Ақша, несие, банктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 10:31, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың міндеттері:
— Несиелеу қызметі және оның мәнін қарастыру;
— Қазақстан Республикасындағы несиелеу қызметтердің қазіргі жағдайын талдау;
— Қазақстан шаруашылығындағы несиелеу процесін қарастыру.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні – мемлекетіміздің экономикалық жағдайын талдау, атап айтса, несие ұғымының мәнін ашу, оны зерттеу және оған байланысты мәселелерді шешу жолдарын көрсету.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Бірінші-тарауда несие жүйесінің теориялық аспектілері қарастырылады;
екінші-тарауда Банк жүйесіндегі неселер түрлері талданады;
үшінші-тарауда Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің даму ерекшеліктері қарастырылады.

Работа состоит из  1 файл

КУРСОВАЯ САЛТА 2 КУРС.doc

— 282.00 Кб (Скачать документ)

      Несиенiң  ақша айналымы саласында да алатын орны айрықша. Ол ақша айналымының үнемделуiнен  көрiнедi. Несие өзiнiң қызметi —  айналысының құралын құруға байланысты:

— бiрiншiден, ақша белгiлерiн дайындау, шығару, есеп жүргiзу мен сақтаушыгындарын қысқартады;

— екiншiден, несие бос ақша қаржыларын сан  рет пайдалана отырып, қолма-қол  ақшасыз есептесулердi қысқартып, айналым  шығындарын азайтады;

— үшiншiден, айналымның шыгындары маусымдық  қажеттiлiктерді қосымша қаржылар есебiнен  көбейткенде қорлардың кемуіне  байланысты қысқарады.

      Экономиканың  төмендеп, инфляцияның өрлеген кезiнде  мемлекет пайыздық ұтысты көтеру арқылы айналымдағы ақша көлемiн қысу үшiн экономикадағы несиелiк салымның көлемiн қысқартады. Ал, экономикалық өрлеу кезiнде экоюмиканы жандандырып, әрi өсiру үшiн несие экспансиясы саясаты қолданылады, яғни пайыздық ұтыстарды кемiту арқылы несие тасқыны көбейiп, ақша көлемi ұлғаяды. Осылайша ақша айналымы ретке келтiрiледi. Қазақстанда 1993—1997 жылдары несиелердiң шектелуi, ал 1998 жылдан бастап несие экспансиясы саясаты жургiзiлдi.   

 Несиелiк  (ипотекалық тұтыну несиесі) арқасында  тұрғын‚ үй құрылысы, пәтерлер, автокөлiк  және басқа да тұрмыстық машиналар мен аппараттар алу мен шаруашьтлықты қалыптастыру сияқты коғамдагы көптеген әлеуметтiк мәселелердi шешуге қол жетiп отыр. 

Кесте 3 

Банкаралық  кредиттердің берілуі 

  2004 ж. 2005 ж. 2006 ж. 2007 ж. 2008 ж. 01.09
Ұлттық  валютада 284 1111 702 739,8 887,5 608,3
Орташа  алынған сыйақы ставкасы(%) 6,0 5,26 6,02 5,93 6,36 6,30
USA-да - - 47 93,3 146,7 52,1
Орташа  алынған сыйақы ставкасы(%) - - 3,90 4,94 5,81 5,77
EUR-да - - - 13,7 6,4 107
Орташа  алынған сыйақы ставкасы(%) - - - 2,24 3,14 3,09
  

    Несиенiң көмегiмен басқа мемлекеттермен байланыстар ныгайып, әлемдiк экономикага араласуга мүмкiндiктер туып келедi.   

 Сонымен, жекелеген шаруашылықпен айналысушы экономикалық субъектiлердiң өмiр сүруi мен жалпы халықшаруашылыгының дамуына да, микроденгейiне байланыстардың дамуында, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын  көтеруде несиенің атқаратын рөлi өте зор екен.   

 Несие саласын мейлiнше тарылтудың да керi әсерi бар, себебi төлем қаржыларының жеткiлiксiздiгiнен шаруашылық субъектiлерi ТМҚ-ны, жабдықтарды сатып ала алмайды, өзiнiң қызметкерлерiне еңбекақы төлей алмайды, негiзгi қорларды жалға ала алмайды және т.б. Сайып келгенде мұның бәрi өндiрiсте, тауарларды сатып-таратуда өз көрiнiсiн байқатпай қоймайды.   

 Несиенiң шектерiн негiздеп анықтау мен сақтаудың сұраныс пен ұсыныстың, айналымдағы тауар мен ақша көлемдерiнiң, өндiрiс пен тауарларды сатып-таратудың араларындағы үйлесiмдi тепе-теңдiктердi сақтай тұру үшiн маңызы зор.   

 Несиенiң экономика циклiнің тиiстi кезеңiне байланысты кең көлемдi деңгейде оң немесе терiс түрде қалай әсср ететiндiгi жогарыда атап көрсетiлдi.

      2004-2009 жылдар аралығында банкаралық  кредиттердің берілуі (3 кесте)  бірде өсіп, бірде төмендеп отырған.  Оған көбіне сыйақы мөлшерлемесі  себеп болған, өйткені ол да  бірде өсіп, бірде төмендеуде. Банкаралық кредиттердің берілуі 2006 жылдан бастап USA-да, ал 2007 жылы EUR-да беріле бастаған. 

      
    1. Несие түрлерінің экономикалық сипаттамасы
 

Несие — нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде  экономикалық дамудың ажырамас элементiн  бiлдiредi. Оны барлық шаруашылық субъектiлерiмен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.    

 Құнның  қозғалысы — бұл несиенiң қозғалысының  кiндiгiн сипапайды. Несиелiк Қатынастардың  пайда болатын экономикалық негiзiне  капитал айналымын жатқызуға болады.     

 Көбiне  несиенi ақша ретiнде түсiнедi. Бiр  жағынан қараганда бұган негiз  де бар сияқты. Себебi, қазiргi шаруашылықта  қарыз көбiне ақшалай түрде  берiлуде. Бiрақ бұл жерде ақша  мен несиенiң әр түрлi ұғымды  бiлдiрiп, әр түрлi қатынастарды түсiндiретiнін естен шығаруға болмайды.    

 Сонымен  қатар, несие мен қаржы категорияларын  бiр санайтындар да аз емес, несие — бұл ақшалай қаражаттың  екi жақты қозғалысын, яғни қаражаттың  уақытша берiлуiн және уақыт  өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы — сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейдi, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрiнде берiлсе, олар кайтарымсыз сипатқа ие.   

  Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берiлетін ссудалық капитал қозғалысы.    

 Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие — бұл банктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде барлық несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының формасын бiлдiретiн кең ұғымды сипаттайды. Ссуда — бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi.   

 Қарыз  берушi — қарызды беретiн несиелiк  қатынасының бір жағы. Қарыз берушi  — бұл уақытша пайдалануға  қарыз берушi субъектiлер болып табылады. Қарыз берушiлерге: банктер, банктiк емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектiлерi және халық жатады.   

 Қарыз  алушы — бұл несиенi алушы және  оны қайтаруга міндеттi, несиелiк  қатынастың екiнші жағы. Борышқор  және қарыз алушы бiр-бiрiмен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсiнiктерi әр түрлі. Мысалға, кәсiпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдерi кешігуi мүмкiн, бiрақ бұл жерде ешқандай да несиелiк қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономи калық қатынасты емес, сондай-ақ ада адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш — бұл өте ауқымды ұгым. Ал қарыз алушы — бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлга.    

 Қарыз  берушi және қарыз алушымен  қатар несиенiң құрылымының элементiне берiлетiн объекті де жатады. Беру объектiсi — бұл құнның ерекше бөлiгi, яғни қарызға берiлген құнды бiлдiреді.    

 Несие — ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып абылады. «Кредит» деген сөз, «қарызға», «несие» деген «kredo»- сенемiн деген магына беретiн латынша «kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретiнде әр турлi экономикалық қоғамдарда қызмет етедi. Ол тауар өндiрiсiнiң пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрiнедi. Несие қатынастарын ақша қатынастары сияқты үнемi даму үстiнде болады. Алғашқы несие табиғи түрде  қоғамның дәулеттi топтарынан мүлiксiз шаруалар мен кәсiпкерлерге тұтыну муктаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының  дамымен несие ақша түрiнде көштi.  

Кесте 4 

Экономикаға берілген кредиттер, кезеңнің соңына, млн.теңге 

 
Экономикаға берілген кредиттер, кезеңнің соңына, млн.теңге
 
  оның  ішінде валюта түрлері бойынша оның  ішінде мерзімдері бойынша оның  ішінде субъектілер бойынша
Барлығы ұлттық валютада шетел валютасында  қысқа мерзімді ұзақ мерзімді банктік емес заңды  тұлғаларға жеке тұлғаларға
 
12.09
01.10
02.10
03.10
04.10
05.10
06.10
07.10
08.10
09.10
10.10
 
7 644 036 3 944 283 3 699 754 1 213 473 6 430 563 5 417 884 2 226 153
7 609 178 3 956 379 3 652 799 1 218 940 6 390 238 5 412 733 2 196 445
7 656 977 3 964 381 3 692 596 1 214 131 6 442 845 5 490 885 2 166 092
7 600 585 3 964 367 3 636 218 1 217 478 6 383 106 5 452 807 2 147 778
7 577 936 3 984 155 3 593 780 1 194 849 6 383 087 5 444 557 2 133 379
7 563 739 4 047 572 3 516 168 1 205 126 6 358 613 5 440 149 2 123 590
7 476 425 4 034 320 3 442 106 1 205 493 6 270 932 5 354 782 2 121 644
7 453 071 4 033 498 3 419 572 1 189 180 6 263 891 5 335 116 2 117 955
7 451 444 4 075 328 3 376 116 1 189 565 6 261 879 5 332 515 2 118 929
7 493 312 4 151 423 3 341 888 1 169 392 6 323 920 5 369 294 2 124 017
7 493 047 4 202 421 3 290 626 1 149 653 6 343 394 5 367 640 2 125 407
 
  

   Құндық қатынасты  ерекше формасы сияқты несиенiң  пайда болуы шаруашылық жүргiзуi бiр субъектiден босаған құн  шаруашытлық мәмiледе қолданысқа  түсетiн, бiрақ бiр уақыттарда  жаңа қайта өндiру цикiліне  ене алмайтын кезде ғана жүзеге асады. Несиеге байланысты бұл құн қосымша қаражатқа уақытша қажеттiлiгi туып отырган басқа субъектiге өтедi және қайта өндiру процесiніц шеңберiнде  қызметiн жалгастыра береді. Бiрақ, несиелiк қатынастардың пайда болуың экономикалық байланысқа түсуге дайын меншiк иелерi сияқты бiр-бiрiне қарсы тұралатын тауар иеленушiлер арасындагы айырбас ауқымынан iздеген жөн. Тауарларды Қолдан-қолға өткiзу сияқты тауар айырбастау және қызмет көрсетумен ауысу несиелiк қатынастардан туындаған экономикалық жемiс.   

 Несиелiк  қатынастар пайда болатын және  дамығын нақты экономикалық негiзде  қаражат айналымы мен ауыспалы  айналым, яғни несиелiк қатынастың  материалдық негiзi боп құн  козғалысы саналатын болады.   

 Қарызға  алуына несиенi кедей болғаны  үшiн алмайды, ол өзнiң меншiктi қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының объективтi күшне толық шамада жетпей тұрғандықтан өз iсiн алға бастыру үшiн алады.    

 Несие  объективтi қажеттiлiктен туындаған  және ол когамдық өндіріс процесiнде  маңызды рөл атқарады. Несие ақшалай капиталдық қарызга трансформациясын қамтамасыз етедi және несие берушiлер мен қарызга алушылардың арасындагы қарым-қатынасты бiлдіредi.   

 Оның  көмегімен мемлекеттiң, халыктың, ұйымдардың және кәсiпорындардың  табыстары мен бос (еркiн) ақшалай қаражаттары жинақталып, уақытша пайдаланудың төлемiне аударылатын несие капиталына айналады. 

2.3 Коммерциялық  банктердің несиелік саясаты  

      «Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне, осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болды). Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де салаларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болды. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін кредиттік мекемелердің тобын білдіреді.Бүгінгі коммерциялық банктер өз кленттеріне 200-ге жуық әралуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай  отырып, қолайсыз жағдайда өзін де пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері кредит жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша-кредит нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады. Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық банктер қаржы делдалы ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда әкеледі.

      Несиелік саясат – банктің  несиелік жұмысын ұйымдастыру  негізін және несиелеу процесіне  қажетті құжаттар жүйесін жасау  шарттарын анықтайды.

      Кең мағынада, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысынан қарастыруға болады.

Кесте 5 

Банктердің кредиттері экономика салалары бойынша 01.11.10 ж

(млн.  тенге, кезеңнің сонына) 

Салалар Барлығы Оның  ішінде
Банкке  жатпайтын заңды тұлғалар Жеке  тұлғалар
Барлығы Қысқа мерзімді Ұзақ  мерзімді барлығы Қысқа мерзімді Ұзақ  мерзімді
  Ұлттық валютада Шетел валютасында Ұлттық валютада Шетел валютасында Ұлттық валютада Шетел валютасында Ұлттық валютада Шетел валютасында
Республика  бойынша барлығы 7493047 5367640 657182 418540 2202972 2088945 2125407 61291 12640 1280976 770501
Оның  ішінде                      
өнеркәсіп 739656 729986 112667 62534 321682 233103 9669 254 15 5723 3677
Ауыл  шаруашылығы 273028 258872 76149 34201 49744 98778 14156 2632 65 8716 2743
Құрылыс 1384419 1374068 80363 55954 652847 584903 10351 29 0 3268 7054
Көлік 212845 207299 13380 16356 63712 113851 5547 228 52 4369 897
Байланыс 53400 53368 776 1295 5622 45675 32 0 1 17 14
Сауда 1791007 1648263 291020 137086 645142 575015 142744 4349 960 100288 37146
өзге  салалар 3038692 1095784 82827 111114 464223 437619 1942908 53799 11546 1158596 718968

Информация о работе Ақша, несие, банктер