Инвестициялық тәуекелдіктер және олардың түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 12:03, курсовая работа

Описание

Инвестициялық нарық капиталды (инвестицияларды) сату механизмін білдіреді. Осыған сәйкес ол нарықтың негізгі қатысушылары (мемлекет, тұтынушы-кәсіпорындар, инвестициялық және қаржылық делдалдар, тұрғындар және т.б.) жағынан сұраныс пен ұсыныстың әсер етуінде, сонымен бірге нақты және нақты емес нормалар мен ережелер жүйесі арқылы көрсетілетін нарық субъектілерінің қызығушылығын келістіру негізінде оның қызметін реттеу тәсілдері қалыптасады. Инвестициялық нарық несиелік және қор нарығының құрылымын және элементтерін қосатын кіші жүйе ретінде қалыптасады.

Содержание

КІРІСПЕ .....................................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДІКТЕР ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
ТҮРЛЕРІ
1. Инвестициялық қызмет және Қазақстан экономикасындағы
инвестицияның рөлі............................................................................................5
1.1 Инвестициялық қызмет. Инвестициялық қызметтің объектілері мен
субъектілері.....................................................................................................5
1.2 Инвестициялық қызмет тиімділігі және инвестицияның жіктелуі............8
1.3 Қазақстанда инвестициялық қызметтің қалыптасуы мен дамуы.............12
2. Инвестициялық тәуекелдіктер және олардың түрлері...................................18
2.1 Инвестициялық тәуекел түсінігі және оның мәні......................................18
2.2 Инвестициялық тәуекел түрлері..................................................................20
2.3 Инвестициялық тәуекелділікті бағалау және басқару әдістері................24
2.4 Тәуекелдерді басқару жүйесі.................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................................32

Работа состоит из  1 файл

Инвестициялық тәуекелдіктер және олардың түрлері.doc

— 270.50 Кб (Скачать документ)

Зиянды қысқарту бойынша шығындарға мыналарды жатқызуға болады: жабдықтарды ауыстырумен байланысты; жұмыскерлерді жаңа орынға ауыстыруымен байланысты; шаруашылық іс-әрекетті қалпына келтіру үшін мүліктерді жеткізумен байланысты; сақтандыру оқиғалары бар орындарға қызметкерлерді ауыстыру немесе басқа кәсіпорындарға жұмыстың жартысын бөліп беру.

Тұрып қалудан сақтандырудың ерекшелігі болып, сақтандырушының жауапкершілігін максималды кепілдік мерзімімен шектеу табылады. Жауап-кершіліктің кепілдік мерзімі – сақтанушының шаруашылық қызметінің максималды уақыт кезеңін ұсынады, мұндағы зиян үшін сақтандырушы жауапты болады. Кепілдік мерзімі мынадай тәсілмен бекітіледі, бұл мерзім аралығында кәсіпорын жұмысына келтірілген зиянды немесе жұмыстың тоқтатылуын өтеу мүмкіндігі бар.

Кәсіпорында тәуекелділіктерді  басқарудың Қоғамды корпоративтік басқару жүйесінің Қоғамның құнына және абырой-атағына нұқсан келтіретін  тәуекелділіктерді  уақытында анықтау және деңгейін төмендету шараларын қабылдау үшін өзекті компонент ретіндегі маңызын түйсінеді.

 Тәуекелділіктерді  басқарудың корпоративтік жүйесін енгізу жән жетілдіру Қоғамның стратегиялық және қызметтік мақсаттарына қол жеткізудің бұлжымас шарты болып табылады және таяу болашақта негізгі мақсаттардың бірі болып қала береді.

Қоғамның атқарушы және басқару органдарына басымды бағыттар бойынша тәуекелділіктердің Қоғамға жарамды деңгейін қамтамасыз етуге қажетті қорларды тиімді басқару және бөлу және  тәуекелділіктерді  анықтау, бағалау, басқару және мониторинг жасау арқылы ондай салымдардан мүмкіндігінше көп пайда алу мақсатында  тәуекелділік  енеджменті жүйесін қолдау.

Қоғам өз қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және Қоғамның құнын тәуекелдіктерден сақтау мақсатында  тәуекелділік  менеджментінің барынша озық тәжірибелерін енгізуді көздейді.

 Тәуекелділік  менеджментінің саясатына мыналар кіреді:

•  тәуекелділіктерді  корпоративтік басқару үрдісін - оның экономикалық орындылығын ескере отырып ( тәуекелділіктерді  басқаруға арналған шаралардың құны ол тәуекелділіктерден келуі мүмкін зақым көлемінен аспауы керек) - бірізділікпен және үздіксіз жүзеге асыру, соның ішінде  тәуекелділіктерді  анықтау және бағалау; басқаруға арналған стратегиялар мен шараларды қабылдау және жүзеге асыру; сондай-ақ мониторинг жасау жүйесін және елеулі (қауіпті) тәуекелділіктер туралы ақпараттарды атқарушы органға және Қоғамды басқару органына уақытында жеткізуді қамтамасыз ету.

•  тәуекелділікті  басқаруды басқа бизнес-үрдістерге, ең алдымен жылдық жоспарлау және бюджеттеу, ортамерзімді жоспарлау, күрделі қорларды бөлу, активтерді қайта құрылымдау және  инвестициялық  жобаларды бағалау үрдістеріне кіріктіру;

•  тәуекелділіктерді  басқару тәжірибесін тиімді түрде қолдануы және  тәуекелділік  менеджментінің корпоративтік стандарттарын сақтауы мақсатында жұмыскерлерді құлақтандыру, оқыту және ықыластандыру.

• Қоғамда  тәуекелділіктерді  уақытында анықтап, оларды тиімді басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бизнес мәдениетін дамыту.

• қорлардың пайдалануын оңтайлау мақсатында  тәуекелділіктерді  басқару стратегиялары мен шараларын қабылдау барысында шығындар мен нәтижелерге сараптама жасау.

Саясаттың негізгі мақсаттары:

• Қоғамды басқарудың элементі ретіндегі  тәуекелділіктерді  басқарудың тиімділігі жоғары және кешенді жүйесін құру, және де, кіріктірілген үрдісін жасау; сондай-ақ  тәуекелділікті  басқарудың әдістемелері мен процедураларына біртұтас стандартталған көзөарас негізінде қызметті ұдайы жетілдіру.

• Қоғамның өз қызмет көлеміне сай жарамды  тәуекелділіктерді  қабылдауын қамтамасыз ету;

• Сақтану қабылетін анықтау және қабылданған тәуекелділіктердің тиімді түрде басқарылуын қамтамасыз ету.

Саясат төмендегідей мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған:

• шешімдер қабылдау және жоспарлау үрдісіне толыққанды негіздеме жасау;

• алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін  тәуекелділіктерді  уақтылы анықтау, бағалау, сараптау, мониторинг жасау және бақылауға негізделген  тәуекелділіктерді  басқарудың үздіксіз және үйлестірілген үрдісін қамтамасыз ету;

• кері әсер беруі мүмкін уақиғалардың алдын-алуға және зиянын азайтуға мүмкіндік беретін басқару жүйелерін енгізу және жетілдіру;

• Қорларды пайдалнудың және бөлудің тиімділігін арттыру;

• Шығындар мен зияндарды болдырмау арқылы Қоғам қызметінің тиімділігін арттырып, Қоғам активтері мен акционерлік капиталдың сақталуын қамтамасыз ету;

• Бизнес–үрдістердің тиімділігін, ішкі және сыртқы есептіліктің шыншылдығын қамтамасыз ету және заңдық нормалардың сақталуына қолдау көрсету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Инвестициялық нарық капиталды (инвестицияларды) сату механизмін білдіреді. Осыған сәйкес ол нарықтың негізгі қатысушылары (мемлекет, тұтынушы-кәсіпорындар, инвестициялық және қаржылық делдалдар, тұрғындар және т.б.) жағынан сұраныс пен ұсыныстың әсер етуінде, сонымен бірге нақты және нақты емес нормалар мен ережелер жүйесі арқылы көрсетілетін нарық субъектілерінің қызығушылығын келістіру негізінде оның қызметін реттеу тәсілдері қалыптасады. Инвестициялық нарық несиелік және қор нарығының құрылымын және элементтерін қосатын кіші жүйе ретінде қалыптасады.

Инвестициялық нарықтың негізгі функцияларының бірі ол тәуекелдерді беру, бөлу  және біріктіру:

Тәуекелдерді беру, бөлу  және біріктіру: инвестициялау институттарының және құралдарының әртүрлілігі салымдардың, кепілдіктердің және сақтандыру тәуекелдерінің диверсификациясы үшін принципиалды базаны құрады. Реттеу және өзін-өзі реттеу жүйелерінің дамыған нарықтарында қатысушылар арасында тәуекелдерді бөлуін анықтайтын нормалар мен ережелерді құрайды.

Нарықтың қатысушылары мен институттарында бөлек функцияларды орындауын бекітудің құрылымдық әртүрлілігі, олардың жүзеге асырылуының орталықтануы және орталықтанбауы, сонымен бірге функциялардың даму деңгейі инвестициялар нарықтарының ұлттық және аймақтық ерекшеліктерін қалыптастырады. Н.К.Нұрланованың пікірі бойынша Қазақстанда инвестициялық дағдарыс, біріншіден, «нарықтық қайта пайда болулармен және саяси жүйенің өзгеруімен экономикалық қатынастардың бұзылуымен күрделенген экономикалық дағдарыстың және құрылымдық қозғалыстардың қойылуынан», екіншіден, жинақтар деңгейінің және көлемінің төмендігінен пайда болды. Қазақстанның инвестициялық сферасы жалпы трансформациялық құлдыраудың қатты әсер етуінен өтті, бұнымен қоса инвестициялардың қысқаруы ЖІӨ динамикасымен салыстырғанда алдыңғы темппен жүрді, нәтижесінде ұлттық экономиканың сипаты ұлттық шаруашылықтың жалпы жағдайымен салыстырғанда аса терең инвестициялық дағадарыс болды. Бұл тезисті дәлелдеу үшін ТМД елдерінің арасында инвестициялардың динамикасы бойынша салыстырмалы статистикалық мәліметтер автормен келтірілген, онда Қазақстан басқа тәуелсіз мемлекеттермен салыстырғанда қайта қалыптасу кезеңіне дейін инвестициялар көлемінің терең құлдырауымен ерекшеленеді. Жаңа институционалдық шарттарда инвестициялық дағдарыс «тек сандық өзгерістерімен ғана емес, сонымен бірге қайта қалыптастырудың инвестициялық моделінің іске аспауынан болған сапалық трансформациялардың түрлі аспектілерінен» сипатталатындығымен анықталды.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.            «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 28 ақпан 1997ж. // Егемен Қазақстан, 6 наурыз 1997ж.

2.            «Шетел инвестициялары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. //Заң, 1991 ж. №4

3.            Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже» // Заң 1993 ж. №7.

4.            Боготин Ю.В., Швандар В.А. – Инвестиционный анализ: Учебное пособие для вузов – М.:ЮНИТИ-ДАНА, 2000. – 286с.

5.            Бочаров В.В. “Современный финансовый менеджмент”  Москва Санкт-Петербург, Нижний Новгород Воронеж Ростов-на-Дону Екатеринбург, Самара Новосибирск Киев-Харьков. Минск. 2006 год.

6.            Бригхем Ю., Гапенски Л., Финансовый менеджмент. В 2х т.:Пер. с англ./ Под ред. В.В. Ковалева - СПб: Экономическая школа, 2004г.

7.            Бердалиев К.Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері. Оқу құралы. Алматы, Экономика – 2001.

8.            Бланк И.А. Управление использованием капитала. – Киев: Ника-Центр, 2000. – 656 с.

9.            Васина А.А. “Финансовая диагностика и оценка проектов” – СПб: Питер 2004. г.

10.       Гончаренко Л.П. Инвестиционнй менеджмент: учебное пособие-М: КНОРУС, 2005-296с.

11.       Гитман Л.Дж., Джон М.Д. Основы инвестирования: Пер. с англ.-М.: Дело, 2002.

12.       Глухов В.В., Бахрамов Ю.М. Финансовый менеджмент/Учебное пособие - СПБ: Специальная литература. Санкт-Петербург, 2004.-429с.

13.       Горбунов А.Р. Управление финансовыми потоками и рейнжиринг пред-приятий, банков и инвестиционных компаний - М.: Инфроцентр, 2003.

14.       Инвестициоиный рейтинг Казахстана // Офиальный сайт ЗАО «Казинвест », 2006 г.

15.       Косжанов.Т.Н. “Промышленная  и  инвестиционная политика в долгосрочной стратегии экономики страны, //Транзитная экономика,№ 7.2005 г.

16.       Казахстанская правда. // С.Тай «Влияние прямых иностранных инвестиций// 07.03.2006 г.

17.       Қаржы-қаражат А. Қантарбаев //Инвестицияларды талдау// 2004-2006 жылдар.

18.       Нурланова. Н.К. “Инвестиционная     ситуация    в Казахстане    и   перспективы    ех   позитивных    сдвигов” //Европейское сообщество.    М 3. 2004 г.

 

3

 



Информация о работе Инвестициялық тәуекелдіктер және олардың түрлері