Кемірушілер отряды

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 10:20, курсовая работа

Описание

Осы тақырып бойынша безгек паразитті мен поземаның дамуы жағдайы мен құрлымымен танысу барысында өлке тану материалдарын кенінен нәтижелі қолдану мүмкіндігі туындайды. Қарапайымдыларды оқу кезіңдегі оқушыларға, Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейінгі жылдары.
Зоология сабағында жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру.

Содержание

I Кіріспе
1.1. Зоология жануарлар жайындағы ғылым, онын даму тарихы.
1.2. Зоология сабағынан жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру
1.3. Жануарлар классификациясы
II. Қарапайымдылар класы
II. 1. Дара клеткалы (торшалы) жануарлар
II.2. Қарапайымдардың паразиттік түрлері
III. Жалпақ құрттар типі
III. 1. Түкті құрттар
III.2. Лекталы құрттар
III.3. Дөңгелек құрттар
III. Адам аскаридасы
III.5. Паразиттік құрттар
III.6. Шығыршық құрттар
III.7. Шығаршық құрттар типіне сипаттама.
Жауын құрт аз қылшықты өкілі
III. 8. Жауын құртының ішкі құрылысы.
IV. Маллюскалар
IV. 1. Жүзім ұлуы (тоспа ұлуы) және жалаңаш шырыш
IV.2. Тіссіз қос жақтаулы маллюскалардың өкілі.
Бас аяқты маллюскалар
V. Буынаяқтылар типі
V. 1. Өзен шаянының сыртқы құрылысы мен тіршілігі
V.2. Кенелер және оның өзіне тэн ерекшеліктері.
V.3. Кене энцефалиті. Кененің жабылып кетуінен адамды сақтау шаралары.
V.4. Насекомдар класификациясы. Насекомдар ауру таратушылар.
V.5. Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы. Буынаяқтылармен буылтық құрттардың арасындағы ұқсастық белгілері мен айырмашылығы
VI. Тікен терілер типі
VI. 1. Теңіз жұлдызы
VI.2. Тікен терілердің әртүрлілігі
VI.3. Хордалылар типі
VII. 1. Хордалы жануарлардың белгілері
VII.2. Балықтар класы
VII.3. Балықтың сыртқы құрылысы
VII.4. Балықтың скелеті мен еттері
VII.5. Балықтың нерв систематикасы. Көбею.
VII.6. Балықтардың шығу тегі көп түрлігі
VIII. Бауырмен жорғалаушылар класы немесе Рептилий.
VIII. 1. Кесірткенің сыртқы және ішкі құрылыстары.
IX. Құстар класы.
IX. 1. Құстардың сыртқы құрылыысымен тіршілігі.
ІХ.2. Құстың сүйек, ет системасы.
IX.3. Құстардың ішкі құрылысы.
ІХ.4. Құстардың көбеюі.
X. Сүтқоректілер класы немесе аңдар
X. 1. Сүтқоректінің сыртқы құрылысы
Х.2. Сүтқоректінің сүйек, ет системасы
Х.З. Сүтқоректінің ішкі құрылысы
Х.4. Сүтқоректілердің көбеюі мен дамуы
XI. Жануарлар дүниесі дамуының негізгі кезеңі

Работа состоит из  1 файл

Дип.-безгек-паразитті-мен-поземаның-дамуы-жағдайы.doc

— 1.94 Мб (Скачать документ)

В\ әрбір 2-3 сағат сайын шешінбесең біріңнің үстілеріңді бірің немесе өздеріңді өздерің қарап шығу.

Бір жолата қарап шығуды ұйықтар алдында жүргізеді, сондай - ақ орманнан әкелінген гүлдерді, шөптерді, жидектерді, саңырауқұлақтарды толығымен қарап шығу керек. Кенені денеден алуға қиынға түседі, өйткені жабысқан жерінен алып тастамақ болып жүргенде тұмсығы үзіліп кетеді де, тұмсығы қалып қойған жер іріндеп жара болып кетуі мүмкін. Кенені денеден шығарып алу үшін оның денесін пинцетке немесе колға дәке не шуберек орап алып саусақпен ұстап арылы - берілі баяу қозғай отырып ақырын шығарып алу керек болады. Немесе кенені жіппен байлап оның екі ұшын екі жаққа айрып, жоғары карай тарту керек. Егер кененің басы жұлынып кетсе, алдын - ала отқа қыздырылған инемен шұқып алып тастап, орнына йод жағып кою керек. Кенені алып тастау үшін май немесе вазелин жақса, онда кенені тұмсығын босатып алуға және екінші орынға ауысуына түрткі болады.

Үйге тапсырма: Кененің паразиттік тіршілігімен байланысты болған өзіне тән ерекшеліктерін дәптерге жазу.

 

Насекомдар  классификациясы.

 

Сабақтың мақсаты: Көбелекті мысалға ала отырып, отрядтың тұқымдастарға бөлінетінімен танысу. Осы кездегі классификация жануарлар арасындағы туыстық байланысты қамтитындығын көрсету. Оқушыларды жануарларды анықтаудың алғашқы тәсілдерімен таныстыру.

Методтары: Баяндау, әңгіме.

Құрал-жабдықтар: Қоңыздар, жартылай қанаттылар, тура қанаттылар, көбелектер отряды өкілдерінің таблицалары мен коллекциялары.

Сабақтың барысы: Сендер насекомдардың қандай отрядтарын оқып үйрендіңдер. Әрбір отрядтың өзіне  тән қандай ерекшеліктері бар? Өкілдерін атандар.

Қандай белгілеріне қарап бұл отрядтарды насекомдар класына жатқызады.

Тақтаға мұғалім оқылып өткен насекомдар отрядтарының салыстырмалы таблицасын жазады, ал оқушылар оны дәптерлеріне жазып алады. Оны толтыру әңгіме барысында жүргізіледі.

 

Насекомдар  класы отрядтарының сипаттамасы.

 

Отрядтар

Денесі неше бөліктен тұрады.

Басында қандай бірдей органдар болады.

Көкірегінің төменгі  жағына қандай органдар бекінеді және ол нешеу

Денесінің қандай бөлімдері  бар.

Көкірегінің жоғарғы  жағына қандай органдар бекінеді және ол нешеу.

Қатты қанаттылар.

3

Жұп мұрты. Жұп көздері.

3 жұп аяқтары.

Басы, көкірегі, құрсағы.

2 жұп қанаттары.

Жартылай қанаттылар Қандала

         

Тура қанаттылар.

         

Көбелектер.

         

 

Осы таблицаны толтырғаннан кейін мұғалім оқушылардың назарын қарастырып өткен жәндіктер отряды өкілдерінің /қоңыздар, көбелектер және т. б./ бір қарағанда алуан түрлі болып көрінгенмен, шындығында, схемадан көргендегіндей құрылысы бэрінде бірдей екендігі аударады. Бұл олардың туыс екендігін, демек тегінің бір екендігін білдіреді.

Міне сондықтан да, қаралып өткен басқа отрядтар да бір класқа насекомдарға жатады. Мұғалім оқушыларға насекомдар класы өкілдерінің даму типтерін, ауыз мүшелерінің құрылысын қанаттарының құрылысына тән белгілерін салыстырып, осы белгілеріне негізделе отырып, бұдан ұсақ систематикалық топтарға — отрядтарға бөлінетінін айтады.

Осы кездегі систематика  бойынша насекомдардың 25-ке жуық отрядтары  бар. Әрбір отрядтың ішіндегі ұқсастығы мен айырмашылық белгілері отрядтары одан кіші топтарға - тұқымдастарға бөлуге мүмкіндік береді. Көбелек отрядына да бірнеше тұқымдастарды бөліп алуға болады. Мысалы ақ көбелектер тұқымдасының өкілдері: капуста ақ көбелегі, шалғам көбелегі, долана көбелегі, сары көбелек. Емен көбелек тұқымдасына: қалақай, күндізгі емен көбелк, траурница, емен жібек көбелегі жатады.

Өздігінен істелетін  жұмыстар: Мұғалім оқушыларға өсімдіктердің қандай тұқымдастығына жататынын, қалай анықталғандығын естеріне түсіруді ұсынады. Содан кейін зоологияда да анықтағыш бар екенін баяндап береді. Бүгін сендер ақ көбелектер тұқымдасына жататын көбелектерді карточка бойынша анықтап көріңдер дейді. Көлемі ірі немесе орташа көбелектер ақ, сары, немесе қызыл сары, алдыңғы аяқтары дұрыс жетілген.

 

Ақ көбелектер.

 

Қанаттарының шеті мөлдір болып келген, қанаттағы сызат -талшықтары жіңішке, қара, көбелек ақ, өрнексіз, тек жүйкелері және көлденең жүйкесіндегі дақтары жінішке тозаңы аз. Қанатының серпу өрісі 50-60 мм. Жұлдызқұрттары жеміс ағашын бүлдіреді.

 

Долана көбелегі.

Қанатары тығыз орналасқан, тозаң жауып жатады, қанатағы жүйкелері әдетте қара болмайды. Артқы қанаттарының артқы жағы сарғылттау болып, онша байқалмайды немесе қарапайым қоңыр жолақтармен жүйкені бойлай өрнектелген. Жұлдыз құрттары бақшадағы күресті гүлді өсімдіктерді зақымдайды.

 

Бақша ақ көбелегі.

Алдыңғы қанаттарының жоғарғы ұшы сұр емес қара. Алдынғы ақ қанаттарының жоғарғы ұшы қара бұрышталып тұрады немесе екі үлкен қара дағы болады, артқы қанаттарының алдыңғы ұшында қара дақтары болады, артқы қанаттарының астыңғы жағында өрнегі болмайды, 50-55мм.

 

Капуста ақ көбелегі.

Алдыңғы қанаттарының жоғарғы ұшы сұр. Капуста көбелегініңкіндей қанаттарының астыңғы бетіндегі жүйкелеріне тозаңданған өрнегі болмайды, алдыңғы қанаттарының жоғарғы үшындағы дақтары кішірек, 40-50 мм.

 

Шалқан көбелегі.

Қанатының астынғы жағындағы  жүйкесінде қоңыр тозаңнан жолақты  өрнегі болады, 35 — 43 мм.

 

Тарна көбелегі.

Ескерту:

Шалқан көбелегі мен  тарна көбелектерінің алдыңғы қанаттарында шағын ғана бір - бірден дақ болады да ұрғашыларында екі дақтан болады.

Насекомдар ауру - таратушылар. /шыбындар, масалар, бүргелер, биттер/.

Сабақтың мақсаты: Шыбын  мен масаға мысал ретінде қос  қанаттылар отрядын өздеріне тән  ерекшеліктерімен оқушыларды таныстыру. Олардың дене құрылысы мен тіршілігін білудің ауру таратқыш насекомдармен күресу үшін қажет екендігін көрсету. Ауру таратқыш басқа насекомдармен бүрге және битпен таныстыру.

Методтары: Баяндау, әңгіме, оқулықпен өздігімен жұмыс істеу.

Құрал — жабдықтар: суретпен бейнеленген құралдар. Шыбын мен масаны және олардың дамуларын бейнелейтін таблицалар.

Сабақтың барысы: Мұғалім сыныпқа мынадай сұрақтар береді: жарғақ қанаттылар отрядының өкілдерін атаңдар. Олар неліктен насекомдар класына жатады? Құмырсқалардың әрекетін неліктен саналы деп есептеуге болмайды? Құмырсқаларды не себептен қорғау керек? Зиянкестермен күрестің қай тәсілін биологиялық күрес дейді?

Жаңа материалдарды  оқыту: Мұғалім тақтаға безгек масасы мен кәдімгі маса бейнеленген таблицаны іледі де оқушыларға безгек масасының келтіретін зиянын естеріне түсіреді. Мұғалім оқушыларға: үй шыбыны қандай аурулардың қоздырғыштарын таратады? - деген сұраққа жауап беруді ұсынады, оқушылардың қайтарған жауаптарынан кейін мұғалім: өзі шыбын денесінен шығарған қорытылған заттардың қалдықтарын микроскоппен қарағанда ішінен ауру тарататын бактериялардың /дизентерия, іш сүзегі, оба және басқа да аурулардың/ споралары табылғанын, сонымен қатар шыбын паразит құрттың /аскариданың/ жұмыртқасын тарататынын айтып толықтырады. Осыдан соң мұғалім үй шыбынының көбеюі мен дамуын таблица арқылы баяндап, дамудың әрбір кезеңін сипаттап шығады. Өте өсімталдығына көңіл аударылады, бір жазда жеті рет ұрпақ береді. Бұдан кейін мұғалім оқушыларға: шыбындарды жою үшін қандай шаралар керек және шыбын шықпау үшін алдын — ала қандай шаралар қолдану керек? — деген сұраққа ойлануды ұсынады. Мұғалім шыбынның көп екендігін баяндай келіп, мысалдарын атайды: капуста шыбыны - өсімдіктің қауіпті зиянкесі, Африкада болатын цеце шыбыны ұйқы ауруын таратады.Осыдан соң мұғалім масалар мен шыбындарды салыстырып, жалпы ұқсас белгілерін табуды тапсырады. Оқушылардың жауаптарынан кейін, мұғалім бұл насекомдардың жалпы ұқсас белгілері жақсы жетілген қос қанаттарының болуы екенін айтады. Ұшып жүргенде бұл насекомдарға тән ызылдаған дыбысты осы қанаттары шығарады және оның бағдарлау үшін маңызы бар. Масалар мен шыбындар қос қанаттылар отрядына жатады. Осы отрядқа бүгелектер мен оқыра, сона да жатады. Бүргелер мен биттер оқылып өткен отрядтардың біреуіне де жатпайтынын айтады.

Сабақтың қорытынды  бөлімі: Насекомдар класын оқып үйрену осы сабақпен аяқталуымен байланысты, мұғалім насекомдар көбеюінің біркелкі өтпеу себептерін баяндап береді. Мұғалімнің баяндауы: Насекомдар біркелкі көбеймейді. Кейбір жылдар насекомдар жаппай көбейіп кетеді де насекомдар төңіректі толтырып, орман даланы жалмап, шаруашылыққа өте зиянын тигізеді. Насекомдардың жаппай көбеюіне олардың жаулары - шаншарлар, құстар, жануарлар сондай -ақ адамның оларға қарсы күрес шаралары шек қойып отырды.

Үйге тапсырма беру. Қос  қанаттылар отрядын таблицаға жазып, оларға сипаттама беру. Жетім көбелек деген не және оны адам қалай пайдаланады?

 

 

 

Буын аяқтылардың  жалпы сипаттамасы.

Буын аяқтылар мен  буылтық құрттардың арасындағы ұқсастық белгілерімен айырмашылықтары.

Сабақ мақсаты. Буын аяқтылар мен буылтық құрттарды салыстыру негізінде осы жәндіктер типтерінің арасындағы туыстас байланысты және олардың жалпы ортақ тектен таралғанын көрсету. Омыртқасыз жәндіктер жайында, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы жайында ұғым беру .

Методтары. Баяндау, әңгіме.

Құрал - жабдықтар. Суретпен бейнеленген құралдар.

Буын аяқтылар класстары. Жауын құрты.

Таблицалары және басқа типтер бейнеленген таблицалар.

Сабақтың барысы. Мұғалім сыныпқа мынандай суреттер қойды, өзен шаян тәрізділерінің, өрмекші тәрізділердің, насекомдардың тыныс алу органдары қандай? Трахея мен өкпенің дамуы неменеге байланысты? Насекомдар мен өрмекші тәрізділердің қан айналу системасында қандай айырмашылықтар бар және ол немен байланысты. Мұғалім организмдегі барлық органдар системасы тіршілік жағдайымен тығыз байланысты болғандықтан, буын аяқты жәндіктер кластарының әрқайсысының құрылысындағы ерекшеліктер осыған байланысты екенін айтып қортынды жасайды.

Қортындыны оқушылар мұғалімнің көмегімен жасайды.

Буын аяқтылар типі кластарының құрылысындағы жалпы ұқсастық, олардың туыс екендігін, демек шығу тегінің бір екендігін дәлелдейді.

Бұл шаян тәрізділер, өрмекші тәрізділер және насекомдар кластарын бір типке - буын аяқтылар типіне жатқызуға негіз болып отыр.

Буын аяқтылардың қандай белгілері буылтық құрттармен салыстырғанда олардың құрылысы жоғары екенін дәлелдейді? Буылтық ет бекінетін сыртқы хитин скелетінің болуы, дененің белгілі қызмет атқаратын бунақтардан тұруы, аяқтарының бунақты болуы, органдар системасының біршама дамуы, әсіресе нерв системасы мен сезім органдары өте дамыған, мінез қылықтарының күрделене түсіп шартты рефлекстердің қалыптасуы, яғни инстиктінің болуы.

Қарапайым жәндіктерге бір клеткалы жәндіктер жатады.

Олардың барлық тіршілік процестері жалғыз клетканың цитоплазмасында  өтеді.

Ішек қуыстардың денесі екі қатарға орналасқан көп клеткадан  тұрады.

Тұтас организмді құрап тұрған клеткалар тобы, әр-түрлі қызмет атқарады.

Бұл тканның пайда бола бастауы.

Жалпақ құрттарда органдар түзілгендігін көреміз, бірақ әлі оның денесінің қуысы болады.

Буылтық құрттардың денесінің күрделі қуысы және бір катар органдар системасы болады.

Буын аяқтылар органдар системасы, сезім органдары және жәндіктердің мінез құлқы күрделене түседі.

Жануарлар дүниесінің бұдан былайғы дамуы органдар системаларының жетіліп кемеліне келуі бағытында өтеді. Гүлді өсімдіктердің 30% насекомдар тозаңдандырады.

Кейбір омыртқасыздардың бор және ізбес тастың түзулігіне молюскалардың, қарапайымдардың бақаршақтары маңызы бар. Мұғалім омыртқасыз жәндіктердің көпшілігі адамға зиян келтіретінін айтады, оқушылар олардың қандай жәндіктер екенін және қандай зиян келтіретінін естеріне түсіреді.

Сонымен табиғатта омыртқасыз жәндіктердің түрлері өте көп.

Олардың біреулері пайдалы, екінші біреулері зиянды, ал кейде  күнделікті тұрмыста жэндіктерді зиянды деп есептейді, оның өзі орманда  пайдалы болып саналады:

Өйткені омыртқасыздардың дамуын бір сатысында зиян келтіреді (Жұлдыз құрттар лечинкалар), ал ересек формалары (көбелектер) пайдалы өсімдіктерді тозаңдатады, басқа жануарларға азық болады, табиғатқа көрік береді.

Жануарлар дүниесін зерттей және бақылай отырып қана, оған өзінің қалай қарайтындығын,, яғни қандай жәндіктерді (жануарларды) қорғау, қандайларын жойып жіберу керек екенін анықтауға болады.

 

Тікен терілілер  типі.

Оқу – тәрбиелік міндеттер: Тікен терілілер мысал негізіндегі оқушыларды жануарлардың тегі жағынан алғанда өте ертедегі және құрылысы мен тіршілігі жағынан ерекше бір тобымен таныстыру. Тікен терілілердің жануарлардың басқа топтарының бірінде де кездеспейтін мынандай ерекшеліктерін: ересек күйінде бес сәулелі симметриялы және личинка күйінде екі жақты симметриялы болуын, айқын білінетін мезодермалық, ізбесті скелетін; дененің жақсы жетілген екінші целомикалық қуысын, су - сосудты системасын анықтау. Тікен терілі жануарлар теңіз түбіндегі тіршілікке бейімделген. Олардың қорғаныштық бейімділігі -мықты сауытты және тікенектері болады немесе бейім келеді, не улы бездері болады. Биологиялық ұғымдар: Жалпы құрылысы күрделенбегенімен жануарларда жеке бейімділіктер пайда болатын эволюцияның негізігі бағытын көрсетіп, эволюция жайындағы ұғымды қалыптастыруды жалғастыра түсу.

Информация о работе Кемірушілер отряды