Инвестициялар және оның жіктелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 21:03, реферат

Описание

Инвестициялар деп- өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.

Работа состоит из  1 файл

инвестиция есебі.docx

— 24.03 Кб (Скачать документ)

     Бақылау дегеніміз- басқа серіктестіктің қызметінен пайда табу мақсатында оның қаржылық және басқа да саясатын қадағалап отыру құқығы.

     Тәуелді серіктестігі- деп дауыс бере алатын акцияларының 20%-тен артығына басқа заңды тұлға ие болған серіктестікті айтады.

     Тәуелді шаруашылық серіктестері- бұл  инвестордың айтарлықтай ықпалында болатын серіктестіктер, сондай- ақ еншілес шаруашылық серіктестіктер қатарына  және бірігіп  бақыланатын заңды  тұлғалар қатарына  да жатады. Инвестициялар 11 «Инвестициялар» бөлімшесінің шоттарының дебетіне, сатылып алынған кездегі сатып алу құнымен тиісті қаражаттар есептелген немесе инвестиция есебінен берілген активтер бойынша есептелінген шоттардың кредитінде көрсетіледі, яғни 2310 шоттардың тиісті сі дебеттеліп, 13 «Материалдар», 24 «Негізгі құралдар», 10 «Валюталық шоттағы ақшалар» және 10 «Кассадағы ақшалар» бөлімшесінің тиісті    шоттары кредиттеледі.

Еншілес, тәуелді серіктестіктердің, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың  таза активіндегі     инвесторлың  үлесін қайта бағалаудан өзгеруіне  байланысты инвестицияның өсуі 2310 шоттардың  тиістілерінің дебетіне, 5320 «Инвестицияларды қайта бағалаудан алынған қосымша  төленбеген капитал» шотының кредитіне  жазылады.

Инвестордың алған немесе алуға тиісті дивидентінің   сомасына 12«Еншілес серіктестіктердің  дебиторлық қарыздары, 10 «Валюталық шоттағы  ақшалар», 10 «Есеп айырысу шотындағы  ақшалар» және 10 «Кассадағы ақшалар» шоттарының тиістілері дебеттеліп, 2310 шоттардың  тиістілері кредиттеледі.

Акцияның  өтелінуі мен сатылуы  «Еншілес серіктестіктерге инвестициялар», 7410 «Бағалы қағаздарды сату бойынша шығындар» шотының  дебетіне жазылады. Ал оларды сатқаннан  алынатын табыс 1210 «Басқа да сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарызы», 1250 «Басқа да дебиторлық қарыздар», 1050 «Ел ішіндегі валюталық шоттағы  ақшалар», 1050 «Шетелдік валютадағы шоттағы ақшалар», 1040 «Есеп айырысу  шотындағы ақшалар», 1010 «Кассадағы ақшалар» шоттарының дебетіне, 6210 «Бағалы  қағаздарды сатудан алынатын табыс» шотының кредитіне жазылады.

4.  Инвестициялар есебін бухгалтерияда  жүргізу

Инвестициялар өнеркәсіптің, кұрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың баска да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығы. Инвестициялык қызметтің мақсаты — түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.

Инвестицияның көзі болып жаңадан  қалыптасқан құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады.

Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану  мерзіміне қарай, қысқа және ұзак мерзімді болып белінеді.

Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық және нақты болып бөлінеді.

Нақты инвестиция ұйымдағы  белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің  өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын  салымдар болып табылады.     Нақты инвестициялар- бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық- өндірістік қорын өсіруге салынатын  салымдар.

     Қаржылық инвестиция акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.

  «Семей тері комбинаты» ЖШС қаржылық инвестициялардың есебі  "Қаржылық инвестициялар" бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Оған 1150 "Акциялар", 1130 "Облигациялар" және 2010 "Басқа қаржылық инвестициялар" шоттары кіреді.  Бұл шоттардың дебетіне қаржылық салымдардың айдың басы мен аяғындағы қалдықтары, инвестициялардың ұлғаю операциялары; кредит бойынша қаржылық инвестициялардың кему операциялары жазылады.

Сатып алынған  акциялардың сатып алу құнына акциялар келіп түскен кезде 1150 «Акциялар» шоты дебеттеліп, келесі шоттардың  тиістісі кредиттеледі: 3190 «Туынды  серіктестіктерге қарыз», 4221 «Бірлесіп  бақыланатын заңды тұлғаларға қарыз», 3310 «Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу», 3440 «Басқа да кредиторлық  қарыздар», 1050 «Ел ішіндегі валюталық  шоттағы ақшалар», 1030 «Есеп айырысу  шотындағы ақшалар», 1010 «Кассадағы ұлттық валютадағы ақшалар», 1020 «Кассадағы шетелдік валютадағы ақшалар».

Облигацияларды  алған кезде 1130 «Облигациялар» шоты дебеттеліп, мына шоттар кредиттеледі:  3440 «Басқа да кредиторлық қарыздар», 1050 «Ел ішіндегі валюталық шоттағы  ақшалар», 1030 «Есеп айырысу шотындағы  ақшалар», 1010 «Кассадағы ұлттық валютадағы ақшалар».

Облигациялардың өтелуі және сатылуы кезінде 7410 «Бағалы  қағаздар сату бойынша шығындар»  шоты дебеттеліп, 1130 «Облигациялар» шотыкредиттеледі.

     Қаржылық инвестициялардың шоттары бойынша талдамалы есеп инвестициялардың түрлері және осы инвестициялар салынған объектілер бойынша жүреді.

     Қаржылық инвестициялар сатып алу кезінде ол оның сатып алынған бағасымен бағаланады, ал сатып алынған бағаға алумен байланысты тікелей шығыстар, яғни брокерлік марапаттауы, банктің көрсеткен қызметі үшін төленетін пайыздары, қор биржасының комиссиондық төлемдері кіреді.

     Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста не ағымдағы құнымен есептелінеді. Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция өссе, онда ол табыс болып танылады, ал керісінше, өзгерсе, онда ол табыс болып танылады.

           Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция  бухгалтерлік баланста сатып  алу құнымен,  қайта бақылау  құнымен, және сатып  алынған   құнымен   және   ағымдағы   құнның ең кіші (төменгі) бағасымен  бағаланады және қоржындық бағалы  қағаздар негізінде анықталады.

Қаржылық  инвестициялар шоты бойынша жүргізілетін операцияларға шоттардың корреспонденциялары  төменде берілген.

 

 


Информация о работе Инвестициялар және оның жіктелуі