Велосипед туризмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 16:08, научная работа

Описание

Велосипед туризмі - ұзақ қашықтықтағы, көптеген километрге (1100 км дейін ) созылатын, арнайы дайындықты талап ететін, транспорттық (көліктік) құрал велосипед болып табылатын, жорық кезіндегі өзіндік кедергілері бар (жолсыз жерлер, орман-тоғайлар, жыралар т.б ) туристік топ құрамының шағын болуын талап ететін жорықтарды ұйымдастыру жұмыстарының жиынтығы болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

велоАйым.doc

— 38.00 Кб (Скачать документ)

Велосипед туризмі

         Велосипед туризмі - ұзақ қашықтықтағы, көптеген километрге (1100 км дейін ) созылатын, арнайы дайындықты талап ететін, транспорттық (көліктік) құрал велосипед болып табылатын, жорық кезіндегі өзіндік кедергілері бар (жолсыз жерлер, орман-тоғайлар, жыралар т.б ) туристік топ құрамының шағын болуын талап ететін жорықтарды ұйымдастыру жұмыстарының жиынтығы болып табылады. Велосипед туризмі, өзіндік туризмнің түрі – велосипедпен болатын саяхаттар мен спорттық жорықтар. Велосипедпен кез келген жолды өтуге болады, соқпақ жолдар мен қарапайым тегіс жерлерді өтеді, онымен құмды жерлерді де, тасты тау жолдарын да, өзенді де кесіп өтуге болады. Күніне қозғалыс қарқынына, ауа райына, жол жағдайы мен оны жеңіп өтуіне байланысты велотуристер 40-тан 120 км дейін (арттан соққан жел кезінде 45-тен 140 км дейін) жолды жүріп өтеді. Саяхатта велотурист жүкті өзі алып жүрмейді, ол барлық жүкті велосипедке тиейді. Экологиялық жағынан велосипед таза көлік түрі болып табылады.  Велосипед туризмінің өзінің артылықшылықтары болады. Жаяу адам жүре алмайтын жерлерден велосипедші өте алады. Велосипедші айтарлықтай аз шаршайды, ал қозғалыс жылдамдығы бірнеше рет артық болады. Сондықтан да велотуристердің маршрут таңдауда кең мүмкіндіктері бар. Туристің жасы мен физикалық жағдайын есепке алып отырса, велосипед жорықтары әр түрлі жастағы және мамандықтағы адамдарға қол жетерлік және пайдалы болып табылады.

        Велосипед тобындағы адамдардың ең қолайлы саны 4-8 адам болғаны абзал. Велосаяхатқа қатысушылардың барлығы велосипедті қарапайым жөндеу, реттеу, жинау және өздері велосипедте жүру техникасын жақсы игеруі тиіс. Жаңадан бастаған туристер қоныстанған және жол желістері дамыған маршрутты таңдағандары дұрыс, ал жеткілікті тәжірибелері бар топ күрделі маршруттарға да шыға алады. Велосипед қозғалыс құралы ретінде кез келген рельефті және кез келген жолды маршрутты таңдауға мүмкіндік береді. Жергілікті жердің рельефі, ауа-райы және жолдарының сапасына байланысты орта күштегі топ демалыс кезінде 400-ден 1000 км дейін жол жүре алады. Ең тиімдісі велосипедті көліктің барлық түрінде алып жүруге жеңіл. Бұл туристердің тұратын жерлерінен алыс жерлерге саяхаттауына және маршруттың кейбір бөліктерінде теміржол,автомобиль,өзен немесе теңіз көлігін қолдануға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда велосипед туризмі әлем бойынша өте жақсы дамыған белсенді туризмнің түрі болып табылады. Алайды, өзіміздің Қазақстанның велотуризмі еліміздің тек оңтүстік бөлігінде ғана кеңінен қолданыста. Егерде велотуризмді еліміздің барлық бөлігінде дамытсақ, онда ішкі туризмнен түсер пайда артып, халқымыздың денсаулығы жақсарып, салауатты өмір салтына баулуға әсерін тигізер еді.


Информация о работе Велосипед туризмі