Банк менеджменты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 11:56, курсовая работа

Описание

Банк дегеніміз - өз атынан ақшалай қаражаттарды арқылы мерзімділік және қайтарып беру шартымен тарту және орналастыру үшін құрылған ұйым. Банктің негізгі міндеті – қарыз алушы мен қарыз беруші және сатып алушы мен сатушы арасындағы ақша қаражаттарын аудуруда делдалдықты іске асыру. Нарықтық қатынастар жағдайында ақшалай қаражаттарды аударуды банктермен қатар инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары, брокерлік фирмалар және т.б. қаржылық мекемелер іске асырады.

Работа состоит из  1 файл

Курсовая для Акмарал Банк менеджменты.docx

— 67.78 Кб (Скачать документ)

      1.2  Банктік менеджменттің  негізгі бағыттары

      Процесс кезінде болашақтағы іс-әрекетті айқындайтын банк саясаты жоспарлау баңктік басқарудың неғұрлым жауапты бөлігі болып саналады.Нақты бір банктің даму тұжырымдамасын қалыптастыру. соған сәйкес кезеңдерге арналған ағымдағы міндеттерді белгілеу, оларды жүзеге асыру шарларын жасау, айтылған жұмыстардың құрамды бөлігі болып қатысады. Сондай-ақ несие, депозиттік, инвестициялық, пайыздық саясат - банк саясатының құрамды бөлігі болып саналады.Коммерциялық банктердің экономикалық тұрғыдан негізделген банк саясатын қалыптастыруға көшуі: ұйымдық, экономикалық, ақпараттық сияқты, тым болмағанда үш мәселені анықтап алуды талап етеді./4. 233б/.Ұйымдық мәселе, негізгі идеялардың пайда болуынан бастап, оларды нақтылы шаралар түрінде жүзеге асырғанға дейінгі жоспарлаумен, банк саясатының тетіктерін жасаумен айналысатын бөлімдерді айқындап алуды болжайды.Соған сәйкес саясат калыптастыру кезіндегі банктік менеджмент аналитикалық жұмыстардың құрамды бөлігі болып саналады. Банк ісіндегі маркетинг мыналарды білдіреді; аталмыш аймақтағы, сондай-ақ одан тысқары жерлердегі көрсетілетін банк қызметтеріне деген сұраныс пен ұсынысты талдау; әртүрлі көрсетілетін қызметтерді (несие беру, инвестициялау, кеңестер беру, аударымдар арқылы есеп айырысуларды ұйымдастыру, лизингтік операцияларды жүргізу және т.б.) канағаттандырудағы аталмыш банктің алатын орнына баға беру; тиісті операцияларды әртүрлі банктердің жүзеге асыруына жұмсайтын шығындар мөлшерімен (нормасымен) салыстыру.Маркетинг, ең алдымен, олардың орналасқан жерлеріндегі банктің нақты және әлеуетті клиенттерін анықгап алуды болжайды. Шетелдік тәжірибеде аумақтық болып құрылған көптеген коммерциялық банктер, елдің барлық аумағында өз банктерінің филиалдарын құра отырып, өзі қызмет көрсететін аумақтың шегінен шығып кетеді.Банк бір мезгілде несие ресурстарының көлемі мен құрылымы, тиісті операцияларды жүргізуге жұмсалатын шығындар деңгейі, банктің техникалық жарақталуы, кадрлардың біліктілігі көзқарасы тұрғысынан өзінің мүмкіндіктерін зерделейді.

      Активтерді  басқару банк менеджментінің маңызды  бағытттарының қатарына жатады; ол белгілі бір кезеңге белгіленген банктің саясатын жүзеге асырады. Активтерді басқару процесіңде біртұтас (двуединая) екі міңдетті: баланстың өтімдігін сақтай отырып, банктің табысты жұмысын қамтамасыз ету міндетін алдыға қояды. Бұл міндеттер қалыптасқан ахуалға жүйелі түрде талдаулар жасау негізінде ғана орындалады. Белгілідей, әр түрлі активтер банкке әртүрлі көлемде пайда әкеледі, тәуекел дәрежелері де әртүрлі. Сондықтан да банктер қаржыларды салу мерзімдеріне, олардың пайдалылығы мен тәуекел дәрежелеріне қатысты барлық активтердің жіктеуін жүргізуі тиіс.Пассивтерді басқару процесі кезінде келесідей міндеттер шешілетін менеджменттің дербес бағытын білдіреді:

  • міндетті резервтерді құруды қамтамасыз ететін бөліктен басқа, банкте кіріс әкелмейтін қаржылардың болуына жол бермеу;
  • банктің клиенттер алдындағы тиісті міндеттемелерін орындауы және активтік операцияларды дамыту үшін қажетті несие ресурстарын іздестіруі;
  • банктің "арзан" ресурстарды тарту есебінен кірістер алуын қамтамасыз ету.

Банктің меншікті қаржыларын басқарудың оның өтімдігі мен төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін айрықша маңызы бар. Банктің активті операцияларын кеңейту және депозиттер көлемінің өсуі кезінде банктің меншікті капиталын көбейту қажеттілігі туындайды. Меншікті капиталды басқару оның жеткілікті өлшемдерін негіздеуді, сондай-ақ осы жеткілікті бағалай білуге мүмкіндік беретін көрсеткіштерді тандауды болжайды. Банк шығарған акциялар бойынша дивидендтер саласындағы саясат меншікті капитадды басқарудың тиімді құралы болып қатысады. Дивидендтерді көбейту акция бағаларының көтерілуіне, осыған орай, қосымша акциялар сатудың мүмкіндігіне, меншікті акциялардың көбеюіне және соған сәйкес меншікті капиталдың өсуіне әкеледі.

      Банк  жұмысының тиімділігін (рентабельділігін) оның кірістері мен шығыстарын, несие беру мен инвестициялардан алынған шекті кірістер мен тартылған қаржылар бойынша шектеуге кірмейтін шығындарды, қаржылық нәтижелердің тұрактылығын қамтамасыз етуді, тәуекел шығындарын бақылауды болжайды. Күдікті және шығынды операцияларды, банктің алатын пайда көлеміне әсерін тигізетін алыпсатарлық операциялардың себептерін талдауға айрықша назар аударылады. Банк қызметіндегі тәуекелдерді баскару тәуекел - менеджмент деп аталады. Банк қызметінде тәуекел әртүрлі операцияларды орындау кезінде катысады: несиені қайтару және ол үішн пайыздар төлеу тәуекелі, жабдықтаушының қаржыны уақытында алу тәуекелі, пайда алу тәуекелі, өтімдік тәуекелі және т.б. Тәуекелсіз кәсіпкерлік те жоқ. Сондықтан да басты мәселе соларды басқара білу болып табылады. Тәуекелдерді басқару процесінде шеішлетін басты міндеттер мыналардан түрады: а) тәуекелдің туындауы мүмкін жағдайларын тани білу; б) болжанатын шығынның ауқымын бағалау; в) алдын алу тәсілдерін немесе оның орнын толтыру көздерін табу. Тәуекелді басқару шығындардың пайда болуының откен барлық жағдайларын, аталмыш нақты клиент үшін олардың көрініс беру  ықтималдылығын болжау, болуы мүмкін шығынды алдын алу немесе орнын толтыру тәсілдерін алдын ала негіздеуге құрылады.Менеджменттің мазмұнына сондай-ақ еңбек ұжымын басқару тұжырымдамасын жасау да кіреді. Шетел тәжірибесінде менеджменттің екі үлгісі бар:

      жапон үлгісі банк қызметінің жоғары түпкі  нәтижелерге жетуіндегі ұжымның ролін тануға негізделеді;

      американдық үлгі — ұжымның бүкіл қызметінде шешуші рол атқаратын түлғаға бағдарланады. 

      II тарау Банктердегі басқару процессіне сипаттама.

      2.1. Банктердегі басқаруды  ұйымдастыру

      Пайда табуға ұмтылу - менеджменттің бір  ғана мақсаты емес Қазіргі менеджментте қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру факторы менджмент қызметінде басты орындағы әлеуметтік этика рөлі артып отыр. Кәсіпкерліктің әлеуметтік этикасын арам олжаға, пайданы өсіруге ұмтылу емес, қоғамға қажетті тауар өндірісі мен қызмет көрсетуді кеңейту анықтайды. Соңғы жылдары менеджмент мақсатына адам бойындағы қабілеттерге жол ашатын ұжымдағы элеуметтік мәселелерді шешу ісі де кіретін болды.

      Менеджмент  ғылым ретінде барлық қызмет саласына ортақ мына принциптерді сипаттайды:

  1. Басқару субъектісі әрекетінің нақты мақсатқа жетуге бағытталуын.
  2. Олардың алға қойған мақсаттарының, нәтижесінің және құралдарының ортақтығын.
  3. Құрамына жоспарлау, талдау, реттеу және бақылау енетін басқару процесінің кешенділігін.

      4. Олардың араларының үзілмеуін қамтамасыз ететін келешекке арналған және ағымдағы жоспардың бірлігін.

  1. Оларды іске асырудагы маңызды фактор ретінде қабылданған бақылауды.
  2. ¥жымның және оның әрбір мүшесінің шығармашылык белсенділігін, табыстылығы мен жетістігін материалдык және моральдық тұрғыдан ынталандыруды.
  3. Ұжымның әрбір мүшесімен оның мүмкіндігін пайдалануға жол ашатын жеке жұмысты.
  4. Жұмысшылардың кәсіптік деңгейін көтеруге, үнемі оқуға және қызметтің жаңа білімі мен салаларын меңгеруге мүдделілікті.
  5. Ұжымдағы жақсы психологиялық жағдайға бағдарлануды.
  6. Функционалдық және басқарушылық міндеттерді шешетін басқарудың ұйымдық құрылымының икемділігін.Банк қызметкеріне менеджмент негізін білу өте маңызды. Ең алдымен банк экономисі (кәсіпорын, ұйым, кооператив) банктің клиенті   болып   табылатын   немесе   клиенті   болғысы   келетін кәсіпорын, ұйым, кооператив менеджменті деңгейін бағалай білуі қажет.Шетелдік экономикалық әдебиеттерде кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығының, олардың несиені өтеу қабілетінің жоғарылығының маңызды факторы менеджмент сапасы болып табылады дегенді жазып жүр. Германияда шамамен 40% фирма және жеке кәсіпорындар менеджмент сапасының нашарлығына байланысты банкротқа ұшырады. Сондықтан менеджмент деңгейін бағалау клиенттің несиені өтеу қабілетін талдаудың және онымен несиелік қатынасқа баруда тәуекел деңгейін анықтаудың құрамдық элементтерінің бірі болып табылады.Германияның коммерциялық банк қатарында практикалық (тәжірибелік) қызметінде тиісті фирманың менеджментті 10 балдық жүйе бойынша рейтінгілік бағалау қолданылып жүр.Мәселен, 1 балл - барлық салада жоғары кәсіби және жеке біліктілік; 3 балл - жақсы біліктілік, әсіресе жекелеген салада; 5 балл - орташа біліктілік; 7 балл - жекелеген салаларда айқын әлсіздік; 10 балл - төмен деңгей.Балдардың өсуі қауіп-қатер дәрежесінің өсуін білдіреді, ең көп шамадағы балда фирмамен несиелік, қатынас орнату проблемалы болып саналады.Ақша нарығының ұдайы өзгеріп отыратын жағдайында жұмыс істейтін банк үшін міндеттерді сәтті шешуге мүмкіндік беретін менеджменттің орны бөлек.Банк менеджментінің ерекшеліктері банк менеджментінің Коғамдық еңбек бөлінісі бөлімшесінің қызметімен байланысты нақты өзіндік ерекшелігі болады.Айтылып кеткендей, банк бизнеспен айналысатын өзінше өзгешелігі бар кәсіпорын ретінде алға шығады. Сонымен қатар, банк басқа біреулердің (бөтен) ақшасымен «жүмыс істейді». Онда айналым шеңберінен босаған әр түрлі меншік иелерінің, атап айтқанда, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, акционерлік кәсіпорындар мен қоғамдардың, кооперативтердің, жеке тұлғалардың ақшалай қаражаттары шоғырланады. Осының нәтижесінде банк қоғамдық капиталды бөлуші әрі сақтаушы ретінде алға шығады. Бұл клиенттерге тиесілі ақшалай қаражаттардың сақталуына банктін жауапкершілігін арттырады әрі банктің қоғамдағы маңызды орнын айқындайды.Сонымен, банк тек өзінің немесе жекеше шыққандардың ғана емес, сонымен бірге, қоғамның мүддесін де танытатын кәсіпорын ретінде көзге түседі. Банк мүдделерді ұштастырып отырмаса баланстың өтімділігін қамтамасыз ете алмайды әрі осыған байланысты банктің ақша нарығындағы позициясы тұрақты болмайды.Банк қызметінде серіктестік сипатқа ие келісімшарттық қатынас маңызды орын алады. Серіктестік қатынасқа сенім, өзара пайда, шешімнің бірауыздылығы және әрекеттің бір жерден шығуы секілді белгілер тән. Несие мәмілесі өзара пайдалы болуы үшін тараптар оның шарттарын бірігіп талдайды, келіспей қалған жағдайда ымыраға келеді. /5.185б/Жеке және ұжымдық мүдделердің ұштасуы банк менеджментінің мазмұнында қалайша көрініс табады? Ең алдымен, ол банк менеджменті алға қоятын мақсаттардың өзіндік ерекшелігін анықтайды:
  7. ақшалай нарық жағдайында шаруашылық жүргізуші субъекті ретінде банк жұмысының пайдалылығын қамтамасыз ету;
  8. банк сенімділігінің кепілдігі ретінде банк балансысының өтімділігін қамтамасыз ету;
  9. іскер байланыстың тұрақты болуына әрі ұзаққа созылуына септігін тигізетін банк қызметінің ауқымы,  құрылымы, сапасы   арқылы   клиенттің  қажеттіліктерін  барынша  қанағаттандыру;
  10. ұжымның өндірістік, коммерциялық және әлеуметтік проблемаларының сәтті шешілуін ұштастыру;
  11. әлеуетті мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мамандарды дайындаудың, қайта дайындаудың және орналастырудың тиімді жүйесін құру.

Аталмыш мақсаттарға сәйкес банк менеджменті  сандық, сапалық және әлеуметтік көрсеткіштерді орындауға бағдарланады.Сандық көрсеткіш банк қызметін басқарудың барлық саласына қатысты, қызметтің жалпы нәтижелерін талдау және бағалау үшін пайдаланылады әрі ол мыналарды қамтиды:

  • банк клиенттері мен олардың шоттарының саны, депозиттердің, несие салымдарының, инвестицияның мөлшері;
  • банк орындайтын операциялар мен қызмет көрсетулердің ауқымы.

      Сапа  көрсеткіштерін  үш топқа бөлуге болады:

  1. Банктің кірістері мен шығыстарына қатысты көрсеткіш. Осы көрсеткіштің көмегімен банктің пайдалылығы басқарылады.
  2. Қаражат айналымының жылдамдық көрсеткіші, операцияларды орындауға кететін шығынның еңбек сыйымдылығының, көрсеткіші,   құжаттарды  өңдеуден  өткізудің жылдамдық көрсеткіші.

      3. Көрсетілетін банк қызметінің ауқымы, құрылымы және 
сапасы бойынша клиенттер тілегін қанағаттандыру деңгейінің 
көрсеткіштері, банктің іскерлік келіссөздердің құпиялылығын, 
ақпараттардың сақталуын қамтамасыз ету қабілеті.

      Әлеуметтік  көрсеткіштер ұжым мүшелерінің кәсіби дайындығының қалай дамығандығын, олардың еңбекке қатынасын, әлеуметтік проблеманы шеше білетін деңгейін сипаттайды.

      2.2  Банктерді басқару  принциптері

      Банк қызметін басқарудың ерекшелігіне басқару салаларының ауқымдылығы жатады. Бұл басқару салаларына мыналар қатысты: макро және микро деңгейлердегі несие қатынасы мен ақша айналымы, ақшалай операцияларды орындауда қатердің біршама жоғары болуы.Аталмыш қатер ақша нарығына және осыған орай институттардың қызметіне тән көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ұштастырудың қиындығына байланысты туындайды. Сондықтан да банкте ең жауапты шешімдерді ұжыммен ақылдасып шешу принципі қолданылады, несие берушілерді ықтимал қатерлерден қорғаудың әр түрлі тәсілдері пайдаланылады, банктің негізгі кеңсесі мен филиалдары арасында несие операцияларын орындау саласындағы құқықтарды бөлу жүзеге асырылады.Банк операцияларының келісімшарт сипатында болуы, клиенттермен жұмыс тек жоғары экономикалық дайындықты ғана қажет етіп қоймай, сонымен бірге, психология негіздерін, құқықты, іскерлік этиканы жақсы білуді, келіссөздер жүргізе білуді талап етеді, яғни банк мамандарын өзіндік ерекшеліктермен дайындауды қажетсінеді.

      Банк  менеджментінің негізгі бағытын екі үлкен салаға бөлуге болады:

  1. Бірінші топ банк құзыреттілігіндегі экономикалық процестерді ұйымдастыру және басқару бойынша мәселелерді қамтиды.
  2. Екінші топ банк ұжымын ұйымдастырумен және басқару мен байланысты.

      Осы салалардың әрбіреуі өз кезегінде бірнеше  бағытқа ие олардың негізгілерінің мазмүнын қарастырайық.

      1) Банк тұрғысынан басқарудың ең  жауапты бөлігіне жоспарлау жатады.

      Бұл процесте келешектегі әрекетті анықтайтын банк саясаты жасалады. Бұл жұмыстың құрамдық бөлігіне нақты банкті дамытудың тұжырымдамасын қалыптастыру, тиісті кезеңге ағымдық міндеттерді белгілеу, оларды жүзеге асыратын шараларды жасау жатады. Ал, банк саясатының құрамдық бөлігіне несие, депозит, инвестиция және процент саясаттары жатады.Банк дамуының сандық, сапалық және әлеуметтік көрсеткісіштерінің келешекте  қалайша өзгеретінің  анықтаудың,  оның қызметін жүзеге асыратын принциптерді негіздеудің, артықшылыктарды бөліп алудың, жұмысты ұйымдастырудың әдістерін тандаудың маңызы зор.

      2. Активтерді басқару банк менеджментінің  маңызды бағыттарының  біріне  жатады.  Ол  тиісті  кезеңге   белгіленген банк саясатын жүзеге  асырады. Активтерді басқару процесіңде  біртұтас екі міндет алға қойылады - жүйелі талдаудың және активтердің  құрылымын өзгертуге бағытталған  мақсатты әрекеттердің салдарынан  қалыптасатын ахуалдың негізінде  ғана банк балансының өтімділігін  сақтау арқылы банк жұмысының  пайдалылығын қамтамасыз ету.Әр алуан активтердің банкке әркелкі пайда әкелетіні және олардың қатер деңгейі әр қилы болатыны белгілі. Сондықтан да банк барлық активтерді қаражат салымының мерзіміне, олардың пайдалылығы мен қатер деңгейіне қарай жіктеуі қажет. Активтерді басқарудың әдістері біршама дәрежеде тиісті кезеңце банк шешетін міндеттердің ерекшеліктерімен анықталады. Сонымен Қатар, пассивтердің құрылымына қарай активтерді орналастырудағы тығыз байланыстың болуы активтерді басқарудың теориясын және оны жүзеге асыратын әдістемелерді әзірлеуді қажет етеді. Ақша нарығы дамыған елдерде қазіргі заман жағдайында активтерді басқару белгіленген пайдалылық пен өтімділік нормативтерінде активтерді орналастыру мен пассивтер жағдайы арасындағы белгілі бір тәуелділікті белгілеуді ұйғаратын экономикалық-математикалық үлгінің негізінде жүзеге асырылады. Бұл арада әр түрлі экономикалық ахуалдарға баламалы нұсқалар жасалады.

Информация о работе Банк менеджменты