіндігі мен оқушылардың танысуы, олардың жеке және қоғамдық гигиенаны сақтауын қалыптастырады. Бұл оқу материалы өтілген тақырыптары мен тығыз байланысты болғандықтан, типтер ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстыра отырып түсіндіру қажет.

 

Адам аскаридасы.

 

Мақсаты: Дөңгелек құрттар типіне, адам аскаридасын мысалға ала отырып қысқаша сипаттама беру. Бұл тип өкілдерінің ортақ белгілеріне мән беріп, организімін қызмет атқаруын, құрылысын, көбеюін және паразитті түрде өмір сүруін түсіндіру.

Жоспар: 1. Жалпақ паразит құрттармен салыстыру арқылы бұл типке қысқаша сипаттама беру.

2. Аскарида кинофильмін көріп бөгеннен сон, бұлармен өтілген құрттар арасындағы ұқсастықтары мен ерекшеіктерін салыстыру.

3. Ылғалды препаттармен өз бетінше жұмыс істеу.

Құрал жабдықтар:

1 Жалпақ және дөңгелек құрттар бейнеленген.

2. Аскариданың ылғалды  препараттары.

Сабақтың барысы: оқытушы сызбалар мен сұйық ылғалды препараттары қолданып типке қысқаша түсніктеме берді. Жалпақ құрттар типін еске түсіріп, оған сипаттама беруге болады, осыдан кейін фильм керсетіліп; мына сұрақтар талқыланады. Аскариданың сыртқы құрлысы ерекшеліктері қандай. Сыртқы белгілері бойынша ұрғашы мен еркегі қалай ажыратылады. Ауыз құрлысынын ерекшеліктері қандай. Аскарида қандай бұлшық еттері көмегімен және қалай қозғалады. Аскариданың қоректенуінің жабысқақ қоректенуінен айырмашылығы неде. Аскариданың даму және көбею жолдарын, жабысқақ дамуы мен көбеюінен айырмашылығы. Аскариданың адам организіміне тигізетін зияны қандай және оның қалай алдын-алуға болады. Бұл сұрақтарға жауап берлгеннен соң, әр столға ылғалды препараттар таратылады, оқушылар өзбеттерінше жұмыс істейді. Препарат жеткіліксіз мөлшерде болған жағдайда, оқытушы сыныпты аралап, көрсетеді. Ылғалды препаратты қарау оқушылардың осы тақырып бойынша алған білімдерін жетілдіреді, қорытындылайды. Уақыт жеткілікті болған жағдайда, оқушылар дәптерлеріне тип суретін салады.

 

Паразит құрттар түрлері.

 

Мақсаты: Паразит құрттар түрлері  мен олардың адамдарға, жануарларға және өсімдіктерге тигізетін зианы туралы айтылады. Паразит-құрттармен курс жүргізудегі еліміздің гельминтологиясы жетістіктеріне және ауру жұқтырудың алдын-алу іс-шараларына тоқталып өткен дұрыс. Түсіндіру барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің денсаулық сақтау қамқорлығына мән беріледі.

Жоспар:

1. Паразит құрттар түрлері. Фильм фрагменттері мен диопазиттер көрсету арқылы паразит-құрттар түрлері жайлы әңгімелеу.

2. Паразит құрттарды жүқтырудаң алдын-алу іс-шаралары және оның маңызы.

3. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласы дамуының көріністері ретінде, қазақ гельминталогиясы.

Құрал-жабдықтар:

1. Паразит құрттар салынған қабырға сызбалары.

2. «Аскарида және шошқа жабысқағы» кино фильмдері.

3. Мектептің биология кабинетіндегі сұйық аскарида, жабысқақ эхинококк, финозды ет және т.б. сұйық ылғалды препараттар.

Сабақтың барысы: Өтілген өту материалдарындағы паразит - құрттардың құрылысы, өмір сүру, адам жануар организмдеріне енуі және олар тудыратын аурудың алдын-алу іс-шаралары еске түсіріледі

Сыныпқа қойылатын сұрақтар:

1 Жабысқақ паразит құрттарды атаңыздар және олардың адам организміне ену жолдары

2 Жабысқақ қалай көбейді және дамуы.

Жауап тыңдалғаннан соң, оқытушы оқушыларға бейтаныс шошқа жабысқағы жалпақ лентец, эхинокок сияқты ленталы құрттар; олардың адам организміне ену және ауру тудыратындығы жайлы, кинофрагменттер мен диопозитивтерді, ылғалды препараттарды қолдана отырып әңгімелейді.

Осыдан кейін оқушыларға дөнгелек паразит-құрттарды атау тапсырылады. Оқушылар жауабынан - сон, сызбалар ілінеді. Көрсетуден соң балалар острицасы ришта т.б. гельминталар жайлы айта келе, олардың өмір сүруінің басты құралына ( ілмек, сорғыш), тез көбеюіне жете көңіл бөледі. Жоспардың келесі тармағы, паразит-құрттардың адам организіміне енудің алдын-алу іс-шаралары айтылады. Оқытушы өндірістегі, тұрмыстағы профилактика, отандық гельмитолог ғалымдардын жетістіктері, паразит-құрттар тудырған ауру түрлерінін жойылуы туралы айту арқылы оқушылардың жауабын толықтырады. Сызбалар сұйық препараттар, академик К.И.Скрябиннің портреті көрсетілген. Әнгімелесу барысында оқытушы ғана емес оқушыларды да әңгімеге тарту ұсынылады.

Үй тапсырмасын түсіндыру  кезінде, дөнгелек құрттар жайлы барлық материаядар қайталанылады.

 

Шығыршық құрттар типі.

 

Тақырыптың білімдік және тәрбиелік маңызы: құрттардың жалпақ және дөңгелек құрттардан айырмашылығы, олар адам жануар және өсімдік паразиттері болып саналмайды. Құрғақта (жауын құрты) және өсімдік паразиттері болып саналмайды. Құрғақта \жауын құрты\ және суда \нереида\ организммен нақты қатынас жасамай-ақ, өз бетінше өмір сүреді. Олар да күрделі де сан түрлі ортада өмір сүруіне байланысты ішкі және сыртқы сипаттағы бейімділіктер қалыптасқан.

Бұл жануарлардың айқын көрінетін органдар жүйесі және осы органдар байланысын қамтамасыз ететін қаны бар. Бүкіл организмнің қызметіне үйлестіретін, іс-әрекетін бағыттайтын нерв жүйесі де жетілген. Қысқаша айтқанда, шығыршық құрттар өткен тақырыптардағы жануарлармен салыстырғанда даму саласының жоғарғы баспалдағында тұр.

 

Жауын құрты

 

Орта Азия сазды топырағын  қопсытып, оны оттегімен, қарашірікпен камтамасыз етілуіне пайдасын тигізеді.

Сонымен катар өтілген құрттардан өзгешілігі шығыршық құрттар Көптеген жануарлардың азықтану қоры болып табылады. Міне бұл айтылған шығыршық құрттар ерекшеліктері тақарыпты оқу-тәрбиелік маңызын айқындайды. Бұл тақырыпқа 3 сағат бөлінген. Бұл оқу құралында сабақтың екі сағатына әдістемелік өңдеу берілген.

Шығыршық құрттар типіне сипаттама. Жауын құрт аз қылшықтылар өкілі.

Мақсаты: Типке жалпылама түрде сипаттама беру. Олардың сыртқы құрылыстары ерекшеліктерін сыртқы орта тітіркендіргіштеріне қарсы реакциясын қозғалу әдісін және өмір сүру ортасын түсіндіру.

Жоспар: 1. Жауын құрттардың, жалпақ және дөңгелек құрттармен салыстыра отырып, оның өзгешеліктері мен ортақ белгілеріне анықтама беру.

2. Жауын құртының қозғалу әдісі мен әртүрлі тітіргендіргіштерге қарсы реакциясына анықтама беру.

3. Шығыршық құрттар типіне қысқаша сипаттама беру.

4. Жаңа материалдарды қорыту.

5. Үй тапсырмасын түсіндіру.

Құрал - жабдықтар: 1. Жалпақ және дөңгелек құрттардың ылғалды препараттар. Сызбалар.

2. Жауын құрттарын, тарату материалы ретінде әр үстелге тарату.

3. Лупалар:

4. Пинценттер, тірі жауын құрты салынған Петр чашкалары.

Сабақтың барысы:

Оқытушы жаңа тақырыпты  оқу мақсатын қысқаша түсіндіріп, жауын құртын қарауды ұсынады. Бұл құрттың, жалпақ және дөңгелек құрттардан айырмашылығына, мән беріп, мына сұрақтарға оқытушы жауап береді. Жауын құрттары қандай ортада өмір сүреді. Жауын құрттардың жалпақ және дөңгелек құрттардан айырмашылығы, ұқсастықтары қандай?

Олардың өмір сүруімен ортасы немен ерекшеленеді. Сұрақтар жауабын оқушылар дәптерлеріне жазып алу үшін, оқытушы жауаптарды айтып оқып тұрады, немесе алдын-ала арнайы қағазға тушьпен жазылған жауаптар тақтаға ілінеді.

Әр үстелге жауын құрты салынған ыдыстар /Петр чашкасы/, қысқыш пинценттер және лупалар таратылады. Сабақ басында жалпақ және дөңгелек құрттар бейнелеген, ал осы жануарлардың ылғалды перепараттар мөлшері жеткілікті болған жағдайда тарату материалы ретінде қолдалынады. Өз бетінше жұмыс істеу уақыты белгінеді. Бұл жұмыс барысында оқытушы, оқушыларға көмек көрсетіп, сыныптың жалпы тәртібін қадағалайды. Жұмыс аяқталғаннан кейін 5-8 оқушы қойылған сұрақтарға жауап береді. Түсіндіру барысында, олардың жауын құртын бақылау кезінде туындаған сұрақтарына жауап беріледі. Оқытушы оқушыларға, жауын құртының қозғалысына қарап оның бас жағын және оның тер қабатын саусақпен жүргізу арқылы қылшығын анықтауды ұсынады. Оқытушы жауын құрты осы қылшықтары бойынша аз қылшықтылар қатарына жатады.

Информация о работе Кемірушілер отряды