Инвестициялық климат

Дата добавления: 15 Апреля 2012 в 16:39
Автор работы: y***********@mail.ru
Тип работы: курсовая работа
Скачать (102.35 Кб)
Работа состоит из  1 файл
Скачать документ  Открыть документ 

МАЗМҰНЫкуууурсовой.docx

  —  105.66 Кб

Қазақстанның экономикалық секторлары бойынша халықаралық инвестициялық  жайғасымына келетін болсақ, талдау нәтижесінде барлығы сыртқы активтердің 29 пайызға артты және сыртқы міндеттемелердің 36 пайызын құрайды. Оның ішінде банктер  маңызды бөлігін алады, яғни сыртқы активтердің 35 пайызын және сыртқы міндеттемелердің 40 пайызын құрағанын  көріп отырмыз.

Өзара тәуелділік пен ұлттық экономиканың дамуының өзара шартталуы капиталдың халықаралық жылжуының арқасында  жүреді. Алайда, экономикалық дамуының деңгейі әр түрлі мемлекеттерде  тікелей шетел инвестиция бірдей рөл атқармайды. Бұл шетел инвесторларының  уәждемесіне де, қабылдаушы мемлекеттің  алдына қойған мақсаттарына да, шетел  инвестицияларына өзі жүргізіп жатқан саясатқа да қатысты болып келеді.

Қазіргі уақытта инвестициялар тарту жөнінен Қазақстан ТМД елдері бойынша көш басында келеді. Ал Орталық Азия елдері бойынша алсақ, осы өңірге келген барлық тікелей инвестициялардың сексен пайыздан астамы Қазақстан еншісінде.

1993-2009жылдарарасында республика тікелей инвестиция ретінде 68 млрд. АҚШдолларынтартты, адамбасынашаққанда 4,4 мың АҚШ долларынқұрайды. 2007 жылдаелімізгетікелей инвестиция ретінде 17 млрд. АҚШ доллары тартылды, бұлалдыңғыжылменсалыстырғанда 65%-ғаартық. Сондағықаржылардың 60%-ы экономиканыңшикізаттықемессалаларынаинвестицияланды.

2009 жылы қаржы емес активтерге инвестициялардың бағалау көлемі 4,04млн. теңгені құрады.

2009 жылғы қаңтар- маусымда негізгі капиталға инвестициялар 1,51 млн. теңге болды.

Жағымды инвестициялық ахуал Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорлары, сақтандыру және инвестициялық компаниялар сияқты институционалдық инвесторларының активтерінің өсуіне септігін тигізді. Ағымдағы жылдың басында қазақстандық банктердің жалпы активтері 11,6 трлн. теңгені құрады (шамамен 97 млрд. АҚШ доллары). Сол уақыттағы халықтың жинақтары 2,6 трлн. теңгеге бағаланған болатын, оның жартысынан астамын халықтың банктерге салған жинақтары құрайды. Бұл Қазақстанның ішкі инвестициялық ресурстарын қолдануда үлкен әлеуеті бар екенін көрсетеді.

Еліміздің инвестициялық ахуалын жақсарту, оны насихаттау мақсатында іскер топтар өкілдерінің сапарларын, екіжақты кездесулер, бизнес-форумдар және ынтымақтастықтың өзара тиімді басқа да шараларын ұйымдастырып отыруға мән беріледі.

Бүкіләлемдік банк секілді беделді  ұйымдар мен халықаралық рейтингтік агенттіктердің біздің елдің инвестициялық мүмкіндіктерін жоғары бағалауы да іске оң ықпалын тигізуде.

Қазақстан Республикасына тікелей шетелдік инвестицияларының жалпы келіп түсуінің 2009- 2010 жылдардағы мәліметі талдайтын болсақ, барлығы 2009 жылы 4106,40 млн. АҚШ долларды құраса, ал 2010 жылы 17466,12 млн. АҚШ долларды құрап отыр. Талдау нәтижесінде 13359,72 млн. АҚШ долларға артқанын байқаймыз. 

 

 

3- Сурет.  Инвестициялық климат  құрылымы мен оны қалыптастыру  формалары.

Қазақстан Республикасының аумағындағы  шетел инвесторларының қызметін реттейтін белгілі бір құқықтық база құрылған. Қазақстан Үкіметі  Халықаралық Валюталық Қормен, Дүниежүзілік Даму Банкімен және басқа да әлемнің  халықаралық қаржы ұйымдарымен  тығыз байланыса отырып, шетелдік инвестицияларды тарту аясындағы  және республика экономикасындағы шетелдік капитал үшін жеңілдік тәртібіндегі мәселелі сұрақтарды шешу, халықтың әлеуметтік жағдайы мен өмір деңгейін жаңарту  аясында заңдық база құрылды. Осыған байланысты инвестициялық климатты жаңарту үшін артықшылықты экономика  секторларының тізімі бекітілді. Қазақстандағы  шетел инвестициялары барлық ұйымдық- құқықтық нысандағы кез келген объектілер мен қызмет түрлеріне салынуы  мүмкін.

4 - кестедегі қызмет түрлеріне келіп түсуіне қарай талдайтын болсақ, ауыл шаруашылығы, аң аулау, орман және балық шаруашылығына салыстыру кезеңінің басында 2,4 млн. АҚШ доллары келіп түссе, соңында 1,7 млн. АҚШ долларына кеміген. Тау- кен өндірісінің өнеркәсібіне 2008 жылы 2123,4 млн. АҚШ долларын құраса, талдау кезеңінің соңында 4625,4 млн. АҚШ долларына өскенін көреміз. Сауда, автокөлік және тұрмыстық заттарды жөндеу салыстыру кезеңінің басында 105,1 илн. АҚШ долларын құраса, кезең соңында 1253,4 млн. АҚШ долларын құрап, 1148,3млн. АҚШ долларына өскенін көруге болады. Қаржылық қызмет салыстыру кезеңінің басында 11,8 млн. АҚШ долларын құраса, кезең соңында 2906,4 млн. АҚШ долларын құрап,  2894,4 млн. АҚШ долларына өскенін байқаймыз. Бұл біздің тау- кен өнеркәсібіне, сауда, автокөлік және тұрмыстық заттарды жөндеу, қаржылық салаға, жылжымайтын мүлікпен операциялар, кәсіпорынды жалға беру қызметтеріне деген шетел инвесторларының қызығушылығын танытатынының көрінісін байқатады. Жалпы алғанда, инвестициялар көлемі көрсеткіштерінің өзгеруі республикадағы макроэкономикалық жағдайдың жақсарғаны жайында, шетелдік және отандық инвесторлар тарапынан Қазақстанға деген іскерлік белсенділік пен сенімділігінің артқаны туралы айтуға болады.

4- кесте. Инвестициялардың қызмет  түріне келіп түсуіне қарай  талдау

Қызмет түрінің аталуы

2006 ж

2007 ж

2008ж

2009 ж

2010 ж

2011 ж

Ауыл шаруашылығы,аң аулау, орман шаруашылығы, балық шаруашылығы

2,4

1,6

1,1

1,2

37,3

1,7

Тау- кен өнеркәсібі

2123,4

2188,3

5247,8

1796,6

2323,1

4625,4

Өңдеуші өнеркәсібі

832,4

1000,7

520,6

303,6

644,1

867,7

Электр энергиясы, газ және суды өндіру және бөлу

19,0

82,4

11,4

119,5

26,7

35,1

Құрылыс

47,0

50,6

160,3

94,0

378,4

492,8

Сауда, автокөлік және тұрмыстық  заттарды жөндеу

105,1

163,2

259,1

381,4

737,4

1253,4

Қонақ үйлер мен мейрамханалар

10,9

7,5

13,4

5,8

10,2

49,2

Көлік және байланыс

95,1

75,2

101,1

98,1

302,3

181,8

Қаржылық қызмет

11,8

52,3

71,0

107,9

398,7

2906,4

Жылжымайтын мүлікпен операциялар, кәсіпорындарды жалға беру қызметтері

845,9

998,5

1843,7

3647,8

5610,9

6955,3

Білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

13,4

4,2

91,0

62,6

99,5

97,3

Барлығы

4106,4

4624,5

8320,4

6618,6

10568,6

17466,1


 

Бұл коммерциялық банктердің ұзақ мерзімді орналастыру депозиттері бойынша  тартымды сыйақы мөлшерлемелерін орнату жолымен уақытша пайдалану мерзімін ұзартуға бағытталған саясатын жүргізуге  септігін тигізеді. Банк жүйесіндегі  депозиттердің құрылымы орналастыру  мерзімі бойынша оңтайлы жаққа  ауысады.

Жаңа қаржы институттарын құру тікелей немесе банктер арқылы экономиканың нақты секторына инвестициялардың өсуіне септігін тигізуі тиіс. Осыған орай, Қазақстан Республикасы 2006- 2015 жж. Индустриалдық- инновациялық даму Стратегиясын іске асыру механизмінде 2006 жылдың сәуірінен қызмет атқарып келе жатқан Даму банкімен қатар 2003 жылдың мамырында дамудың жаңа институттары құрылды: «Қазақстандық инвестициялық қор», «Ұлттық инновациялық қор», «Инвестициялар мен экспортты сақтандыру корпорациясы». Сонымен қатар, атаулы институттардың дамуы әзіріше нақты экономиканың қажеттіліктеріне әлсіз жауап беруде. Олардың қызмет атқару кезеңінде олар оннан аса ғана инвестициялық және инновациялық жобаларды қаржыландырған.

Зейнетақы қорлары, сақтандыру қорлары  және инвестициялық қорлардың әлеуметтік маңыздылығы зор. Зейнетақы қор  активтерін қысқа мерзімді қаржы  құралдарына инвестициялау инвестициялық  портфель активтерін алмастыру үшін тұрақты қажеттілікпен сипатталып отырады. Зейнетақы қорларының қызметінде қорлардың капиталдануымен байланысты жағдайды айта кету керек. Соңғы жылдары  олардың жеке капиталдарының өсу  екпіні зейнетақы активтерінің өсу  кқрсеткіштерінен төмен болған. Қорлардағы жиынтық капиталының зейнетақы  жиналымдарына деген қатынасы 2006 жылы 8,2%-ін 2007 жылы 1,8%- ға төмендеген. Жалпы алғанда, 2010 жылы ішінде зейнетақы қорлары 909,7 млрд. Теңге көлемінде табысқа жеткен, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 1,9 есе көп.

2010 жылы 1 ақпанындағы жағдайында зейнетақы қорлары міндеттемелер сомасы 847,9 млн. теңге құрап, өткен жылғы көрсеткішімен салыстырғанда 19% ке өскен, соның ішінде акция бойынша акционерлермен жүргізген есеп бойынша жиналған шығын- 308,8млн. теңге немесе қор міндеттемелерінің жалпы сомасынан 36%.

Қазақстанның қаржы нарығында  тағы бір инвестициялық институт болып сақтандыру компаниялары болып  табылады. Соңғы жылдары Қазақстанның сақтандыру нарығы айтарлықтай нәтижеге етті. Алайда, қызмет атқарып келе жатқан сақтандыру компанияларының көптігі  мен олардың көрсеткіштерінің өсуіне қарамастан, ол экономика мен халықтың өмірінде үлкен рөл ойнамайды, сақтандыру компанияларының инвестициялық  қызметі басқа да инвестициялық  институттарының қызметінен артта қалып отыр.

 

2.3 «Самұрық- Қазына» Ұлттық әл- ауқат қорының» дамуы

“Самұрық” мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі” АҚеліміздегі ең үлкен  шаруашылық субъектісі болып табылатын бұл холдинг аса ірі ұлттық компаниялардың мемлекеттік активтерін біріктіру нәтижесінде 2009 жылдың ортасында құрылған болатын. Қазір ол көптеген бөлімшелерден тұратын 23 компанияның басын біріктіріп отыр. экономиканың мемлекеттік секторындағы кәсіпорындарды басқара отырып, олардың құнының арттырылуын қамтамасыз ету.

Холдинг ұйымдастыру кезеңінен өтіп, алдындағы бағыттарын нақты айқындап, жұмысқа кірісті. Холдингке қарасты компаниялардың 2010 жылғы жиынтық кірісі 2 триллион теңгеден асып түсті. Бұл 2009 жылғы көрсеткіштен 8 пайызға артық. Жиынтық пайда 281 миллиард теңгеден асса, мұның сыртында мемлекетке осынша көлемде салық төленді.

2009жылды еліміздің мұнай-газ секторындағы отандық компания – “ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ мұнай мен газ конденсатын өндіру көрсеткіші 16,7 миллион тоннаны құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 пайызға өссе, мұнай өңдеу 5,7 миллион тоннаға жетіп, салыстырмалы мерзімдегіден 53 пайызға асып түскен.

Экономикамыздың инфрақұрылымдық саласындағы аса ірі компания “Қазақстан темір жолы” АҚ-тың жүк айналымы көрсеткіші 5 пайызға, жолаушылар айналымы 6 пайызға өссе, алып отырған таза пайдасы (14,1 миллиард теңге) біршама төмендеген екен. Мұны холдинг басшысы осы компанияға қарайтын негізгі қорларды жөндеуге бөлінген шығындардың арту себебімен түсіндірді. Оның үстіне өткен жылы компания тарифтер деңгейін көтермеген екен.

2009 жылы “Қазақтелеком” АҚ бойынша халықаралық телефон байланысының қызметі оның алдындағы жылмен салыстырғанда 28 пайызға өсіп, 246 миллион минөтті құраса, қалааралық байланыс көлемі 14 пайызға өсіп, 1883 миллион минөтті құраған. 57 миллиард теңгенің күрделі қаржысы игеріліп (2006 жылғыдан 47 пайызға артық), таза пайда 32,6 миллиард теңге болған. Айта кететін бір жәйт, аталған жылы алыстағы шетелдерге халықаралық телефон байланысының  тарифі 2 есе төмендетілсе, интернет желісіне кең жолақты қосылыс қызметінің бағасы 6 есе төмендепті.

Ал “KEGOC” АҚ бойынша электр қуатын беру қызметінің көлемі 2 пайызға, диспетчерлендіру 6 пайызға өсіп, 12 миллиард теңгенің күрделі қаржысы игерілген. Бұл 2008 жылғы көрсеткіштен 69 пайызға артық. Сөйтіп, 2008 жылдың қорытындысы бойынша 991 миллион теңгенің таза пайдасы алынады деп күтілуде. Бұл салыстырмалы көрсеткіштен 21 пайызға артық.

“Қазпошта” АҚ қызметінде де алға басулар байқалып отыр. Жедел пошта  қызметі 30 пайызға, хат жөнелту 17 пайызға, сәлемдеме жөнелту 13 пайызға артқан. Қаржы қызметін көрсету көлемі 406,2 миллиард теңге құрап, 24 пайызға өскен.

Өткен жыл “Эйр Астана” АҚ үшін де жемісті болды деп айта аламыз. 2006 жылмен салыстырғанда, бұл жылы тасымалданған жолаушылар саны мен жүк көлемі тиісінше 45 және 78 пайызға арта түскен. Күрделі қаржыны игеру деңгейі 52 пайызға өсіп, 2009 жылғы компанияның таза пайдасы 5,9 миллиард теңгені құраған. Бұл салыстырмалы көрсеткіштен 45 пайызға жоғары.

Ал “Қазақстан инжиниринг” ҰК” АҚ бойынша сату көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 3 пайызға төмендеп кеткен. Оған мұнай-газ және темір жол секторларына арналған компания өнімдеріне деген сұраныстың төмендеуі әсер еткен. Дегенмен соған қарамастан компания өткен жыл нәтижесінде алынатын таза пайда 813 миллион теңгені құрайды деп есептейді. Бұл 2008 жылғы алынған пайдадан 5,3 есе артық.

«Қазына» мемлекеттік қоры 2006 жылдың наурыз айында құрылған, экономиканың шикізаттық емес секторында инвестициялық  жобаларды инвестициялауды жүзеге асыру, Қазақстанның шағын, орта және ірі бизнесінің бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін арттыру үшін көмек көрсетілуі мен ынталандырылуын, халықаралық “серпінді” жобаларды қамтамасыз ету және экспорттық “тауашаларды” қалыптастыру үшін қолайлы жағдай туғызу, инфрақұрылымдарды дамыту.

Қазіргі кезде бұл қордың құрамында 7 институт бар: мемлекеттік даму банкі, инвестициялық және инновациялық қоры, экспорттық несиелерді және инвестицияларды  сақтандыратын мемлекеттік корпорациялар, шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры, маркетингтік- аналитикалық зерттеу  орталығы және «Казинвест» компаниясы.

«Самұрық» холдингі мен «Қазына» тұрақты  даму қоры бірігіп, жаңадан «Самұрық-Қазына»  холдингі құрылды. Оны басқару осы  уақытқа дейін Президент әкімшілігінің  жетекшісі болған Қайрат Келімбетовке сеніп тапсырылды. Бүкіләлемдік қаржы  дағдарысы жағдайында Қазақстан  экономикасының айналамыздағы сол  дауылдан ешқандай зардап шекпей тұрақты  дамуын сақтап жалғастыру мәселесіне келгенде, айтарлықтай олқылықтарға жол беріп отыр. Сондықтан да экономиканың дамуын сақтап, елдегі қаржылық жағдайды тұрақтандыру мақсатында тағы да қосымша 10 миллиард доллар көлемінде қаржы  бөлуді Президент Үкіметке тапсырды. 
Міне, осындай жағдайда мемлекеттік ұлттық компаниялардың басын біріктірген "Самұрық" холдингі мен "Қазына" тұрақты даму қорының қосылып, іріленді. Ал осы уақытқа дейін елдегі стратегиялық маңызды нысандарды біріктірген "Самұрық" холдингі өз бетінше, ұлттық қордан бөлінген арнайы мол қаржыны игі мақсаттарға жұмсаушы "Қазына" тұрақты даму қоры өз бетінше жұмыс істеп келді. Бірі – біріне бағынбады, бірі – бірінің мұқтаждығын көре алмады. Демек, осы екі алып ұжым бірігуі арқылы ұлттық қордан бөлінген мол қаржы ұлттық игіліктерге жұмсалуы жолға қойылады.[10] 
Аталған екі ұжымның бірігуі арқылы, ең кем дегенде, ұлттық компаниялардың шеңберінде импорт алмастырғыш өндіріс құруға кең жол ашылады. Қазір бұл іспен тек "Қазақстан теміржолы" Ұлттық компаниясы" ғана айналысады. Олар әлемге әйгілі "Дженерал электрик" компаниясының технологиясы бойынша елімізде локомотив шығаратын зауыт салып жатыр. Аталған ұлттық компанияда осындай басқа да өндіріс орындары жұмыс істеуде. Дегенмен бұл мүлде аз. Біз әлі де болса өндіріс капиталы ретінде қолданылатын техникамыз бен технологиямыздың, құрал-жабдықтарымыздың көбісіне қажетті бөлшектерді шетелдерден алдырып келеміз. Негізінен, ауыл шаруашылығы үстемдік ететін елде осы салаға қажетті трактор немесе комбайнды былай қойғанда, қарапайым соқа мен тұқым сепкішті жасап шығаратын бірде-бір зауыт жоқ. "Самұрық" холдингінің құрамына енген "Қазақтелеком", "Қазпошта" секілді ұлттық компанияларымыз пайдаланып жүрген өндірістік құрал-жабдықтар мен технологиялардың бәрі импорт. Мінеки, мен Елбасымыздың тікелей жарлығымен өмірге келген "Самұрық-Қазына" жаңа холдингінен осы олқылықтардың орнын толтыратын іс күтемін. Ал егер жаңа холдинг осы олқылықтың орнын толтыра алса, онда әлгі қажеттіліктерді импорттау үшін жұмсалатын бірнеше миллиардтаған доллар көлеміндегі сома елімізде қалар еді.  
Енді қаржымыз стратегиялық маңызды нысандардағы нақты мәселелерді шешуге жұмсалатын болады. Тек осылай істегенде ғана, экономистер тілімен айтар болсақ, өндіріс капиталы мен қаржы көзі бірігіп, қоян-қолтық жұмыс істегенде ғана экономика тұрақты дамуын жалғастырады, қазақстандықтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсарады. Өйткені инфляцияны жоюдың басты жолы – ішкі базардың отандық тауармен мейлінше мол қамтылуы.  
“Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат мемлекеттік қорының құрамына кіретін “Қазақстанның Даму Банкі” АҚнегізгі міндеті экономиканың шикізаттық емес секторындағы кәсіпорындарды қолдау және оның инфрақұрылымын дамыту үшін ұзақ мерзімді қаржы ресурстарын беру және басқа да қаржылық қызмет түрлерін көрсету жолымен Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады. Бүгінгі күнгі жағдай бойынша Қазақстанның Даму Банкі 6,5 млрд. АҚШ доллары сомасына 176 инвестициялық жоба мен экспорттық операцияны мақұлдады. Оның ішіндегі Банктің қатысуы 3,6 млрд. АҚШ долларын құрайды. 2008 жылы олардың ішінен жалпы сомасы 2,57 млрд АҚШ долларын құрайтын 37 жоба мен экспорттық операция қаржыландырылған еді, оның ішіндегі Банктің қатысуы 1,7 млрд. АҚШ долларын құрады.

Описание
1998ж.бастап Қазақстан экономикасында қалыпты экономикалық өсу көрініс алып отыр. Бұндай жағдайдың көрініс табуына жоспарлық - әкімшілдік жүйенінің түрленуі, экономикаға келесі нарықтық механизмдердің енуі: еркін бағалар, меншікті мемлекет иелігінен алу, экономиканы демонополияландыру, бәсекелестіктің дамуы, сыртқы экономикалық әрекеттің ырықтануы, банктік – қаржылық жүйенің реформалануы, қор нарығының пайда болуы және инвестициялық әрекеттің жоғарылауы күшті әсерін тигізді.
Содержание
КІРІСПЕ.............................................................................................................2
І.ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ...................................................................................................4
1.1Инвестиция мәні, түсінігі және жіктелуі..................................................4
1.2Инвестициялық қызметті ұйымдастыру...................................................8
1.3 Инвестициялық қызметтің шетелдік тәжірибесі .....................................9
ІІ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТТЫ ТАЛДАУ..................................................................................14
2.1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясаттың негізгі бағыттары.........................................................................................................14
2.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климат жағдайын талдау...............................................................................................................16
2.3 «Самұрық- Қазына» Ұлттық әл- ауқат қорының» дамуы.....................22
ІІІ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ..............................................................................27
3.1 Инвестициялық саясатты мемлекеттік реттеу........................................27
3.2 Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тартудың режимі..................30
3.3 Инвестициялық тартымдылықты қамтамасыз ету.................................34
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................38
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................39