Жаза түсінігі, мақсаттары, жүйесі және түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2012 в 14:19, реферат

Описание

Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыстылыққа қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмыстылыққа қарсы күрес жүргізуде әртүрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, рухани, экономикалық шаралардың барлық түрлерін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстылықтан қорғану мәселесіне ерекше көңіл аударады.

Работа состоит из  1 файл

ЖАЗА ТҮСІНІГІ, МАҚСАТТАРЫ, ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ.doc

— 106.00 Кб (Скачать документ)

 

Еңбекке жарамсыз деп танылған, тұрақты жұмысы жоқ немесе оқу орнында өндірістен қол үзіп оқитын адамдарға қол үзіп оқитын адамдарға түзеу жұмыстарын тағайындауға болмайды. Мұндай адамдарға, егер осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптың санкциясымен айыппұл түрінде жаза көзделмеген болса, бір ай түзеу жұмысы үшін заңмен белгіленген бір айлық есепті көрсеткішке тең айыппұл сомасының есебінен сот түзеу жұмыстарының орнына айыппұл тағайындауы мүмкін. Егер аталған мән-жайлар жазаны өтеу кезінде пайда болса, сот түзеу жұмыстарын айыппұл салумен де ауыстыра алады.

 

Жаңа Қылмыстық кодексте түзеу жұмыстарына сотталған адамның жазасын өтеуден әдейі бұлтарғаны үшін жауаптылық белгіленген. Мұндай жағдайда сот түзеу жұмыстарының өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығынан шектеу, қамауға алу, бас бостандығынан айыру түріндегі жазалардың біріне ауыстыра алады.

 

Қылмыстық атқару заңы бойынша: сотталған адамға инспекцияның жұмысқа кірісу туралы берген ескертпесінен он бес күн өтіп кетсе; инспекцияға жазбаша ескертпеден кейін себепсіз жағдайлармен келмесе; белгіленген міндеттерді және тыйым салынған әреекттерді жазбаша ескертпеден соң бұзса; бұрынғы ескертпеге қарамастан, тағы да жұмысқа мас күйінде келсе, немесе жұмысқа мүлдем келмей қалса; сотталған адам түзеу жұмысын өтеуден бас тарту мақсатында бой тасқалап қалса, олар әдейі жалтарған деп саналады.

 

Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны орындау қылмыстық атқару инспекцияларына жүктелген. Оны орындау тәртібі Қазақстан Республикасы Қылмыстық атқару кодексімен реттеледі.

 

Әскери қызмет бойынша шектеу жазаның негізгі түрі болып табылады.

 

Қылмыстық кодекстің 44-бабының 1-бөліміне сәйкес: «келісім-шарт бойынша әскери қызмет өтеп жүрген, сотталған әскери қызметшілерге, сондай-ақ шақыру бойынша әскери қызметін өтеп жүрген офицерлерге осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда әскери қызметке қарсы қылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ келісім-шарт бойынша әскери қызмет өтеп жүрген, сотталған әскери қызметшілерге осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген түзеу жұмыстарының орнына үш айдан екі жылға дейінгі мерзімге әскери қызметі бойынша шектеу тағайындалады.»

 

Сонымен, қылмыстық заңда осы бапты қолдану үшін бірнеше шарттар қарастырылған. Біріншіден, бұл жаза келісім-шарт бойынша әскери қызмет өтеп жүрген сотталған әскери қызметшілерге, екіншіден, шақыру бойынша әскери қызметін өтеп жүрген офицерлерге, үшіншіден, бұл жаза көрсетілген адамдардың тек әскери қызметке қарсы (Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің 16-тарауы) қылмыс жасағаны немесе Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген түзеу жұмыстарының орнына қолданылуы мүмкін.

 

Қылмыстық кодекстің 44-бабының екінші бөлімінде әскери қызметі бойынша шектеудің екі түрі көрсетілген: 1) осы жазаны өтеу кезінде сотталған адамның лауазымы көтерілмейді (батальон командирі полк командиріне, дивизия командирі армия командирі лауазымына); 2) осы жазаны өтеу кезінде сотталған адамның кезекті әскери атағы жоғарыламайды (мысалы, лейтенант аға лейтенантқа, аға лейтенант капитанға жоғарыламайды). Бұл жазаны өтеу мерзімі әскери атақ беру үшін еңбек сіңірген мерзімге есептелмейді.

 

Қылмыстық кодекстің 44-бабында көрсетілмеген әскери қызмет бойынша шектеуге жол берілмейді.

 

Осы жазаны өтеу мерзімі Қылмыстық кодекстің 44-бабының 1-бөлімінде үш айдан екі жылға дейінгі мерзім деп белгіленген.

 

Әскери қызмет бойынша шектеуге сотталған адамның үлес қаражатынан соттың үкімімен белгіленген, бірақ 20 проценттен аспайтын мөлшерде мемлекеттің кірісіне ақша ұсталып қалады (44-баптың 2-бөлімі).

 

Бас бостандығынан шектеу сотталған адамды қоғамнан оқшауламай, арнаулы мекемелерде бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімде оны қадағалауды жүзеге асыру жағдайында ұстаудан тұрады. Бас бостандығын шектеуді қоғамдық жұмыстарға тартумен немесе түзеу жұмыстарымен ауыстырған жағдайда ол бір жылдан аспайтын мерзімдерге де тағайындалуы мүмкін (45-баптың 1-бөлімі).

 

Жазаның бұл түрі негізгі жаза ретінде жеке дара тағайындалады. Бас бостандығынан шектеу негізгі жазаға балама ретінде Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің көптеген баптарының санкцияларында арнайы көрсетілген. Мысалы, 108-баптағы денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру, 102-баптағы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу және т.б. құрамдарда. Бас бостандығынан шектеуге сотталғандар жазаларын арнаулы мекемелерде – қоныс колонияларында республика көлемінде өтейді. Жергілікті өкімет және басқару органдары осы жазаны өтеуге жіберілгендерді еңбекке орналастыруға міндетті. Бас бостандығынан шектеу мерзімі заңда бір жылдан бес жылға дейінгі мерзім деп белгіленген. Заң бойынша бас бостандығынан шектеу мына адамдарға қолданылмайды:

 

Кәмелетке толмағандарға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, жүкті әйелдерге, сегіз жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, елу бес жасқа толған әйелдерге, алпыс жасқа толған еркектерге, қасақана соттылығы бар адамдарға, сондай-ақ шақыру бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге (45-баптың 2-бөлімі).

 

Бас бостандығынан шектеуге сотталған адам жазасын өтеуден әдейі жалтарғанда сот осы жазаның өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыра алады. Мұнда бас бостандығынан шектеуді өтеу уақыты бас бостандығын шектеудің бір күн уақыты үшін бас бостандығынан айырудың бір күні тең болатын есеппен мерзімі анықталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Информация о работе Жаза түсінігі, мақсаттары, жүйесі және түрлері