Инвестициялық климат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 08:19, реферат

Описание

Шаруашылық жүйелердің тиімді қызмет етуі мен дамуы үшін белгілі бір жағдайлардың болуы керек екені белгілі, мысалы экономикалық және саяси тұрақтылық, тұрақты қаржы несиелік жүйе, тиімді заңнама және т.б. Экономикалық ғылым мен практикада инвестицияларды тиімді пайдалану шарттарын кешенді талдау жасау үшін инвестициялық климат категориясы қолданылады.

Содержание

1. Инвестициялық климат ұғымы
2. Инвестициялық нарық дамуының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері
3. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климат

Работа состоит из  1 файл

Инвестициялық климат ұғымы.doc

— 80.50 Кб (Скачать документ)


Жоспар:

 

 

1.       Инвестициялық климат ұғымы

2.       Инвестициялық нарық дамуының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері

3.       Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.       Инвестициялық климат ұғымы

 

Шаруашылық жүйелердің тиімді қызмет етуі мен дамуы үшін белгілі бір жағдайлардың болуы керек екені белгілі, мысалы экономикалық және саяси тұрақтылық, тұрақты қаржы несиелік жүйе, тиімді заңнама және т.б. Экономикалық ғылым мен практикада инвестицияларды тиімді пайдалану шарттарын кешенді талдау жасау үшін инвестициялық климат категориясы қолданылады.

Инвестициялық климат – бұл белгілі бір шаруашылық жүйеге (мемлекет, аймақ, корпорация экономикасына) инвестициялау тартымдылығы мен тиімділігін болжайтын әлеуметтік, экономикалық, ұйымдастырушылық, құқықтық, саяси, әлеуметтік-мәдени алғышарттар жиынтығының жалпылама сипаттамасы.

Шаруашылық жүргізуші субъект деңгейінде инвестициялық климат оның инвестициялық белсенділігін анықтайтын маңызды макроэкономикалық факторлардың бірі болып саналады.

Инвестициялық климат – күрделі, кең және кешенді ұғым. Ол көп деңгейлі негізде қарастырыла алады. Кешенділігін мынадан байқауға болады: инвестициялық климат, нәтижесінде елде немесе аймақта инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін базалық жағдайларды жасайтын саяси, экономикалық, әлеуметтік сипаттағы және т.б. факторлар жиынтығының әсер етуімен қалыптасады. Көпдеңгейлілігі инвестициялық климатты аймақтық немесе салалық принцип бойынша дифференциациялау мүмкіндігін білдіреді.

Елдің инвестициялық климатымен қатар аймақаралық зоналардың (мысалы, федералды округтер мен экономикалық аймақтардың), аймақтардың, муниципалды құрылымдардың, экономика салалары мен секторларының инвестициялық климатын атауға болады. Бұлардың ішінде негізге алынатын ұғым елдің инвестициялық климаты екенін айта кеткен жөн.

Инвестициялық климатқа елдің немесе аймақтың объективті мүмкіндіктері (инвестициялық потенциал) мен инвестордың қызмет шарттары (инвестициялық тәуекел) кіреді.

Шешім қабылдау үшін тек потенциал немесе тек тәуекелдерді қарастыру не себепті жеткіліксіз екені түсінікті. Аймақ потенциал тұрғысынан жоғары дәрежелі болуы мүмкін – мысалы, онда шикізат ресурстары мен ауқатты халық бар, бірақ егер де саяси жағдай тұрақсыз немесе қоршаған орта соншалықты ластанған болса, онда инвестициялауға көбі бармайды. Және керісінше, аймақ өте тыныш, бірақ инвестор үшін ол жерде еш нәрсе болмауы мүмкін.

Инвестициялық потенциал (аймақтың инвестициялық сыйымдылығы) инвестициялау салалары мен объектілерінің болуы мен көптүрлілігіне, сондай-ақ олардың экономикалық “саулығына” тәуелді болатын инвестициялар үшін объективті алғышарттар жиынтығы ретінде қалыптасады. Елдің немесе аймақтың потенциалы өз негізінде - негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді, аймақтың өндіріс факторларына (табиғи ресурстар, еңбек күші, негізгі қорлар, инврақұрылым және т.б.) қанық болуын, халықтың тұтыну сұранысын және т.б. есепке алатын сандық сипаттама.

Инвестициялық тәуекел инвестициялар мен олардан табыстарды жоғалту ықтималдығын сипаттайды. Ол белгілі бір кәсіпорынға, сала, аймақ немесе мемлекетке не себепті инвестициялауға болмайтынын көрсетеді. Тәуекел инвестициялық нарықтағы ойын шарттарын жинақтайды. Инвестициялық потенциалдан айырмашылығы бұл шарттардың көбі кез келген уақытта өзгеруі мүмкін. Сол себепті тәуекел өз негізінде – сапалық сипаттама. Инвестициялық тәуекел деңгейі саяси, әлеуметтік, экологиялық, қылмыстық жағдайларға тәуелді болады.

 

2.       Инвестициялық нарық дамуының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері

 

Инвестициялық нарық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерін бағалау мен болжау елдегі инвестициялық климат пен инвестициялық қызметтің тиімділігін экономикалық дамудың әр кезеңінде анықтауға мүмкіндік береді.

Әлем тәжірибесінде инвестициялық тартымдылықты қалыптастырудың түрлі әдістері қолданылады. Оның көп деңгейлі бағалауына:

-                     инвестициялық нарықтың макроэкономикалық көрсеткіштерін;

-                     экономиканың салалары мен секторларының инвестициялық тартымдылығын;

-                     аймақтардың инвестициялық тартымдылығын;

-                     бөлек компаниялардың инвестициялық тартымдылығын бағалау мен болжау жатады.

Инвестициялық нарықтың жағдайын макродеңгейде сипаттайтын негізгі көрсеткіштер келесі топтарға жіктелуі мүмкін:

1.                  Мемлекеттің инвестициялық саясаты мен жалпы ұлттық экономика бойынша инвестициялық қызмет тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер: жиынтық қорлану мен жиынтық қор сақтау; негізгі капиталға инвестициялау нормасы (негізгі капиталға инвестициялау көлемінің ЖІӨ-ге қатынасы); экономикадағы инвестициялар көлемі мен динамикасы; инвестициялардың түрлік, технологиялық және салалық құрылымы; инвестициялардың меншік формалары мен қаржыландыру көздері бойынша құрылымы; шетелден тартылған инвестициялар көлемі мен құрылымы; елдің халықаралық инвестициялық позициясы және т.б.

2.                  Инвестициялық нарықтың сыйымдылығы мен қамтамасыз етілуін сипаттайтын факторлар: инвестициялық нарықтағы сұраныс пен ұсыныс көлемі; нарықтағы нақты мәмілелер көлемінің динамикасы; инвестицияланған тауарлар мен құралдар бағасы деңгейінің динамикасы; инвестициялық нарық сыйымдылығы (қалыптасқан бағалар деңгейінде белгілі бір инвестициялық тауарлар мен құралдарға сұранысты толық қамтамасыз ететін инвестициялық нарықта мүмкін мәмілелер көлемі); нарықта айналатын негізгі инвестициялық тауарлар мен құралдардың саны мен құрамы; инвестициялық нарықтың есептік кезеңдегі негізгі индикаторлар динамикасы және т.б.

3.                  Жылжымайтын мүлік пен негізгі қорлар нарығының жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер: құрылыс мердігерлік келісімдер бойынша жасалған жұмыстар көлемі, ғимараттар мен өндірістік күштердің іске қосылуы; тұрғын үйлер мен әлеуметтік-мәдени сала объектілерін салу көлемі; құрылыстағы өндірушілер бағаларының индексі; негзгі қорларды іске қосу; негізгі қорларды жаңарту және шығару коэффициенті; экономика салалары бойынша негізгі қорлардың тозу деңгейі.

4.                  Бағалы қағаздар нарыңының деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер: бағалы қағаздарды эмиссиялау көлемі мен құрылымы; айналыстағы мемлекеттік бағалы қағаздар көлемі; бағалы қағаздар нарығының айналымдылығы; нарықтық портфель индикаторы (өтеу мерзімі мен айналыстағы көлемі бойынша өлшенген белгілі бір бағалы қағаз түрі бойынша тиімді табыстылықтың орташасы) және т.б.

5.                  Ақша нарығының жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер: несиелер бойынша нақты пайыздық мөлшерлеме; қайта қаржыландыру мөлшерлемесі; М2 ақша массасы; ЖІӨ-дегі М2 үлесі (монетизация коэффициенті); инвестициялар құрылымындағы банктер несиелерінің салыстырмалы көлемі; негізгі шетел валюталарының теңгеге ресми бағамдары (АҚШ доллары, еуро); инфляция индексі; халықтың ақшалай табыстар деңгейі және т.б.

 

3.       Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климат

 

Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Республикасының маңызды мемлекеттік тапсырмаларының бірі жағымды инвестициялық климатты қолдау және әрі қарай ел экономикасына тікелей шетел инвестицияларының ағынын ынталадыру болып табылады.

Дүниежүзілік банк сарапшылары Қазақстанды бизнес жүргізу жағдайларын жақсарту реформалары бойынша сәтті мемлекет ретінде таныды. Неғұрлым жағымды бизнес-климатты елдердің әлемдік рейтингінде Қазақстан 183 ел арасынан 59-шы орынға ие.

Қазақстанның жағымды инвестициялық климаты мен имиджін қазақстандық экономикаға тартылған инвестициялар көлемі куәландырады. Ресми мәліметтер бойынша, республика тәуелсіз болағаннан бері ел экономикасына 122 млрд. АҚШ долларынан астам тікелей шетел инвестициялары тартылған.

Қазір Қазақстан БҰҰ елдері арасында жан басына шаққандағы тартылған шетел инвестицияларының көлемі бойынша алдыңғы орында – 1300 АҚШ доллары.

Бизнес үшін жасалған жағдайлардың арқасында, бүгінде республикада шетел капиталы қатысқан 8 мыңнан астам компания қызмет етіп келеді, олардың ішінде «Fortune-500» тізіміне кіретін әлемге әйгілі өндірушілер – «Шеврон», «Сименс», «Майкрософт», «Дженерал Электрик», «Кока-Кола», «Данон», «Хенкель».

Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына әсер етуші факторлар қатарында – тиімді инвестициялық заңнама, тартымды инвестицияларды қолдау шаралары, сондай-ақ экономикалық және саяси тұрақтылықпен қамтамасыз етілген елдің қолайлы бизнес-климаты.

Екінші – бай табиғи және минералды ресурстардың болуы. Ғалымдарының зерттеуінше Қазақстан әлемде табиғи ресурстардың қорлары бойынша алтыншы орында. Д.И.Менделеевтің химиялық элементтер кестесіндегі 110 элементтің Қазақстанда 99 элементі анықталған, 70-і барланып, 60 элементі өндіріліп, қолданылады.

Қазақстан әлемде цинктің, вольфрам мен борриттің барланған қорлары бойынша бірінші, күміс, қорғасын, уран мен хромит бойынша екінші, жез бен флюоритамнан үшінші, молибденнен төртінші және алтыннан алтыншы  орында.

Үшінші – бұл тиімді географиялық орналасуы. Қазақстан Еуразиялық континеттің жүрегінде орналасқан, республика территориясынан Азия-Тынық мұхиттық аймақтарды Таяу және Орта Шығыспен, Еуропамен қосатын негізгі трансконтинентальдық маршруттар өтеді. БРИК төрттігіне кіретін үш ел: Ресей, Қытай және Индия Қазақстанға жақын орналасқан. Тұтыну нарығының көлемі 170 млн. адам болатын Кеден одағын құру инвесторлар алдында республика территориясында инвестициялық жобаларды тиімді жүзеге асыруға қосымша мүмкіндіктер ашады.

Қазіргі күні Қазақстанда инвестициялық қызметті жүзеге асыруға барлық қажетті құқықтық база жасалған. 2003 жылы инвестицияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздерін толық реттейтін “Инвестициялар туралы” Заң қабылданды.

Бұл заң халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша ауыспалы экономикалы елдер арасында инвестициялар саласындағы ең үздік заңдардың бірі болып табылады.

Маңызды айта кететін жағдай, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары отандық және шетел инвесторларына теңдей дәрежеде таратылады.

Республикада интеллектуалдық меншікті қорғау үшін барлық қажетті заңнамалық база қалыптастырылған. Заңды түрде интеллектуалдық меншік құқығын қорғау бойынша институт бекітілген.

Сонымен қатар заңнамамен нақты инвесторларды қолдау шаралары қарастырылған, нақтырақ инвестициялық преференциялар:

                   инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін әкелінетін құралдар мен олардың қосалқыларын кедендің салықтардан босату;

                   мемлекеттік заттай гранттар ұсыну (жер телімдері, ғимараттар, көлік мен құралдар, есептік техника, өлшеуіш және реттеуші құралдар мен қондырғылар, транспорттық құралдар)

Қазақстанда 2010-2014 ж. арналған үдемелі индустриалды-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылуда, оның шеңберінде келесі басым экономика салаларында жобаларды жүзеге асыруға дайын инвесторлар үшін тартымды жағдайлар жасалған:

                   мұнай өңдеу және мұнай-газ секторының инфрақұрылымы, тау-кен металлургиялық кешені, атом және химия өнеркәсібі, келешекте шикізат өндірісінен жоғары деңгейлерге өту шартымен;

                   машина жасау, құрылыс индустриясы, фармацевтика;

                   агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, туризм;

                   ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар, альтернативті энергетика, ғарыштық қызмет.

Сондай-ақ Қазақстанда қызмет етуші инвесторлармен тікелей диалогты қамтамасыз ету және дамыту үшін Қазақстан Республикасы жанындағы Шетел инвесторларының кеңесі құрылды. Кеңестің отырыстарында ел экономикасын немесе оның бөлек секторларын дамыту бойынша, инвестициялық қызмет және инвестициялық климатпен байланысты өзекті сұрақтар талқыланады. Кеңестің атқарушы органы – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестициялар бойынша Комитеті.

Инвесторларды ақпараттық қолдау мақсатында 2010 жылдан бастап қазақстандық инвестициялық  www.invest.gov.kz  сайты қызмет етеді, ол Қазақстанда инвестициялық қызметті жүзеге асырудың барлық аспекттері бойынша ақпаратты 11 тілде ұсынады.

Осылайша, Қазақстанда инвесторлар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған – либералды нарықтық экономика, жағымды салықтық және кедендік режим, шетел инвестицияларын қорғауды қамтамасыз ететін заңнама.

 

 

 

 

Информация о работе Инвестициялық климат