қылымыстың көптігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 16:26, курсовая работа

Описание

Қылмыстық құқық дегеніміз – құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын айқындайтын құқықтың нормалардың жиынтығы. Жалпы қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері - әлеуметтік құндылықтарды қорғау және қылмыстардың алдын алу (қылмыстарды болдырмау; қылмыстардың профилактикасы) болып табылады.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім

1.1. Қылмыстың көптігінің түсінігі;

1.2. Қылмыстардың көптігінің жекелеген қылмыстардан ерекшелігі

1.3. Қылмыстардың көптігінің ажыратылуы:

а) Қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы;
б) Қылмыстардың жиынтығы;
в) Қылмыстардың қайталануы.
III Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының бөлішінле көзделген екі немесе одан да көп әрекетті жасау.docx

— 57.19 Кб (Скачать документ)

Жоспар: 

Кіріспе

 
 Негізгі бөлім 

 
1.1. Қылмыстың көптігінің түсінігі;

 
1.2. Қылмыстардың көптігінің жекелеген  қылмыстардан ерекшелігі 

 
1.3. Қылмыстардың көптігінің ажыратылуы:

 
а) Қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы;  
б) Қылмыстардың жиынтығы;  
в) Қылмыстардың қайталануы.  
III Қорытынды  
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қорытынды  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     

Кіріспе 

    Қылмыстық құқық дегеніміз – құқық саласының  негізгі түрлерінің бірі ретінде  қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың  негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық  жауаптылықтан және жазадан босатудың  шарттарын айқындайтын құқықтың нормалардың жиынтығы. Жалпы қылмыстық  құқықтың негізгі міндеттері - әлеуметтік құндылықтарды қорғау және қылмыстардың алдын алу (қылмыстарды болдырмау; қылмыстардың профилактикасы) болып табылады.

    Заң әдебиеттерінде қылмыстық құқықтың тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыратындығы туралы пікірлер айтылған. Біздің мұнымен  келісуміз керек. Себебі: азаматтардың бойына заң құрметтешілік дағдысын, мораль талаптарына жауап беретін  тәртіп қалыптастыру барлық құқық салаларының  алдында тұрған міндет. Сондықтан, қылмысты құқық – азаматтық, әкімшілік  тағы басқа да құқық салаларындай тәрбиелік мәні бар әсер ету шаралары қолдануы қажет.

    Жалпы бұл жұмыста, қылмыстардың көптігінің түсігіні, оның жекелеген қылмыстардан ерекшелігі, ажыратылуы туралы айтылып  кеткен.  
Тұлғаның қылмыстық жауапқа тартылуының ескіру мерзімі өтпеген немесе соттылығы жойылмаған не алынып тасталмаған немесе қылмыстық жауапқа тартылу заңға сәйкес тоқтатылмаған екі не одан да көп қылмыс жасауы қылмыстық құқыққа қылмыстардың көптігі деп танылады. Бір ғана тұлғаның бірнеше рет қылмысқа баруы – қоғам үшін аса қауіпті болып табылады. Біріншіден, қылмыстық құқықтық қорғауындағы қоғамдық қатынастарға тиетін зиян объективті түрде анағұрлым арта түседі.

    Екіншіден, бір тұлғаның жасаған қылмыстары әртүрлі объектілерге қиянат келтіретін болса, зиян келетін қоғамдық қатынастардың  қатарының өзі де кеңейе түсуі  мүмкін. Және де, бір тұлғаның бір  ғана емес, бірнеше қылмыс жасауының  өзі әдетте, бұл қылмыскердің бойында  тұрақты түрде қоғамға қарсы  бағыт қалыптасқандығын дәлелдейді. Мұның өзі жағдайдың тең қарастырылуы барысында бұл тұлғаға неғұрлым қатал қылмыстық – құқықтық ықпалдың қолданылуын талап етеді.

    Сонымен қатар, бір тұлғаның бірнеше қылмыс жасауы, оның істегендерінің дұрыс  саралануы мәселесін де туындатады.

    Қылмыстардың  көптігі 3 түрге ажыратылады:  
1) қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы;  
2) қылмыстардың жиынтығы;  
3) қылмыстың қайталануы.

    Қылмыстардың  көптігін жекелеген қылмыстан, яғни қылмыстың бір ғана құрамының  белгілерінен тұратын әрекеттен  ажырата білу керек. Егер де жасалған қылмыс қарапайым құрамның белгілерінен тұратын қылмысты қылықтың бір ғана көрінісі болса, әрине, жекелеген қылмыс түрін қылмыстардың көптігінен ажыратып алу, әдетте, қиынға соқпайды. 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

     
1.1. Қылмыстардың көптігінің түсінігі
 

    Бір ғана тұлғаның бірнеше рет қылмысқа баруы – қоғам үшін аса қауіпті  болып табылады. Біріншіден, қылмыстық  құқықтық қорғауындағы қоғамдық қатынастарға тиетін зиян объективті түрде анағұрлым  арта түседі. Екіншіден, бір тұлғаның жасаған қылмыстары әртүрлі объектілерге қиянат келтіретін болса, зиян келетін  қоғамдық қатынастардың қатарының  өзі де кеңейе түсуі мүмкін. Және де, бір тұлғаның бір ғана емес, бірнеше  қылмыс жасауының өзі әдетте, бұл  қылмыскердің бойында тұрақты түрде  қоғамға қарсы бағыт қалыптасқандығын дәлелдейді. Мұның өзі жағдайдың  тең қарастырылуы барысында бұл  тұлғаға неғұрлым қатал қылмыстық  – құқықтық ықпалдың қолданылуын талап етеді. Сонымен қатар, бір тұлғаның бірнеше қылмыс жасауы, оның істегендерінің дұрыс саралануы мәселесін де туындатады. Тұлғаның қылмыстық жауапқа тартылуының ескіру мерзімі өтпеген немесе соттылығы жойылмаған не алынып тасталмаған немесе қылмыстық жауапқа тартылу заңға сәйкес тоқтатылмаған екі не одан да көп қылмыс жасауы қылмыстық құқыққа қылмыстардың көптігі деп танылады. Қазіргі қылмыстық заңдар бойынша қылмыстардың көптігінің төмендегідей түрлері айқындалып, ажыратылады:

    1) қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы;  
        2) қылмыстардың жиынтығы;  
        3) қылмыстың қайталануы.

    Қылмыстардың  көптігінің өзіне тән белгісі  – бір тұлғаның кемінде екі  рет қылмыс, яғни қылмыстардың дербес құрамдарының белгілері бар әрекеттер (немесе жиынтықталған бір әрекет) жасауы. Ал әкімшілік құқық бұзушылық, тәртіпке қарсы қылық, азаматтық  – құқықтық тәртіп бұзушылық, сол  сияқты, ҚК-тің 9-бабының екінші бөлігінде  қарастырылған іс - әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстың көптігіне жатпайды. Қылмыстық жауаптылықтың ескеру мерзімі өтіп кеткен немесе соттылығы жойылған (алынып тасталған) заң бұзушылықтар да қылмыстың көптігіне жатпайды. Бұл туралы қылмыстың бірнеше мәрте жасалуына қатысты ҚК-тің 11-бабының үшінші бөлігінде анық айтылған. Сонымен қатар, қылмыстық – құқықтық салдар жоққа шығарылған әрекеттер де қылмыстардың көптігіне жатпайды. Ол жағдайлар, атап айтқанда мыналар: шын өкінуіне (ҚК-тің 65-бабы), қажетті қорғанудың шегінен асуына (ҚК-тің 66-бабы), жәбірленушімен татуласуына (ҚК-тің 67-бабы) байланысты немесе рақымшылық жасау актісі негізінде (ҚК-тің 76-бабының екінші бөлігі) немесе ҚК-тің Ерекше бөлімінде көрсетілген жағдайларға орай (125, 165, 231, 233, 312 және басқа баптарда кездесетін ескертулер) қылмыс жасаған тұлғаның қылмыстық жауаптылықтан босатылуы немесе босатылуға тиістілігі. 

Қылмыстық құқық  жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтыры мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық  қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған  қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық құқық  нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы болып табылады. Ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен (субъекті мен) мемлекет арасында пайда болады. Мұндай құқықтық қатынасқа қатысушылардың әрқайсысының өзіне тән құқықтары, міндеттері пайда болады. Субъект қылмыс істеуге  байланысты қылмыстық жауапқажәне  жазаға тартылуға міндетті болса, екінші субъект әділ сот органдары (сот, тергеу, прокуратура) қылмыс істеген  адамды сол міндетті органдарға күшпен міндеттейді. Сонымен, қылмыстық құқықтық қатынастарды реттейтін бұл функйия  орын алған қылмыс оқиғасына байланысты қылмыстық жауаптылықты және жазаны қолдану немесе қылмыстық жауаптылықтан  және жазадан босату сияқты мәселелерді  жүзеге асырады.

Екіншіден, қылмыстық  құқық нормасы арқылы жазамен  қорқытып, тыйым салынған іс – әрекеттерді  істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі.

Яғни, қылмыстық  заңның болуы және бұзған адамдарға  қолданылатын жазаның қылмыстық  құқықтық нормаларда көрініс алуы осы  көрсетілген құқықтық функцияның толық  жүзеге асырылуына мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, қылмыстық құқықтың нормасы  арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғауға байланысты қылмыстарын ретке  келтіреді. Мысалы, қажетті қорғау, мәжбүрлі қажеттілік немесе қылмыскерді  ұстауда әрбір азамат заңда белгіленген  тәртіппен қорғауға құқылы. Бұл мәселе тек қылмыстық құқықтық норма  арқылы реттеледі.

Қылмыстық құқық  туралы сөз болғанда оның үш түрлі  мағынасын ескеруіміз қажет. қылмыстық  құқық – бұл жалпы құқық  жүйесінің негізгі бір саласы және пән болып табылады. Осы ұғымдардың бәрінің жиынтығы қосылып қылмыстық  құқық курсы деген түсінікті  білдіреді.

Қылымыстық құқық  пәнін құқық саласы ретінде қарастырғанда  жалпы құқық теориясына тән белгілердің, негізгі принциптердің осы құқық  саласына да тән екендігін ескеру қажет. Сонымен бірге қылмыстық  құқық өзінің ерекшеліктерін белгілейтін  және өзін жеке құқық саласы ретінде  қарастыруға негіз болатын өзіндік  мазмұн, өзгешелік белгілері мен  принциптері бар құқық саласы болып табылады.

Құқық саласы ретінде  қылмыстық құқық заң шығарушы органдар қабылдаған қылмыс пен жаза, қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудың тәртібі  мен шарттарын, сондай – ақ қылмыстық  жауаптылықтан және жазадан босатуды белгілейтін заңдылық нормаларының жиынтығы болып табылады.

Басқа құқық  салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық базасы – Қазақстан  Республикасының Конституциясы  болып табылады. Қылмыстық құқықтық ережелері мен институттарының  мазмұны қолданылып жүрген қылмыстық  құқықтық нормаларында анық көрсетілген. Қылмыстық құқық нормалары мазмұнына  қарай екі  түрлі қызметті жүзеге асырады. Оның біріншісі қылмыстық  құқықтың жалпы ережелерін, принципьері  мен институттарын белгілеу арқылы негізгі екі ұғым – қылмыс пен  жазаны анықтайды.

Бұл нормалар қылмыстық  құқықтың Жалпы бөлімінің мазмұнын құрайды.

Екінші бір  нормалар қоғамға қауіпті әрекеттің  немесе әрекетсіздіктің қылмыс қатарына жататын белгілерін, шеңберін және оны істегені үшін тағайындайтын  жазаның түрлері мен шегін  белгілейді. Мұндай нормалар қылмыстық  құқықтың Ерекше бөлімінің мазмұнын құрайды.

Қылмыстық құқық  жеке құқық саласы ретінде мынадай  өзіндік ерекшелік белгілерімен көрініс табады:

Қылмыстық құқық  пәні қылмыс істеуге байланысты пайда  болатын қоғамдық қатынастарды ретке  келтіреді. Ал мұндай ретте қылмыстық  құқықтық қатынастардың субъектілері болып бір жағынан қылмыс істеген  адам және қылмысы үшін соларға мемлекет атынан шара қолданатын мемлекеттік  құқық қолдану және құқық қорғау органдары болады.

Белгілі бір  әрекетті немесе әрекетсіздікті қылмыс қатарына жатқызып, оған жаза тағайындау , қоғамға, жеке адамға және мемлекетке қарсы қылмыстық іс – әрекетке тыйым салып, оны бұзғаны үшін қылмыстық жауапқа және жазаға тартатын нормаларды белгілеу – мемлекеттің  құзыреті. Осы тұрғыдағы қоғамдық қатынастарды ретке келтіру қылмыстық құқыққа ғана тән әдіс болып табылады.

Қылмыстық құқық  Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады .

Қылмыс пен  жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсінігі, міндеттері, қылмыстық жауаптылықтың  негізгі және одан босату, қылмыс құрамының  түсінігі, қылмыстық заңның кеңістіктегі және мезгілдегі күші, іс – әрекеттің  қоғамға қауптілігін жоятын мән  – жайлар туралы түсініктер, сондай – ақ қылмыс істеу сатылары туралы ұғыммен, қылмысқа бірге қатысу, жазаның  мақсаты және жүйелері, жаза тағайындаудың  немесе қылмыстық жауаптылықтан  және жазадан босатудың мәселелері осы Жалпы бөлімде зерттеледі.

Ерекше бөлімде  нақты қылмыс құрамдары және оларды істегені үшін белгіленген жаза түрлері  көрсетіледі. Жалпы және Ерекше бөлім  өзара тығыз байланысты, осы екі  бөлімнің жиынтығы қылмыстық құқықты  құрайды. Жалпы және Ерекше бөлімнің бірлігі олардың алға қойған мақсаты  мемлекетті, қоғамды, азаматтарды және құқық тәртібін қылмысты қол сұғушылықтан қорғау арқылы айқын көрінеді. Қылмыстық  құқықтың Жалпы бөлімінің нормаларын қолдану арқылы Ерекше бөлімнің нормалары  жүзеге асырылады. Жалпы бөлімнің ережелері  мен институтары Ерекше бөлімдегі  нақты нормаларды қолданғанда негізгі  басшылыққа алынады.сол себепті  осы екі бөлім нормалары бір  – біріне сәйкес болуы қажет. Мысалы, бөтеннің мүлкін тонау деген не екенін білу қажет болды делік. Бұл үшін Қылмыстық кодекстің 178 – бабына жүгінеміз. Бұл бапта тонаудың заңдылық ұғымы, сипаттамасы берілген. Бірақ  та осы бап бойынша қылмыстық  жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін міндетті түрде қылмыс құрамы, жас мөлшері, кінәнің нысандары  мен түрлері, қылмыс істеу сатыларын, қылмысты бірлесіп істеу мәселелерін  анықтау қажет. Ол үшін міндетті түрде  Қылмыстық кодекстің жалпы бөліміндегі 3,9,15,19,20,21,24,29-баптарына жүгініп, сонда  көрсетілген заңдылық ұғымдарды  басшылыққа алу керек. Егер тонау  туралы осы қылмыстық іс сотта  қаралатын болса, онда сот жазаны белгілеу (немесе жазадан босату), жазаның  түрі мен мөлшерін белгілеу үшін де Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің  осы мәселелерге арналған ІІІ, ІV, V бөлімдерінің тиісті баптарына сөз  жоқ жүгінеді.

Қылмыстық құқық  құқық саласының жеке саласы болуымен бірге ол басқа құқық салаларымен  де тығыз байланысты. Сонымен бірге  қылмыстық құқық өзінің бағыты, атқаратын  ролі, мәні мен құқықтық реттеу әдісінің ерекшелігіне байланысты басқа құқық салаларынан оқшауланып, ажыратылады.

Қылмыстық құқық  пен қылмыстық істер жүргізу  құқығы өзара тығыз байланыста болады. Қылмыстық құқық қандай іс – әрекеттердің қылмыс екендігін және оған қандай жаза қолданылатынын белгілесе, қылмыстық  істер жүргізу құқығы қылмыстық  жауапқа тартуды жүзеге асырады, қылмыстық істі тергеудің және сотта  қараудың тәртібін белгілейді, яғни бұл  жерде қылмыстық құқық пен  қылмыстық істер жүргізу құқығы өзара мазмұнмен оның нысанының  байланысы ретінде көрсетіліп отыр.

Қылмыстық құқық  қылмыстық атқару құқығымен де тығыз  байланыста. Қылмыстық атқару құқығының  пәні болып, сот үкімі бойына күшіне енген қылмыстық жазаны орындау, сотталғандарға түзеу ықпалын жүзеге асыруға , оларды қылмыс істеуден сақтандыруға байланысты қоғамдық қатынастарды ретке  келтіру болып табылады және олар айыптау үкімінің заңды күшіне енген  уақыттан бастап пайда болады. Яғни, қылмыстық құқықтық қатынастар негізі қылмыс істеуге байланысты болса, ал қылмыстық атқару құқығы қатынасының  пайда болуының негізгі заңды  күшіне енген айыптау үкімі болып  табылады.

Бұл қатынастардың  субъектілерінде де айырмашылықтар бар.Қылмыстық құқықтық қатынастар субъектісі болып қылмыс істеген, екі  дұрыс, заңда белгіленген белгілі  бір жасқа толған адам болса, сот  үкімі бойынша сотталғандар қылмыстық  орындау құқығының субъектісі болып  саналады.

Қылмыстық құқық  әкімшілік құқықпен де етене байланысты. Бұл екі құқық саласы ортақ  міндет – қоғамға қауіпті іс –  әрекет – құқық бұзушылыққа  қарсы  күрес жүргізеді. Қылмысқа қарағанда  әкімшілік құқық бұзушылықта  іс – әрекеттін қоғамға қауіптілік дәрежесі төмен болады. Ондай теріс  қылық істеген адамға арнаулы  әкімшілік органдар қылмыстық жаза емес, әкімшілік шара қолданады. Әкімшілік  шара сотталғандық  атақ болып табылмайды, ал қылмыстық жазаны қолдану «сотталғандық» атаққа ұрындырады. Оның заңдылық салдары  бар. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі болып азаматтардың басқа  заңды тұлғалар болуы да мүмкін. Ал қылмыстың субъектісі болып тек  қана заңда белгіленген жасқа  толған, қылмысты іс – әрекет істеген, есі дұрыс кінәлі адам ғана болады.

    1.2. Қылмыстардың көптігінің жекелеген  қылмыстардан ерекшелігі 

Информация о работе қылымыстың көптігі