Мемлекеттiк бюджет калыптасуындаfы мемлекеттiк баж

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2012 в 11:30, курсовая работа

Описание

Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі экономиканы мемле- кеттік реттеудің негізгі қаржы-несие механизмі, ең маңызды реттеушілердің бірі болып табылады. Салық саясаты облысындағы негізгі бағыт - мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынастардың жаңа типін қалыптастыру басты негізде салық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Содержание

І КІРІСПЕ………………………………………………………………………..3

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1. Салықтың түсінігі, ерекшеліктері және элементтері...................4
1.2. Салық жүйесінің түсінігі мен құрылу принциптері.....................8
1.3. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдері..13

2. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫТ МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ
2.1. Мемлекеттік баж обьектілері.........................................................18
2.2. Мемлекеттік баж ставкалары.........................................................19
2.3. Мемлекеттік баж төлеуден босату.................................................26
2.4. Мемлекеттік бажды төлеу тәртібі..................................................31
2.5. Консулдық алым..............................................................................33

3. МЕМЛЕКЕТТІК БАЖДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1. Сот шығындары туралы нормативтік қаулыда мемлекеттік баж.36
3.2. Мемлекеттік баждың бюджет кірістерінде үлесін көрсету...........40

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................44

Пайдаланған әдебиеттер.....................................................................................45

Работа состоит из  1 файл

курстық жұмыс.doc

— 434.50 Кб (Скачать документ)

2) Қазақстан Республикасы құқықтық көмек туралы шарттар жасасқан елдердің өкiмет орындары мен жекелеген азаматтарының сұрау салуы бойынша отбасылық, азаматтық және қылмыстық iстер бойынша, алименттер туралы, мемлекеттiк жәрдемақылар мен зейнетақылар, бала асырап алу туралы құжаттар сұратып алдырғаны үшiн;

3) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген өзге де жағдайларда алынбайды.

Консулдық алым консулдық iс-әрекеттер жасалғанға дейiн төленедi.

Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi консулдық iс-әрекеттер төлеушi консулдық алымды төлегеннен кейiн жүзеге асырады.

Консулдық алымды төлеу аумағында консулдық iс-әрекеттер жасалатын елдiң валютасымен немесе кез келген еркiн айналыстағы басқа да валютамен жүргiзіледi.

Ставкасы АҚШ долларымен белгiленген консулдық алымдарды Қазақстан Республикасының аумағында төлеу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi алымды төлеу сәтiне белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен жүргiзiледi.

Консулдық алым:

1) Қазақстан Республикасының аумағында - банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен консулдық iс-әрекеттер жүзеге асырылатын жердiң бюджетiне немесе қатаң есептiлiк бланкiлерi негiзiнде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен;

2) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде шаруашылық пайдалану құқығынсыз дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменiң арнаулы (транзиттiк) банк шотына банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен немесе қатаң есептiлiк бланкiлерi негiзiнде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен төленедi.

Қатаң есептiлiк бланкiлерiнiң нысанын уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейдi.

Консулдық алымдар сомасын бюджетке есептеу тәртiбiн, сондай-ақ шетелде қолма-қол ақшамен төленген консулдық алымдарды дипломатиялық өкiлдiктiң немесе консулдық мекеменiң арнаулы (транзиттiк) банк шотына есепке алу тәртiбiн Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейдi.

Төленген консулдық алымдар сомасы қайтарылуға тиiс емес.


          3. МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

       3.1. Сот шығындары туралы нормативтік қаулыда мемлекеттік баж

Соттар азаматтық істер бойынша сот төрелігін атқару кезінде сот шығындарымен байланысты мәселелерді Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің ережелеріне, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің  90-тарауының 1-параграфына, сондай-ақ  Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес шешуі тиіс.

Егер азаматтық іс бойынша тараптар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағындағы әр түрлі мемлекеттердің шаруашылық субъектілері болса, мемлекеттік баж мөлшері және оны өтеу тәртібі Әр түрлі мемлекеттердің шаруашылық субъектілері арасындағы шаруашылық дауларын қарау кезінде мемлекеттік баж мөлшері және оны өтеу тәртібі туралы келісіміне (1993 жылдың 24 желтоқсаны, Ашгабат) сәйкес анықталады.

АІЖК 100-бабына сәйкес азаматтық істердің сот шығындары мемлекеттік баждан және іс жүргізуге байланысты шығындардан тұрады.

              Мемлекеттік баж Салық кодексінің 493-бабына сәйкес, Салық кодексінің 495-бабы 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген азаматтық істер бойынша заңды мәні бар іс-әрекеттерді  жасау және (немесе) құжаттарды беру үшін алынатын міндетті төлем болып табылады.

Сотқа берілетін талап қоюлар және арыздар, сондай-ақ қарсы талап қоюлар қарастыруы мүмкін бірнеше талаптарының әр қайсысы мемлекеттік баж алудың объектісі болып табылады. Талап қоюдың бағасын көтеру туралы қосымша талап арыз да мемлекеттік бажбен төленуге жатады.

Азаматтық істер бойынша мемлекеттік баж сот шешімдерінің, ұйғарымдарының және басқа да сот қаулыларының қайта берілген көшірмелерін, сонымен қатар істегі басқа да құжаттардың көшірмелерін тараптардың және басқа да іске қатысушы тұлғалардың өтініші бойынша беру кезінде алынады.

Азаматтық сот ісін жүргізудегі мемлекеттік бажды төлеушілерге Салық кодексінің 494-бабының ережелеріне сәйкес жеке және заңды тұлғалар жатқызылады:

                 талап қоюды, арызды немесе шағымды бастапқы беру кезіндегі талапкер, арыз беруші ретінде қатысушылар;

                  қарсы арыз берілген жағдайларда сотта жауапкер ретінде қатысушылар;

                  сот қарауындағы даудың нысанасына дербес талап қоятын үшінші тұлға ретінде қатысушылар;

                  бастапқы талапкер істен шыққан жағдайда және оны құқықтық мирасқоры ауыстырса, бастапқы талапкермен мемлекеттік баж төленбеген жағдайда соңғысы мемлекеттік баж төлеуші болып табылады; 

                  тараптар және іске қатысушы басқа тұлғалар сот актісіне шағымданғанда және сот актілерінің көшірмелерін немесе істен басқа құжаттардың көшірмелерін қайта беру үшін сотқа жүгінген жағдайда.

        Мемлекеттік баж жоғарыда көрсетілген тұлғалардан басқа тұлғамен төленсе төлем тапсырысында (түбіртегінде) қандай әрекет жасағаны үшін және төлеуші кім үшін төлегенін көрсетуі тиіс.

Салық кодексінің 496-бабымен соттардағы мемлекеттік баж мөлшері белгіленген. Мұндай жағдайда мыналар ескерілуі қажет:

                 заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтармен сотқа берілетін арыздарға, жеке тұлғалар үшін Салық кодексінде көрсетілген, жеке кәсіпкерлермен және шаруа (фермер) қожалықтарымен салық төлемдерін тексеру актілерінің хабарламасына шағымданудан басқа жағдайларды қоспағанда, олар үшін мемлекеттік баж ставкасы 0,1 пайызды, ал заңды тұлғалар үшін 1 пайызды құрайтын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің (өсімпұлмен қоса)  дауланатын сомасынан ставка бойынша мемлекеттік баж төленеді;

                 мүліктік сипаттағы бірнеше дербес талаптан тұратын талап арыздан (шағымнан) мемлекеттік баж талап қоюдың жалпы сомасынан алынады;

                 мүліктік емес сипаттағы бірнеше дербес талаптан тұратын талап арыздан мемлекеттік баж талап қоюдың әрбірінен бөлек алынады;

                 мүліктік және мүліктік емес сипаттағы талап арыз үшін мемлекеттік баж қойылған талаптардың әрбір түріне белгіленген мөлшерде бір мезгілде төленеді;

                 бір немесе бірнеше жауапкерге бір немесе бірнеше талапкермен талап қойылған кезде мемлекеттік баж мүліктік емес сипаттағы талаптарға әрбір талап қоюдан бөлек, ал мүліктік сипаттағы талап қоюдың жалпы сомасынан, талапкерлермен қойылған талаптың үлесінен, ортақ емес, пропорционалды төленеді;

                 сотқа берілетін мүліктік сипаттағы талап арыздардан, сондай-ақ  аралық соттардың шешімдерінің, төреліктің шешімдерінің күшін жою туралы өтініштерден мемлекеттік баж пайыздық мөлшерде талап қоюдың бағасынан алынады. Мұндай жағдайда пайыздық мөлшердің жіктелуі сотқа талап арызды, сонымен қатар аралық соттардың шешімдерінің, төреліктің шешімдерінің күшін жою туралы өтініш берген субъектінің түріне байланысты белгіленеді;

                 моральдық залалға өтемақы төлеу туралы, соның ішінде ақша түріндегі талаптан мемлекеттік баж мүліктік емес сипаттағы талап арыздан төленетіндей алынады.

Мүліктік сипаттағы даулар бойынша апелляциялық шағымнан алынатын мемлекеттік баж мөлшерін белгілегенде апелляциялық шағымда көрсетілген арыз берушімен дауланатын сомадан алынуы керек. 

Соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылған тұлғалардың  (жеке және заңды) түбегейлі тізімі Салық кодексінің 501-бабында  көрсетілген.

Судьяға талап арызды (шағымды) қабылдау кезінде:

                 Салық кодексінің 501-бабында көрсетілген мемлекеттік баж төлеуден талапкерді босататын негіздердің бары, сонымен қатар басқа тұлғалардың немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінген жеке және заңды тұлғалардың мұндай талапты қою құқығының барын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексеру керек;

                 әкелікті анықтау және алименттерді өндіріп алу туралы талап арыз бір мезгілде берілсе, әкелікті анықтау  туралы талап қоюдан мемлекеттік баж төленуге жататынын ескеру керек.

Заңдарға сәйкес талапкерді мемлекеттік баж төлеуден босату тек қана заңда тікелей көрсетілген реттерде мүмкін болады, сондықтан бұл жөнінде арнайы ұйғарым шығару қажет емес.

Талап арыз беру кезінде мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат тіркелмей, талапкерді оны төлеуден босататын негіздер болмаған жағдайда, талап арыз АІЖК 155-бабына сәйкес, талап арыз төленетін мемлекеттік баж сомасы, оны төлеу мерзімі және төленбеуінің салдары көрсетілген  ұйғарыммен қозғалыссыз  қалдырылуға жатады.

Бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін дәлелдейтін құжат болып Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 29 маусымдағы № 237-І "Ақша төлемі мен аударымы туралы" Заңының талаптарына сәйкес келетін төлем құжатының түпнұсқасы танылады.

Сот мемлекеттік баждың төленгенінің дәлелі ретінде төлем құжаттарының көшірмелерін қабылдамауы тиіс, сондай-ақ төлем құжаттарының тұпнұсқасын, оны көшірмеге ауыстырып, тараптардың өтініші бойынша азаматтық істен алып беруге болмайды.        

Салық кодексінің 507-бабы 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік баж заңды мәні бар іс-әрекеттің жасалған жері бойынша есепке алынады. Осыған байланысты мемлекеттік баж талап қою жері бойынша төленгенін растайтын құжаттарды сот дәлел ретінде қабылдауы тиіс. 

Талап қоюдың бағасы АІЖК 102-бабына сәйкес, анықталады және талапкермен көрсетіледі. Талап арызда бағасының көрсетілмеуі талап арыздың қозғалыссыз қалдырылуына негіз болуы мүмкін.

Нарықтық бағасы ескеріліп жылжымалы (жылжымайтын) мүлікті тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның немесе бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар тұлғамен анықталатын талап қоюдың бағасы іздеу салынған мүліктің шынайы бағасы талапкер көрсеткен бағамен айқын сәйкес келмеген жағдайда, талап қоюдың бағасы сотпен анықталады. 

Атап айтқанда талап қоюдың жеке санаттары бойынша бағасын анықтау кезінде мыналар ескерілуі керек:

                 алименттерді өндіріп алу туралы талап қоюлардың бағасы жауапкердің табыстары туралы мәліметтердің (мысалы, орташа табысы туралы анықтама, салық комитетінен мәліметтер және тағы да басқаның) негізінде бір жылғы төлем жиынтығынан сотпен анықталады. Жауапкердің табысын растайтын құжаттар болмаған жағдайда бір жылғы төлем жиынтығының мөлшері "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 63-бабына сәйкес істі қарау кезіндегі Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақының мөлшерінен анықталады; 

                 тұрғын үйді жалдау шартын өзгерту немесе бұзу туралы талап қоюлардан мемлекеттік баж Салық кодексінің 496-бабы 1-тармағы 7) тармақшасына сәйкес алынады.  Ал кез келген өзге мүлікті жалға алу шартын (аренда) мерзімінен бұрын бұзу туралы талап қоюлардан мемлекеттік баж шарттың (контрактың) қалған күшіндегі мерзімінің мүлікті пайдалану үшін төлемдер жиынтығы сомасынан алынады, бірақ үш жылдан артық емес;

                 АІЖК 153, 154-баптарының, АІЖК 247-бабының 1), 2) тармақшаларының, АІЖК 249-бабының 1), 2) тармақшаларының мазмұнынан Салық кодексінің 508-бабы  1-тармағының 2),  3),  4) тармақшаларында, сондай-ақ АІЖК 106-бабы бірінші бөлігінің 1),  2) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік баж соттың ұйғарымы бойынша толық мөлшерде, ал Салық кодексінің 508-бабының 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген жағдайда жартылай мөлшерде қайтарылады.

Мемлекеттік баж қайтарылу шарты, қайтару туралы арыз төлемді қабылдаған банктің (оның филиалы) орналасқан жері бойынша жергілікті бюджетке қабылданған күннен бастап бір жыл ішінде салық органына оның төленгені туралы төлем құжатының тұпнұсқасы немесе соттың ұйғарымының немесе шешімінің көшірмесі тіркеліп берілсе қайтарылады. Артық төленген мемлекеттік баж қайтарылған жағдайда сот төлеушіге мемлекеттік бажды төлегенін растайтын түбіртектің куәландырған көшірмесін береді. Салық органының мемлекеттік бажды қайтарудан бас тартуына АІЖК 27-тарауының ережелері бойынша шағым келтірілуі мүмкін.

Жеке іс жүргізуге бөлінген бір талап қою немесе біріктірілген бірнеше талаптар бойынша бюджетке төленген мемлекеттік баж талап қойылған кезде қайта саналмайды және қайтарылмайды. Бөлінген жеке іс жүргізу бойынша екінші рет мемлекеттік баж төленбейді.

Қайта берілген талап қоюлар байынша алдында қараусыз қалдырылған немесе іс жүргізу қысқартылған, АІЖК 247-бабының 1), 2) тармақшаларында, АІЖК 249-бабының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген жағдайлардан басқа реттерде мемлекеттік баж жалпы негіздерде төленеді.

Істі қарау кезінде талап қоюдың талаптарының мөлшерін ұлғайтқан жағдайда немесе бітімгершілік келісім бекітілгенде жетіспейтін мемлекеттік баж сомасы талап қоюдың ұлғайған мөлшерінде қосымша төленуге жатады.

Мемлекеттік баж төленгені туралы алғашқы төлем құжаты, талапкермен алынбаған жағдайда, оның бюджетке алынған күннен бастап бір жыл мерзім өтпесе, қайта берілген талап қоюға қосымша тіркелуі мүмкін.

АІЖК 107-бабында іс бойынша іс жүргізуге байланысты төленетін сот шығындарының көрсетілген тізімі түбегейлі болып табылмайды.

Азаматтық сот іс жүргізуіне қатысқандығы үшін өзге шығындар қажет деп танылған жағдайда соттың дәлелді шешімімен өтелуге жатады.

Информация о работе Мемлекеттiк бюджет калыптасуындаfы мемлекеттiк баж